жылдық білім берудің бастауыш мектебіне арналған «Музыка» пәні бойынша бағдарламаның негізгі ережелері

Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО бастауыш мектептің «Музыка» пәні бойынша балама бағдарлама дайындалды. РҒПО директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Әбілқасымова, бағдарламаның ғылыми жетекшісі профессор Ә.И. Мұхамбетова. Бағдарлама авторлары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҒУ оқытушылары өнертану ғылымдарының кандидаты Ғ.Т. Әлпейісова, педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Досанова, Ж.Т. Мұхамеджанова, Астана қаласының №37 орта мектебінің мұғалімі Ғ.М. Сәбитов.

Жалпы білім беретін қазіргі мектептердің музыка сабағы фольклордағы, әуесқойлық өнердегі және кәсіби шығармадағы қазақ музыкалық тіл негізінде қызмет атқаратын музыкалық білім, біліктілік және дағдыны тұтас қалыптастыруы керек. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты әр халықтың музыкалық тілінде өзіне тән ерекшелігі болады. Ұлттық музыкалық тілдің әрбәр элементтерінде ұлттық сипатты қалыптастырып, басқару заңдылығы музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ музыкалық тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу қазақ музыкалық шығармаларын мақсатты түрде тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.

«Музыка» пәнінің балаларды музыкамен тәрбиелеуде қалыптасқан дәстүрі бар. Қолданыста жүрген бағдарламалардың көпшілігі қазақ музыкалық тілін ьілу мәселесін шешпесе де, тыңдау, ән айту, музыкаландыру арқылы дәстүрлі қазақ музыкасымен таныстыруды қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның мақсаты логикалық-құрылымдық заңдылық жүйе тұрғысынан қазақ музыкалық тілін үйлесім әдісімен қазақ ән ырғағын типтік әуе тұжырым (мелоформула) негізінде қазақтың өлеңдік құрылымының ерекшелігіне байланысты әдістерімен, қазақ тілінде түсінушілік әдістерімен, қазақ күйлерін тыңдау арқылы меңгеру әдістемелерін практикалық жағынан меңгеру болып табылады.

Бұл бағдарлама қазақ музыкалық мәдениетін үйлесім, ырғақ, композиция, жанр, стиль тұрғысында отандық музыкатанушылардың, қазақстандық әдіскерлердің (М.Х. балтбаев, Р.Р. Жәрдемәлиева, Ш.Б. құлманова, С.А. Еле манова, А.Райымбергенов) зерттеулері негізінде жасалған.

Егер тыңдалған музыка оқушылардың терең талғамын, ұғымды меңгерген жағдайда интонациалық «генофонд» пен көркемдік бейне ойлауды қалыптастырса ғана, қазақ музыка мәдениетінің негізін меңгеру өзінің эстетикалық, білімдік және тәрбиелік ролін атқаруға қабілетті болып есептеледі.

Басты мақсаты – дәстүрлі халық музыкасы мен қазіргі музыкалық шығармашылықтағы қазақтың музыкалық тілінің негіздерін қалыптастыру. Қазақың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, музыка өнерін, Отанын, отбасын сүйетін және түркі тілдес халықтардың музыка тілін түсінетін тұлға тәрбиелеу.

Бағдарлама білім берудің мына төмендегі негізгі мақсаттарын жүзеге асырады:

Білімділік:

- қазақтың музыка тілінің көркемдеші құралдары туралы білімді игерту;

- дәстүрлі қазақ музыкасы және оның халық өмірімен байланысы, сондай-ақ қазақтың музыкалық салт-дәстүрі туралы білімін қалыптастыру;

- қазіргі музыкадағы қазақтың музыкалық тілі туралы білімін кеңейту;

- аспаптық музыка туралы, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен халық музыкасы туралы жүйеленген мәліметтер беру;

- түркі халықтарының музыкалық өнерімен таныстыру;

- қазақ музыкалық терминологиясының ұғымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

- қазақ халқының музыкасына музыкалық талғам мен табанды қызығушылықты қалыптастыру;

- тыңдау мәдениеті мен музыканың бейнелі мазмұнын қабылдау қабілетін тәрбиелеу;

- Отанына, туған жеріне, жан-жағындағы адамдар мен туған туыстарына деген махаббат пен сыйластыққа тәрбиелеу,

- Азаматтық, Отан сүйгіштік, абыройлық, адамгершілік сияқты қасиеттерді жетілдіру.

Дамытушылық:

- қазақтың музыкалық тілі туралы музыкалық танымын жүйелі түрде дамыту;

- бейнелі ойлауын, қиялын, музыкалық есте сақтауын, музыкалық – шығармашылық қабілетін дамыту;

- орындау мәдениетінің дағдыларын (ән айту, музыкаландыру, би қимылдары) дамыту.

Бастауыш мектепке арналған «Музыка» бағдарламасының мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің негізін қалыптастыруға бағытталған. Осыдан барып музыка сабағының тақырыптық құрылымы келіп шығады. Бағдарлама мазмұнының бөлініп берілуі тақырыптық – концентрлік принциптерге бағындырылып, музыкалы-тілдік құралдың жиынтығы және музыкалық шығармалардың сыныптан сыныпқа дейін ауқымы кеңеюіне мүмкіндік туғызады.

Бірінші сыныпта музыкалық шығарманы танып, оның авторын айқындауға тапсырыс беріледі, ол кейінгі сыныптарда қайталанады да, тапсырманы орындау біртіндеп күрделене түседі.

Оқу пәнінің бірінші сыныптағы мазмұны алты жасар баланың жеке басының дамуын, оның музыкалық –шығармашылық қабілетін, музыканы қабылдауын, ән айтуды үйрету және қазақ музыка өнері негізінде «музыкалық сауаттылығын» жетілдіру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған.

Қазақтың музыка тілі негізінде тәжірибелі кезеңмен жүйелі оқыту оқушыларды қазақ музыкасының қасиетін тануға дайындайды.

Екінші сыныпта қазақ музыка тілінің негізі қалыптасады, дәстүрлі музыка мәдениетінің әлеміне үңілу арқылы қазақ музыкасын танудың ауқымы кеңейеді.

Қазақ музыкасының тілі жайлы және қазақтың өлең шығаруының барлық теориялық мағлұматтар музыканы қабылдау, ән айту, музыкаландыру және музыкалық-дидактикалық ойындардың тәжірибелік жолдарымен меңгеріледі.

Музыкалық дүниелердің біртіндеп күрделенуі – үшінші сыныпқа тән құбылыс. Қазақ музыкасы тілінің элементтері туралы алғашқы білім музыкалық тілдің тұтастығын қабылдау негізінде күрделенеді. Кешенді міндеттер музыкалық шығарма тілінің көрнекі құралдарын, музыкалы-түйсікті танымын, музыкалық-шығармашылық қабілетін, бейнелі ойлауды одан әрі дамытуға бағытталған.

Төртінші сыныпта қазақ музыка тілінің элементтері тұтас музыкалы сөз ретінде қабылданады және меңгеріледі. Туыстас түркі халықтарының музыкасымен танысу барысында меңгерілетін музыкалық материалдар көлемі кеңейеді.

Осылайша дәстүрлі қазақ музыкасы жайлы білім қорын молайту, оның өмірмен, қоршаған ортамен және табиғатпен байланысын аңғару бастауыш мектептің негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе қазақ музыкасы элементтері негізінде тұтас музыкалық тілді іс жүзінде меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.