Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімділік нәтижелерін бақылау әдістері

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімділік нәтижелерінің дамуын диагностикалау және бақылау, балалар оқитын жалпы білім беретін ұйымдағы педагогтардың және әртүрлі мамандардың бақылауы мен ұсыныстарын ескеріп, алуан түрлі арнайы әдістер мен құралдардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесу– педагогтің баланың ата-анасымен талқылау нәтижесінде ерекше қажеттіліктері бар баланың даму ерекшеліктері туралы ақпарат алу әдісі. Зерттеу аясындағы әңгімелесудің бастамашысы ретінде, көп жағдайда ата-аналар педагогқа кеңес беруші көмекке жүгіну барысында немесе педагогтардың өздері болады.

Әңгімелесудің мақсаты – баланың дамуы туралы пікір алмасу, баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында ата-аналар мен педагогтар кездесетін мәселелердің сипатын, дәрежесін және мүмкін болар себептерін талқылау. Әңгіменің нәтижелері бойынша педагог баланы әрі қарай зерттеудің жолдарын белгілейді.

Әңгіме жүргізу барысында педагог келесі талаптарды сақтауы қажет:

- әңгіме ата-аналардың (педагог) қызығушылығын оятуы және қолдауы қажет;

- әңгімелесу үшін кеңістік пен уақытты ұйымдастыру мен таңдауды ойластыру маңызды;

- әңгіменің тиімділігі ата-аналардың (педагог) белсенділігіне байланысты болады;

- педагог ата-аналардың тәрбиелік әрекеттерін ашық сынамауы керек;

- әңгіменің қорытындысы бойынша жедел нәтижелердің пайда болуын ескерту маңызды;

- әңгімеге ата-аналардың екеуінің де қатысуы міндетті;

- баланың психофизикалық ерекшеліктері мен оның қиындықтары туралы ата-аналардың (педагог) шынайы ұғымдарын қалыптастыруға ұмтылуы керек.

Сұрақнаматүріндегі сұхбат – бұл ежелгі диагностикалық әдістердің бірі. Ол ғылымға дейінгі, ешкім бағыт бермейтін әңгімелесуден дамыды, оның әңгімеден айырмашылығы, ең алдымен, диагностикалық мақсатты айқындау және әңгімені жүргізу үшін қажетті, сұхбаттың алдындағы жоспарлау сатысы болып саналады. Сұрақнаманың көмегі арқылы ерекше мұқтаждығы бар бала туралы объективті (деректер, мәліметтер) және субъективті (пікірлер, ұстанымдар) жинақталуы мүмкін.

Сұхбат– белгілі ғылыми мақсаты бар жоспарлы әрекеттер, оның барысында сыналушыны бірқатар мақсатты сұрақтар немесе вербальды стимулдар арқылы вербальды ақпаратты хабарлауға итермелеу мүмкін болады.

Диагностикалық сұхбатты құрастырудың ережелері.

1. Диагностикалық сұхбаттың құрылымы:

1 саты – кіріспе, оның мақсаты – баланы ынтымақтастыққа ынталандыру, байланыс орнату.

2 саты – баланың еркін басқарылмайтын ой тұжырымдары (ол педагогтің сұрағынсыз нені қалайтыны жайлы әңгімелейді).

3 саты – педагог жалпы сұрақтар береді.

4 саты – диагностикалық сұхбат (педагог дайындалған сұрақтарды береді).

5 саты – педагогтің қорытынды сөзі, туындаған қысымды әлсіретуге ұмтылыс, баланың жауаптары үшін алғыс білдіру.

ІІ. Сұхбатқа арналған сұрақтарды қалай құрастыруға болады:

1. Балаға түсінікті және қолжетімді сөздерді қолдану;

2. Шынайы жауаптар алу үшін, диагностикалық сұхбаттың сұрақтарын сол үлгіде құрастыру керек.

Оқушылардың жеке жетістіктерін бағалау мақсатында, портфолионы бағалау әдісі қолданылуы мүмкін.

Портфолионың мақсаты – жеке жинақтаушы бағалаудың рөлін орындау. Инклюзивті мектептегі оқушының портфолиосы, әрбір оқушының даму динамикасын бақылау үшін қажет, ол баланың «жақын даму аймағын» жобалауға көмек береді, баланы әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеуге көмек беруге және ауытқуларды түзетуге көмек береді, ерекше білімділік мұқтаждықтары бар балаларды медико-психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету бойынша мектеп педагогтары мен барлық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижелерін бақылауға мүмкіндік береді.

Мектеп портфолиосының негізгі мәні: «Оқушының неге қабілетті екендігін көрсету».

