Леуметтік технологиялардың көптүрлілігі

Кез-келген белгілі-бір әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған әлеуметтік технология нақты түрлендіруге ие болады. Бұл оны жүзеге асырудағы нақты жағдайларымен, яғни материалдық, саяси, қаржылық және кадрлар ресурстармен, тарихи жағдаймен, дәстүрмен және т.б. байланысты болады. Осы жоғарыда аталғандардың барлығы әлеуметтік технологияның мазмұнын анықтайды және технологиялық процеске қойылатын жалпы талаптардың пайда болуына алып келеді. Кез-келген процесті технологизациялау үшін келесі жағдайлар болуы керек: біріншіден, процесс нақты бөлімдерге бөлуге көмектесетін белгілі-бір күрделілік құрылымға ие болуы тиіс; екіншіден, әлеуметтік қызметкердің қызметінің іс-әрекетін жүзеге асыруға септігін тигізетін құралдары болуы тиіс.

Әлеуметтік технология әлеуметтік қажеттіліктерге жауап ретінде көрінеді, сондықтан да жаңа технологияларды қалыптастыру объективті және заңдылық процесі деп атауға болады.

Әлеуметтік технологияны жүзеге асыру барысында ықпал ету процесі өзгеруі мүмкін және өз кезегінде жаңа технологияларды әрқашанда ізденіс үстінде болу мүмкіндігін анықтайды. Әртүрлі жағдайдағы объектіге әлеуметтік ықпал ету оның жағдайы мен қойылған мақсатқа қарай жаңа технологияларды қолдану мен дайындауды талап етеді.

Кез-келген әлеуметтік технология адресті түрде қолданылады. Ол әлеуметтік іс-әрекеттің субъектілері мен объектілерінің ерекшеліктерін назарға алмай енгізілмейді және жобаланбайды. Белгілі-бір әлеуметтік мәселені шешу үшін әлеуметтік технологиялар «жиынтығын» дайындап, енгізу қажет. Мысал ретінде халыққа медициналық қызмет көрсетуді айтуға болады, себебі медициналық орындар арнайы қызметтеріне қарай әртүрлі болады. Бұл медициналық орындардың мемлекеттік және муниципалдық жүйесі, қаржыландыру тұрғысынан, бұл жедел-жәрдем беру технологиясы, медициналық қалпына келтіру, әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын-алуы сияқты болып бөлінеді.

Одан басқа айта кететін болсақ, медициналық көмек көрсетудің әртүрлілігі, ол әрбір науқас адам, яғни бұл оның денсаулығына байланысты мәселені шешуге бағытталған жеке бір технология.

Тағы да бір нақтырақ айтатын болсақ, оны келесі мысалдан көруге болады. Мүгедек балалары бар отбасыларын әлеуметтік қорғау үшін, оның объективті және субъективті алғышарттары мен жағдайын анықтау қажет. Себебі, осы алғышарттар мен жағдайларсыз мәселені шешу мүмкін емес. Егер мүгедек балалары бар отбасын алатын болсақ, онда олардың әрқайсысының жағдайы әртүрлі болуы мүмкін, яғни баланың науқастылығы, оның жасы, баспанамен қамтамасыз етілгендік деңгейі, материалдық жағдайы, отбасының толықтығы немесе толық еместігі, психологиялық климаты, туысқандарының көмегі және т.б.

Бұл отбасылардың барлығында мәселе ортақ - ол мүгедек баланың болуы, бірақ әрқасысында жағдай әртүрлі, сондықтан да мұндай отбасылармен жұмыс процесі де бірдей болмайды. Біреуінде психотерапияны, біреуінде медициналық әлеуметтік қайта қалпына келтіру, ал енді бірінде материалдық көмек көрсету қажет болып отыр.

Осылайша, әрбір нақты отбасылардың мәселелерін шешуде қолданылатын технологиялардың мәні зор болып табылады.

Әлеуметтік технологиялардың әртүрлілігін білдіретін келесі фактор, ол әлеуметтік технологияны орындау мен дайындау барысында мамандардың игеруге тиіс кәсібилік, квалификация деңгейі, тәжірибесі мен басқа да сапалары болып табылады.

Сонымен, әлеуметтік технологиялардың әртүрлілігі келесілермен түсіндіріледі:

- әлеуметтік қатынастың кеңдігімен және әлеуметтік іс-әрекеттің түрлерімен;

- әлеуметтік технология объектісінің күрделі, жүйесі сипатымен;

- әлеуметтік іс-әрекетте қолданылатын құралдар, әдістер мен формалардың әртүрлілігімен;

- әлеуметтік технологияларды орындаушылар мен дайындаушылардың кәсібилік деңгейінің әртүрлілігімен;

 

 

Зін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Типологияның мәні мен мазмұнына тоқталыңыз?

2. Әлеуметтік технологиялар классификацияларын атаңыз?