Су тоғандарындағы сумен іркінді суларды араластыру өлшемін анықтау әдісі

 

Өзендердегі араластыру жилігін анықтау мына формула бойынша (И.Д.Родзиллер) анықтау:

 

Мұнда: Q - өзендегі судың есептелген шығыны (м/с);

g- іркінді судың шығыны (м/с);

a –есептеу пунктінде іркінді судың өзен шығынымен араластыруға қатысатын бөлігін көрсететін араластыру коэффициенті

«Су тоғандарына іркінді суларды ағызудың санитарлық ережелері» бойынша сумен 95%

қамтамасыздандыру гидрологиялық жағдайы жыл бойғы судың аздығымен байқалатын орташа айлық шығын ретінде – есептік шығын (Q) қолданылады, яғни жылдағы аз сулы айдың болуы орташа есеппен 20 жылда бір рет қайталанады.

Араластыру коэффициенті мына формуламен есептеледі:

 

 

Онда: в- формула бойынша табылатын көлем:

 

 

Мұнда: L-есептелген бекеттен іркінді сулар шығарылатын жерге дейінгі қашықтық (м);

S- өзен суымен араласқан кездегі гидравликалық жағдайды есептейтін коэффициент және ол мына формуламен есептеледі

 

Мұндағы: r- иірімділік коэффициенті, ол іркінді сулардың қашықтығымен табылады, немесе екі пункт арасындағы тікелей қашықтық, егер жаға тік болатын болса ол коэффициент 1-ге тең.

С - шығару орнына байланысты коэффициент: жағадан жіберу 1- ге; өзеннің ортасынан 1,5-ке тең

Е - турбулентті диффузия коэффициенті, оны анықтау формуласы төмендегідей:

 

Онда: V- есептеу бекетіндегі өзеннің орташа жылдамдығы (м/с)

H- бұл учаскедегі орташа тереңдігі (м).

 

Су көздерінің ластануының алдын алу шаралары:

Технологиялық шаралар:

  1. технологиялық сумен қамтамасыздандырудың тұйық жүйесін ұйымдастыру
  2. шикізатты кешенді пайдалану: технологиялық процесс кезінде пайда болған іркінді судың құрамындағы химиялық заттарды бөліп алып, жаңа шикізат түрінде пайдалану

Техникалық шаралар: іркінді суларды тазалаудан өткізу.

Шаруашылық-тұрмыстық іркінді суларды тазалау схемасы

Механикалық (тор, құмұстағыштар, радиалды және горизонтальды тұндырғыштар)

Биологиялық: сулық әдістер: жасанды (аэротенктер) және табиғи (биотоғандар); топырақтық әдістер: жасанды (биосүзгі) және табиғи (сүзу алаңдары, себу (орашения) алаңдары)

Залалсыздандыру барлық тазалау кезеңдерінен өткен іркінді суларды хлорлау

 

Жоспарламалық шаралар:

- су көздеріне іркінді суларды ағызатын нүктелерді ұтымды белгілеу;

- санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру

 

Ғылыми зерттеу шаралары:

- су тоғандарында анықталған химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясын (ШРЕК) бекіту.

- химиялық заттардыңқауіптілік кластары және лимиттік зияндылық көрсеткішін бекіту;

- іркінді сулардың шектеліп рұқсет етілген шығарыс деңгейін (уақытша келісілген шығарыс ) бекіту;

- іркінді суларды тазалаудың жаңа жетілдірілген түрлерін өңдеу;

- суды аз қажет ететін технологиялық процестерді жетілдіру.