Портфолио «жұмыс істеуі» үшін қалыптастыру қажет:

- портфолионың құрылымын және оның мүмкін болар тарауларының нұсқаларын;

- қорытынды құжаттарды ұсынудың нұсқаларын;

- портфолионы құрастыруда және оны бағалауда коммуникацияның мүмкін болар формаларын (өзара әрекеттестік, оқушылардың, мұғалімдердің, мүмкін ата-аналардың байланысы).

Аталған технологияда оқушы танымдық іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады, ол аталған іс-әрекеттің нәтижелерін сыни тұрғыда бағалау шеберлігін меңгереді. Дәл осы таңдау еркіндігінде, инклюзивті білім берудегі «портфолио» әдісінің басымдылығы көрінеді.

Инклюзивті мектептегі оқушының портфолиосын құруда, мұғалім көптеген факторларды ескеруі қажет:

1. оқушылардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттердің дәлдігі;

2. оқушылардың мотивациясын арттыратын жағдайлар;

3. болашақ портфолионың құрылымы (жұмыс сатыларын жоспарлау, мүмкін болар мазмұны);

4. оқыту құралдары мен көздерінің қолжетімділігі және баламалығы;

5. оқушылардың өзін-өзі бақылау жүйесін ойластыру;

6. тапсырмалардың шығармашылық сипаты.

«Портфолио» әдісі инклюзивті білім берудегі көптеген мәселелерді жеке шешуге мүмкіндік береді. Шектелген қозғалыс функциялары бар, бірқатар оқушылар үшін, портфолио – өздерінің қабілеттерін толыққанды жүзеге асыру мүмкіндігі (электронды түрде қарапайым компьютерлік бағдарламалардың көмегі арқылы).

Портфолионың келесі түрлерін ажыратып көрсетуге болады:

1.Жетістіктер портфолиосы – бұл бағалаудың ең заманауи, тиімді формасы, сонымен бірге бірқатар маңызды педагогикалық міндеттерді шешудің әрекеттік құралы;

2.Портфолио-жинақтаушы – оқу жылының бойында жүргізілетін жалпы оқу дәптері. Папкаға оқушының күні бойғы барлық жұмыстары салынады: сурет сабағы бойынша, еңбек, жазу, санаудан және мұғалімнің оқушыны таныстырған барлық қызықты оқиғалары. Бұл портфолио қазіргі кезде және болашақта оқулық рөлін және балалардың ата-анасы үшін көмекшінің рөлін орындайтын болады. Ол педагогтарға, мамандарға, ата-аналарға баланың жетістіктерін көрсетеді, бала дамуының динамикасын бақылау мүмкіндігін ұсынады, бағалаудың мониторингілі жүйесін құрады.

Тоқсанның соңында оқушылар жақсы тәртібі, үлгерімі, мұғалімге берген көмегі, мектептегі табыстары үшін мадақтау қағазын алады, бұл да оқушының «портфолио-жинақтаушысына» салынады.

3.Портфолио-фотоесеп. Бір сыныпқа біреу жасалады. Әрбір тоқсанның соңында ата-аналар жиналысында «сынып өмірі» жайлы фильм көрсетіледі, онда оқушылардың өмірі мен оқуындағы ең қызықты сәттері бейнеленеді (мерекелер, туылған күндер). Бұл портфолио музыкамен және өлең жолдарымен қамтамасыз етіледі. Ата-аналардың суреттері, тоқсан бойындағы бірлескен демалыстың фоторепортаждары салынады.

4.Портфолио-есеп. Оқу жылының соңында оқушының ата-анасымен бірлесіп, оқу жылы брйынша оқушылардың портфолио-жинақтаушысы негізінде құрастырылады.

Осылайша, инклюзивті білім берудегі «портфолио» әдісімен жұмыс тәжірибесі, оның жетістіктер қатарын келесі үлгіде анықтауға мүмкіндік береді:

- мұғалімнің оқушылардың денсаулығының шектелген мүмкіндіктерін ескеріп, білім алушылардың зейінін осы мәселеге аудармай, оқыту үдерісін дифференциалдау және дараландыру мүмкіндігі;

- нәтиженің өзі маңызды емес, білім алушылардың даралығын және олардың шығармашылық тұлғалық құзырлылығын дамытатын портфолионы құру үдерісінің өзі маңызды;

- оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін өзіндік бағалауды жүзеге асыруға және оны портфолионы құру, онымен жұмыс істеу, сыныптастармен, ата-аналармен және мұғалімдермен пікір алмасуды жетілдіру мүмкіндігі.