Литосфераны қорғау бойынша шаралар. 13 страница

Табиғи ресурстар-адам еңбегінсіз табиғатта түзілген тіршілікке қажетті байлықтар.Оларға:су,топырақ,өсімдіктер,жануарлар,минералдар т.б.жатады.Табиғи ресурстар адамөмір сүру үшін қажетті қорек,киім,отын энергия,өнеркәсіп үшін шикізат болып табылады.Пайдалану мақсатына қарай табиғи ресурстар:өндірістік,денсаулыққорғау,эстетикалық,ғылыми т.б.:табиғаттың белгілі бір компоненттеріне байланысты:жер,су,орман,минералдық,энергетикалық т.б. болып және сарқылатын,сарқылмайтын табиғат ресурстары болып бөлінеді.Сарқылатын ресурстар:қалпына келтірілетін,салыстырмалы қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болып бөлінеді.Қалпына келтірілмейтін ресурстар:жер қойнауының қазба байлықтары.Бұл ресурстарды үздіксіз пайдалану олардың таусылуына әкеліп соғады.Салыстырмалы қалпына келтірілетін ресурстар-топырақ,құрлықтың өсімдік өнімін бере алатын борпылдақ қабаты және орман ресурстары.Топырақ-ең маңызды және бағалы ресурстардың бірі.Ол тірі организмдер мен климат әсерінен біртіндеп қалыптасады.Қалпына келтірілетін ресурстар-өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және кейбір минералды ресурстар,мысалы,теңіздер мен көлдер түбіне шөгетін тұздар.Сарқылмайтын ресурстарға-космостық,климаттық және су ресурстары жатады.Космостық ресурстар күн радиациясы,теңіз ағысы энергиясы.Климаттықресурстарға-атмосфералық ауа,жел энергиясы,атмосфералық жауын-шашын жатады.

Атмофера табиғи және жасанды(антропогендік) жолмен ластанады.Табиғиластану:атмосферада унемі белгілі мөлшерде шаң болады.шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.шаңнын үш түрі болады:минералдық,органикалық және космостық.минералдық шаң:тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы,вулкандар атқылауы,орман,дала,торфтардың өртенуі,теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңнын түзілуіне себеп болады.органикалық шаң:ауада аэропланктондар-бактериялар,саңырауқұлақтардың споралары мены өсімдіктердің тозаңдары,ашу,шіру өнімдері турінде болады.космостық шаң:жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі.Табиғишаңжер атмосферасның негізгі құрам бөлігі болып табылады.Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін...Жасанды ластану: атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт турлері,әсіресе автомобильдің жанармайларының жану өнімдері болып табылады.

Халықаралық экологиялық бірлестіктер. ЮНЕСКО(ағыл. . UNESCO-United Nations Educational. Scientific and Cultural Organisation –Білім беру , ғылым және мәдениет саласындағы БҰҰ)-1946 жылы құрылып мемлекеттер арасындағы білім беру , ғылым және мәдениет саласындағы бейбітшілік пен халқыаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқаруда. ФАО(ағыл. FAO-Food and Acgrcultural Organization UN –ұұ-ның Фзық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) -1945 жылы құрылып әлем халықтарының тіршілік жағдайларын жақсарту долында ауйылшаруашылығын дамыту мен азық-түлік ресурстары мәселелерімен айналысады. ВОЗ – Бүкіл Әлемдік Денсаулық сақтау ұыймы – 1946 жылы құрылып қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықтың денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысалы. ВМО – Бүкіл әлемдік метереологиялық ұйым-1951 жылы БҰҰ арнайы мекемесі ретінде құрылып , қоршаған отның глобальды мониторингіне байланысты табиғат қорғау функцияларын атқарады. , олардың ішінде : -қоршаған ортаны ластаушы жалпы заттардың таралуы ; -Жердің озон қабатына әср ететін факторларды зерттеу . МОТ-Халқыаралық еңбек ұйымы- БҰҰ арнайы мекемесі , 1919 жылы Ұлттар Лигасы жаңына құрылып , еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатныда жұмыстар атқрады. МАГАТЭ-Атом энергиясы жөңіндегі халқыаралық агенттік – 1957 жылы құрылған. XX ғасырдың 90 жылдарының соңында бүкіл әлемже кейбір мәліметтер бойынша табиғат қорғау және жалпы экологиялық мәселелермне айналысатын үкіметтік емес халқыаралық ұйымдлардың саны 200-500 болады. Халқыаралық табиғат қорғау одағы- МСОП -1948 жылы Францияда құрылды , бұл одақ Қызыл кітап шығарудың инициаторы болды. Бүкіләлемдік табиғат қорғау қоры – 1961 ж құрылып қазір оның құрамында 27 ұлттық юбөлімшелері және 5 млн. Жеке мүшелері бар . ГРИНПИС (ағыл. Greenpeace- Зеленый мир) тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым , 1971т жылы Канадада құрылған , негізгі мақсаты қоршаған ортаның деградациясына жол бермеу бағытында жұмыстар атқару , оның 1,5 млдн мүшесі бар , оның 1/3 американдықтар, 32 елоде мүшелері бар.

ҚР Республикасының аймақтарындағы өнеркәсіп өндірістерінің , энергетика мен автокөлік дамуына байланысты қоршаған орта нысандарының ластану қарқындылығы да әртүрлі болады. Қоршаған ортаның ластануы жағдайында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының нашарлауы тұрғаындар денсаулығының жекелеген көрсеткіштеріне теріс әсерін тигізеді . Республиканың жеке аймақтарының демографиялық үрдістерінің көрсеткіштері солардың үлкен ауытқушылықтар бар екенің көрсетеді. Мысалы, 2000 жылы адамдар арасындағы бала тууышлық 1000 адамға шаққанда Оңт.Қазақстан облысында 22,5-ке , Шығ.ҚАзақстан және Солт.Қазақстан облыстарынды 11,1-ге тең болады. Туушылықпен жоғары коэфициенттері Қызылорда облысында орын алады , 2000 жылы мұнда 1000 адамға шаққанда 20,6 бала өмірге келсе , Атырауда -19,1 , ,Манғыстауда – 18,7 , Жамбыл облысында – 17,2 құрады. Ең төмен туушылық коэффициенттері 2000 жылы Қостанай (10,9) , Павлодар (11,3) Қарағанды (11,6) , Ақмола (12,5) , Астана (13,8) қалаларынды байқалады. Орташа Республиткалық көрсеткіш – 14,7 тең. ҚР-да тұрғындар өлім-жітімшілігінің ең үлкен деңгейі 2000 жылы Солт.Қазақстан облысында байқалады , онда ол 1000 тұрғынға шаққанда 12,6 болды , Шығыс Қазақстан – 12,3 ; Қарағанды – 12,0 ; Қостанай – 11,8 ; және Ақмола – 11,6 облыстарында құрады. 2000 жылы өлім-жітімшіліктің ең төменгі коэфициенттері Оңт. Қазқстан облысында 1000 тұрғынға шаққанда 6,9 кездесу жағдайы , Маңғыстау -7,5 , Қызылорда 7,4 облыстарында байқалады . 2000 жылы жоғары сәбилік өлім-жітімшілік Павлодар облысында 1000 тірі туғанда шаққанда 26,5 кездесу жағдайын , Маңғыстау -26,2 , Жамбыл -24,3 , Қостанай -22,1 облыстарында байқалады. Тұрғындар аурушандылығынын денгейі мен құрылымы қоршаған орта нысандарының сапсаына және тұрғындардың әлеуметтік өмір жағдайларына тәуелді. 2000 жылы бірінші аурушандылықтың жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген , онда ол 100000 тұрғынға шаққанда 70723,0 адамның ауырғандығы тіркелді : Шығыс Қазақстан облысында – 68267,0 , Қызылорда облысында – 64158,6 және Алматы қаласында – 98598,7 құрады . Осыған ұқсас жағдай ересектер , балалар арасында да байқалады. Қазақстан Р-ның жеке аймақтарында экологиялық факторлардың ерекшеліктеріне байланысты кейбір аурулардың көбейе тускендігі байқалады . Ядролық және ракеталық ядролық сынақ полигондары аймақтарында (Семей, Бат.Қазақстан , ҚӨызылорда облыстарында) тұрғындар арасында қан және қан түзетін органарының , қалқан безінің ,хромосомалық аурулар (туа біткен даму кемістіктері) , онкологиялық аурулар , өлі туушылық бойынша жоғары аурушанлдылық байқалады.

ҚР-дағы өндіргіш күштерінің ұзақ жылдар бойы дамуы оның экологиялық зардаптарының қалай әсер ететіндігі ескерілмей жүзеге асырылады. Түсті және қара металургияның , химия, мұнай өнеркәсіптерінің ,автокөліктің қарқынды дамуына байланысты , ауа бассейніне ,адам организміне тигізетін әсері елеулі қауіпті заттар орғасын және оның қосылыстары болып саналады , 3,4-бенз(а)пирен , күкірт қышқылы , көмірқышқылы , көмір қышқыл газы , азот және күкірт тотықтары , көмір-сүтектер , сынап , квадмий , фтор қосылыстары секілді заттардың түсуі көбеюде. Атмосфералық ауаның металдармен жоғары деңгейде ластануы Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларында (Өскемен , Лкениногорск Зырьяновск , Шымкент ,Жамбыл, Теміртау ,Алматы) байқалады. Тірі организмдегі өте аз мөлшерде шоғырланған (миллиграмм , микрограмм) металдар –микроэлементтер деп аталады. Адам мен жануарлар организмдерінде микроэлементтер әр түрлі органдар мен ұлпаларда (қан,сүйек ұлпасы , бауыр) табиғи физиологиялық мөлшерде болады. Көптеген химиялық қосылыстардың мутагендік және бластомогендік әрекеттері болады. Қатерлі ісік (рак) кездесу жағдайлары 80-нен 90 пайызға дейін қоршаған орта факторларымен байланысты. Мәселен Кадмиимен ластанған өнімдерді тамаққа пайдалану «Итай Итай» ауруын, сынаппен ластану «Минамата» ауруын , полихлорлық бифениламинмен ластану-«Юшо» ауруын тудырады. Қалаларда атмосфералық ауанын күкірт пен азот тотықтарымен жедел ластануы қышқылды жанбырлардың көбейюіне әкеліп соқты. Қазіргі уақытта қоршаған орта ластаныуының бағалаудың көресеткіштерін өндеу гигиена ғылымы міндеттерінің бірі болып отыр. Осындай көрсеткіштер қоршаған орта нысандарының нақты ластануы мен тұрғындар денсаулығы жағдайынын арасындағы сандық тәуелділіктер негізінде есептелінеді.

Халық денсаулығына қоршаған ортаның факторларының әсерін зерттеудегі әдістемелерді айтатын болсақ, ауа ортасының ластануларры жағдайындағы нақты жүктмені анықтау әдістемесін мысалға келтіруге болады. Тұрғындарға түсетін нақты химиялық үктемені тыныс органдары арқылы белгілі бір уақыт аралығында адам организміне түсетін химиялық лас заттар жиынтығы ретінде қарастыру керек. Сондықтан адам тусетін накты химиялык жуктмені адам белгілі бір ортанын жағдайында болган кезде ауадағы химиялық ластаушы заттардың өлшенген жиыгнтык мөлшерін бағалау аркылы аныктауға болады. Нақты химиялық жүктемені есептеуде ен әуелі адамнын өндірісте , пәтерде, көлікте , мәдени-тұрмыстық қызмет көсетуде , ашық ауада, болуының орташа ұзақтығы анықталады. Одан кейін аталған жағдайларда адмнын болғанығына орай тәуліткін үлестері анықталады , мысалы адам өндірісте болған тәуліктің уақыт үлесі былайша есептелінуі мүмкін: t = 8 сағ/24 сағ=0.33. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда ауаның химиялық ластану денгейлерін анықтаудың әдістемелік күрделілігі мен қиындығын ескере отырып , ластану денгейін болжамдауға мүмкіндік беретін регрессия тендеуі жасалынған.

Қоршаған ортаның көптеген химиялық ластаушыларын бағалауда адамға кауіптілігі бойынша бірінші орындарда ауыр металдармен радинуклидтер тұр. Олардын улылығынан (1-2 қауіптілік клсстары) баска олардың көқбінін мутагенді ,, канцеорогендік , әрекеттері болады. Сондықтан қоршаған ортада ауыр металдар мен радионуклидтердін күрделі қоспалары көрсетілген әсеролердін пайда болуы қаупін күшейтеді және ластаушыларды кешендік бағалау қажеттігін анықтайды. БДҰ сарапшылар комитетінің ұсыныстарына (1981) сәйкес комбинациялық әрекет типтерін мынадй негізгі анықтамалар қабылданды:А) Аддетивтік әрекет- химиялық заттардың жинақталаған мұндай түрі олардығ бірлескен әсері организмге оқшаулана әсер ету кезіндегі заттардың әркайсысының жиынтық әсеріне тең болады.; Б) Аддетивтік әрекеттен артатын потенцияланған әрекет химиялық заттардың жинақталған өзіндік түрі, мұнда бірлескен әсер әрбір заттың организмге бөлек әрекетіндегі әсерлер қосындысынан артық болады; В) Аддитивтік әрекеттен аз антогонизмдік әрекет – химиялы заттардың жинақталған өзіндік түрі, мұнда бірлескен әсер әрбір заттын организмге бөлек сіңуі кезіндегі әсерінің қосындысына аз. Хмимялық зат әрекетінің дәрежесі оның концентрациясына ғана емес , әрекет ұзақтығына да тәуелді болғандықьтан нақты химиялық жүктеме белгілі орташаланған уақытқа қатынасуы керек (тәулік,ай , жыл) . Осыған байланысты, адам өз қызметінің үрдісінде болған жерлерін ауыстырып тұрад,нақты химиялық жүктемені анықтағанда берілген нысанның ластану деңгйін ғана емес адамның нақтылы жағдайларда болу ұзақтылығын да ескерту қажет.

Экологиялық дағдарыс ұғымынан қоғам мен табиғаттың арасындағы өзара әрекеттестіктің мынадай кезеңі тусіндіріледі: онда экономика мен экологияның , қоғманың табиғи ортаны тұтынуы мен пайдаланудағы экономикалық мүдделері мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етудің экологиялық талаптарының арасындағы қарама-қайылықтар шегіне жете шиеленіседі,бұл бір жағынан қршаған табиғи ортаның құлдырауынан көрінетін қоғам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңлдікің тұрақты бұзылуы ,а екінші жағынан мем-тік басқару құрылымдарының мұндай жағдайдан шығу жолын табуға және қоғам мен табиғаттын тепе-тенңдігін қайта калпына келтіруге қабілетсіздігі. Экологиялық дағдарыс ұғымы алғаш рет 20 ғасырдын 70 жж сол уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы қарама-қайшлықтардың шиеленесуін бастан өткеріп жатқан дамыған капиталистік елдерде колданыла бастады.

Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы- бұл табиғаттағы заттар мен энергиялардың өзара алмасуын қамтамасыз ететін табиғаттын даму заңдылықтарын есепкее алмай жасаган адамның әрекеттерінен туындған адам мен табиғат арасындағы экологиялық байланысардың бұзылуы немесе айтарлықтай бүлінуі. Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы ең алдымен адамнын денсаулығы мен оынң тектік қорының жәй-күйіне әсер етеді. Ресей аймағыгың 20 пайыдан астамы экологиялық ждағдарысты кешіруде, экологиялық қияпат белдемі ауднында қазіргі кезде 70 млн.астам адам қалыпты мөлшер шегінен 5 есе жоғары денсаулық үшін қауіпті заттар тараған ауамен дем алып жүр. Халықтың туу азайып өлім-жітім көбеюде. Елдегі орташа өмір сүору ұзақтығы 69,5 жыл , ол 44 капиталистк елдердегі адамдардың өмірінің орташа ұзақтығынаң 8-10 жыл кем.Қоршаған табиғи ортаның жәй-күйінің нашарлауы және оның салдары экологиялық дағадрыс көрінісінің тек бір ғана жағы. Екіншісі, әлеуметтік жағы-қоғамның экологиялық қауіпсіздігі бойвынша тиімді шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге қабілетсіз мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың дағдарысы болып табылады


 

181-бап. Экологиялық білім беру мен ағартудың, мамандардың біліктілігін арттырудың мақсаты және негізгі міндеттерi

1. Экологиялық білім беру мен ағартудың мақсаты орнықты даму принциптеріне негізделген азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын және қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім беру, экологиялық ағарту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру орнықты дамуға арналған білім жүйесінің бір бөлігі ретінде дамиды.

3. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру саласындағы негізгі міндеттер:

1) экологиялық білім берудің мазмұнын өзекті ету, білім беру ұйымдарын қазіргі заманғы оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру арқылы экологиялық білім берудің сапасын жақсартуды;

2) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөніндегі ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалар мен іс-шараларды дамытуды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерді іске асыру үшін кәсіби кадрлар даярлауды қамтиды.

 

182-бап. Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің ұйымдастырушылық негіздерi

1. Экологиялық білім беру және ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті мемлекеттік органдар, білім беру, мәдениет және ғылым ұйымдары, табиғат қорғау мекемелері, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық бірлестіктер, жекелеген жетекші педагогтар мен ғалымдар ұйымдастырады және жүзеге асырады.

2. Қоғам мен отбасында экологиялық ағартуды ұйымдастыруды оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде сектораралық ынтымақтасу мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау, біліктілікті арттыру мен қайта даярлау мақсатында білім беру, ғылым ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер жанынан өңірлік кеңестер (орталықтар) құрылады. Өңірлік кеңестердің (орталықтардың) құрамына осы баптың 1-тармағында аталған ұйымдар мен тұлғалардың өкілдері кіруі мүмкін.

 

183-бап. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру

1. Үздіксіз және кешенді экологиялық білім беру жүйесі білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды.

2. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектілерді қазіргі оқу пәндеріне кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

3. Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым міндеттерінің бірі ретінде танылады.

4. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіби білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.

 

184-бап Экологиялық білім беру мен ағартуды мемлекеттік қолдау

1. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуі үшін білім беру саласында ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспарын айқындау;

2) экологиялық білім беру мен ағартудың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру;

3) қоршаған ортаны қорғау саласында білікті мамандар даярлау;

4) экологиялық білім беру мен ағарту жөніндегі оқу және әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөніндегі бағдарламаларды және іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу жөнінде экологиялық білім беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қолдау шаралары:

1) білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беруді (экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу-әдістемелік жұмыстар мен іс-шараларды) әртүрлі мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыруды;

2) мемлекеттік органдардың мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға белсене қатысуын;

3) орнықты даму үшін білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік тапсырыс беруді;

4) экологиялық білім беру мен ағарту саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар шеңберінде экологиялық білім беру мен ағарту, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі қажетті іс-шараларды қамтамасыз етуді қамтиды.

 

 

5-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу

 

30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестіктi растау объектілері мен рәсімi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестікті растау объектілері мен рәсімі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалады.

 

31-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сәйкестікті растауға арналған стандарттар

1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды орындау үйлестірілген стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Ұйымдардың стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

2. Сәйкестігін растаудан өтпеген, сәйкестігін растаудан міндетті түрде өтуге тиіс өнімдерді, қызметтер көрсетуді, процестерді өткізуге тыйым салынады.

 

32-бап. Экологиялық таңбалау

1. Экологиялық таңбалаудың міндеттері:

1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауіпті өнімдерді сатып алудан (пайдаланудан) қорғау;

2) өнімдердің барлық түрлерін өндіру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезінде қоршаған ортаның ластануын болдырмау;

3) жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістердің және өнімдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) экологиялық қауіпсіз технологиялық процестерді, жабдықтарды және өндірістерді енгізу;

5) елге экологиялық қауіпті өнімдер мен технологиялардың әкелінуін болдырмау;

6) отандық өнімнің экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.

2. Өндірілу кезінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсері неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететін өнім экологиялық таңбалау объектісі болып табылады. Экологиялық таңбалау объектісі өнім өндіру процесі мен қолданылатын технологияларды қамтиды.

3. Өндірушілер өз өнімін сәйкестігі расталғаннан кейін экологиялық таза өнім белгісімен ерікті негізде таңбалайды. Өнімді экологиялық таңбалауды тиісті саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.