Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын тексеру және бағалау

Оқыту үрдісінің құрама бөлігі болып табылатын, оқушылардың алғашқы әскери дайындығы бойынша білім, біліктілік және дағдысын бақылау. Олар педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы, оқыту жүйесін және нәтижесін бақылауды оң бағытта іске асырады. Оқушы мен оқытушы-ұйымдастырушының ара-қатынасын қамтамасыз етіп, оқушының білім, біліктілік және дағдысын тереңдетеді, кеңейтеді. Соның арқасында білім беру сапасы жоғарлайды.

Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар баланы оқуға ынталандырады, адамгершілік қасиетін қалыптастырып, ұжымда жақсы қоғамдық ой, көзқарас пайда болады.

Одан басқа, бақылау және бағалау оқушылардың көңілін, есін, ойлау қабілетін және сөйлеуін дамытады. Әр оқушыны тексерген және бағалаған жағдайда, оның интелектуалдық, жігер және адамгершілік пайымы көрінеді. Соны сараптап, әрі бақылап, оқытушы-ұйымдастырушы олардың дамуына, алға жылжуына ықпал етуі қажет.

Мектеп ұжымында өз жұмысына немқұрайлы қарамау және оқушылар білімін шынайы бағалау жауапкершілігін дұрыс жолға қою қажет.

Мектеп қабырғасында оқушылардың үлгерімін есепке алудың мынадай түрлері бар: ағымдық, тақырыптық, кезеңдік және қорытынды.

Ағымдық тексеру оқушының әр сабақта, алғашқы әскери дайындығының барлық үрдісінде жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Ол оқытушы-ұйымдастырушыға сабақ нәтижесін бірден байқауға, өз жұмысын және оқушы іс-әрекетін уақытында бақылауға мүмкіндік береді. Үлгерімді ағымдық есепке алу әр сабақта жүйелі түрде жүргізіле-тіндіктен және оқушыға әрдайым әсер ететіндіктен, басты негіз болып табылады.

Тақырыптық тексеру - бұл оқушының көлемді тақырып немесе бағдарлама бөлімі бойынша білімін анықтау.

Кезеңдік тексеру ағымдық есепке алудың мәліметтері бойынша әр тоқсанның соңында өткізіледі.

Қорытынды тексерумен оқушылардың оқу жылы аяқталады. XI – сыныптың үлгерімін қорытынды тексеру, алғашқы әскери дайындығы бағдарламасының барлық тақырыптары бойынша қорытынды – тексеру сабағы (2 сағат көлемінде) түрінде өтеді. Сол сабақта оқушылардың теориялық білімі және тәжірибелік дағдыларының деңгейі анықталады.

Көптеген оқытушы-ұйымдастырушының тәжірибесі, теориялық білімді бағдарламаның түрлі бөлімдерінен сұрақтар енгізілген, алдын-ала дайындалған билеттер немесе тест арқылы тексерген дұрыс екенін көрсетті.

Тәжірибелік дағдылар, оқу қаруымен, құрылғылармен және жеке-басты қорғау құралдарымен жұмыс кезінде тексеріліп, бағаланады. Одан басқа, ұлдардың жеке-дара, қарусыз, саптық тәсілдерді орындауы, қыздардың жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету біліктілігі міндетті тексеруге жатады.

Қорытынды сабақтар–орта мектептегі алғашқы әскери оқытудың шешуші кезеңі. Сондықтанда оқушылардың білімін және дағдысын шынайы бағалау мақсатымен қортынды сабақты мектеп директоры немесе оқу бөлімі меңгерушісі, сонымен бірге әскери комиссариат қызметкері қатысуымен өткізуі дұрыс болады.

Жыл бойы алынған бағалар және қорытынды сабақтарда алынған баға негізінде алғашқы әскери дайындығынан қорытынды баға қойылады. Оқушылардың алғашқы әскери дайындығы бойынша білімі басқа сабақтардағыдай бес балдық жүйемен бағаланады.

Жоғарғы сынып оқушыларына оқытудың әсерлілігін жоғарлату үшін, алғашқы әскери дайындығы бойынша алынған қорытынды бағаның орта білімдік аттестатқа қойылатынын түсіндірген дұрыс. Алғашқы әскери дайындығы бойынша қанағаттандырылмайды деген баға алғандарға орта білім туралы аттестат берілмейді. Алғашқы әскер дайындығы бойынша толық курсты бітірген ұлдардың тізімі, қорытынды бағалармен, ұлдардың жергілікті жерге тіркеуге отыру құжаты бойынша аудандық және қалалық әскери комиссариатқа бағытталады.

Оқушылардың үлгерімін есепке алу үшін қойылатын талаптар:

- жан-жақты, яғни, оқушылардың білім, біліктілік және дағдысын барынша толық қамтуды қарастыру; одан басқа білімнің тереңдігі және мәні, олардың нақтылығы, шынайылығы, айта білу формасы (қысқа, дәл, айту мәдениеті) ескеріледі;

- жүйелілігі. Оқу жылы бойы әр оқушыда аз дегенде 6-10 баға болуы керек;

- жеке-дара болуы. Бұл дегеніміз, оқытушы-ұйымдастырушы әр оқушыны тану үшін, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қиыншылықтарын, жетістіктерін ескертіп және оның өсуін басқару;

- шынайылылғы, яғни оқушының нағыз білімін анықтап, бағалауы керек. Оқытушы- ұйымдастырушының тәжірибесінде оқушыны жақсы көріп немесе ұнатпай бағалау деген теріс бағалауларға жол берілмеу керек. Шынайы баға – болашақ қарулы күштер сарбазын тәрбиелеу және оқытудағы маңызды құрал;

- жариялылығы. Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бағалау түрін негіздеп, түсіндіріп беру. Әр оқушының, сыныптық білімін бағалау, оның шынайы болуы, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырып, ұжымда жақсы қарым-қатынасты қалыптастырады.

Оқушылардың үлгерімін есепке алатын негізгі құжат оқытушы-ұйымдастырушы алғашқы әскери дайындығы бойынша бағдарламаның орындалуын көрсететін, оқушы-ның білімін бағалайтын – сыныптық журнал болып табылады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын тексеру және бағалау

2.Тақырыптық тексеру

3.Кезеңдік тексеру

4.Оқушылардың үлгерімін есепке алу үшін қойылатын талаптар:

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын CӨЖ тақырыбы:

1. Әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен ережелер

2.Оқыту әдістемесі.

7. Үй тапсырмасы:

1. Әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен ережелер

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» 21.03.2007ж

2. «Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қазақстан

3. Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі Заңы.

4. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.- 254б.

5. Орта жалпы білім беретін мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған бағдарламалар. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы, 2006.

6. Сборник нормативных документов и программ начальной военной подготовки,

Г.Н. Челноков, 1997г.

7. Программа начальной военной подготовки молодежи, О.К. Косумасов, 1998г.

 

СӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы «Дене мәдениеті» кафедрасының «01» 09.2016 ж. мәжілісінде талқыланды және

№1 хаттамамен бекітілді.

 

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Б.З.Абусейтов

 

Құрастырған пән аға оқытушысы: Б.Р.Ахметов