Тұншығу ұстамасы кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі

 

$$$013

Бронх демікпесінің дисгормоналды түрі даму үшін қандай себеб ЕҢ болжамды?

A) Жүйелі глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау

B) Жүйелі глюкокортикоидтардың үлкен дозалары

C) Бүйрек үсті безінің қыртысты қабат қызметінің жеткіліксіздігі

D) Кортизонға тіндік тұрақтылық

E) Ингаляциялық глюкокортикоидтарды пайдалану

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

 

$$$014

46 жасар ер кісі. Құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, ысқырықты тынысқа, ентігуге шағымданады. 2 жыл бұрын бірінші тұншығу ұстамасы пайда болды, содан кейін 3-4 айда 1 рет қайталанып отырды. Үйінде кілемдер, көп кітаптар бар. Объективті: Тыныс жиілігі минутына 32 рет, дем шығаруы ұзартылған ысқырықты тыныс. Кеуде клеткасы кернелген, перкуторлы қораптық реңмен өкпелік дыбыс, екі жақтан құрғақ ысқырықты және майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Төменде көрсетілген себебтердің ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Тағамдық

B) Тұрмыстық

C) Саңырауқұлақтық

D) Шаңдық

E) Эпидермальді

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$015

38 жастағы әйелге жедел жәрдем дәрігері шақырылды. Еттекір күндерінде тұншығу ұстамасына, бас ауруына, қозғыштыққа, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: бұл шағымдар жүктілікті үзгеннен 3 айдан кейін пайда болды. Объективті: науқас мазасыз, терісі ылғалды, көгерген, сырылдар арақашықтықта естіледі, қолына сүйеніп отыр. Тыныс жиілігі минутына 24 рет. Аускультацияда өкпесінде көптеген құрғақ сырылдар. Пульс минутына 100 соққы.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Истериялық демікпе

B) Дизовариальді бронх демікпесі

C) Жүрек демікпесі

D) Инфекционды-тәуелді бронх демікпесі

E) Бронх демікпесінің атопиялық түрі

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$016

Дәрігер 40 жастағы әйел бухгалтерге шақырылды. Бұрын тағайындалған флютиказон ингаляцияларына қарамастан арақашықтықта естілетін тұншығу ұстамаларының күшеюіне шағымданады. Объективті: бозғылт, қолына сүйеніп отыр. Өкпені тындағанда қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 28 рет.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

A) Бронх демікпесі

B) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

C) Тыныс жолдарының бөгде денесі

D) Фиброздаушы альвеолит

E) Өкпенің саркоидозы

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$017

Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Спирометрия

B) Пикфлоуметрия

C) Рентгенография

D) Қақырық анализі

E) Томография

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$018

40 жастағы ер кісі. Дем шығаруының қиындауымен тұншығу ұстамасына шағымданады. Беклометазон пропионат 250 мкг күніне 2 рет, формотерол 12 мг күніне 2 рет қабылдайды. Бес кү бұрын респмраторлы инфекциямен ауырғаннан кейін, ұстамалар қайталанып, жиіленді. Объективті: аускультацияда құрғақ сырылдар көбейіп, пикфлуометрия көрсеткіштері таңертең 380% 1 минутта керек көрсеткіштен, кешке – 480% керек көрсеткіштен.

Қандай дәрілік затты қосу ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Флютикозон дипропионат күніне 800 мкг дейін

B) Амоксациллин/клавунат 625 мг күніне 3 рет

C) Эуфиллин 150 мг күніне 3 рет

D) Лоратидин 10 мг тәулігіне 1 рет

E) Ацикловир 400 мг тәулігіне 3 рет

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA