Медициналық симуляцияның сценариі
Клиникалық жағдай: «Сальмонеллез»
Ситуациялық тапсырма:Сіз жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдаубөлімінің дәрігерісіз. 21 маусымда сағат 19.00-де қабылдау-кеңес беру бөліміне 32 жастағы еркісі жеткізілді. Шағымдары: ішінің өтуі, ішінің ауыру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, айқын әлсіздік, ауыздың құрғауы.
Тапсырмалар:
Ø Анамнез жинаңыз (аурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, өмір анамнезі)
Ø Пациентті қарап тексеріңіз
Ø Болжам диагноз қойып, оны тұжырымдаңыз
Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз
Ø Лабораторлық зерттеу нәтижелерін талдаңыз
Ø Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз
Ø Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз
Ø Емдеу жоспарын құрыңыз
Ø Қорытынды диагноз қойыңыз
Қорытынды нәтиже (outcomes):
Ø Жеделинфекциясына тән шағымдары анықталды:
- интоксикация симптомдары
- диареялық синдром
Ø Эпидемиологиялықмәліметтержиналды:
- аурудыңтағамменбайланыстыболуы
Ø Физикалдызерттеужүргізгендетөмендегілер анықталды:
- жағдайының ауырлығы
- ауру сезімініңорналасуы мен сипаты
- асқазан-ішек жолдарының зақымдану синдромы
Ø Болжама диагнозы негізделді
Ø Тексеру жоспарын тағайындады
Ø Дизентериямен, тағамдық токсикоинфекциямен, салыстырмалы диагностика жүргізілді
Ø Бар анализдерге интерпритация жасалынды
Ø Қорытынды диагнозды негіздеді
Ø Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу қажеттілігін негіздеді
Ø Алдағы ем тактикасын анықтады
Ø Емін дұрыс тағайындады
Ø Қарым қатынаста болғандарды анықтады
Ø Шығару критерилерін анықтады
Ø Коммуникативты дағдыларды көрсете білді
Бағалау парағы (check-list)
«Диарея» клиникалық жағдайына байланысты
Емтихан тапсырушы Аты- Жөні: ________________________________________________
Күні ___________________________________________________________________
Экзаменатор _____________________________________________________________
| № | Бағалау критериі | баллдық баға | ||
| Дұрыс орындады | Ескертулермен орындады | Орындалмады | ||
| 1. 1 | Шағымдарын жинау | 1,0 | 0,5 | |
| Анамнезін жинау | 1,0 | 0,5 | ||
| Эпидемиологиялық анамнез жинау | 1,0 | 0,5 | ||
| 4. 2 | Физикалық тексеру – жалпы тексеру | 1,0 | 0,5 | |
| 5. 3 | Құрсақ қуысы ағзаларын физикалық тексеру (беткей пальпация) | 1,0 | 0,5 | |
| Құрсақ қуысы ағзаларын физикалық тексеру (соқыр ішек пальпациясы) | 1,0 | 0,5 | ||
| 7. 4 | Болжама диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
| 8. 5 | Тексеру жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
| 9. 6 | Дифференциальды диагноз жүргізу жоспары | 1,0 | 0,5 | |
| 10. 9 | Жалпы қан анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
| Жалпы зәр анализін интерпретациялау | ||||
| 12. 12 | Қорытынды диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
| 13. 15 | Алдағы ем тактикасын анықтау | 1,0 | 0,5 | |
| Емнің дұрыс тағайындалуы (базистік ем) | 1,0 | 0,5 | ||
| Емнің дұрыс тағайындалуы (этиотропты ем) | 1,0 | 0,5 | ||
| 16. 16 | Емнің дұрыс тағайындалуы (патогенетикалық ем) | 1,0 | 0,5 | |
| 17. 18 | Шұғыл хабарламаны беру | 1,0 | 0,5 | |
| 18. 19 | Қарым-қатынаста болғандарды анықтау | 1,0 | 0,5 | |
| 19. 20 | Шығару критериилері | 1,0 | 0,5 | |
| Коммуникативті дағдыларды көрсету білу | 1,0 | 0,5 | ||
| Барлығы | 20,0 | 10,0 |
Стандартталған актерға арналған сценаридің мәтіні мен рөлін сипаттау:
Сұйық нәжіске, іштегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауруына, айқын әлсіздікке, ауыз қуысының құрғауына шағымданады.
