Лимфа жүйесінің дамуы мен құрылымы

Патологиялық анатомия кфедрасы



БАЯНДАМА

Тақырыбы: Лимфа айналымының бұзылуы. Лимфастаз, лимфедема, лимфорея. Тіндегі сұйықтықтың

мөлшерінің түзілуі, сулану, эксикоз







Орындаған: Жумалиева Тоғжан

Топ:216 топ

Тексерген: Дукенбаева Бибажар

Астана 2010

Жоспар:

 

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

2.1. Лимфа жүйесінің дамуы мен құрылымы

2.2. Лимфаның құрамы мен қасиеттері

2.3. Лимфа жүйесінің қызметі

2.4. Лимфаның түзілуі

2.5. Лимфаның ағысы

2.6. Лимфа айналысының реттелуі

2.7 Лимфа тамырларының бұзылыстары

III. Қорытынды бөлім

 

Кіріспе бөлім

 

Лимфа тамырлар жүйесі, қантамырлар жүйесімен қатар, адам мен жануарлар денесінде сан қилы заттар тасуға қатысатын кең ауқымды күрделі құрылым, оның қызметі де алуан түрлі.

Лимфа жүйесі – тінаралық сұйықтық құрамындағы су, тұз белок, липид алмасуы кезінде пайда болған әр түрлі заттардың, микроб, денеге енген бояу т.б. қан арнасына, дәл айтсақ, вена жүйесіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни қосымша дренаждық қызмет атқарады. Ол сондай-ақ, интерстициялық сұйықтықтан түзілген лимфа ағысын қамтамасыз етеді. Лимфа – адам денесіндеі екінші сұйық орта. Сонымен, қанайналымы, әсіресе микроциркуляция, лимфа түзілуі, ағуы бір-бірімен тығыз байланысқан өте күрделі үрдістер.

Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі, оның морфологиясы, физиологиясы анағұрлым жақсы зерттелген. Сондықтан да қазіргі таңда тасымал жүйесі туралы әңгіме болғанда алдымен қанайналымы, оның реттелуі еске алынады. Дегенмен, соңғы жылдары лимфа жүйесінің морфологиясы, физиологиясы және патологиясы туралы ғылым, жаңа деректермен толықтырылды. Ғылыми-практикалық маңызы бар сол деректер қазіргі таңға сай жан-жақты зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде жиналды. Лимфа жүйесінің физиологиясы мен лимфология туралы түсінік тереңдеді. Қанайналмы мен лимфа айналысының қызметі жағынан өзара байланысы, түрлі ауралар кезінде тасымал жүйесінің қызметі қаншалықты және қалай өзгеретіні анықталды. Ауруды анықтау оны емдеу мақсаттарымен клиникада лимфа жүйесіне әсер ету әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Мәселен, тірі организмнің лимфографиясы, лимфаға әртүрлі дәрі-дәрмектер жіберу, кеуде лимфа тамырын сырттан дренаждау, эндо- және экзотоксикоз кездерінде улы заттардың уытын қайтару мақсатымен лимфосорбция жасау.

 

 

Лимфа жүйесінің дамуы мен құрылымы

 

Эволюция барысында дене сыртына жақын және терең орналасқан торлы лимфа тамфрлары алғаш сүйекті балықтардантабылды. Олар бір-бірімен қабырғалары эндотелиймен қапталған лимфа саңылаулары арқылы байланысқан. Мұндай тамырлар мен саңылауларда етті қабат болмайды. Сондықтан, олар жиырыла алмайды, тек резервуар рөлін атқарады. Балықта лимфа тыныс алған кезде ғана ағады.

Адамның лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олар көкбауырда, ми мен жұлында, көз алмасының қапшығында, шырышты қабықтың эпителий қабатында, шеміршекте, тері эпидермисінде, қағанақта, көз бұршағында, басқа да ағзаларда тарамданған. Ол ілмекше не саусақтар тәрізді, не болмаса жабық тор тәрізді болып басталады. Қан капиллярларынан кеңдеу, өте созылғыш келеді, диаметрі 10-100мкм, орта есеппен(20-40 мкм). Ағза қызметіне қарай саңылау аумағы өзгеріп отырады.

