Дәріс №5. Арнайы білім берудің оқыту әдістері 1 сағат

Жоспары:

1. Арнайы білім беру технологиялары.

2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері.

3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары.

Түсініктер: білім, оқыту, әдіс, тәсіл, технология.

1. Арнайы білім беру технологиялары

Түзету педагогикалық процесінде арнайы оқыту принциптер түрлі әдіс-тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту әдістер кешені - қоршаған шындықты тану жолы. Оқушылар ақыл - ойының даму сипатын анықтайтын, білімді игеру мүмкіндігін жүзеге асыратын, оқушының қоғамдық мәнінің сапаларын қалыптастыру жолы. Оқыту тәсілдерінің жиыны - таңдап алынған жолдың бағыты.

Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі баланы оқыту үшін арнайы білім беру технологиялар және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін пайдаланылады.

Ал қазіргі педагогика жеткіншек ұрпақтың дамуы мен әлеуметтенуін білім алуынан ажыратпайды, яғни оқыту мен тәрбиелеу арқылы екенің білдіреді. Сол себепте, оқыту әдістер мен тәрбиелеу әдістерін жасанды ажыратылуы байқалады және арнайы білім беруде білім беру технология ұғымын енгізуді көрсетеді. Білім беру технологиясы - бұл алдын ала жобаланған педагогикалық мәселені шешуге бағытталған арнайы педагогтың бір бірімен байланысты әрекеттер жүйесі . Педагогикалык технология нақты нәтиже жөнінде кепілдік беретін педагогикалық әрекеттерді ғылыми тұрғыдан жобалау арқылы жүзеге асады.

Қазіргі жалпы және арнайы дидактикада әрқилы технологиялар көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізуіне байланысты. Жалпы педагогикада технологиялардың түрлі нұсқалары жүзеге асырылып нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады.

2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері

Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігі педагогикалық ынтымақтастыққа байланысты.

Әдіс пен тәсілдің шек арасы өте жылжымалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы, егер мұғалім баяндау барысында суреттерді шеру арқылы көрсетсе, онда шеру әдістемелік тәсілге жатады. Ал оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді шеру оқыту әдісіне, баяндау тәсілге жатады. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әнгіме әдіс ретінде танылады. Сонда оқушылар тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгімені қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдалынылады.

Оқыту әдістері мен тәсілдері жиындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де бірыңғай түсініктер жоқтығын көрсетеді.

Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістердің ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан, мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үінін әртүрлі тәсілдер колданылады.

Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезеніне байланысты жіктеуге болады.

- білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер;

- білімді бекіту кезеңіндегі әдістер;

- дамыту әдістері.

Арнайы педагогиканың дидактикасы, жалпы педагогиканың әдістерін қолдана отырып , өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:

- логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.

- гностикалық әдістер-іздеуге байланыстырылған әдістер

- репродуктивті әдістер - еске түсіру, қайталау әдісі

Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.

- сөздік әдістер тобы;

- көрнекілік әдістер тобы;

- практикалық әдістер тобы.

Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс -әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.

Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу.

Әңгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Деректерге негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдалынылады. Әдетте, әңгімелеу, арнайы мектептің бастаушы сыныптарда он, он бес, ал жоғарғы сыныптарда жиырма —жиырма бес минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбіне әдебиет, тарих география сабақтарында пайдаланылады. Әңгімелеу оқыту процесінің әртүрлі кезеңінде пайдаланылады: кіріспе, оқыту, бекіту.

Әңгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар:

- әңгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;

- мұғалім әңгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіс. Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып

- әңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс, сондықтан оқушыларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеуді ұжыммен бірге жүргізуге болады. Мысалы, әңгімелеудің басын мұғалім бастайды, ал оқушылар жалғастырады, бірақ оларға мазмұны таныс болуы тиіс. Қиын танымсыз сөздерді алдын ала талдап оқыту керек. Әңгімелеу аяқталған соң мұғалім оқушылармен қорытынды әңгіме жүргізуге тиісті, өйткені олардың толық түсінгедеріне толық сенімді болу керек

