Тақырыбы 7: Фармацевтік өндірісте стерильді суспензиялар мен эмульсиялар дайындау.
Мақсаты:Ғылыми және практикалық есептерді шешуде шығармашылық еңбекпен өздігінен айналысу дағдысын қалыптастыру. Гетерогенді дисперстік жүйелер туралы теориялық білім негізінде тұрақты шаншуға арналған супензиялар мен эмульсиялар алу, оларды стандарттау.
Тапсырма:тақырыпты меңгеру кезінде әдебиетпен және электрондық қормен жұмыс істеу және келесі сұрақтарға көңіл бөлінуі тиіс:
- стерильді эмульсия және суспензиялар өндірісінде қолданылатын негізгі аппараттар, құрылысы және жұмыс істеу принципі;
- эмульсия және суспензиялардың негізгі сапалық көрсеткіштері.
Орындау түрі: презентация, мылқау карталар.
СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
Презентация– презентация уақыты 8-10 минут. Тақырыпты ашу дәрежесінің және студенттер арасында қызығушылық туғызуының критериіне қарай бағаланады.
Мылқау карталар –тақырып бойынша негізгі аппараттар мен қондырғыларды си
паттауы тиіс.
Бағалау критерилері:Минималды балл: 1
Максималды балл: 4
1. | Тақырыптарды презентациялау | Өте жақсы | Презентация өз бетінше 20-дан кем емес слайдты қолданылып, белгіленген уақытында орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды және ықшамды. Қорғау кезінде автор тақырап бойынша терең білім көрсетті. Талқылау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап берді |
жақсы | Презентация өз бетінше 20-дан кем емес слайдты қолданылып, белгіленген уақытында орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды және ықшамды. Қорғау кезінде автор тақырап бойынша жақсы білім көрсетті. Талқылау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап беріп, принципиалды емес қателіктер жіберді, оны өзі дұрыстады. | ||
Қанағаттанарлық | Презентация өз бетінше 20-дан кем емес слайдты қолданылып, белгіленген уақытында орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды емес.. Сұрақтарға жауап беру кезінде принципиалды қателіктер жіберді. | ||
Қанағаттанарлықсыз | Презентация өз бетінше 20-дан кем слайдты қолданылып, белгіленген уақттан кеш орындалған. 5-тен кем әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды емес.. Сұрақтарға жауап беру кезінде автор өрекел қателіктер жіберді және өз материалмен хабардар емес. | ||
2. | Мылқау карталарды құрастыру | Өте жақсы | Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент берілген сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді. |
жақсы | Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент берілген сұрақтарға жауап бергенде принципиалды емес қателіктер жібереді.. | ||
Қанағаттанарлық | Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент қорғау кезінде берілген сұрақтарға сенімсіз жауап береді. Принципиалды қателіктер жібереді. | ||
Қанағаттанарлықсыз | Мылқау карталар толық емес көлемде, ұқыпсыз дайындалған және уақтысында тапсырылмаған. Студент қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жіберді және материалдф игермеген. |
Тапсыру мерзімі: 4 апта
Дебиет
Негізгі
1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.
3. МФ Х, ХІ басылымы.
4. ҚР МФ – 1-басылым. - Астана – 2008 ж.
5. И.А. Муравьев «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина – 1980 ж
6. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под. ред. Т.С. Кондратьевой - М., Медицина - 1986 ж.
7. Технология лекарственных форм. под ред. Кондратьевой Т.С. том. 1. М. Медицина – 1991 ж.
8. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. В.М. Грецкий, В.С. Хоменок. - М., Медицина - 2000 ж.
Осымша
1. Макаров Ю.И., Зайцев А.И.Новын типы машин и аппаратов для переработки сыпучих материалов. М., изд. МИХМ, 1982 г., стр.76.
2. Кафаров В.В. Дорохов И.Н., Арутюнов С.Ю. Системный анализ процесса химической технологии. Процессы измельчения и смешивания сыпучих материалов. М., Наука 1985 г. Стр. 440
3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков,2002 г.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
- Фармацевтік өндірісте парентеральды қолдануға арналған суспензия және эмульсияларды қандай әдіспен алады? Қандай қондырғы қолданылады?
- Ашық және жабық түрдегі турбиналы араластырғыштардың құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
- Коллойдты диірмендердің құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
- РПА құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
- УД диспергирлеуге арналған сәулелендіргіштер құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай? УД диспергирлеу арқылы алынған эмульсиялар мен суспензиялардың артықшылығы неде?
- Суспензиялар мен эмульсиялардың терапевтік эффективтілігіне қатты фаза бөлшектерінің дисперстік дәрежесі қалай әсер етеді? Мысал келтіріңіздер.
- Парентеральды енгізуге арналған суспензиялар мен эмульсиялардың дайындалу ерекшелігі қандай? Мысал келтіріңіздер.
- Экстремальды температура кезінде гетерогенді дисперстік жүйелерде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Суспензиялар мен эмульсиялардың сақталу жағдайлары.
Кредит 5