Алдын ала ұлттық стандарт.

Aлдын ала ұлттық стандарттар – уақытша қолдануға арналған стандарт, қолдану кезінде қажетті тәжірибелер жинақтауға және қолданушылардың көпшілік ортасына қолжетімді болуға арналған стандарт;
консорциум стандарты – консорциуммен әзірленген және бекітілген, оның мүшелерімен қолданылатын стандарт;
үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдарымен әзірленген және бекітілген стандарт.

Алдын ала ұлттық стандарттар
1. Алдын ала ұлттық стандарттар ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының 1 бабының тармақтарында қарастырылған мақсаттар үшін әзірленеді:
(1. міндетті регламенттеу саласында:
өнімнің қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығына қажетті процесстерді, соның ішінде өсімдік және жануарлар әлемін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соқтыратын әрекеттерді ескерту;
саудадағы техникалық кедергілерді жою.
2. стандарттау саласында:
отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
табиғат және энергетикалық қорларды үнемдеу).
2. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамалармен бекітілген талаптарға қарама қайшы болмауы керек.
3. Алдын ала ұлттық стандарттарда бекітілген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда бекітілген көрсеткіштерден төмен болмауы керек.
4. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауы керек.
5. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсатында қабылданады.

Німді каталогтау жүйесі

өнімді каталогтау жүйесі – өнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпараттық жүйе

Каталогтау жүйесiн дамыту жөнiндегi іс-шаралар:

өнiмдi каталогтау жүйесiн жүргізу тәртiбiн, республикада өндiрiлетiн

өнiмдер жөнiндегі республикалық, аймақтық, облыстық және қалалық деректер

қорын қалыптастыруды анықтауды;

деректер қорын жүргiзу үшiн арнайы жабдықтар сатып алуды;

каталогтық парақтарды әзiрлеудi және оларды талдауды;

Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң каталогтарын құруды және жүргiзудi

көздейдi.

Лттық стандарттар

Лттық стандарттар

1. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.
2. Ұлттық стандарттар:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.
3. Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.
5. Ұлттық стандарттарда:
1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;
2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;
3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;
7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;
8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.
6. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.