Әңгіме - оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі - сабақта сұрақ-жауап түрінде және сабақтың кез - келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты. Әңгіме зерттейтін материал бойынша оқушылардың кейбір мәліметтері мен білімдері болған уақытта жүргізіледі. Әңгіме оқу материалын оқушының жеке өмірі тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Әңгіме әдісі арқылы оқушы қажетті білімді қайта жаңғыртып және оларды жаңа оқу материалымен байланыстырады. Мұғалім кері байланысты жүзеге жақсы асыра алады. Оқу - нені біліп, нені білмейтінін анықтап, білімдегі қателерді түзету арқылы, жаңа мәліметтер бере алады. Әңгіме әдісін кез -келген сыныпта, оқу кезеңінде пайдалануға болады. Әдетте жаңа оқу материалын түсіндіру әңгімеден басталады. Оның негізгі мақсаты -жаңаны өткен материалды еске түсіру және балаға таныс нәрсемен байланыстыру.

Жалпы оқытуда негізінен әңгіменің екі түрі пайдаланылады: катехизикалық (сұрақ, жауап негізіндегі әңгіме) және эвристикалық (жаңаны ойлап табу жолындағы әнгіме). Бастауышта катехизикалық әңгіме оқушылардың білімін тексеру және бағалау, бекіту, оқылған мәтінді талдау жұмыстары үшін, ал эвристикалық әңгіме жаңа білімдерді хабарлау мақсатында қолданылады. Эвристикалық әнгімеде сұрақтар мен берілуде тиісті жауаптар оқушылар ойын жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу бағытында құрылады, оқушыларда жаңалықты өздері ашып отырғандай әсер қалдырады. Қазіргі кезде эңгіменің бұл түрі шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып оқытуда (проблемалық) кең қолданылып жүр.

Әңгіменің нәтижесі сұрақтарды орындап қойып, оқушылардын мүмкін боларлық жауаптарын білуге көп байланысты. Мұғалім сұрақтары бала дамуын ескере, өте жинақы, артық түсіндірмелі сөздерсіз құрылганы жөн. Сұрақтың құрылымы тек оқушылар жауабына қарай өзгеру керек. Сұрақтар белгілі бір ойдың логикасын сақтайды. Мысалы, жалпыдан жекеге қарай (дедукция), жеке және нақты деректерден жалпы қағидаға (ережелерге) қарай (индукция), салыстыру, талдау, сұрыптау, абстрактілеу және басқа да ойлау операциялары.

Арнайы мектеп оқушыларын толық жауап беруге дағдыландыру керек, яғни ауызша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Бұл - оқушының логикалық ойлауын дамытады және сөйлеуіндегі кемістіктерді түзетуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің негізгі міндеті - қойылған сұраққа жауап алу, оқушының ойын түсіне білу, қажет болғанда қосымша сұрақтар қою арқылы оқушы ойын анықтап отыру. Айналып келгенде, мұның бәрі оқушының танымдық іс - әрекетін басқару болып табылады.

Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап онда сұрақтарды мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділік қамтамасыз етеді. Оқушылардың ойлау болжауға және ойларын дәлелдеуге жеткізеді.

Жалпы педагогикалық талаптар.

- сұрақтардың тұжырымы қысқа және түсінікті түрде болуы тиіс

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың қабылдау еркшеліктерін ескере отырып, сұрақ пен жауап беру арасында кажетті уақыт беру керек. Сұрақ -жауап формасы естімейтін оқушылардың диалогты сөйлеуін қалыптастырады. Әңгіме үстінде мұғалім оқушылардың қате берілген жауаптарын түзетеді, сонымен бірге сөйлеудің грамматикалық, стилистикалық дыбысты айтудағы кемістіктерін түзетеді, және әнгімеде балалардың мәнерлеп сөйлеуге, дұрыс интонациямен айтуға үйренеді.

