Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам

еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

 

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция

шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

 

Акция- иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір

мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды

қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір

бөлігін алуға құқық береді.

 

Актив- мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік

баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

 

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен

өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақсаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

 

Құнды қағаздар - иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз

түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

 

Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа

байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

 

Баж- мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден,

азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

 

Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

(проценті)

 

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және

ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және

валюталық қолма-қол ақша, акциялар көрсетіледі.

 

Бәсеке - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан

неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар

өндірушілер арасындағы жарыс.

 

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде

дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға

бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

 

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың

табыстан артып кетуі.

 

Валюта- 1. елдің ақша бірлігі;

2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп

айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

 

Валюталық бағам (курс)- екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ора

салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір

елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

 

Вексель - төлем және несие құралы; кәсіпкердің

несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан

кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

 

Венгур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге,

енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға

маманданған шағын коммерциялық ғылыми-

техникалық ұйым.

 

Дәстүрлі экономика- сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын

кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар

айқындайтын экономикалық жүйе.

 

Дебитор- кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

 

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру;

тұрақты валютамен немесе халықаралық шот

өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта

бағамының төмендеуі.

 

Демпинг - тауарлардың ішкі нарықтағы бағаға қарағанда

сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен

сатылуы.

 

Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның

айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

 

Депозит - белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына

сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

 

Дивиденд - акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін

акционерлерге төленетін ақы.

 

Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты

емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар

дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы

ассортиментінің ұлғайып отыруы.

 

І-ші дифференциалды рента- жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен

жер учаскесінің жақсы орналасуына

байланысты алатын рентасы (жол ақысы)

 

ІІ-ші дифференциалды рента- жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды

жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.

 

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін

жеңілдікті экономикалық жағдайлар

жасалған аймақтар.

 

Ең төмен деңгейдегі тұтыну

бюджеті ( минимальды)- адамның физиологиялық және әлеуметтік

мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру

үшін тұтыну тауарлар мен қызметтердің

жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын.

 

Ең төмен жалақы

(минималды) - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек