Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен,табиғат күшінін әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалык (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардьщ пайдалануға тікелей қатыспай-ак, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудыңтабиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жүмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұксас өнімдерінің арзандауына ыкпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдыктардын, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын әндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

Негізгі қүралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалыктар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнін номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады); жұмысшы күшінін еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістін және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін; өндірістің өндеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы әзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жанасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жанарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимаратгар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.

Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.

№1б-шы "Негізгі құралдардың есебі" бухгалтерлік есеп стандартына ХҚЕС сәйкес, амортизация — активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша—шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жүмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші куні тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

Одан баска, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2421 "Үйлер мен ғимараттардың тозуы", 2422 "Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы", 2423 "Көлік құралдарының тозуы", 2424 "Баска негізгі құралдардың тозуы" пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1 "Меншікті негізгі құралдардын тозуы" және 2 "¦зак мерзімге жалға алынған негізгі құралдардын тозуы".

2410 бөлімшенің шоттарында 2411-2412 есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады.

¦зақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының есебін жүргізуші 2416 , 7210 шоттардың дебетінде және 2420 бөлімшенің шоттарының 2-ші "¦зақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы" деп аталатын аралык шотының кредитінде көрініс табады.

Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушынын меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 2420 бөлімшенің 2-ші "¦зақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы" деген аралық шотының дебеті бойынша және 2420 бөлімшенің 1-ші аралық шотынын кредиті бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

- құнын бірқалыпты (түзу сызыкты) жолмен есептен шығару;

- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

- жеделдетіп есептен шығару;

- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудін әрқилы әдістері

пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін талдау құкығы өкілетті органдардың еншісінде болады.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің қүны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

- қызмет етудін пайдалы мерзімі. Бүл кезде пайдалануға берілген объектінің
жағдайы ескеріледі және күтіп үстау жағдайына да байланысты болып келеді
(жөндеу мәселесі және техникалык жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі
белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы,
жүк автокөлігінін бастапқы құны - 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін
оның жойылу құны 10 000 теңгеге тен болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы
амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе
бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

= 18 000 теңге

Негізгі құралдардың амортизациясының біркалыпты әдісі мыиа формула бойынша есептелінеді.

5жыл

Бастапқы кұн — жойылу куны 100 000 -10 000

 

Пайдалану мерзімі

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мын. теңгеге тең болады (18000: 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (тұзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу

 

МерзІмі Бастапкы құны Амортизацияның жылдық сомасы Жинакталған тозу сомасы Қалдық құны
Сатып алынған мерзімі:   1-ші жылдын аяғыңда 2-ші жылдын аяғынла 3-ші жылдың аяғында 4-шІ жылдың аяғында 5-ші жылдын аяғында     100 000 100 000            

 

Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығынын біртіндеп азайғанын көрсетеді.

Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды тұрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жол.мен анықталады.

Бастапқы құн - жойылу құны.= (100 000 -10 000); 900000 км = 0,10 тенге

 

Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері

Егер пайдаланудын бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы - 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы - 100000 шақырым, тәртінші жылы - 200000 шакырым және бесінші жылы — 100000 шақырым жол жүреді деп шамаланса - амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу

 

Мерзімі Бастапқы құны Екі еселенген амортизациянын жыддық сомасы Жинақталған жылдык аморти-зацияланған сомасы Айға есептел- ген амортиза-цияның сома- сы (теңге)
Сатып алынған мерзімі:   1-ші жылдың аяғыңда   2-ші жылдың аяғында   3-ші жылдың аяғында   4-ші жылдың аяғында   5-ші жылдың аяғыңда         100 000   100 000   100 000     40%х 100000=40000   40%х60000=24000   40%х36000= 14400   40%х2 1600=8640                          

 

Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық күн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.

Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналадьг. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірак ол оның алғашқы жылдарында ендірілетін өнімнін өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондыктан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:

а) Кумулятивтік әдісі

ә) Азайып отыратын қалдық әдісі.

Кумулятивтік әдіс — латын тілінен аударғанда — есу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы 2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.

Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін — 5, екінші жыл үшін — 4, үшінші жыл үшін —3, төртінші жыл үшін — 2, бесінші жыл үшін — 1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға (90000 теңге) көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.

Төменде негізгі құралдардың тозуын (амортизациясын) кумулятивтік әдісі бойынша есептеужолы көрсетілген.

Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) кумулятивтік әдіс бойынша есептеу

 

Мерзімі (жылдары) Бастапқы құны Кумулятивтік саны мен аморти- нормасы Жинақтал- ғаи жылдық тозу сомасы Айға есептелген амортизациянын сомасы (теңге)
 
Сатып алынған мерзімі:   1-ші жылдың аяғында 2-ші жылдың аяғында 3-ші жылдың аяғында 4-ші жылдың аяғында 5-ші жылдың аяғында     100 000 100 000 100 000 1 00 000 100 000     5/15x90000=30000 4/15x90000=24000 3/15x90000=18000 2/15x90000=12000 1/15x90000=6000        

 

Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз.

Азайып отыратын қалдык, ә5('с/. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің, қызмет ету (пайдалану) мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20 %болады (100%:5).

Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған теқ 40%(20%х2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.

Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды коспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100000 тенге. Бес жыл бойы амортизаиия мынадай мөлшерде есептелінеді.

 

Мерзімі Бастапқы құны Екі еселенген амортизицияның жылдық сомасы Жинақталған жылдық аморти- заңияланған сомасы Айға есептел- ген амортиза- цияның сома- сы (теңге)
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында   2-ші жылдың аяғында   3-ші жылдың аяғында   4-шІ жыллын аяғында   5-ші жылдың аяғында                 40%х 100000=40000   40%х60000=24000   40%х36000= 14400   40%х2 1600=8640                          

 

Халықаралық практикада баяу амортизация деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдаланудың бірінші жылында тозу сомасы аз мәлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезендерінде көрініс табады.

Мысал. : "Әлия" ЖШС 1998 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.

Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2001 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.

Есеп қағидасындағы өзгерістің өсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:

 

 

Кезені Кумулятивтік әдісі бойынша амортизацияны есептеу Бірқалыпты әдісі бойынша амортңзацияны есептеу
1999 жыл (1608333-37бО)х15/120 = 200572 теңге (1608333-3760)/ 15= 106971 теңге
2000 жыл (1608333-3760)х!5/і20=І87200теңге (1608333-3760)/15=106971 теңге
2001 жылғажи-нақталған амор-тизациясынын сальдосы 200572+187200-387772 теңге 106971+10697 1=213942 тенге

Амортизацияны есептеу 1999 жылдың 1-ші қантарынан басталған.

Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді: I5x(15+L)/2=120.

Екі әдісті пайдаланудың салдарынан 173830 теқгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған табысқа жатқызылады.