Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында фигураларды және WordArt объектісін енгізу
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында фигураларды және WordArt объектісін енгізу
Жұмыстың мақсаты:Microsoft Word мәтіндік редакторында WordArt объектісін және фигураларды енгізуді, сонымен қатар олар редактрлеуді үйрену.
Жұмыстың мазмұны:
Мәтінге геометриялық фигураларды қою үшін Қою=>Фигуралар (Вставка=>Фигуры) батырмасына басамыз (8.1-сурет).

8.1-сурет.
Керек фигураны таңдап, жұмыс алаңына орналастырамыз. Мысалы, жұлдызшаны алып, оның керегімізше өлшемін өзгертеміз.
|
Фигураны тышқанның сол батырмасымен басып ерекшелейміз. Лентада пайда болған Салу құралдары => Пішім (Средства рисования => Формат) құралдарын пайдаланамыз (8.2-сурет) немесе жанама мәзірден Автофигура пішімі (Формат автофигуры) (8.3-сурет) командасын таңдаймыз.

8.2- сурет. Фигуралармен жұмыс істеу құралдары

8.3- сурет. Автофигураның пішімі сұқбат терезесі
| |||
| |||
Нәтижеде алынған суреттер
Фигураның үстіне мәтін жазу үшін фигураны ерекшелеп,
Салу құралдары => Пішім => Мәтінді өзгерту (Средства рисования => Формат=>Изменить текст) батырмасына басамыз немесе жанама мәзірден Мәтін қосу (Добавить текст) командасын таңдаймыз.

1-тапсырма.Төменде берілген лентаны сызып, оған мәтін енгізіңіз.

2-тапсырма.Төменде берілген фигураларды сызып, оларға мәтін енгізіңіз.

3-тапсырма.Төменде берілген суретті фигуралардың көмегімен салыңыз.
|
4-тапсырма.Төменде берілген суретті фигуралардың көмегімен салыңыз.

5-тапсырма.Төменде берілген суретті фигуралардың көмегімен салыңыз.
|
WordArt объектісімен жұмыс. WordArt объектісін қою үшін Қою => WordArt (Вставка => WordArt) батырмасына басамыз (8.4-сурет).

8.4 – сурет. WordArt объектісі
WordArt объектісінің керек стилін таңдаймыз. Пайда болған WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) сұқбат терезесінде мәтінді енгізіп Ok батырмасына басамыз (8.5-сурет).

8.5 – сурет. WordArt мәтінін өзгерту сұқбат терезесі
Жұмыс алағында өзгеріс енгізуге болатын WordArt пішімінде мәтін пайда болады.

Мәтінді пішімдеу немесе оған өзгеріс енгізу үшін оны ерекшелеп, лентада пайда болған WordArt объектісімен жұмыс => Пішім (Работа с объектами WordArt => Формат) орындаймыз (8.6–сурет) немесе жанама мәзірден WordArt объектісінің пішімі (Формат объекта WordArt) командасын таңдаймыз.

8.6–сурет. WordArt объектісімен жұмыс істеуге арналған құралдар
Жиі пайдаланылатын негізгі құралдарға сипаттама берейік:
- мәтінді өзгеріс енгізу;
WordArt объектісінің стилін өзгерту;
- объектіге көлеңке түсіру;
- объектіге көлем беру және т.с.с.
5- тапсырма.Егер x>0 болса, онда y=x+5 әйтпесе y=x2 функциясының блок схемасын сызыңыз.

|