Түсіндіру – ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағидаларды қалыптастыруда, заңдар мен зандылықтарды зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе - ой - пікірдің логикалық ғылыми дәлелділігі. Түсіндіру әдісін пайдаланғанда оқу материалының ғылыми сипатын еске аламыз. Ғылыми ойдың логикасы түсіндіруге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды. Осы тұрғыдан қарағанда мұғалім оқу пәнінің ғылыми мазмұнын терең білуі, сабаққа қажетті материалды таңдап ала білуі, түсіндіру терендігін білу керек. Одан әрі түсіндіру жүйесінде балалардың берілген материалды оқуының мақсатын белгілеуі, теориялық қағидаларды бөліп алуы, дәлелдемелер құрамын анықтауы, деректі материалды таңдап алуы керек.

Түсіндірудің қол жетерлігі көбінесе баяндау стиліне тәуелді болады. Алдын ала не түсіндіру барысында, әсіресе бастауыш мектепте, балаға түсініксіз жеке атаулардың (терминдердің) мәнін ашып айтып отыру арнайы дидактиканың талаптарының бірі. Өте күрделі, оралымсыз сөйлемдерден аулақ болып, мұғалім сөзі түсінікті, сендірімді, сенімді келіп, одан оқушыға деген құрмет сезілуі тиіс. Сабақта түсіндіру барысын өзгертпеуге тырысу керек, арнайы сөздік жұмысын өткізу талап. Бұл жұмысты орындауда мұғалім тарапынан жақсы нұсқау керек.

Өз бетімен жұмыс жасау барысында білім алу дамудың негізгі жолы болғандықтан, оқушылардың таным әрекетінің ерекшеліктерін жан-жақты ескеру керек. Арнайы мектептегі мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, ерекше білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің заңдардын мазмұнын ашады. Материалды түсіндіруде түрлі кұралдарды есептер шығаруды, жазып алу кең түрінен қолданылады оқушылар баяндау процесінде сұраққа жауап береді, пайымдайды, дәлелдеуге тырысады. Арнайы мектепке түсіндіру бастуыш сыныптарда бес-жеті минут, жоғары сыныптарда он, он бес минуттан аспайды, ойткені бұл әдіс мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қиын, себебі таным процестерінің толық жетілмеуі. Арнайы мектеп оқушыларына түсіндіру әдісін қолдана отырып, мұғалім олардан қалай нені түсіндіргенін әр қашан үздіксіз, тұрақты түрде тексеруі тиіс. Бұл жұмыс болашақта білімнің жартыкештігін алдын алады.

Оқыту әдістерінің бұл тобымен оқыту нәтижесі мұғалімнің сөйлемді дұрыс құрастыруына және оқушының сөзбен баяндалған материал мазмұнын түсіну білігіне тәуелді болады. Окытудың сөздік әдістері мұғалімнен түсіндіруде логикалық тізбектестікті және дәлелділікті, материалдың күмән тудырмай бейнелі және көтеріңкі кеңіл — күй сезімімен баяндалуын, тілдің әдеби және айқындығын талап етеді.

Оқытудың көрнекілік әдістеріне көрнекі құралдарды пайдалану жолдары жатады. Көрнекі кұрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Себебі кез - келген көрнекі кұрал түсіндірмелі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізі не қосымша көз қайнары болып табылады. Сондықтан көрнекілік әдістер тек көрнекі кұралдар комегімен әрі әңгіме, әрі суреттеп айту, әрі баяндау, эрі түсіндіру, әрі өз бетімен оқу болып табылады.

Көрнекі құралдарды пайдалану оқушының сезімдік бейнелеуіне, түйсігі мен қабылдауына сүйену оның танымдық іс - әрекетінің өзіндік құрылымын жасайды, баланың бейнелі, нақты ойлауын, абстракциялаудың жақсы негізін қалыптастырып, зерттелген теориялық қағиданы түсінуін қамтамасыз етеді.

Арнайы мектеп оқушыларының психикалық даумының ерекшеліктері көрнекілік әдістерін жүзеге асырудағы өзгешілігін анықтайды.

Шеру әдісі - тәжірибелерді, прибор, препарат, табиғи нысандарды, кинофильмдерді т.б. көрсету арқылы жүзеге асады. Шеру әдісі әсіресе физика, химия, биология сабақтарында жиі қолданылады.

Иллюстрация- әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті яғни көрнекі-бейнелеу құралдарды (плакат, карталар, сурет, портреттер, карталар) көрсетуге болады.

Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнін тапсырмасы бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлмелерінде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе аймақтарында еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүргізледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады, барлық жұмыс алдын ала жоспарланады, дайындық жұмыс қажет.

Арнайы ғылыми зерттеулер көрсеткендей (Ж.Ш.Шиф ,И.М.Соловьев) естімейтін балалар арнайы көмекке дейін кезенде білімді тек бақылау арқылы меңгере алады, бірақ сол бақылауға деген ерекше қабілеттеріне қарамастан, олар көбіне маңызды көрсеткіштерді байқамай, болмашы көрсеткіштерге назарын аударады. Мысалы, ақыл ойы кемтар бала құстың кеудесіне, жалпы бейнесіне қарамай, қанаты немесе тырнағына назар аударады.

Мұғалім бақылау жұмысын жүргізу алдында балаларға нақты жоспары, мақсаты, кезендері түсіндіруі тиіс. Бақылау тапсырмалары әртүрлі әрекеаттермен бірге болуы мүмкін (сурет салу, табиғи өнімдерді жинау, жапырақ гүл). Арнайы мектепте бақылау әдісі өте маңызды. Түзету -педагогикалық жұмысының нәтижесі көрнекілік әдістерінің практикалық әдістермен бірге қолданған жағдайда жоғарлайды

Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жатады. Сөз жоқ оқытудың кез - келген әдісі тәжірибемен байланыстырылады. Тәжірибелік әдістер оқушылардың сабақтағы негізгі іс - әрекеті тәжірибелік тапсырмаларды орындаумен байланысты деген сөз. Бұл әдістерге жазбаша және ауызша жаттығулар, практикалық және лабораториялық жұмыстар, өз бетімен орындалатын жұмыстардың кейбір түрлері жатады. Аталған жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қалыптастырады оқушылардын икем мен дағдыларда болып табылады.

Оқушылар бойындағы дағдылардың алғышарттарын қалыптастыру үшін математика, ана тілі, табиғаттану, еңбек, музыка, бейнелеу өнері сабақтарында дайындық, машықтандыру және жасампаздық жаттығулар кең қолданылады. Ерекше жағдай оқушылардың әрбір орындалатын жаттығуды әсіресе дағдыны қалыптастыратын алғашқы амалдарды бақылауға мүмкіндігі болған жөн. Мұғалім мен мәтін мен тапсырмаларды алдын ала таңдап алады, балалардың жұмысқа дайындығын тексереді. Мұғалім тарапынан оқушының әрбір орындаған жаттығуы дер кезінде, әділ және дұрыс екені қадағалап, бағаланады.

Практикалық және лабораториялық жұмыстарды арнайы мектеп оқушылар көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанындағы бақшаларда орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша, оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру керек.

Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсырманың шешілу тәсілдерін өздері іздеп табуы керек, ал сол кезде міндетті түрде мүғалім қалай орындалып жатқаның бақылауы міндет. Тек осы жағдайда ғана өө бетімен жұмыс жасау жасампаздыққа, бастама көтерушілікке, сенімділікке тәрбиелейді. Мұғалімнің басшылық етуі -оқушының тапсырмалар мен жаттығуларды орындауда өзін, шамасын көрсете білуін қамтамасыз етуге жол ашады. Мұның өзі мұғалім сынып оқушыларының даму деңгейін, жеке ерекшеліктерін, орындалуы мүмкін тапсырмаларды тандай білгенде ғана жүзеге асады.

Арнайы мектепте практикалық жұмыстардың турлері: еңбек және әлеуметік - тұрмыстық бағытттау, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарында жиі қолданады. Практикалык әрекетінде мұғалім оқушылардың біріккен әрекетін ұйымдастыру формалары өте маңызды (мұғалім көмегін байқап мөлшерін анықтап көрсеткен жөн, сол көмек окушылардың ынта дербестігін дамытуға кедергі жасамауы керек.

