Сақтау және ұнтақтау

Мазмұны:

1.Ұсақтау. Процесс жайлы мағлұматтар.

2. Ұсақтағыштардың құрылымы мен жұмыс принципі.

3. Ұнтақтау. Процесс жайлы мағлұматтар

4. Барабанды диірмендердің құрылысы

 

 

1.Ұсақтаусыртқы күштердің әсерінен материалдың мөлшерін кішірейту.

Ұсақтау процесі өзінің міндетіне қарай дайындықты және тәуелсіз болуы мүмкін.

Дайындықты ұсақтау байытуға кендерді дайындау мақсатында жүзеге асады.

Ұсақтау тәуелсіз болып саналады, егер ұсақталған өнім тауарлы өнім болса және одан ары байытуды қажет етпесе.

Ұсақтау процесінің тиімділігін ұсақтау дәрежесімен анықталады.

Ұсақтау дәрежесі - ең ірі бөлшектердің қанша есеге азайғанын сипаттайтын көрсеткіш. Байыту фабрикасына келіп түсетін кен бөлшектерінің максималды өлшемі, өндіру және тасымалдау кезінде қабылданған параметрлерге байланысты болады және олардың өлшемі 1200-1500 мм жетуі мүмкін. Байытуға өлшемі 10 мм және одан кіші өнімдер түсуі керек. Фабрикадағы кендерді ұсақтау дәрежелері 120-150 мм және одан жоғары болады. Ұсақтағышта ұсақтау дәрежесі 2-8 болады, сондықтан процесс 2-3 кезеңде жүзеге асырылады.

Бастапқы кендердің және ұсақталған өнімдердің іріліктеріне байланысты ұсақтаудың 3 түрі бар:

ірі - 1500-300мм бастап 350-100мм дейін

орташа– 350-100мм бастап 100-40мм дейін

ұсақ – 100-40мм бастап 30-5мм дейін.

Ұсақтау процесі энергияны көп қажет етеді және қымбат болып табылады, сондықтан принципті сақтау керек.

Осы принципті жүзеге асыру үшін әрбір ұсақтау кезеңінің алдында елеу арқылы ұсақ топтарды шығару керек. Ұсақтау мен елеу операциясыларының үйлесімділіктеріне қарай кенді дайындау сызбасы ашық және жабық болады.

Ашық циклде ұсақтау кезінде әрбір кеннің бөлшегі ұсақтағыштан бірақ рет өтеді (сурет 8). Жабық циклде ұсақтау кезінде ұсақталған өнімнен қиын ұсақталатын кеннің бөлшектері електе бөлінеді және сол ұсақтағышқа ұсақталу үшін қайтадан жіберіледі (сурет 9).

 

А Б Ұсақтау Алдын ала елеу  
       
     
       
    - +
           

Ұсақтау

Сурет 8. Ашық циклдағы бір сатылы ұсақтаудың сызбасы

 

Алдын ала елеу

 

  +     -              
      Ұсақтау  
                         
                         
      Ұсақтау                    
                           
                       
                    Алдын ала елеу    
                       
    Тексеру елеуі   +     -
  +       -              
                     
                           

 

Рис. 9 Жабық циклдағы бір сатылы ұсақтаудың сызбасы

Ұсақтаудың кендерге механикалық әсер ету сипатына келесідей тәсілдері бар:

Талқандау (сур. 10а) – Екі ұсақтағыш беттердің арасындағы түйірін қысу нәтижесінде бұзылу.

Жару (сур. 10б) – түйірін жою

Қажау (сур. 10в) – бір-біріне қатысты ұсақтағыш қарама-қарсы беттердің ойрандалу әрекеттері.

Соққы (сур. 10г) – қысқа мерзімді динамикалық жүктемелер әсерінен болатын жоюлу.Ол жарықтар кеннің бұзылуына әкеледі.

а) б)
 

 

 

 

 

в)       г)
     
         

а – талқандау, б –жару, в –қажау, г - соққы

Ұсақтаудың бұл әдістері ұсақтауға арналған құралдарға - ұсақтағышқа негізделген .Сондықтан ұсақтағыштар қағидасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: конусты, жақты, білікті, балға және айналмалы.

2.Ұсақтағыштардың құрылымы мен жұмыс принципі.

Конусты ұсақтағыштарда материал қысу және үйкеу тәсілдерімен ұсақталады. Ұсақталатын материал сыртқы қозғалмайтын және ішкі айналатын конустардың аралығына беріледі. Ішкі айналатын конус сыртқы конусқа эксцентрикалы болып орналасады. Конусты ұсақтағыш ескі конус, ішкі бөлшектеу конусы, бөлшектеу конусының қолдаушы құрылғылары және жетек элементтерінен құралады. (сур. 11)

 

 

Конусты ұсақтағыштардың принципиальды құрылысы

Жақты ұсақтағышта (сур. 12) материал жылжымайтын және жылжымалы жақтар арасында қысу арқылы ұсақталады. Эксцентриклі біліктің айналуы арқылы жылжымалы жақ жылжымайтын жаққа жақындайды (жұмысшы жүріс) немесе одан алыстайды (бос жүріс). Жұмыс жүрісі кезінде материал ұсақталады, ал бос жүріс кезінде ұсақталған материал төмен қарай ауырлық күштің әсерінен шығарылады. Қозғалатын жаққа қозғалыс эксцентриклі білікпен жалғанған шатунмен беріледі. Шатун алдыңгы және артқы плиталармен бекітіледі. Жетек және серіппе қозғалыс жүрісінде керіліп, бос жүріске жәрдем береді.

 

Жақты ұсақтағыштың кинематикалық сызбасы

Білікті ұсақтағыштар ұсақталатың материал горизонталь біліктердің арасында қысу және үйкеу тәсілдерімен майдаланады. Біліктер саны әртүрлі болуы мүмкін (бір жұп немесе бірнеше жұп). Жұп біліктер бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып, материал екеуінің арасында ұсақталады. Біліктердің беті тегіс, бұдыр және тістіболуы мүмкін. Біліктер шойыннан жасалынады да, беті тозуға төзімді марганецті болатпен қапталады.

 

 

Принципиальды сызбасы

 

Балғалы ұсақтағыштар. Мұндай ұсақтағыштардың жұмысшы органы - стерженге еркін орналасқан балғалар болады. Ұсақтағыш білігі айналғанда балғалар қоректендіргіш арқылы берілетін материалды соққылап майдалайды. Ұсақталған материал елек тесіктерінен өтеді. Ұсақтау дәрежесін електің тесігінің диаметрің және балғалардың айналу жылдамдығын өзгерту арқылы реттеуге болады.

 

Принципиальды сызбасы

 

Балғамен қатаң бекітілген балғалы ұсақтағыштар айналмалы ұсақтағыштар деп аталады .

 

3.Ұнтақтау дегеніміз-қатты заттардың бөлшектерінің механикалық әсер ету жолымен өлшемдерін төмендететін процесс. Ұсақталған материал мөлшері 1-2 мм (әдетте 0,3-0,05мм) аспайды.

Кендерді байыту практикасында барабанды диірмендер кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары ұнтақтаудың жаңа тәсілдері пайда болды, бірақ практикада бұл әдістер көп қолданылмайды. Олар цемент өнеркәсібінде, керамикалық шикізаттарды дайындауда, құрылыс материалдар өнеркәсібінде пайдаланылады.

Барабанды диірмендердің ерекшеліктері

барабанның пішініне байланысты (цилиндрлі, түтікті),

ұнтақтау жүретін ортаға байланысты (құрғақ және ылғалды ұнтақтау),

жұмыс істеу принципіне байланысты (дірілдеу, айналмалы, тепкіш),

қуат көзінің енгізуіне байланысты (шілтер арқылы жүктеу, перифериялық жүктеу, орталық жүктеу ).

4.Барабанды диірмендердің құрылысы

Барабанды диірмендерге шарлы, стерженді диірмендер және өздігінен ұнтақтау диірмендері жатады.

 

Шарлы және стерженді диірмендер. Ұнтақтау және аса майда ұнтақтауда шарлы және стерженді диірмендер қолданылады. Бұл диірмендердің ішіне майдалайтын шар немесе стержендер салынады. Осы шарлар немесе стержендердің соққысы және үйкеуі арқылы материал ұнтақталады. 6.9-суретте шарлы диірменнің тәсімі керсетілген. Диірменнің корпусы айналғанда шарлар ортадан тепкіш күштің әсерінен корпусқа жабысып және біраз биіктікке көтеріледі. Шарлар төмен құлағанда олардың арасындағы материал ұсақталынады.

 

Каскад ылғалды өздігінен ұнтақтау диірменінде ұнтақтатқыштың міндетін кеннің ірі бөлшектері атқарады.

Аэрофол құрғақ өздігінен ұнтақтау диірменінде арнайы ұнтақтағыш бөлігі жоқ болады.

Дірілді диірмендерде заттарды ұнтақтаудіріл көмегімен жүзеге асады. Ал орталық диірмендерде зат даңғыр көмегімен ұнтақталады.

Айналмалы барабанды диірменінде ұнтақтаудың тиімділігі келесі қағидалармен анықталады:

- ұнтақтаудың технологиялық сызбасымен;

- ұнтақталатын заттың физика-механикалық қасиеттерімен;

- диірменнің жұмыс тәртібі.

 

5.Ұнтақтаудың технологиялық сызбасы

Диірмендер ашық және жабық циклда жұмыс жасай алады. Ұнтақтаудың ашық циклында материал диірмен арқылы тек бірақ рет келеді.

Ұнтақталған материалдың қажетті өлшеміне жету үшін, бөлшектердің диірменге келген белгілі бір уақытпен қамтамасыз ету қажет. Алайда, бастапқы кендерде әртүрлі өлшемді бөлшектер қатысады және де ұнтақтауға қажетті уақыттарда әр түрлі болып табылады. Қажетті ұнтақтаудың мөлшеріне жету үшін ұнтақтаудың жабық циклы қолданылады, яғни дайын өнім алу және ұнтақталмаған материалды қайтадан диірменге ұнтақталуға жіберу үшін. Бұл жағдайда, диірмен тұйық циклде жіктеуішпен жұмыс істейді. Қайта ұнтақтауға жіберілетін құмдар айналымды жүктеме деп аталады. Айналымды жүктеменің түсімі 100-500% жетуі мүмкін.

Ұнтақтаудың сызбасы ұсақтауға келетін кендердің физика-механикалық қасиеттері, кендердің мөлшері, ұнтақталған материалдың қажетті мөлшері, сонымен қатар қатты мен судың массалық үлесіне қарай тандалады.

Төмен күші бар кендер үшін ашық цикл және алдын ала классификация бойынша ұнтақтау қолданылады. Ал тиімді ұнтақтау үшін көпсатылы сызба керек.