ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
-музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты:өз ойларын, сезімдерін бейнелей білу дағдыларын, қоршаған ортаны қабылдай білуді, шығармашылық және байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған болмысқа эстетикалық қызығушылығын дамыту;
- балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін, эмоциалы қатынасын дамыту;
- балалардың түсінуіне жақын 2-3 қазақ халқының өнерімен таныстыру;
- халық ойыншықтары туралы түсініктерін кеңейту;
- балаларды әртүрлі бейнелеу өнерімен таныстыруды жалғастыру (живопись, графика, скульптура, сәндік- қолданбалы өнер);
- бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру;
- өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету;
- живопись және скульпторлық мүсіндердің туындыларымен таныстыруды жалғастыру(картиналар жәңе репродукциялық картиналар);
- балаларды безендірудің мәнерлі құралдарымен, балалар кітаптарындағы иллюстрациялармен таныстыру;
- балаларды өнер туындыларын, олардың түрлерін дербес қарастыруды, мәнерлік құралдарына және мазмұнына көңіл аударуға баулу (ырғақ, түс, пішін, композиция).
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Заттардың суреттерін салу.
Балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін – ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу.
Пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету.
Бірнеше біртекті заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.
Өздері білетін пішін жасау тәсілдерін бекіту:
-жемістер мен жидектер; балық, жануарлардың суретін салу барысында дөңгелек пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты;
-төртбұрыш пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты;
-көлік құралдары, адамдардың тұлғасы сияқты күрделі пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білуі.
Балаларды суретке қарап салуға және елестете отырып жануарлардың, адамдардың және ойыншықтардың суретін салуға үйрету. Күрделі емес қимылдарды бере білу, бейненің айқындылығына, қимыл барысында қолдың, аяқтың қалыптарының өзгеруіне қол жеткізу. Заттардың көлемі мен үйлесімділіктегі айырмашылығын бере білуге үйрету. Қарындашпен жеңіл сызықтар сызуға, бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын сумен араластыра білуге үйрету.
Сәндік сурет салу.
Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді бірқалыпты орналастыра отырып, қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту. Түрлі өлшемдегі өрнекті элементтерді үйлестіру, ақ және түрлі түсті қолдана отырып, түстерді таңдауды қолдану.
Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға, қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.
Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.
Сурет салу барысында қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізіледі.
Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды, бояуларды қолдануды үйрету.
Түзу сызықтардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың (1–2) өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білу. Қазақ оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән элементтерін қолдана отырып, құрастыра білу іскерліктерін дамыту. Ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сюжеттік сурет салу.
Бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру біліктерін қалыптастыру. Бейнені айқындау құралдарын, ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып, балаларды табиғаттан алған әсерлерін көрсете білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет салу.
Бір мазмұнға біріктіре отырып, бірнеше заттардың суреттерін бейнелей білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- бейнелеу өнерінің мәнерлі құралдары туралы бастапқы түсініктері бар;
- гүлдер, көкөністер, жемістерге қарап суреттерін салады;
- суретті салуда мәнерлеу құралдарын қолданады;
- түрлі түсті қарындаштар мен бояулармен жұмыс жасай алады;
- қазақтың ою-өрнек элементтерінің суретін салады, түрлі сюжеттерді сала біледі.
Мүсіндеу
Затты мүсіндеу
Дағдыларды қалыптастыру:
- балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып, мүсіндеуге;
- қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін мүсіндеуге үйрету.
- көшеде, үйде және балабақшада көрген заттарын бейнелей отырып, елестету арқылы мүсіндеу.
Олар бақылау жасаған заттардың бейнесін жеткізе білуге, заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге, бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдануға үйрету.
Сәндік мүсіндеу.
Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісі бойынша бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну.
Мазмұнды мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.
Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету.
Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Біртекті заттардан сюжеттер жасау, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру.
Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеуге, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен мейлінше көркемдеп жеткізуге үйрету.
Біртекті заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасау білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
- қарапайым үйлесімділікті сақтай отырып, адам мен жануарлардың пішінін мүсіндей біледі;
- халық ойыншықтары мен керамикалық бұйымдардың желісі бойынша бейнелерді бере біледі;
- заттармен және элементтермен толықтыра отырып, кейіпкерлер мен композицияларға тән бөлшектерді мүсіндейді.
Жапсыру
Затты жапсыру.
Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию, шаршыларды үшбұрышты етіп қию, шаршы немесе тікбұрыштың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қиып алу.
Дағдыларды қалыптастыру:
- екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;
- қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюды;
- елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды;
- жырту тәсілімен жапсыруды орындауға.
Қағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білуді бекіту.
Сәндік жапсыру.
Түрлі пішіндегі қағазда таныс геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды үйрету.
Бөліктерден бейнелерді құрастыру, мерекелерге арнап үй-жайды безендіру үшін ұжымдық жұмыстарды орындау.
Ұлттық кілемдерді, ас тақтайшаларын, сүлгілерді, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқтарды, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді, қымыз құятын ыдыстарды (торсық),бұйымдарды, шырша әшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашық хаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.
Сюжеттік жапсыру.
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруларды құрастыру барысында объектілердің көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.
Дағдыларды қалыптастыру:
- әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу;
- үлгілер және трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеу;
- өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құру;
- қайшыны, желімді дұрыс қолдану;
- екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қию;
- ұлттық өнердің желісімен түрлі пішіндегі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыруға;
- заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіру;
- еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтау.