Жаттығулар - практикалық оқыту әдісі, ең жиі пайдаланды. Оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы, жаттығу арқылы қалыптасады. Жатығулардың түрлері: ауысша, жазбаша, сыныпта үй жағдайында орындалатын. Жаттығудың тиімді әдістері жаңа материалды ( ережелерді, анықтамаларды формаларды) саналықпен меңгеру, есте сақтау , алған білімге сүйеніп тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар мен есептерді шығару тәсілдерін іздестіру.

Жаттығулар арнайы мектептерде оқушылардың жасаған қателіктерін түзетуге мол мүмкіндік береді. Кемтар балалар үшін жаттығулардың қиыншылығын мөлшерлеу қажет, түрлі нұсқаларын пайдаланған тиімді болады.

Сонымен, сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер оқыту процесін ұйымдастыруда аса маңызды қызмет атқарады. Арнайы білім беру оқыту әдістері іріктеуі келесі формалармен қалыптасады:

- есту, көру, қимыл қозғалысында мүмкіндіктері шектеулі болғандыктан сақтаулы анализаторларга сүйене отырып қалыпты әдістерді пайдалану;

- мүмкіндіктері шектеулі баллалардың барлығына ортақ кемістік -сөйлеу тіліндегі ауытқушылық сондыктан білім берудің алғаш кезенінде сөздік әдістер көрнекілік жэне тәжірибелік әдістерге орын берді, яғни жалпы жетекші болмайды;

- балалардың дамуында түрлі бұзылуы бар бейнелі ойлау және көрнекі әсерлі ойлау көпшілігінде қалыптасады, ал логикалык ойлаудың дамуы қиындайды. Сонымен бірге әдістерді іріктеуде түзету -оқыту мақсаттарымен және жакындағы нақты максаттарымен лайықгы болуы тиіс.

Арнайы оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін тиімді оқыту әдістерін таңдап алу өте маңызды, әдістерді іріктеуде төменгідей критерийлерді ескеру қажет:

- оқыту зандылықтары мен принциптеріне сәйкестігі;

- оқыту мақсаттары мен арнайы міндеттерге сәйкес келуі;

- меңгерілетін білім мазмұнына сәйкестігі;

- оқушылардың оқу мүмкіндігіне, яғни кемістік түрі, жас және жеке даму, тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;

- арнайы педагогтың мүмкіндіктеріне сәйкес келуі, нақты тәжірибесі, білім деңгейі, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілеті.

3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары

«Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жетуі үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн» (Л.С.Выготский ).

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесінде калыпты балаларды оқытуда пайдаланатын дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Сол себепті арнайы, өзгеше құрал-тәсілдерді пайдалану қажеттілігі өзекті мәселе. Кезкелген оқу пәннің мазмұны көптеген өзгешілігімен сипатталады. Бұл жағдай әр пәнді оқытуда түрлі тәсіл мен кұралдардың ерекше нұсқаларын пайдалануды білдіреді.

Тарихи емдеу мен түрлі түзетуде түрлі өнер құралдарын антикалык заманнан пайдаланған туралы дәректер бар.

 

Семинарлық сұрақтар:

1.Ауытқушылықтары бар балаларды оқыту әдістері.

2. Балалық шақтағы эмоциялық дамудың қиыншылықтары: қырсықтық,

3. Денсаулықтарының Мүмкіншіліктері шектеулі балалардың жалпы сипаттамасы.

а. Есту қабілеттері бұзылған балалар (керең, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар);

б. Көру қабілеттері бұзылған балалар (соқыр, нашар көретіндер);

в. Сөйлеу қабілеттері бұзылған балалар (логопаттер);

г. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

д. Ақыл-ойы кемтар балалар;

е. Психикалық дамуы нашарлаған балалар (ЗПР);

ж. Мінез-құлқында және қатынастарында ауытқушылықтары бар балалар;

з. Психо-физикалық дамуында кешенді ауытқушылықтары бар балалар, күрделі дефекттері бар (соқыр, керең, мылқау; ақыл-ойы кемтар балалар).

6. Мүмкіншіліктері шектеулі балалардың дамуына әсер ететін факторлар.

СОӨЖ тапсырмалары.

1.Олигофрения түрлерінің жіктелуі. (М.С.Певзнер, 1996):