| Сұрақтар | Актер үшін сұрақты дайындау | Актердің жауабы |
| Ауру басталған уақыт | Сіз қашан ауырдыңыз? | Кеше түстен кейін, 20 маусымда. |
| Аурудың даму динамикасы | Ауру қалай басталды? | Әлсіздік, жалпы шаршағыштық пайда болып, дене қызуым жоғарылады. |
| Дене температурасы қандай сандық көрсеткіштерге дейін жоғарылады? | Бір күннің ішінде 39,50С дейін. | |
| Медициналық көмекке жүгіндіңізба? | Тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға қаралдым. | |
| Қашан? | Бүгін таңертең. Жалпы қан және зәр анализін тапсырдым. | |
| Дәрігер қандай диагноз койды және қандай ем тағайындады? | Дәрігер «ЖРВИ» диагнозын койды. Төсектік режим,аңқаны шаю, көп мөлшерде сұйықтық ішу, ыстықты түсіретін препараттарды тағайындады. | |
| Емнің эффективтілігін анықтау | Тағайындалған ем сізге көмектестіма? | Жоқ. Түстен кейін іште ауру сезімі пайда болды,кейін кешкісін сұйық нәжіс қосылды. |
| Аурудың даму динамикасы (жалғасуы) | Іштегі ауру сезімі тұрақты ма? | Жоқ,дәретханаға шығып болғаннан соң кезеңді түрде бүріп және босатылады. |
| Сұйық нәжіс қанша рет болды? | 4-5 рет. | |
| Нәжістің сипаты | Сұйық, көп мөлшерде, түсі жасыл, жағымсыз иіспен. | |
| Нәжісте шырыш, кан байқамадыңыз ба? | Жоқ, байқағам жоқ. | |
| Құстыңызба? | Үш рет. | |
| Шөлдеу мазалайды ма? | Мазалайды, үнемі ауызым құрғап тұрады. |
Эпидемиологиялық анамнез:
| Сұрақтар | Әртіске арналған сұрақтар | Әртістің жауаптары |
| Эпидемиологиялық анамнезді анықтау | Сіз пәтерде тұрасыз ба? | Ия. |
| Кіммен тұрасыз? | Әйелім және қызыммен. | |
| Әйеліңіз және қызыңыз сау ма? | Ия, сау. | |
| Кім болып жұмыс істейсіз? | Кафеде официант болып. | |
| Ауруға дейін үш күн ішінде қандай тағамдар жедіңіз?Қоғамдық жерлерден жиі тамақтанасыз ба? Дәмі мен иісі ұнамаған тағам жедіңіз ба? | 19 маусымда жұмыста қой етінен тағайындалған кәуап жедім. Кәуап толық піспеген,арасында қан болды.Негізінен үйде дайындалған тағамдармен тамақтанамын. Үш күннің ішінде жөнді піспеген кәуаптан басқа иісі және дәмі өзгерген ас қабылдаған жоқпын. | |
| Кәуапты кай уақытта жедіңіз? | Түнде сағат 22.00-де. | |
| Кәуапты кімдермен жедіңіз?Қанша адам болды? | Кафе қызметкерлерімен.Үш адам. | |
| Бірге тамақтанған адамдар ауырдыма? | Біреуі іштегі ауру сезімімен, іш өтумен ауырып үйінде емделіп жатыр. |
Өмір анамнезінен: Созылмалы холецистит, панкреатит. Операции, жарақаттар болмаған. Дәрілік препараттарға аллергиялық реакциясы жоқ.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта.Есі анық. Менингеальды симптомдар теріс. Дене температурасы – 39,0 ºС. Сұрақтарға дұрыс жауып береді,сылбыр, дауысы сырылдаған. Тері жамылғысы ыстық, бозғылт түсте. Өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар естілмейді. ТАЖ – 18 рет минутына. Жүрек тондары анық,ритм дұрыс. Пульс – 96 рет/мин. АҚҚ – 120/70 мм с.б.б. Тілі құрғақ,ақ, қалың жабындымен жабылған.Іші жұмсақ,кіндік және мықын аймағына терең пальпация жасағанда ауру сезімімен.Құрсақ қуысының тітіркену симптомы жоқ. Зәр шығаруы бос, ауыру сезімсіз. Нәжіс сұйық,көп мөлшерде шырыш аралас, жасылтүсті.