бап. Субъектiлердiң және лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

 

1. Субъектiлердiң, лауазымды тұлғалардың:
1) өтiнiштердi белгiленген тәртiппен қарау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) көрiнеу жалған мәлiметтерден тұратын өтiнiштердi тексеруге байланысты тартқан шығындарды өндiрiп алу туралы сотқа жүгiнуге құқығы бар.
2. Субъектiлер мен лауазымды тұлғалар:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен әрi мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;
2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
3) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешiмдер туралы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында хабарлауға;
5) жеке тұлғаларды, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүддесiн танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерiн субъектiлерге және лауазымды тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруiне байланысты қудалаудың жолын кесуге;
6) шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;
7) оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларын болғызбауға;
8) өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне жол бермеуге;
9) жеке тұлғалардың, соның iшiнде заңды тұлғаның мүддесiн танытушы тұлғалардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе мемлекеттiк не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге; жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына жол бермеуге;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдауға және қорытуға, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмыстың жай-күйiн жүйелi түрде тексеруге;
12) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiм мен көлемде келiп түскен, қаралған өтiнiштердiң саны мен оларды қараудың нәтижелерi туралы мемлекеттiк құқықтық статистикалық ақпаратты беруге мiндеттi. Осы тармақшаның талабы iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргiзу

 

Мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттiк тапсырыс және (немесе) мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсынатын заңды тұлғаларда жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргiзу және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iс қағаздарын жүргiзудiң басқа түрлерiнен бөлек, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiнде iс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi iшкi регламентке сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

17-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2340 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 71-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi