Ткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі

1. Өлшеу қателігі.

2. Өлшеу қателігінің топтарын.

3. Өлшеу қателігінің құраушылары.

4. Кездейсоқ және жүйелік өлшеу қателіктерінің пайда болуының негізгі себептерінің мағынасы.

5. Өндірісте қолданыс табатын өлшеу әдістері.

6. Өлшеу нәтижелерін өңдеуді орында мақсаты.

7.Орташа арифметикалық шаманы анықтау.

8. Өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуын (ОКА) анықтау.

9. Өлшеу нәтижелерінің дұрысталған қатары.

10. Қателік қанша орынды цифр болуы керек?

11. Есептеулер нәтижелерін дөңгелектеу ережелері.

12. Техникалық бақылау, техникалық диагностика, сынау айырмашылықтары. Бұл ұғымдар арасындағы өзара байланыс.

13. Машинажасауда қолданыс тапқан техникалық бақылаудың түрлері.

14. Бақылаудың нормативтік шарттары және оның параметрлері.

15. Өлшеу құралдарының өлшегіштік түрлендіргіштен айырмашылығы.

16. Белгілері бойынша өлшеу және бақылау құралдарын сыныптау.

17. Машина жасаудың қандай обылыстарында әмбебап және автоматты өлшеу және бақылау құралдары қолданыс тапты.

18. Өлшеу құралдарының жалпы құрылымдық элементтері.

19. Сезімтал және түрлендіргіш элементтердің айырмашылықтары.

20. Өлшеу құралдарында қолданылатын түрлендіргіштердің түрлері.

21. Өлшеу құралдарының өлшеуші механизмі және есептеуші құрылымы.

22. Өлшеу құралдарында қолданылатын тіркеуші құрылымдардың түрлері.

23. ӨҚ қойылатын талаптар.

24. ӨҚ стандарттармен белгіленетін негізгі метрологиялық сипаттамалары (қасиеттері).

25. Шкаланың бөлу құнының анықтамасы.

26. ӨҚ қателігінің анықталуы және оның тәуелділігі.

27. ӨҚ рауалық қателігінің шегінің шамасы.

28. ӨҚ дәлдік сыныбы және оның шартты белгіленуінің тәуелділігі.

29. Таразының анықтамасы.

30. Таразылар әрекет принципіне тәуелді бөлінуі.

31. Гирьдің анықтамасы.

32. Тағайындалуы бойынша гирлердің бөлінуі.

33. Гирлердің шартты белгіленуілеріне кіретін шамалар.

34. Механикалық түрлендіргішті өлшеу және бақылау құралдарының әрекет принциптерінің негізі.

35. Сағат типті индикатордың құрылымы мен әрекет принципі.

36. Индикаторлы іштенөлшеуіштің құрылымы мен әрекет принципі.

37. Иінтіректі жақша қалай «0» қойылады?

38. Калибрлер деген не және қандай мақсаттарда олар қолданылады?

39. «Бақылау» және «өлшеу» ұғымдарының арасындағы айырмашылық қандай.

40. Калибрлердің сыныпталуы.

41. Шектік калибрлермен бақылаудың принципі.

42. Механикалық қозғалыстың параметрлерін өлшеу және бақылау құралдарының аталуы.

43. Сызықтық жылдамдықтарды, айналу жылдамдықтарын өлшеу әдістері.

44. Акселерометрлердің әрекет принциптері мен құрылымдары.

45. Виброметрлердің әрекет принципінің негізделуі.

46. Температура және оның өлшем бірліктері.

47. Жанастырлатын ұлғаю термометрлерінің жұмыс істеуі.

48. Кедергі термометрі және оның әрекет принципі.

49. Термоэлектрлік термометрдің құрылымы мен әрекет принципі.

50. Жанаспайтын термометрлердің жұмыс істеуі.

51. Пирометрлердің өндірісте кең қолданыс тапқан типтері.

52. Электрөлшегіш аспаптардың негізгі жүйелері.

53. Кернеуді өлшеу әдістемесінің электр қозғаушы күштерді өлшеуден айырмашылығы.

54. Өлшеу шектерін кеңейту үшін вольтметрге қосымша резисторді және амперметрге шунтты қосу.

55. Ауадағы магнит индукциясын өлшеуге арналған өлшеуші аспаптың жұмыс принципі.

