Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызы

Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру – бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды. Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады – бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы [14, 58б.].

Банктердің депозиттік саясатының мақсаты – олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.

Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:

- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;

- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;

- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;

- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;

Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;

- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;

- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.

Депозиттік саясаттың қағидалары:

- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі және оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;

- нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;

- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы;

- ақшаларды пайдалануға және тартуға бақылау жасау.

Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет корсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады [15, 78б.].

Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама –тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.

Мұндай комбинация тәуекелдің бір түрін ғана қабылданғанда және табыс көздерінің баламасыздығын тек біреу ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көзднрін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын іздеу кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында тізбектілік интеграцияда негізгі бағыттарды байқай отырып “градиент” сияқты кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.

Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мыныдый түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде іске асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтың тәуекелділігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады.

Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түсуі және қолма-қол қаражаттарының қажеттілігі, күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты болжамдары қажет [16, 85б.].

Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:

1. базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалар-дың әр түрінің күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.

2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.

Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:

А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражат-тарды сатып алу немесе жоғалту;

Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байла-нысты қаражаттардың түсуі немесе жылыстауы;

Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік мөлшерінің төмендеуі немесе өсуі.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтың ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен бірге, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке, таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы критерийлер болуы керек.

Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы критерийлері мыналар:

- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік және табыстылық дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар) талабының жиынтығы ретінде ең артынан қарауының, өтімділіктің және табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде жіктеліуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен мерзімі, талап ету дәрежесіне, проценттік ставка деңгейі және т.б.) қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.

- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;

- депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық бойынша);

- әр түрлі клиенттер тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың жоғарғы депозитіндегілер, байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді жинақтау);

- банктің өнімі және қызмет көрсетуі басқа бәсекелес банктің өнімінен өзгешеленуі керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);

- жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфеліндегі тұрақты ресурстарының үлесі жоғарылағанда тұрақты және “ұшпалы” ресурстардың оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді комбинациясының қажеттігі сонымен қатар депозиттік операциялар бойынша да;

- депозиттік портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен қалыптастыру процесінде өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.

Депозиттік саясаттың оңтайлы критерийлерін ерекшелігі әр банкте жеке-жеке анықталады (банктің мөлшеріне, оның персоналдарының квалификациясына, олардың орындаған операциялары және қызмет көрсетулерінің өзіндік құны және т.б.) Мысалы, әлеуметтік бағытталған саясатты жүргізуде (халықтың тұрмысы төмен жіктері үшін; VIP-клиенттер үшін; халықтың тұрмысы жоғары жіктегілер үшін) нақты аймақта өзінің операцияларын дамыта отырып немесе операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көрінісі біршама дәрежеде сәйкес келеді [17, 28б.].

Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік банк тәжірибесін зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты депозитке қаражаттарды тарту, бұл – салымдар гаммасының кеңеюі. Берілген жағдайды негіздеу үшін депозиттер нарығының қазіргі жағдайын және жекелей алғанда, Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесін зерттеу өте қажет.

Халықтың ақшалай жинақтарын талдау қазіргі кездегі Ресей жинақтау жүйесінің үш негізгі элементтен қалыптасқанын көрсетеді банк шотында салым түріндегі жинақ ақша, сақтандыру полисі түрінде және бағалы қағаздар түрінде. Ең маңызды рөлді банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша алады, және жоғарыда көрсеткендей жинақ, банктегі салымдар тарихи басымды.

Салымдар бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан, осы уақытқа дейін “депозит” жинақ ісінің теориясы мен тәжірибесінде “салым” түсінігінің біржақты анықтамасы жоқ.

Осы зерттеу жұмысында депозиттер – банк кітабындағы келісім және шарт бойынша қаражаты немесе банкке анықталған талабының бар екенін куәләндыратын тіркеу ретінде қарастырылады. Сондықтан, бағалы қағаздарды жатқызуға болады және банктерге клиенттердің ақшалай қаражаттарын тартуға қызмет көрсетеді. Депозиттерді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Бірақ бағалы қағаздарды жіктеу мәселесі экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде өңделген, ал салымдардың жіктелуі- пікірталас тудырып отырған мәселе.

Депозиттік операцияларды жүргізген кезде, әр банк онымен жасаған депозиттік саясатты ұстанады. Оның ережелері:

1) депозиттік операциялар банктік пайданы алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұымдастырылады;

2) ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялар субъектілерінің әр түрлілігін және әр формадағы депозиттердің сәйкестігін қаматамасыз ету керек;

3) бакнтік операцияларды жүзеге асырған кезде депозиттік операция-лар мен депозиттер және несие салымдарының сомалары мен мерзімдері бойынша қарыздарды беру операциялары және депозиттік операциялар арасындағы өзара байланыстылығы мен өзара келісушілікті қамтамсыз ету қажет;

4) депозиттік операцияларды ұымдастыру процесінде банк балан- сының өтімділігін сақтауды ең жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін мерзімді депозиттерге ерекше көңіл бөлінеді;

5) депозиттік операцияларды ұйымдастыру кезінде банк депозиттік шоттардағы бес (активті операцияларды тартылмаған ) қаражаттардың резервтері минималды болдыруына тырысу керек.

6) банктің қызметтерін дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениеті мен сапасын арттыруы шараларын қолдану керек. Бұл депозиттерді тартуға әсер етеді.

Депозиттік саясаттың маңызды тетігі – банктің салымшыларына тартылатын ресурстар үшін төлейтін проценті. Депозиттер бойынша процентті орнатуға әсер ететін бірқатар факторлар болады. Шартты түрде оларды сыртқы (олар объективті және банктің қызметінен және оның контактілік аудиторияларына тәуелді емес) және ішкі (олар банктің ішкі саясатының және контрагенттердің әсерінен қалыптасады) деп бөледі.

Сыртқыларға:

- елдің орталық банк анықтайтын проценттің есептік ставкасы;

- қорлану нормасы;

- ақпараттың деңгейі;

- банктік қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;

- әлемдік қаржы нарығындағы проценттік ставкалардың деңгейі.

Ішкілерге:

- операцияның мазмұны, яғни депозиттің түрі, мерзімі, сомасы және т.с.с.

- клиенттің сипаттамасы;

- берілген банкте қолданылытын баға белгілеудің әдістері неғұрлым өз экономикалық мазмұны бойынша әр түрлі болса, соғұрлым ол бойынша әр түрлі процент ставкалар орнатылады. Банктің депозиттің әр түрі бойынша операцияларынан кірістер мен шығыстары әр түрлі болады. Төменде шығындарды функционалды талдау беріледі.

Ең арзан депозиттер – бұл чектік депозиттер, соның ішінде кәдімгі пайысыз мерзімді депозиттер. Чектерді жасау мен есептуге байланысты шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдімгі чектік депозиттер бойынша салымшылар шамалас пайыздық табыс алады, бұл банктің қаражаттарының басқа көздеріне қарағанда шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Коммерциялық фирмалар үшін ашылатын чектік шоттар орташа мәнде азаматтарға ұсынылатын чектік шоттар сияқты банктер үшін онша қымбат емес. Коммерциялық фирмалардың депозиттеріне түсетін қаражаттардың долларға кететін шығындары азаматтардың чектік шоттарды жүргізуімен байланысты шығындарының жартысынан аз бөлігін құрады. Жеке чектік шоттың орташа мөлшері коммерциялық шоттың орташа мөлшерінің 1/3 бөлігінен аспайды, сондықтан банк өзі инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлігін коммерциялық салымдардан алады.

Мерзімді депозиттер (әсіресе ақшалай нарықтық шоттар) мен жинақ салымдары ранг бойынша жалпы талап еткенге дейінгі депозиттерден кейін жүреді, себебі банк үшін ең арзан емес болады. Жинақ салымдары банк үшін ең төмен проценттік ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшін шоттардан айлық көшірмесінің жоқтығына байланысты операциялардың үлкен саны жүргізіледі, көптеген салымшылар оларды чектік шоттар ретінде қолданады. Көптеген банктер өз жинақ депозиттерінің ағымдылығын болдырмау үшін шоттардан қаражаттарды алуға шектеулер қояды және қызметтері үшін төлем мөлшерін орнатады.

Жалпы, мерзімді депозиттер, депозиттік сертификаттар және ақшалай нарықтық шоттардың қаражаттарды салу және алуды жүргізу тұрғысынан жинақ шоттарына қарағанда қозғалмалылығы аздау. Мерзімді депозиттер мен ақшалай нарықтағы шоттардың көбісі бойынша ең жоғары проценттік ставкалар жинақ салымдарымен салыстырғанда олардың артықшылығын кемітеді. Үлкен емес банктердің ірі банктерге қарағанда жинақ депозиттер және ақшалай нарықтық шоттарға қызмет ету бойынша жоғары шығындары жиі болады, бірақ олардың басқа банктерге қарағанда мерзімді депозиттер бойынша шығындары орташа төмендеу болады. Сонда да ірі банктер депозиттердің орташа мөлшерінің көптігіне байланысты чектік және жинақ депозиттері операциялардан ең жоғары мөлшерде табыс алады.

Депозиттерді ұстау бойынша қызметтердің бағаларына қатысты мәселелерді шешкенде банктің басқармасы ескі дилеммаға тап болады банктер клиенттердің салымдарын тарту мен сақтау үшін жеткілікті мөлшерде жоғары проценттік табыстарды қамтамасыз ету керек, бірақ депозиттерден алынатын қаражаттарды пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс проценттік ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшін қатаң бәсекелестік күрес бұл мәселенің шешуін күрделіндіреді, себебі бәсеке депозиттер бойынша проценттік шығыстардың өсуіне әкеледі және бір уақытта тартылған қаражаттар айналымынан күтілетін пайдаларды төмендетеді [18, 67б.].

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері қызметті тәжірибесінде депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) пайыздық ставкасын белгілеу банктердің Басқармасының қаулысымен бекітілген пайыздық саясатына сай жүзеге асырылады.

Клиенттердің депозиттері бойынша сыйақы пайыздық ставкасының мөлшерін банктер келесі факторларды басшылыққа алады:

- қаржы нарығының конъюктурасын;

- депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейін;

- банкаралық ресурстардың құнын;

- мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейін;

- инфляция деңгейін;

- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;

- депозиттердің құрылымын; халықтың табысының өсу қарқынын.

Сонымен, банк басқармасының алдында депозит бойынша пайыздық ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда күрделі проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі. Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың әр түрлі әдістерін қолдана алады. Олардың негізгілері мыналар:

Шығындарды анықтауға негізделген әдістер:

1. “Шығындар+пайда” әдісі. “Ш+п” әдісі бойынша баға белгілеу депозиттер бойынша қызметтердің әр түрінің құнының есептеудің қажет етеді. Мұны қалай істеуге болады? Кең түрде қолданылатын әдістердің біреуі – банктің шығындарын бағалау негізінде депозиттің бағасын калькуляциялау болып табылады. Банкке мына келесі мәселелерді шешуі қажет:

а) банктің қаражаттарының әр қайнар көзі бойынша үстеме шығын-дардың ставкасын есептеу;

ә) үстеме шығындардың әр ставкасын әр көзінен түсетін банк қаражаттарының салыстырмалы шамасына көбейту;

б) банктің қаражаттардың орташа салмақтығын құнын анықтау үшін барлық алынған шамаларды қосу;

2. Депозиттерге пайыздық ставкаларды шекті шығындар бойынша белгілеу.

Көптеген қаржы сарапшылары пайыздық ставкаларды белгілеу бойынша өздерінің әртүрлі ой-пікірлерін ортаға салады. Бұл депозиттердің бағасын анықтау үшін орташа салмақтанған құнды анықтау емес, шекті шығындарды анықтау, яғни қаражаттарды тартумен байланысты қосымша шығындарды қолдану жөндеп түсінеді. Себебі, пайыздық ставкалардың жиі өзгерулері орташа шығындардың сомасын депозиттерге баға белгілеу үшін сенімсіз және нақты базасы етпейді. Мысалы, егер пайыздық ставкалар төмендесе, жаңа ақшалай қаражаттарды тартудың қосымша (шекті) шығындардан төмендеуі мүмкін.

Орташа шығындармен салыстырғанда пайдасыз болып көрінетін кейбір несиелер мен инвестициялар бүгінгі күні жаңа несиелер мен инвестицияларды ұсыну үшін жүзеге асыру қажетті проценттерді төлеуге кететін ең төмен шекті шығындардың бағалағанда ең пайдалы болып көрінеді. Және керісінше, егер проценттік ставкалар өссе, бүгін жаңа ақшалай қаражаттарды шекті құны қаражаттардың орташа құнынан едәуір асып кетуі мүмкін. Егер басқарма жаңа қарыздарды орташа шығындар негізінде есептесе, олар бүгінгі күні нарықтағы жаңа қаражаттарды алудың ең жоғарғы шекті шығындарын пайдаланумен бағалағанда пайдасыз болып қалуы мүмкін. Депозиттерге белгіленетін пайыздық ставкаларға қатысты сұраққа жауап беру үшін бізге ең құрғанда 2 негізгі бапты білуіміз қажет: депозиттік ставкалардың бір деңгейінен екіншісіне өту барысындағы шығындарын және банк алған қосымша қаражаттардың салыстырмалы шамасы ретіндегі шекті шығындардың нормасын. Егер бізге шекті шығындардың нормасы белгілі болса, біз онда банктің жаңа салымдардың қаражаттарды инвестициялаудан күтілетін қосымша кірістермен салыстыра аламыз [19, 41б.].

Шекті шығындар әдісі бойынша баға белгілеуді басқарушы банктерге салымдарға белгіленген проценттік ставкалар туралы ғана емес, депозиттердің өсуінің қосымша шығындары қосымша табыстар мен жиынтық пайданың төмендеуіне әкелгенге дейін банк өз депозиттерінің базасын қай мерзімге дейін ұлғайта алатыны туралы бағалы ақпараттарды ұсынады. Пайда төмендей бастаған кезде басқарма төмен шекті шығындары бар қаражаттардың жаңа көздерін іздеуі немесе үлкен шекті табысын беретін жаңа қарыздар мен инвестицияларды жүзеге асыруы қажет немесе соны да, басқасын да жасауы керек.

Нарыққа өтудің қаматамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайызды орнату. Банктің пайдасы мен шығының шамаларын есепке алмауға мүмкіндік беретін баға белгілеу әдісінің біреуі – бұл нарыққа өтудің қамтамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайыздарды белгілеу. Мұның идеясы мынада: жаңа клиенттерді неғұрлым көбірек тарту үшін комиссиондық алымдардың төмен тарифтерін орнату және жоғары пайыздық ставкаларды ұсыну. Басқарма мұнда салымдардың үлкен көлем және банктік несиелердің ең көп көлемі пайданың төмендеуінің орнын толтыратынына сенеді. Нарыққа өту әдісі бойынша баға белгілеуі – банктік нарықтың олардың көп бөлігін жаулап алуға үміт ететін нарықтардың тез өсуі кезіндегі болатын стратегиясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктері Конституцияға “Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызмет туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының заңына, “Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 15 маусым 2001 жылғы, Қазақстан Республикасының Кодексіне, “Екінші деңгейдегі банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” 1997 жылғы 4 наурыздағы заңға сәйкес депозитті операцияларды жүргізеді.

Коммерциялық банк болып – қызмет көрсету және операция жүргізу жолымен заңды және жеке тұлғаларға несие-есептілік және т.б. да банктік қызмет көрсетулерді келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын мекеме болып табылады. Олардың қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады. Банктердің басты міндеті несие берушіден заемшыға және сатушыдан сатып алушыға ақша қаражаттарын орналастыруда делдал болу.

Коммерциялық банктер орталық банктен алатын лицензия негізенде банктік операцияларды жүзеге асырады.

“Банктер және банктік қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес “депозит - бір тұлғаның екінші тұлғаға – банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бірінші ретте талап еткенде сондай-ақ белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөліктеп, алдын-ала келісілген өсіммен немесе өсімсіз, тікелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойыншаүшінші тұлғаға берілетін ақшалар” [1, 60б.].

Депозиттік қатынастардың субъектілері бір жағынан банк екінші жағынан депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) есебінде заңды, жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы резиденттері және резидент емес тұлғалар, банктердің клиенттері және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен депозитор арасында келісім-шартпен негізделген құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ағымдағы құқықтық қатынастар келісім-шартына сәйкес бюджетке есептелуге тиіс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен депозиттің негізгі сомасын толығымен қайтарғаннан кейін ғана тоқтатылады. Бұл қатынастар депозитік келісім-шартпен рәсімделеді.

Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.

Депозиттің экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгілерін бөліп айтуға болады:

1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөліну процестерін қарас-тырады, яғни салынған салымдардың алу мерзімі келген кезде салынған ақша қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған;

2. Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капиталмен тығыз байла-нысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттік салымдарды өтеу кезінде есептелген пайыздар түрінде табыс алу жағдайының болуына негізделген.

3. Депозиттер қайтарылу мерзімдері бойынша көп түрлілігімен сипат-талады. Бұл мерзімдік салымдар және ұзақ мерзімге салынған салымдар болуы мүмкін.

Депозит термині анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы теориялық көзқарастарын келтіруге болады:

Дж. Кейнс – тұрғындардың қолма-қол ақша түріндегі сақтайтын табыстарының үлесі. [3,244б]

Д. Рикардо – банктің қажетті капитал ретінде тартылған ресурстары. Банк өзінің меншік капиталын пайдаланудан пайда алып отырған болса, онда банк ешқашан мекеме бола алмайтын еді. Банктің негізгі пайдасы тек басқа капиталды тартып орналастырған кезде ғана пайда болады. [4,183б]

И. Фишер көзқарасы бойынша, бұл несие ресурстарының болуын анықтайды. Ол мынадай тұжырымдамаларды келтіреді: “кәсіпкерлік үшін қосымша несиелерді құра отырып, банкирлер тұрғындардан нақты құндылықтарды мәжбүрлі жинауды жүзеге асырады, бұл кәсіпкерлер иелігіндегі нақты капитал ағымдарын көбейтеді және қысқа – ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыздардың нақты мөлшерлерінің төмендеуіне әкеледі” [3,249б].

Депозиттерді ақшалай қаражаттар немесе әртүрлі құндылықтар деп зерттеу бойынша жалпы экономист – ғалымдардың арасында қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұл қарама-қайшылық қазіргі заманда банк операцияларының немесе қызметтерінің өркендеп дамуымен өз шешімін тауып жатыр.

Депозиттердің қалыптасуы және құрылуы тіптен пайда болуы несиеге және несиелікқатынастарға негізделеді. Олай болу себебі банктік есеп шот ашылып, онда ақшалай қаражат түрінде салымдардың пайда болып, депозиттің құрылуы бір жағынан коммерциялық банктер үшін клиенттері алдында міндеттемелер туғызады, ал клиенттердің немесе салымшылардың сол депозитке қатынасы банктерге деген мүліктік талап ету құқығын туғызады. Себебі, депозитке айналған банктік емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншік құқығы өзгермейді.

Ресейлік экономист – ғалымдардың келесі тобы Грязнова А.Г., Молчанов А.В., Лаврушин О.И., Панова Г.С. коммерциялық банктердің қаратып алған қаражаттарының негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни банк клиенттерінің салым ретінде салған немесе қаржылық және банктік операцияларды жүргізу барысында банктегі шоттарда белгілі бір уақытқа дейін сақталынатын ақшалай қаражаттары деп түсіндіріледі.

Осы авторлардың депозитке берген түсінігіне қосыла отырып, қазіргі нарықтық экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін ескеріп депозиттерге келесідей анықтама берген дұрыс болар еді:

Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері – жеке және заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі бір мерзімге немесе талап еткенге дейін әртүрлі шарттармен салған ақша қаражаттарын айтамыз.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік нарықтың ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:

Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайыз төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынған халықтың және сақтандырылусыз салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.

