Ерте жастағы аутизм туралы түсінік, клиникалық-психологиялық-педагогикалық сипаттама
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы деп атайды. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнін кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.
Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар елінің психиатірі Э.Блэйхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатірі (1943 ж) - Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады. Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стереотипті, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттагы кемістіктер.
Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйенің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенің көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездесетін көрініс.
Тұқым қуалаушылык хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар, т.б. барлығыда жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.
Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысты симбиотикалық (эмоционалды емес), сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.
Аутист бала- ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, яғни ешкіммен қатынаспайды.
Жалпы түйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:
1. Баланың жеке мінезіне
2. Көру мен есту кемістігіне.
3. Зияттың жетілмеуіне
4. Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына
5. Невротикалық өзгерістерге.
6. Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм)
Аутист бала: қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды; тұрақты қорқыныштар пайда болады; агрессия; тұрақты бағытта; өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсау; бала өскен сайын сөйлеу мен зият дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға және басқа нысандаға аудару және оған бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге, сұрақтарға және атын аттап шақырғанға көңіл аудармайды, естімеген керең сияқты болып көрінеді.
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:
1. Жалғызыдықты жақсы көру.
2. Эмоциялық тұрғыдан ешкіммен қатынаспау.
3. Ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу.
4. Мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы.
5. Бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек.
6. Біркелкі қимылдарды қайталай береді (мысалы: теңселеді, сікілейді, секіреді, бірдей дыбыстарды шығарады, бір сөздерді қайталай береді). Кейбір, өзі қалаған нәрселерден айырылғысы келмейді.
Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 % пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады. (эхолалия- бір естіген дыбысты, сөзді, сөйлемді еріксіз қайталай беру. Жіктеу есімдігін пайдалана алмайды, яғни білмейді, өзін: «сен, ол» дейді немесе өзін-өзін атайды. Керекті нәрсені жақсы сөйлемдермен айтады. Мысалы: су беру керек, шығу керегі жоқ.
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, жест арқылы қарым қатынас жасаудан бас тартады. Аутизм өте ерте белгілі болады, яғни 3 жасқа дейін анықталады.
Аутист балалардың моторикасы, сенсорикасы, зейіні, есі, сөйлеуі, ойлауы, қасіреті, қайғыруы бұзылған. Аутист балаларды 4- топқа бөлуге болады:
1) аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшалау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тонғанын сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары- бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағаттар бойы тұруы мүмкін. Үлкен адам мұндай баланың назарын өзіне аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
2) Бұл топтың балалары адамның көзіне қарамайды, басқа нәрселерге де көзін қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немесе алаша біткенше жүре береді.
Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып, бір бағытқа қарап отырады. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
3)Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген;
бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді
қайталай береді (эхолалия); күрмеліп сөйлейді, қимылдары импульсивті,
яғни отырып - отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін- өзі жарақатгайды. Бұл
топтағы балалар ете дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі- монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақта диалог құрастыра алмайды.
4) Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, аландаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, кездеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болады. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.