Гомойо- және пойкилотерімділерге салыстырмалы сипаттама

   

Жылу алмасу ерекшелiктерiн ескергенде жануарларды салқын қанды-пойкилотермді және ыстық қанды - гомойотермдi деп екiге бөледi. Біріншілердің дене температурасы орта температурасының өзгеруiне қарай өзгередi, ал екiншiлерiнде дене температурасы тұрақты сақталады. Гомойотермдi оргамизмдер түрлерi саны жағынан болсын, жеке тұлғалар саны жағынан болсын, жануарлар әлемiнің аз бөлігін құрайды: оларға сүтқоректiлер мен құстар жатады. Басқа организмдер қарапайымдардан бастап жер бауырлап жүрушiлерге дейiнгiлер - пойкилотермдер. Дене температурасыньң тұрақтылығы - жануарлар әлемiндегi жоғарғы өкілдерінде эволюция барысында қалыптасқан өте маңызды биологиялық константа. Сыртқы орта температурасынан едәуiр артып тұрған гомойотермдердiң дене температурасы, организмдегi химиялық реакциялардың өте жоғары жылдамдығьн камтамасыз етедi, сөйтiп барлық тiршiлiк процестерiнiң жоғары қарқындылығына септiгiн тигiзедi. Гомойотермдердiд ыстық пен суыққа дене температурасын тұрақты сактай отырып төтеп бере алуыньң шекарасы бар. Сыртқы орта жағдайларының аса колайсыздығы (өте жоғары немесе өте төмен ауа температурасы, жоғары ылғалдылықпен қабаттаса), гомойотермияны бұзады. Шамадан тыс жоғары немесе төмен орта температурасы жағдайында, қорғаушы термореттеу механизмдерi жетiмсiз болады да, гомойотермдi организмнiң температурасы не жоғарылап, не болмаса төмендейді. Бiрiншi жағдайда гипертермия, екiншi жағдайда гипотермия байкалады. Гомойотермдi организмде екi температура зонасын айырады:бiрiншісі-сырткы, екiншісi - iшкi. Сыртқысын “қабығы” деп, iшкiсiн “ядросы” деп атайды. Тек “ядросы” тұрақты температурамен сипатталады. Оларға ми, кеуде мушелерi, құрсақ және кiшi жамбас мүшелерi жатады. Шетте жатқан мүшелер мен ұлпалар (терi, қаңқа еттерiнiң көпшiлiгi және сүйектер), “қабықты” курайды. Соңғылардың температурасы белгiлi бір дәрежеде сыртқы орта температурасы көтерiлсе көтерiледi, төмендесе төмендейдi, “Қабық” температурасының тербелiсi гомойотермия “ядросын” ұстап тұруға бағытталған. Кызып кету қаупi төмендегенде “қабық” температурасының көтерiлуi жылуды сыртқы ортаға беруге септігін тигiзедi, тоңазып кету қаупi төнгенде “қабық” температурасының төмендеуi, жылуды берудi шектейдi. Кеңiнен колданылып жүрген “дене температурасы” деген термин, дененiң iшкi аймақтарының температурасы, немесе “ядросы” жөнiнде айтылады. Осыған қарамастан “ядро” участоктерiнiң температурасы бiрдей емес. Мысалы, iшкi мушелерден қанды жинаушы көктамырларда әртурлi температура болады. Басқалармен салыстырғанда, төс ойық көктамыр канының температурасы ең жоғары, екiнші орында - бауыр көктамырыньң қаны, сонан соң тәж синусының, бүйрек көктамырының, оң жүрекше қаны келедi. Мұндай айырмашылықтар әртурлi мушелердегi энергия алмасуы әртүрлi пәрмендiлiкпен жүретiндiгiн көрсетедi. Осымен қатар, жергiлiктi қанайналымы екпінділігінің маңызы бар. Әдетте, тамырлармен ағып отырып қан “ядродан” жылуды алып, “қабықтар” тамырларымен жүрiп ұлпаларға бередi.

5 Гомойотерімділерде температураның реттелу механизмімен, шағаланың аяқ температурасы «Ғажайып тор» бойынша түсіндіріңіз
Жылу шығару механизмдерi Организмдегi зат алмасу жылудың үнемi бөлiнiп отыруына әкеледi. Энергияның негiзгi көзi - тотықтану, қосымша - гликолиз. Бұлар химиялық процестер. Экзотермиялық сипаттағы энергияның бiршамасы (40%) аденозинүшфосфат кышқылы молекуласына жиналады, ал көбiсi (60%) жылуға айналады. Организмге суық әсер еткен жағдайларда денеден жылу шығаруды көбейтетiн бiрнеше физиологиялық өтеу реакциялары iске косылады. Солардың iшiндегi тиiмдi бiреуiне ерiктi бұлшық ет әрекетi жатады. Ерiктi бұлшық ет әрекетi арқасында организмнің энергия алмасуы 10 есеге артады. Жұмылдырылған барлық энергияның бір бөлiгi организмнiң сыртқы жұмысына жұмсалады. Осымен қатар қандай болмасын қимылдарда денеден жылудың бөлiнуi күшейедi. Екiншi бiр жылу шығаруды жұмылдыратын өтеу реакциясы - суықтан дірілдеу. Суықтан дiрiлдеу деп аталатын қаңқа еттерiнiң ерiксiз жиырылуы энергия алмасуын 2-4 есеге өсiредi де, жұмылдырылған барлык энергия жылуға айналып организмде сақталады.Жылуды беру механизмдерiЖылуды сыртқы ортаға берудiң физикалық механизмдерi: 1) өткiзу; 2) сәулелену; З) булану. Жылуды беру кондукция және конвекция кұбылыстарымен iске асырылады. Қимылсыз жағдайда жылы денеден салқын денеге жылудың төтенше берiлетiн жолын - кондукция деп атайды (мысалы, адам жалаң аяқ еденде тұрғанда немесе қимылсыз отырғанда жылудың берiлуi). Дене мен ауа козғалыста болған жағдайда жылудың берiлетiн жолын - конвекция деп атайды (мысалы, желпiну, жугiргендегi желпiну). Конвекция механизмi кондукцияға қарағанда қуатты механизм.