Салық салу принциптерінің жүйесі.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
1. Салық салудың міндеттілігі принципі.Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
2. Салық салудың айқындылығы принципі.Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
3. Салық салудың әділдігі принципі.Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
4.Салық жүйесінің біртұтастығы принципі.Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге (салық агенттеріне) қатысты бiрыңғай жүйе болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі.Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Дәріс. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
Жоспар:
Салықтық құқық ұғымы және пәні.
Салықтық құқықың жүйесі.
Салықтық құқықтың қайнар көздері.
Негізгі ұғымдар:Салықтық құқық, салық жүйесі,салықтық- құқықтық реттеу әдістері, салықтық құқықтың дерек көздері
1. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуін қоғамдық механизмі салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы,демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін, тек қоғамдық – мемлекеттік мүдделер басымдылығын мақсаттайтын субъектінің біржақты әмірлі ерік білдірушінің негізінде туындайтын қатынастардың қалыптасып дамуын кепілдендіретін әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша құралдың болғанын қалайды.
Салық жүйесінің фискальдық және реттеуші функцияларын іске асыру процесіне қатысушылар жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық маңызы бар іс-әрекеттер салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің экономикалық әлеуетін күшейтетін бюджеттік-салықтық қатынастардың туындауын қамтамасыз ететін қосымша құралға – салықтық құқыққа негізделеді.
Салық құқық нормаларында мемлекеттің ішкі және сыртқы салық саясатына көзделген болашақ қоғамдық байланыстардың, яғни салықтық қатынастардың аса ұтымды теориялық-практикалық модельдері бекітіледі, сондай-ақ осындай үлгілердің негізінде бір уақытта салықтық құқықтық нормаларда белгіленген субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер арқылы жаңағы салықтық қатынастар салықтық-құқықтық қатынастар түрінде қалыптасады.
Сонымен қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті салықтық қаражаттарды мемлекеттік бюджет кірісіне жұмылдыруға ат салысатын, заңи және экономикалық табиғаты бойынша біртекті салықтық қатынастарға мемлекет тарапынан әмірлі ықпалын тигізетін, сондай-ақ салықтық қатынастар туындайтын, өзгеретін және жойылатын субъективтік экономикалық кеңістікті толығымен қамтитын айрықша қуатты құрал салықтық құқық болып табылады.
Демек, салықтық құқық қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар айрықша объективті-субъективтік экономикалық саланы толығымен қамти отырып осы салық салу саласындағы айтарлықтай тұрақты ұйымдастырушы және материялдық сипаттағы қатынастарды реттейтін, әлеуметтік және фискальдық саясаттың ұстанымын көздейтін, мемлекет билігінің әкімшілік және экономикалық мазмұнды құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратын құқықтық құрылым ретінде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы салықтық құқығы мынандай өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады:
1.Салық салу процесін негіздейтін салықтық құқықтық нормаларды мүмкіндігінше мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық – қаржылық мүдделерінің қарама – қайшылығы ескеріледі.
2.Мемлекеттің салық саясатынан экономикасы тұрғысынан Қазақстан Республикасына таратылатын халықаралық инвестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
3.Салықтық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы
салықжүйесінің микроэкономикалық даму көрсеткіштеріне байланысты жай-күйін және трансферттік қабілетін фискальдық бағдарларға сай айқындайды.
4.Салықтық құқықтық нормалар мемлекеттік шаруашылық
аясындағы,сондай – ақ коперативтік және жеке меншік шаруашылықтар аяларындағы фискальдық қатынастардың құқықтық негізін құрайды.
5.САлықтық құқық мемлекеттік бюджеттің салықтық кірісін реттеу
аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін құрайды.
6.Салықтық құқық нормаларында салық базасын айқындау және салық
ставкаларын белгілеу процесіне байланысты қағида – ережелер қатаң нақтыландырылады.
7.Салықтық құқық Қазақстан Республикасындағы салық салудың заңи
негізін құрайды, сондай – ақ ол мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық нысаны болып табылады.
8.Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискальдық негізінде
қалыптастырылған бюджеттік кірістің салықтық бөлігін бюджеттік шығыстың көмегімен байланыстырылады.
9.Салықтық құқық нормалары салықытқ механизімнің барлық
элементтерін айқындай отырып, мемлекеттің салықтық менеджментінің негізін құрайтын салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
10.Салықтық құқық нормалары салық салу аясында туындайтын
трансферттік сипаттағы салықтық қатынастардың нақтылығы материялдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.
Мемлекеттің салықытқ құқығы әрқашанда мынандай екі негізде:
1.Экономикалық салықтық тиісті іс – қимылдар мен қатынастарды
регламенттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясына және салықтық заңдарға ;
2.Салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің
халықаралық құқықтық санаттарына сүйенеді
Салықтық құқық мемлекеттің салық – саясатының негізін айқындай отырып жалпы саяси ахуалға сай келетін фискальдық әкімшілік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Салықтық құқық өзінің салықтық құқықтық әлеуеттін реттеуші ықпалының аумағындағы қоғамдық қатынастар, салықтық – құқытық еттеу әдістері, жүйесі және дерек көздері арқылы көрініс табады.
Салықтық құқықтың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметтің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық салу жүйесін айқындау, салықытық міндеттемелерді орындау, салықтық міндеттемелерді орындау, салықтық міндеттерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдар барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.
Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді.
Сонымен, салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Салықтың құқықтық маңызы мен рөлін мынандай жәйттердеп байқауға болады:
1. Мемлекеттің болымысы мен өзіне тән функцияларын ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етудің заңи негізі болып табылады;
2. Мемлекеттің салық саясатын іске асырудың негізгі құралы болып
табылады;
3. Салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер
мемлекеттің салықтық құқығының негізінде белгіленеді;
4. Халықтың өмір сүру ортасына және әлеуметтік ахуалдарының деңгейіне тікелей ықпал етеді.
5. Салықтардың болымысының заңи негізі болып табылады;
6. Қоғам болымысының әлеуметтік – экономикалық әл – ауқатын арттырудың берік ірге тасы және қоғам өркениеттілігі мен мәдениеттің елеулі элементі болып саналады;
7. Материалдық бюджеттік құқықтық қатынастардағы мемлекеттің салық жүйесінің трансферттік қабілетін белгілі бір дәрежеге көтеру арқылы салықтық кірістерді қамтамасыз етеді;
Салықтық- құқықтық реттеу әдістері салық салу саласы мен тиісті
салықтық қатынастар аясындағы салықтық іс-қимылдар мен оқиғаларға қатысты, сондай -ақ белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекеттік өктем билік-императифтік әдіс және келісімді, шартты- диспозитивтік әдіс түрінде қолданылады.
2. Салықтық құқықтың жүйесі — мемлекетгін салықтық қызметі барысында туындайтын салықтық қатынастарды реттеуге ат салысатын салықтық құқықтық нормалардың өзара қарым-қатынаста бола отырып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ақ. кыйсынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Салықтық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімге мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастыру
құрылысын және оның құрылу принциптерін, салықтар жүйесінің топтастырылуын, салықтөлеушілердің құқықтары мен міндеттерін, салық органдарының өкілеттіліктерін, салық заңдарын бұзғаны үшін мемлекетгік мәжбүрлеу шараларын, салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың қызмет бағыты мен құзыреттерін, салық әкімшілігін жүргізу тәртібін, мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын салықтық жоспарлауды, мемлекеттік салықтық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органдарды,салықтық бақылау нысандары мен түрлерін белгілейтін және салықтық ексерулерді жүргізу тәртібі мен тәсілдерін айқындайтын салықтыққұқықтық нормалар жатады
Ал ерекше бөлімнің құрылымы әдетте Caлық кодексінде белгіленген және айқындалған салықтар жүйесі арқылы көрініс табады. Реті келгенде айта кету кажет, осы салықтар жүйесі мемлекеттің салық жүйесінін ең негізгі құрылымдық элементі болып табылады. Бұл ретте тағы бір ескеретін жәйт,салықтық құқык жүйесінің ерекше бөлімін қалыптастыру КР Бюджет кодексіне тікелей байланысты болады.
Демек ерекшебөлім мынадай тәртіппен орналаскан:
1)Мемлекеттік денгейдегі бюджетке алынатын салықтар
мен баска да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу;
2)Жергілікті денгейдегі бюлжетке алынатын салықтар мен
басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу тәрізді институттардан тұрады.
3.Салықтық құқықтың дерек көздеріне құзыретті әрі уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан салық жүйесіне және салық салуға байланысты шығарылған (кабылданған), құрамдарында салықтық құқық нормалары бар заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілержатады.
Бүгіңде,салықтық құқықтың дереккөздері, иерархияны сақтай отырып мынадай: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Салык және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдер туралы» Кодексі (Салык кодексі), Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметі қабылдайтын салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік-құқыктықактілер, Қаржы министрлігі Салықкомитетінің нұсқаулық және өзге нормативтік-құқыктық актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жергілікті салық салуға қатысты нормативтік-құқыктық актілері, халықаралык салық салуға байланысты келісім-шарттар – салық конвенциялары түрінде көрініс табады.