56. Өлшеудің компенсациялық әдісінің принципінің мағынасы және қолданылуы.

57. Электромегниттік сәуле шығарудың оптикалық спектрінің сипатталуы және оның өлшем бірліктері.

58. Светотехникалық өлшеулердің негізгі принциптері және олардың мағыналары.

59. Машинажасауда қолданылатын фотометрияның визуальды әдістері мен құралдары.

60. Өндірісте қолданылатын фотометрияның визуальды әдістері мен құралдары.

61. Талшықты-оптикалық өлшеу құралдарының артықшылықтары мен қолданылу обылысы.

62. Талшықты-оптикалық жүйенің негізгі элементтері.

63. Талшықты жарықжүргізушінің әрекет принципі.

64. Акустикалық өлшеулерде қолданылатын негізгі дыбыстық сигналды қабылдағыштар.

65. Дыбысты қабылдауы бойынша адамның есту ерекшеліктері.

66. Дыбыс толқындарының таралу жылдамдығын өлшенеді.

67. Акустиканың техникада қолданылуына мысалдар келтіріңіздер.

68. Акустикада логарифмдік бірліктерді қолдану себептері.

69. Сұйықтың, газдың және будың шығыны мен мөлшерлерін өлшеу шамалары.

70. Қысымның шамаларын өлшеу әдістерінің негіздері.

71. Өндірісте қолданыс тапқан қысымды өлшеу құралдары.

72. Қысымды өлшеудің деформациялық құралдарының әрекет принципі және құрылымы.

73. Электрлік манометрлер мен вакуумметрлердің әрекет принципі және құрылымы.

74. Дифференциальдық манометрлер және олардың әрекет принциптері.

75. Сұйықтар мен газдардың шығындарын бақылау және өлшеу әдістерімен және құралдар.

76. Ротаметрдің әрекет принципі және құрылымы.

77. Сұйықтың мөлшерін шапшаң есептеуіштерінің әрекет принципі және құрылымдары

78. Машинажасауда сұйықтың деңгейін өлшеу мен сигналдаудың әдістері мен құралдары.

79. Қалытқылы деңгейөлшеуіштердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

80. Деңгей өлшеудің манометрлік құралдарының әрекет принципі және құрылымдары.

81. Сыйымдылықтық, ультраакустикалық және радиациялық деңгей өлшеу құралдарының әрекет принциптері және құрылымдары.

82. Анализатор және бағалу көрсеткіштері.

83. Газдар мен сұйықтардың құрамы мен физико-химиялық қасиеттері.

84. Автоматтық анализатордың құрамына кіретін блоктар.

85. Газдардың анализаторларының қандайы өндірісте қолданыс тапты?

86. Химиялық жұтылудың механикалық газанализаторының принципі мен сұлбасы.

85. Жарқылдау температурасының анализаторларының жұмысы.

86. Қышқылдық санының анализаторының әрекет принципі.

87. Мұнай өнімдерінің түстілігінің индикаторының атқаратын қызметі.

88. Фракциялық құрам анализаторының әрекет принципі.

89. Бақылау және өлшеу құралдарын таңдау факторлары.

90. Бақылау және өлшеу құралдарын таңдауға өндіріс көлемінің әсері.

 

Глосарий

Өлшеу ақпараты - өлшенген физикалық шамалардың мәндері туралы ақпарат.

Өлшеу нәтижесінің қателігі немесе өлшеу қателігі - өлшеу нәтижесінің физикалық шаманың нағыз мәнінен ауытқуы.

Кездейсоқ өлшеу қателігі – бір өзгермейтін ФШ, бірдей мұқияттылықпен қайта бақылауларда кездейсоқ мәндерге өзгеретін (белгісі мен таңбалары бойынша) өлшеу нәтижелерінің қателігінің құраушысы.

Жүйелік өлшеу қателігі - бір ғана өзгермейтін шаманы қайта өлшеулерде тұрақты болып қалатын немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеретін өлшеу қателігінің құраушысы.

Абсолюттік қателік - өлшенетін шаманың бірліктерімен өрнектелген өлшеу қателігі.

Салыстырмалы қателік - өлшеудің абсолюттік қателігінің өлшенетін шаманың нағыз мәніне қатынасы анықталатын өлшем бірлігісіз шама, ол пайызбен өрнектелуі мүмкін.