Лимфа кпилляр қабырғасы тек бір қабат эндотелийден тұрады, өзін сырттай қоршаған тіндермен тығыз байланысқан, тіпті бірігіп кеткендей. Лимфа капиллярының бір ерекшелігі – оның арнайы микрожіпшелері болады. Сол жіпшелерімен кпилляр көрші тінге «байланып» тұрғандай болып көрінеді. Кейбір болжамдарға қарағанда бұл микрожіпшелер тіндегі қысым күшейген кезде лимфаның капиллярларда қысылып қалмауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ эндотелийлік аралық саңылау қақпақшаларының негізі болуы мүмкін.

Лимфа капилляры қабырғасының қызметіндегі ерекшеліктер жасушааралық байланысқа негізделген және олардағы арналардың саңылауына байланысты. Лимфа капиллярлары ағза ішінде татамданып, одан да ұсақ лимфаға айналады. Белгілі бір ағзадан не дененің бір бөлігінен шығарда ағза сыртындағы шығарушы тамыр ретінде міндетті түрде бір не бірнеше лимфа түйіндері арқылы өтеді.

Ересек адамда 450-700 лимфа түйіндері болады. Олардың жалпы салмағы дене салмағының 1% - іне тең. Лимфа түйінінің сырты дәнекер тінінен тұратын кпсуламен қапталған. Капсуладан түйінінің ішіне қарай көптеген перделер – трабекулалар шығып түйінді бірнеше бөлікке бөледі. Трабекулалар арасында ұлпа және қыртысты құрылымнан тұрытын лимфалық тін болады. Лимфа тіні мен трабекуланы саңылау бөліп тұрады. Оны синус деп атайды. Лимфа синуске құйылып, лимфа түйініне өтеді. Түйінде лимфа ағысы баяулайды да жол-жөнекей іліккен лимфоциттерді қосып алып, сыртқа шығаратын лимфа тамырларымен ағып өтеді. Лимфа түйіндерінде көптеген қантамырлары, жүйкелер тарамданған.

Лимфа түйіндерімен салыстырғанда шырышты қабық пен бадамша бездерде лимфа әкелуші тамыры болмайды, тек лимфа әкетуші тамыры ғана болады.

Лимфа түйіндері белгілі бір тәртәппен орналасқан. Ішкі ағзаларға кіретін жерде, яғни «қақпасында» топ-топ болып орналасқан. Бұндай түйіндер тізеасты, шап, қолтық, бел, мойын және т.б. жерлерде бар.

Құрамында лимфа тіні бар ағзалар: тимус, көкбауыр. Тимустың лимфа тамырлары кеуде қуысындағы беткей орналасқан түйіндер арқылы өтеді. Тимуста Т-лимфоциттер өніп-өседі. Көкбауырда қантамырлары лимфа тмаырларымен байланысқан, осы арада дамып жетілген лейкоциттер қанға енеді, оны байытады. Лимфа түйіндерінің соңғы топтарымен өткен лимфа тамырлары ірі лимфа сабағына - кеуде өзегіне барып құйылады.

Лимфа жүйесінің қызметі

Қан мен ткань аралығындағы метаболизмнің тепе – теңдігін қамтамасыз ету және тканьдерден су мен жоғары молекулалы заттарды ( белоктарды, эмульсияға айналған липидтерді ж.б.) сіңіріп, дренаждау ( шығару ).

Оның дренаждық қызметі түрлі себептерден зақымдалуы ықтимал.

Механикалық – лимфа ағысына кедергі жасап, оны іркілтетін факторлардың әсерінен дамиды. Оларға лимфа тамырларының қысылуы мен бітелуі, лимфа түйіндерінің, лимфа қақпашаларының жеткіліксіздігі жатады.

Динамикалық жеткіліксіздік – капиллярдағы фильтрацияның үдеуімен пайда болады.

Резорбциялық – тканьдер белоктарының биохимиялық дисперсиялық қасиеттері өзгеріп, лимфа капиллярларының өткізгіштігі бәсеңдеп, тіндердегі сұйықтықтардың іркілуінен өрістейді.