Леуметтендірудің мега және макро факторлары.

 

Әлеуметтендірудің мегофакторы. Осы топ факторларының адамға әсер етуі аз зерттелген. Бірақ космос және оның жер шарында тұратын адамдар өміріне әсер ету проблемасы ерте кездің өзінде ойшылдардың назарын алған болатын. Қазіргі кезде табиғи ғылымдардың өкілдердің басым бөлігі адам өмірінің космостық әсерге тәуелділігі туралы идеяға сенусіз қарағанымен тарихта үнемі әртүрлі білімдер мен теориялар пайда болып жатты. Олардың авторлары мен ізбасарлары космоста адам қоғамы мен жеке адамға үлкен әсердің көзін байқаған болатын.

Планета- бұл формасы жағынана шарға жақын, күннен жарық пен жылу қабылдап, оны эллипс орбитасы бойынша айналатын аспан денесін білдіретін астрономиялық түсінік.

Әлем- бұл жағдайда біздің планетамызда тіршілік ететін адам қоғамдастығын білдіретін әлеуметтік- саяси түсінік.

Планета мен әлем бір- бірімен байланысты және тәуелді. Әлем жер планетасын басқа планеталардан айыратын климаттық жағдайларда пайда болып дамыды. Өзінің даму процессінде әлем планетаның жағдайына әсерін тигізіп отырды. Бұл ықпал ХХ-ғасырда үлкен өріс алды. Бұл кезде глобальді планеталық- әлемдік процесстер мен проблемалар туындады: Экологиялық (қоршаған ортаның ластануы және тағы басқа), экономикалық (континенттер мен елдердің даму деңгейінде алшақтықтың өсуі), демографиялық (халықтың бір елдерде белсенді түрде өсуі мен басқа елдердегі оның санының төмендеуі), әскери- саяси (аймақтық қақтығыстар қалпы мен санының өсуі, ядролық қарудың таралуы, саяси тұрақсыздық және тағы басқа). Осы және басқа да пробьлемалар мен процесстер өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтенуіне тікелей және жанама түрде әсер етеді.

Әлеуметтендірудің макрофакторы.

Ел- бұлгеографиялық –мәдени феномен. Бұл белгілі бір шекарасы бар, географиялық жағдайы табиғи шарттарымен анықталатын территория. Оның мемлекеттік егемендігі (толық және шектеулі ) бар, ол сонымен қатар басқа елдің билігінде бола алады. Бір елдің территориясында бірнеше мемлекет болуы мүмкін. ( Германия мен Ветнамды, ал бүгінгі күнде Қытай мен Кореяны айтуға болады).

Осы елдердің табиғи- климаттық жағдайлары әртүрлі және олар сол елде тұратын халыққа және олардың өмірлік тіршілігіне елеулі ықпалын тигізеді. Географиялық және климаттық жағдайлар сол елдің халықтарын ұрпақтан-ұрпаққа қиындықтарды жеңуге немесе оларды жеңілдетуге, сонымен қатар елдің шаруашылық дамуына ықпалын тигізеді. (Я. Щепаньский)

Елдің географиялық жағдайы мен климатты халықтың тууы мен тығыздығына әсер етеді. Геоклиматтық жағдайлар ел халықтарының денсаулығына бірқатар аурулардың таралуына және олардың тұрғындарының этникалық ерекшеліктері мен қалыптасуына әсер етеді.

Осылайша, табиғи-климаттық жағдайлар елдің тарихи дамуын анықтайды, бірақ географиялық орта мен әлеуметтік -экономикалық процесстердің арасындағы тәуелділік туралы, елдің мәдени дамуы туралы сонымен қатар адамның әлеуметтендіруі туралы бір мазмұнды және бір бағытты айтуға болмайды.

Табиғи географиялық жағдайлар –бұл әлеуметтендіру процессінің тек өзіндік «шеңбері» ғана. Әлеуметтендіру процесінің ішінде тәуелсіз рөл атқармай олар басқа факторлармен бірігіп оның кейбір спецификалық ерекшеліктерін анықтайды. Елдің обьективті жағдайлары адамның әлеуметтенуіне ықпал жасауы оларды елде қалыптасқан этностар, қоғам мен мемлекет өз өмірінде қалай ескеріп пайдаланатынымен анықталады.

Этнос (немесе ұлт)- бұл ортақ менталитеті, ұлттық сана сезім мен мінезі, мәдениеттің тұрақты ерекшеліктері бар, сонымен қатар өзінің басқа этностардан айырмашылығын сезінетін тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы. («этнос» және «ұлт») түсініктері бірдей емес, бірақ біз оларды синоним ретінде қолданамыз.

Адамдардың этникалық сипатымен байланысты психикасы мен тәртібінің ерекшеліктері екі құрамдас бөліктен тұрады: биологиялық және әлеуметтік мәдени.

Биологиялық жағы жеке адамдар мен халықтардың психологияда бір қатар жағдайлардың әсерімен қалыптасты. Ғасырлар бойы ұлттар өзінің этникалық териториясында қалыптасты (мұндай теория этностың қалыптасуының міндетті шарты, бірақ оның сақталуының міндетті шарты емес – қазір халықтардың көбісі шашыраңқы түрде өмір сүруде). Ғасырлар бойы адамдар белгілі бір климатқа, ландшафтқа өзінің өмір сүру ритіміне бейімделеді.

Адамдардың әлеуметтенуі мен өмір жолының факторы ретіндегі этностың рөлін, бір жағынан елемеуге болмайды, ал екінші жағынан абсолюттік қылуға болмайды. Әлеуметтендіру қандайда бір этностарда, виталды және ментальді сияқты екі топқа біріктіруге болатын, өзіндік ерекшеліктерге ие. Виталды ерекшелігінде әлеуметтану балаларды тамақтандыру тәсілді к көрініске ие, ерекшелігі физикалық дамуы және т.б. Мәдениеттерде біршама айырмашылықтар бар, әр бір континет өзбетінше дамыған, халықаралық әр түрлі көрсеткіштері бар. Адамдардың әлеуметтенуіне этномәдени жағдайлар әсер етеді.

Әдебиеттер тізімі:2, 8, 12, 17, 20, 21.