Депозиттердің қызметіне келетін болсақ оның төмендегідей қызметтерін атап өтуге болады:

1. Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады.

2. Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әртүрлі шартпен құрылуы, салымшылардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын туғызады.

3. Қорлану қызметі – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар – банктің өтімділігін жоғарғы деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар.

4. Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар.

Бұл зерттеудің толық теориялық ашылуы үшін несиелік ресурс түсінігін ғылыми тұрғыдан зерттеп, жан – жақты талдауымыз қажет. Сонда ғана несиелік ресурстарды құрудағы депозиттердің экономикалық мәні мен рөлі ашылады. Қазіргі кезде несиелік ресурстар банктік ресурстардың бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады және несиелік операцияларды орналастыруға пайдаланылады. Несиелік ресурстар түсінігін зерттемес бұрын банктік ресурстар түсінігін анықтау қажет.

Ресурстар (француз сөзі – resources) – белгілі бір нәрсенің қайнар көзі, құралы, қоры және мүмкіншілігі.

Ал банктік ресурстарға қаржылық - несиелік сөздіктерде келесідей анықтама беріледі:

“Банктік ресурстар – банктің иелігіндегі оның несиелік және тағы

басқа да активтік операциялар жүргізу үшін пайдаланылатын құралдарының жиынтығы”.

Кең мағынадағы, Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз – бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құрылған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Тар мағынада, Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті – несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі [20, 95б.].

Банк тәжірибесіне және теориялық зерттеу негіздеріне сүйене отырып, несиелік ресурстарды келесі критерийлерге байланысты жіктеп көрсетуге болады. Олар:

1. Пайдалану көздеріне байланысты:

- жоспарланған;

- орналастырылған.

2. Өтімділігіне байланысты:

- мезеттік;

- ағымдағы.

3. Құрылу көздеріне байланысты:

- депозиттік;

- депозиттік емес.

4. Орналастыру мерзіміне байланысты:

- қысқа;

- орта;

- ұзақ.

Коммерциялық банктердің коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі – оның ресурстарының едәуір бөлігін меншікті қаражаттармен қатар, сырттан тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан банктің беретін несиелер көлемі сырттан тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болады[21, 87б.].

Депозиттер депозиттік операциялардың объектілері болып табылады.

Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі бір мерзіміндегі немесе қажет уақытында талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты жүргізілетін банктің операциялары болып табылады.

Сырттан тартылған қаражаттар үлкен 2 топқа бөлінеді:

1. Депозиттік қаражаттар

2. Депозиттік емес қаражаттар

Депозиттік операциялар мазмұнына байланысты халықаралық банктік тәжірибеде депозиттердің 4 ірі тобын бөледі:

1. мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері депозиттік серти-фикаттар;

2. қажет уақытында талап етілген депозиттер;

3. халықтардың жинақ салымдары;

4. бағалы қағаздар.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз ақша- несие саясатын жүзеге асыру аясында депозиттерді олардың “ұшқындылығы” деңгейі бойынша келесі түрлерге жіктейді:


 

1 сурет – Сырттан тартылған қаражаттар2

 

Аударылатын депозиттер

а) Әр уақытта оларды номинал бойынша айыппұлсыз және шектеусіз ақшаға айналдыруға болады;

б) Чектер, тратталар немесе жиро-тапсырыстардың көмегімен еркін аударылады.

2. Басқа депозиттер – егер олардың депозиттік сипаты болса, орталық банкке, басқару органдарына және т.б. талаптардан тұрады. Оларға, негізінен белгілі бір уақыт мерзімі біткен кезде алынатын немесе оларды қарапайым коммерциялық операцияларда қолдану үшін ыңғайлы және жинақты механизміне ұсынылатын талаптарға жауап бере алатын әртүрлі шектеулер болуы мүмкін жинақ және мерзімді депозиттер жатады. [5,180б].