Бірдей дәлдікте өлшеу - дәлдіктері бірдей ӨҚ және бірдей шарттарда орындалған қандай да бір шаманы өлшеулер қатары.

Әртүрлі дәлдікте өлшеу - дәлдіктері әртүрлі ӨҚ және (немесе) әртүрлі шарттарда орындалған қандай да бір шаманы өлшеулер қатары.

Бір реттік өлшеу – бір рет орындалған өлшеу.

Көп реттік өлшеу – ФШ бір ғана өлшемін бірінен соң бірі келетін бірнеше өлшеулер, яғни бір реттік өлшеулер қатары.

Тікелей өлшеу - ФШ ізделетін мәнін тікелей тәжірибелік мәліметтерден алатын, тікелей әдіспен жүргізілетін ФШ өлшеу.

Жанама өлшеу - ФШ ізделетін мәнін басқа ФШ тікелей өлшеу нәтижесінде табатын және осы ФШ және тікелей өлшеумен алынатын шама арасындағы белгілі тәуелділікпен ізделетін шамамен функциялық байланысқан өлшеу.

Физикалық шама - сапасы жағынан көптеген физикалық объектілерге (физикалық жүйеге, олардың күйлеріне және оларда жүретін процестерге) ортақ, бірақ сандық жағынан әрбір объектіге жеке қасиет.

Өлшеу әдісі - өлшеу принциптері мен құралдарын қолдану тәсілдерінің жиынтығы.

Тікелей бағалау әдісі - өшеу аспабының есептеу құрылымы бойынша шаманы тікелей анықтау әдісі (ұзындықты сызғышпен, массаны таразылар серіппесінің көмегімен, қысымды манометрмен өлшеу және т.б.).

Өлшеуішпен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшеуіш көрсететін шамамен салыстыру (саңылауды сүңгімен, салмақты иінтіректі таразыларда гирлермен өлшеулер және т.б.).

Салыстыру әдісі - өлшенетін шама және өлшеуіш көрсететін шама, осы шамалардың қатынасын анықтайтын, салыстыру аспабына бір мезгілде әсер ететін өлшеуішпен салыстыру әдісі (өлшенетін массаны қойып және оны гирлермен теңестіріп, тең иықты таразыларда салмақты өлшеу).

Айырмашылық әдісі - өлшенетін шама және өлшеуіш көрсететін шама, осы шамалардың айырмашылығын анықтайтын, салыстыру аспабына бір мезгілде әсер ететін өлшеуішпен салыстыру әдісі.

Нөлдік әдіс – әрекеттесетін шамалардың нәтижелік әсерісалыстыру аспабында нөлге келтірілетін өлшеуішпен салыстыру әдісі.

Техникалық бақылау (ТК) – объектінің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.

Техникалық диагностикалау – берілген дәлдікпен диагностикалау объектісінің техникалық күйін анықтау процесі (МЕМСТ 20911-75).

Сынау – сынау объектісі жұмыс істеп тұрғанда, оны моделдеуде әрекетәсерімен сандық және (немесе) сапалық қасиеттерін тәжірибе жолымен анықтау (МЕМСТ 16504-81).

Техникалық бақылау объектісі – бақылауға ұшырайтын өнім, оны жасау, қолдану, тасымалдау, сақтау, техникалық күту және жөндеу процестері, сондай-ақ сәйкес техникалық құжат.

Техникалық бақылау құралы – бақылауды жүргізуге арналған техникалық құрылым, зат және (немесе) материал. Өлшеу құралдарынан айырмашылығы техникалық бақылауда бақылау мақсатын қамтамасыз ету үшін әртүрлі заттар немесе материалдар қоданылуы мүмкін.

Техникалық бақылау әдісі – белгілі принциптер мен құралдарды пайдалану ережесі.

Өлшеу құралдарының түрлендіргіш элементі – шаманы түрлендірудің тізбек қатарының бірі орындалатын элемент.

 

СП ОЭК “Мұнай және газ кәсіпшілігінің

машиналары мен жабдықтары”

кафедрасының мәжілісінде талқыланған

2012ж. « »« » № хаттамасы

СП ОЭК мұнай және газ институтының

Оқу -әдістемелік кеңесінде

мақұлданған

2012ж. « »« » № хаттама

 

5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына арналған

«Бақылау өлшеу аспаптары» пәні бойынша