Күтілетін нәтижелер:
- жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді;
- жұмысқа арналған материалдарды тиімді қолданады;
- елестету бойынша бірнеше бөліктерден өрнек құрастырады;
- халық өнері бұйымдарының негізгі элементтерін бейнелейді.
Музыка
Музыка тыңдау.
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту, қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын «күй» жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.
Ән салу.
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар.
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар мен хороводтар: музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру,музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.
Билер
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Би шығармашылығы
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау.
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш);
- музыкалық мәнерліліктің құралдарын (қарқын, динамика, регистр), музыкалық шығармалар түрлерін (әннің кіріспесін, басын, қайырмасын) ажыратады;
- қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын біледі;
- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды;
- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерге ие;
- балаларға арналған музыкалық аспаптардың дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады және оларды атайды;
- жеке және бүкіл топпен ойнай біледі.
ІI ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Заттық сурет салу
Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) елестету және заттарға қарау арқылы бере білу ұғымдарын қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.
Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.
Біліктерді қалыптастыру:
- түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей алу;
- жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;
- жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;
- қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;
- табиғат нысандарын бейнелеу;
- түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;
- өз жұмысының нәтижесін бағалау.
Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келеді, түсіне, пішіні мен бөліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету. Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.
Сәндік сурет салу.
Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге тәрбиелеу, көлемді пішіндерді безендіру.
Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнердің желісі бойынша сурет салу.
Сюжеттік сурет салу.
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.
Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және т.б. сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.
Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
- сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады;
- заттарды сипаттау белгілерін және құбылыстарын бөліп алады және және оларды өзінің бейнелеу іс-әрекетінде көрсетеді;
- күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;
- қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;
- табиғаттың сұлулығына, киімнің және бөлменің жинақылығына эмоциалы түрде мән береді;
- үшбұрыштар мен алтыбұрыштардың ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады;
- өрнекте геометриялық пішіндерді және өсімдік элементтерін ырғақпен орналастырады;
- қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;
- бірнеше заттарды бір мазмұнға біріктіре отырып бейнелейді;
- ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету.Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуді үйрету.
Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды).
Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Сәндік мүсіндеу.
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру.
Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.
Мазмұнды мүсіндеу.
Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау дағдыларын жетілдіру.
Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.
Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
- мүсіндеудің түрлі техникаларын қолдана алады;
- ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;-түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;
- сәндік элементтермен заттарды безендіре алады;
- күнделікті өмірде біліктер мен дағдыларды қолданады.
Жапсыру
Затты жапсыру.
Түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру.
Күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру. Жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.
Алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сәндік жапсыру.
Дағдыларды қалыптастыру:
-аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
- мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою- өрнектермен безендіруді;
- бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерін қолдануды ;
- «қошқар мүйіз» өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануға;
-қазақ өрнектеріне тән: жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл, ашық түстерді қолдануды;
- жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды.
Сюжеттік жапсыру.
Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін дамытуды жалғастыру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- салынған немесе қиялдағы контур бойынша бейнелеуді игерген;
- күрделі жапсыруларды құрастыра алады;
- жапсыруды жырту тәсілімен орындайды;
- ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын игерген;
- екіге бүктелген симметриялы пішіндегі қағазды қиып,бейнені қазақ оюларымен безендіре алады;
- композицияларды жеке және шағын топпен орындайды, Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, ұжымдық копозицияларды орындайды;
- еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, перспективасына назар аудара отырып, заттарды бейнелейді;
-ойлауы бойынша жұмыс жасай алады.
Музыка
Музыка тыңдау.
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру.
Ән салу.
Дағдыларды қалыптастыру:
- бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;
- терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;
- қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;
- фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту,
- оны металлофонда ойнау.
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар және жаттығулар.
Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар мен хороводтар
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау: үш шеңбер, үлкен шеңбер. Сюжетті ойындарды сахналау.
Билер
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.
Би шығармашылығы
Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Күтілетін нәтижелер:
- музыкалық жанрларға тән белгілерді атайды;
- музыкалық мамандықтарды, атақты композиторлардың есімдерін атайды;
- жақсы таныс әнді дербес музыкалық сүйемелдеумен, күрделі емес әнді сүйемелдеусіз орындайды;
- музыканың сипатына сәйкес қозғалады;
- балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген;
- музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін, ұзақтығын ,тембрін ажыратады;
- балалардың музыкалық аспаптарында әуенді ойлап таба білу қабілеттілігіне ие.
ЛЕУМЕТ» білім беру саласы
«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны :
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология негіздері;
- өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
«Әлеумет» білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру.
Міндеттері:
- жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық.
- құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;
- өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Зін- өзі тану
Мазмұны балаларды құндылықтармен таныстыруды, заманауи сананың құндылығын үйретуді және бекітуді, әлемді түсіну және әлемді түйсінуді қалыптастыруды ұсынады.
Мақсаты:балаларда өз-өзіне, адамдарға, әлемге деген рухани - адамгершілік қатынас саласында бастапқы өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Міндеттері:
- адамгершілік- рухани құндылықтарды қалыптастыру;
- басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;
- адамгершілік мінез- құлық негіздеріне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Мен- адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» тарауларының негізгі базалық бөлімдерін кіріктіру қағидасы негізінде барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімдерінің негізгі мазмұны барлық білім беру салаларын кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Мен- адаммын
Зін- өзі тану» әлеміне саяхат. Адам болуды үйренемін.Қыздар мен ұлдар. Менің есімім. Менің туған күнім. Менің сезімдерім. Мейірімді іс- әрекеттер. Мен осындай- Адаммын.