арналған тесттік тапсырмалар

! Ер адам, 34 жаста, ауруының 10-шы күні қатты бас ауруына шағымданып ауруханаға түсті. Дене қызуы субфебрилдіден жоғарғы санға дейін көтерілуі, бас ауруы мазалады. Келесі күні: дене қызуы - 37,8°С көтеріліп, қуатсыздық, тежелуі, тері түсінің бозаруы тіркелді. Тілі ісінген, ақ жабындымен жабылған. Ішінің және кеуде аймағының тері жамылғысында бірен-саран розеолездік бөртпе анықталады. АҚ – 90/60 мм. сын.бағ. ЖСЖ- минутына 118 рет, іші кернелген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында құрылдайды. Бауыры +1,0 см. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, қою қызыл түсті. Диагнозы: Іш сүзегі, ауыр ағымы.

Ішектен қан кетудің белгісін көрсетіңіз:

*+пульстің жиілеуі, тері жабындыларының бозаруының артуы, мелена

* АҚ төмендеуі, метеоризмнің артуы, құрсақ бұлшықеттерінің дефансы

* АҚ жоғарылауы, естің бұлыңғырлануы, тахикардия

* тахикардия, іштің жайылған ауру сезімі, қан аралас диарея

* АҚ төмендеуі, тахикардия, сол жақ мықын аймағының тұрақты ауру сезімі

! Ер адам, 23 жаста, ауруының 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Осы күндері дене қызуының субфебрилдіден жоғарғы санға дейін көтеруілуі, бас ауруы мазалады. Іші кернелген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында іші құрылдайды. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді.

Іш сүзегінде бөртпенің қай жерде орналасуы тән?

* +кеуде және іш терісінде

* арқа терісінде

* кеуде және қолда

* іште және аяқта

* дененің барлық бөлігінде

!Алматы қаласында іш сүзегінің спорадикалық түрі тіркелді. Іш сүзегінің спорадикалық түрінде негізгі инфекция көзі кімдер:

*+бактерия тасымалдаушылар

* аурудың жеңіл және атипиялық түрімен ауыратын науқастар

* аурудың жасырын кезеңіндегі науқастар

* өршу кезеңіндегі науқастар

* іш сүзегінің реконвалесценттері

! 29 жастағы әйел адам, геолог, жұқпалы аурулар ауруханасына аурудың 6-ші күнінде басының ауруы мен дене қызуының жоғарлауына шағымданып келді. Түскен кезде: дене қызуы - 38,8°С көтеріліп, қуатсыздық, тері түсінің бозаруы анықталды. Тілі ісінген, ақ жабындымен жабылған, тістің іздері бар. АҚ – 90/60 мм сын.бағ. ЖСЖ- 68 рет минутына. Іш кернелген, бауыры пальпация кезінде оң жақ қабырға доғасынан +2,0 см шығады. Үлкен дәреті 2 күн бойы болмаған. Эпид. анамнезі: жиі қайнатылмаған су ішеді. Болжама диагноз: Іш сүзегі, орта дәрежедегі ауырлықта.

Іш сүзегінде оң жақ мықын аймағында қандай объективті өзгерістер болады:

* ішек спазмы, пальпация кезінде ауру сезімі, ішектің шұрылдауы

* +ішектің шұрылдауы, пальпация кезінде ауру сезімі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы

* пальпация кезінде ауру сезімі, бұлшықет дефансы, іштің тітіркену симптомы

* сигма тәрізді ішектің спазмы, пальпация кезінде ауру сезімі, ішектің шұрылдауы

* кіндік аймағының пальпация кезіндегі ауру сезімі, ішектің шұрылдауы, гепатомегалия

!30 жастағы ер адам, «Іш сүзегі, ауыр ағымы» диагнозымен келіп түсті. Аурудың 10-ші күнінде, ауруханада жатқанының 4-ші күнінде науқаста кенеттен іштің кебуі, іштің қатты ауру сезімі, ауыздың құрғауы, ішекте перистальтика дыбысының жоғалуы және дене қызуының күрт төмендеп, тахикардия пайда болған.

Іш сүзегі кезінде арнайы асқынуды анықтаңыз:

* дегидратация

*+ ішек перфорациясы

* тыныстың жедел жетіспеушілігі

* бауырдың жедел жетіспеушілігі

* бүйректің жедел жетіспеушілігі

!23 жастағы ер адам, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді.

Іш сүзегіне тән терідегі бөртпе сипаты:

* петехиалді

* эритема

* дақты-папулезді

*+ розеолалар

* везикулалар

!45 жастағы әйел адам, аурудың 5-ші күнінде үйінде аймақтық дәрігерге қаралды. Қарау кезінде: дене қызуы – 38,50С, жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, тілі ісінген, тілінде тісінің іздері бар. Іші кебінген, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, ішектері құрылдап және перкусия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, іштің қатуы айқындалған.

Қай ауру туралы ойлауға болады?

* жедел дизентерия

* сальмонеллез

* тырысқақ

*+ іш сүзегі

* листериоз

!35 жастағы ер адам, аурудың 7-ші күнінде дене қызуының көтерілуіне, қатты бас аурына, әлсіздікке, бөртпелердің шығуына шағымданды. Қарау кезінде: дене қызуы – 39,00С, жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, тілі ісінген, тілінде тісінің іздері бар. Іші кебінген, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, ішектері құрылдап және перкусия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, іштің қатуы айқындалған. Болжамалы диагноз: Іш сүзегі.

Іш сүзегіне тән классикалық қызба қисығы:

*+ трапеция тәрізді (Вундерлих*

* 3-күндік

* ұстама тәрізді

* субфебрильді

* дұрыс емес пішінді

!25 жастағы әйел адам, табиғатқа шығып серуеннен кейін жедел ауырды. Дене қызуы 39,2оС, қалтырау, бас ауру, бас айналу, әлсіздік мазалайды. Бір рет құсқан. Кейін іштегі бүріп ауру сезімі, сұйық нәжіс, алғышқыда нәжіспен, кейін көп мөлшерде, ал екінші күннен бастап үлкен дәреті нәжістік сипатынсыз, шырыш пен қан аралас, күніне 20 рет болды. Тенезмдер мен жалған шақырулар қосылған.

Науқастағы АІЖ зақымдануының тән синдромды атаңыз:

* гастрит

*+ колит

* энтероколит

* гастроэнтерит

* гастроэнтероколит

 

! 35 жастағы әйел адам, жедел ауырды. Дене қызуы 38,2оС, қалтырау, бас ауру, бас айналу, әлсіздік мазалайды. Бір рет құсқан. Кейін іштегі бүріп ауру сезімі, сұйық нәжіс, алғашқыда нәжіспен, кейін көп мөлшерде, ал екінші күннен бастап үлкен дәреті нәжістік сипатынсыз, шырыш пен қан аралас, күніне 20 рет болды. Тенезмдер мен жалған шақырулар қосылған. Болжамалы диагноз: Жедел дизентерия. Ректороманоскопия жасалынған.

Ректороманоскопия кезінде ішектегі патоморфологиялық өзгерісті атаңыз:

* жаралы -некрозды проктосигмоидит

*+ катаралді-эрозивті проктосигмоидит

* фибринозды-некрозды проктосигмоидит

* жаралы проктосигмоидит

* катаралді проктосигмоидит

!40 жастағы ер адам, бас ауыруына, әлсіздікке, іштің ауыру сезіміне, 10 ретке дейінгі жиі іштің өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. 20 күн бойы ауырады: тәулігіне 5 рет іштің өтуі, іштің ауыру сезімі, субфебрилді температура мазалаған. Түскен кезде: жағдайы қанағаттанарлық, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, соқыр ішектің тығыздануы анықталады. Нәжісі сұйық, қан қосылған, шыны тәрізді.

Ықтимал диагноз?

* жедел дизентерия

* сальмонеллез

* тырысақ

*+ амебалық дизентерия

* иерсиниоз

! 25 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, құсу (бір рет* пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған* болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған. Ықтимал диагноз: Жедел дизентерия

Қандай негізгі клиникалық синдромдар диагноз қоюға мүмкіндік береді:

* энтериттік және дегидратациялық

*+ колиттік және интоксикациялық

* дегидратациялық

* қызбалық

* диареялық

! 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналасындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты.

Болжама диагнозыңызды анықтаңыз:

* сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант

*+ жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі

* жедел дизентерия, колиттік түрі

* тағамдық токсикоинфекция

* эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

!24 жастағы ер адамға «Жедел дизентерия, колиттік түрі, жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған. Даяшы қызметін атқаратындығы анықталды.

Сіздің тактикаңыз?

*+ эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

* үй жағдайында емдеу

* асқазанды жуу, жағдайы жақсарғанда – амбулаторлық жағдайда емдеу

* клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

* антибиотиктерді тағайындау және амбулаторлы жағдайда тексеру

!39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы пайда болған, бір рет құсқан. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі болған (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған*. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған. Ықтимал диагноз: жедел дизентерия

Науқасты емдеуге этиотропты препаратты таңдаңыз:

* доксициклин

* пенициллин

* неомицин

* +ципрофлоксацин

* цефтриаксон

! 25 жастағы әйел адам, қыркүйек айында Пәкістаннан келген. Келесі күні – жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Т - 360С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының тырысуы, даусының шықпай қалуы мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозарған, акроцианоз, құрғақ. Бет-әлпеті қатайған. Жүрек үндері тұйықталған. АҚ – 90/60 мм сын.бағ. Іші қабысқан. Диагнозы: Тырысқақтың ықтимал жағдайы.

Тырысқақ ауруының патогенезінің негізгі тізбегі:

* аш ішектің шырышты қабатының қабыну реакциясы

* +энтероциттердің ферментті жүйесінің зақымдалуы

* гемоколит

* токсинемия

* гепатоциттердің некрозы

!25 жастағы әйел адам, қыркүйек айында Өзбекістанда бір апта сапарда болып, келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36оС. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм.с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.

Сіздің диагнозыңыз:

* сальмонеллез

* иерсиниоз

*+ тырысқақ

* тағамдық токсикоинфекция

* ботулизм

!25 жасар әйел адам, қыркүйек айында Өзбекістанда бір апта сапарда болып, келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.

Науқаста қандай асқыну дамыды:

* ТШҚҰ-синдромы

* +гиповолемиялық шок

* инфекциялық-токсикалық шок

* кардиогенді шок

* анафилактикалық шок

 

! 30 жастағы әйел адам, Пәкістанда сапарда болып келген, келесі күні – жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Т - 360С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Диагноз: Тырысқақтың ықтимал жағдайы. Тырысқақтың гиповолемиялық түріне тән симптомды анықтаңыз:

* құсу

* қызба,

* шырыш пен қан араласқан сұйық нәжіс

* +сұйық су сияқты нәжіс

* тенезмдер

!30 жастағы әйел, Пәкістанда сапарда болып келген, келесі күні – жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Т - 360С. Тырысқақ ықтимал диагнозы қойылған. Тырысқаққа тән нәжістің сипаты табыңыз:

* көп мөлшердегі жағымсыз иісті, батпақ балдырлы түсті нәжіс

*+ «күріш қайнатпасы» тәрізді

* шырышты қан аралас

* «таңқурай желесі» тәрізді

* сұйық, көп мөлшерде, қорытылмаған тағам қалдықтарымен

!Жұқпалы аурулар аурханасына 12 адам жоғары қызбаға, әлсіздікке, жүрек айнуға, көп реттік құсу мен жиі шырыш аралас, қошқыл жасыл түсті сұйық нәжіске шағымданып түсті. Пальпация кезінде – эпигастрии, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы анықталады. Эпид.анамнезі: барлық науқастар әр түрлі уақытта тауықтан жасалған тамақты бір жерде тамақтанған. Ықтимал жағдай: сальмонеллез, гатсроинтестиналді формасы, гастроэнтериттік нұсқасы диагнозы қойылған. Сальмонеллез кезіндегі жасырын кезеңнің ұзақтығы:

* 6-12 сағат

* +24-72 сағат

* 3-4 күн

* 5 күн

* 7 күн

! 20 жастағы ер адам, жатақханада тұрады. Кенеттен дене температурасының көтерілуі, қалтырау, бамс ауру, әлсіздік, көп реттік құсу мен кіндік аймағының ауру сезіміне шағымданып түсті.10 рет көп көлемді сипатта сұйық нәжіс байқалған. Ықтимал диагноз: Сальмонеллез. Сальмонеллезге тән асқазан –ішек жолдарының зақымдану синдромын табыңыз:

* гастрит

* колит

* энтероколит

*+ гастроэнтерит

* гастроэнтероколит

! 20 жастағы ер адам, студент, жатақханада тұрады. Кенеттен жүрек айну,бас айналу, дене температурасы 39°Сқа дейін көтерілу мазалады. Бір рет көп көлемді сипатта сұйық нәжіс байқалған, содан кейін кенет дене температурасы 35°С дейін түсіп, суық тер пайда болды. Объективті тексергенде: тамыр соғысы анықталмайды, қан қысымы тез түсіп кетті. Тахикардия 120 рет/мин. Ықтимал диагноз: Сальмонеллез.

Аурудың қандай асқынуы дамыды:

* ішектен қан кету

* гиповолемиялық шок

*+ инфекциялық-токсикалық шок

* перитонит

* ішек перфорациясы

 

! Жұқпалы аурулар ауруханасына бір отбасыдан шыққан 4 адам дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтырау, бас ауру, әлсіздік, жүрек айну, көп реттік құсуға, жиі шырыш аралас, жасыл түсті сұйық нәжіске шағымданып келіп түсті. Пальпация кезінде – эпигастрий аймағы мен тоқ ішек бойымен ауырсыну байқалады. Эпид.анамнез: аурудың бір күн бұрын кешке қарай тауықтан жасалған гриль жегені анықталды. Сальмонеллез бен дизентерия ауруларына ажыратпалы диагноз жүргізіліп жатыр.

Сальмонеллез патогенезін дизентерия патогенезінен ажырататын сатысы:

* экзотоксиннің әсері

*+ бактериемия

* жүйке жүйесінің зақымдалуы

* инвазивті диарея

* ферментативті бұзылыстар

! 20 жастағы ер адам, студент, жатақханада тұрады. Кенеттен жүрек айну,бас айналу, дене температурасы 39°Сқа дейін көтерілу мазалады. Бір рет көп көлемді сипатта сұйық нәжіс байқалған, содан кейін кенет дене температурасы 35°С дейін түсіп, суық тер пайда болды. Объективті тексергенде: тамыр соғысы анықталмайды, қан қысымы тез түсіп кетті. Объективті: пульс пен АҚ анықталмайды. Тахикардия 120 рет минутына.

Болжама диагноз және оның асқынуы:

*+ сальмонеллез, инфекциялық-токсикалық шок

* сальмонеллез, гиповолемиялық шок

* тырысқақ, гиповолемиялық шок

* іш сүзегі, инфекциялық-токсикалық шок

* тағамдық токсикоинфекция, гиповолемиялық шок

!19 жастағы ер адам, жедел ауырған: кенеттен жүрек айну, бас айналу, дене температурасы 38,5°С-қа дейін көтерілу, қалшылдау, әлсіздік, көп реттік құсу, кіндік пен оң жақ мықын аймағында ауырсыну мазалады. 15 ретке дейін көп көлемді, жасыл түсті сұйық нәжіс байқалған. Болжама диагноз: Сальмонеллез.

Сальмонеллездің гастроинтестиналді формасының патогенезінің негізгі тізбегі:

*+ катаралді гастроэнтерит

* ұзаққа созылған бактериемия және токсинемия

* токсикалық энтерит

* жаралы проктосигмоидит

* гепатоциттердің дистрофиясы

! 45 жастағы ер адам, аурудың 10-ші күнінде қатты бас ауруына, барлық күндері дене қызуының субфебрилдіден жоғарғы сандарға дейінгі көтерілуіне шағымданып келді. Қарау кезінде: дене қызуы – 39,60С, қуатсыздық, тежелген, бозарған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Ішінің тері жамылғысында – бірен- саран розелолалар. АҚ – 90/60 мм сын.бағ., ЖСЖ-78 рет минутына. Іші кепкен, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, ішектері құрылдап және перкусия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бауыр +1,0 см. Нәжісі ботқа тәрізді, 1 рет. Іш сүзегі мен сальмонеллездің жайылған түрімен ажыратпалы диагноз жүргізілуде.

Іш сүзегі мен сальмонеллездің жайылмалы түрінің патогенезінің ұқсас тізбегін көрсетіңіз:

*+ ұзаққа созылған бактериемия және эндотоксинемия

* дегидратациялық шоктың дамуы

* ішек инервациясының бұзылуы

* ішектің дисбактериозының дамуы

* гранулематозды колит

! 37 жастағы ер адамда дәмі өзгерген тағамдарды қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң қайталамалы құсу, асқазан тұсындағыі ауыру сезімі, әлсіздік пайда болған. Нәжісі «ботқа» тәрізді. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң жағдайы тез жақсарды. «Тағамдық токсикоинфекция» диагнозы қойылған.

Тағамдық токсикоинфекциядағы АІЖ зақымдануының синдромын анықтаңыз:

*+ гастрит

* колит

* энтероколит

* гастроэнтерит

* гастроэнтероколит

! 37 жастағы ер адамда дәмі өзгерген тағамдарды қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң қайталамалы құсу, асқазан тұсындағыі ауыру сезімі, әлсіздік, сұйық нәжіс пайда болған. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң жағдайы тез жақсарды. «Тағамдық токсикоинфекция» диагнозы қойылған.

Тағамдық токсикоинфекцияға тән нәжістің сипатын көрсетіңіз:

* көп мөлшерде, жағымсыз иісті, балдыр түстес

* аз мөлшерде шырышты, қан аралас

* сұйық, қорытылмаған тағам қалдықтарымен

*+ сұйық, көп мөлшерде, «ет жуындысы» тәрізді

* сұйық, «күріш қайнатпасы» тәрізді

! Тағамдық токсикоинфекция кезіндегі орташа ауырлықтағы науқасқа көрсетілетін алғашқы шара:

* антибактериалді терапия

* жүрек-қан тамырларының дәрілері

*+ асқазанды шаю

* тамыр ішіне тұзды ерітінділер

* ферменттер

! 37 жастағы ер адамда дәмі өзгерген тағамдарды қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң қайталамалы құсу, жиі іш өту, іштегі ауыру сезімі, әлсіздік, гипотония пайда болған. Нәжісі сулы, көп мөлшерлі, «ет жуындысы» тәрізді. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң жағдайы тез жақсарды.

Қандай диагноз туралы ойлауға болады:

* иерсиниоз

* дизентерия

*+ тағамдық токсикоинфекция

* токсикалық энтерит

* амебиаз

! Жанұяда бір уақытта екі адам ауырып қалды. Клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтері ботулизм диагнозына тән.

Ботулизм үшін тән эпидемиологиялық фактор:

* жәндіктің шағуы

* сапасыз ет өнімін пайдалану

*+ үй жағдайында консервіленген тағамды пайдалану

*кондитер өнімдерін пайдалану

* шикі суды пайдалану

! Ботулотоксинің адам организміне әсері:

* миды зақымдайды

* ішектің лимфоидты аппаратының зақымдалуы

* аш ішектің нервтерінде қабыну реакциясының дамуы

*+ холинергиялық нерв ұштарынан ацетилхолиннің бөлінуін тежейді

* бұлшық еттердің тетаникалық тырысуын шақырады

! Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, дауысының қарлығуы, жұтынуының қиындауы, кенеттен айқын ентігу пайда болған.

Қандай диагноз туралы ойлауға болады

* сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция

*+ ботулизм

* дизентерия

* тырысқақ

! 30 жасар ер адам, ауруының 4-ші күнінде терапевт дәрігерге қаралған. Клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтері ботулизм , орташа дәрежесі диагнозына тән. Асқынуы жоқ. Дәрігердің тактикасы:

* амбулаторлы ем және динамикада байқау

* неврология бөлімшесіне госпитализациялау

* терапия бөлімшесіне госпитализациялау

*+ жұқпалы аурулар бөлімшесіне госпитализациялау

* қарқынды терапия бөлімшесіне госпитализациялау

! Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, дауысының қарлығуы, жұтынуының қиындауы, кенеттен айқын ентігу пайда болған. «Ботулизм» диагнозы қойылған.

Ботулизмге тән негізгі синдромды анықтаңыз:

* диспепсиялық

* артралгиялық

* грипптәрізді

*+ офтальмоплегиялық

* астеновегетативті

! 33 жастағы әйел адам, ауруының 2-ші күнінде аузының құрғауына, жүрек айнуына, әлсіздікке, заттардың екі еселенуіне және көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып түсті. 2 күн бұрын қонақта консервіленген помидорлар жегеннен кейінгі күні әлсіздік, аузының құрғауы, ішінің ауырсынуы, 2 рет құсу пайда болды. Ауруының екінші күні – көз алдында «тордың» пайда болуы, заттардың екі еселенуі қосылды. Түскен кезде: есі анық, екі көзінің птозы, даусының шықпай қалуы. Жұмсақ таңдайы әлсіз фонацияланады. Іші кернелген, іштің перистальтикасы естілмейді. Үлкен дәреті болған жоқ. Ықтимал диагноз: Ботулизм.

Ботулизмді дәлелдейтін ерекше клиникалық белгілер:

* әлсіздік

*+диплопия, птоз

* іштің кебуі, іш қату

* жүрек айну, құсу

* эпигастрий аймағының ауру сезімі

! 33 жастағы әйел адам, ауруының 2-ші күнінде аузының құрғауына, жүрек айнуына, әлсіздікке, заттардың екі еселенуіне және көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып түсті. 2 күн бұрын қонақта консервіленген помидорлар жегеннен кейінгі күні әлсіздік, аузының құрғауы, ішінің ауырсынуы, 2 рет құсу пайда болды. Ауруының екінші күні – көз алдында «тордың» пайда болуы, заттардың екі еселенуі қосылды. Түскен кезде: есі анық, екі көзінің птозы, даусының шықпай қалуы. Жұмсақ таңдайы әлсіз фонацияланады. Іші кернелген, іштің перистальтикасы естілмейді. Үлкен дәреті болған жоқ. Диагнозы: Ботулизм.

Науқасқа көрсетілетін бірінші кезектегі көмек:

* антибактериалді терапия

* жүрек-қан тамырлық дәрілер

*+асқазанды шаю, жоғары сифонды клизмалар

* тұзды ерітінділерлерді вена ішілік енгізу

* поливалентті ботулизмге қарсы сарысуды енгізу

! 33 жастағы әйел адам, ауруының 2-ші күнінде аузының құрғауына, жүрек айнуына, әлсіздікке, заттардың екі еселенуіне және көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып түсті. 2 күн бұрын қонақта консервіленген помидорлар жегеннен кейінгі күні әлсіздік, аузының құрғауы, ішінің ауырсынуы, 2 рет құсу пайда болды. Ауруының екінші күні – көз алдында «тордың» пайда болуы, заттардың екі еселенуі қосылды. Түскен кезде: есі анық, екі көзінің птозы, даусының шықпай қалуы. Жұмсақ таңдайы әлсіз фонацияланады. Іші кернелген, іштің перистальтикасы естілмейді. Үлкен дәреті болған жоқ. Ықтимал диагноз: Ботулизм, ауыр ағымды.

Ботулизмнің арнайы еміне кіреді:

* алғашқы көмекті көрсеткеннен кейін амбулаторлы түрде емді жалғастыру

* регидратация

* асқазанды шаю, жоғары сифонды клизмалар

*+ ботулотоксинге қарсы поливалентті сарысу енгізу

* ботулотоксинге қарсымоновалентті сарысу енгізу

! Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, дауысының қарлығуы, жұтынуының қиындауы, кенеттен айқын ентігу пайда болған. Болжама диагноз: Ботулизм, ауыр ағымды.

Көрсетілетін шұғыл көмек:

* қан құю

* гормон енгізу

*+ өкпені жасанды желдендіру

* прозерин енгізу

* адреналин енгізу

! 30 жасар ер адам, 5 күн бойы ауырады. Субфебрилді дене қызуына, әлсіздік, буындарының ауырсынуына, бас айналу, тәбетінің болмауына, жүрек айнуына шағымданады. Бүгін терісінің сарғайғанын байқады. Анамнезінде: 4 ай бұрын қуыстық операция кезінде гемотрансфузия жасалғаны анықталды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, босаң, қарым-қатынасқа қиналып түседі, «кофе тәрізді» құсық, терісінде нүктелі геморрагиялар. Бауыры қабырға доғасы бойында, ауырсынады. Зәрінде – макрогематурия. Ықтимал диагноз: Жедел вирусты гепатит В, ауыр ағымды.

Жедел В вирусты гепатиттің ауырлық критериі:

* анорексия

* айқын сарғаю

* қатты тері қышуы

* буындарының ауырсынуы

*+ геморрагиялық синдром

! 25 жасар ер адам, 7 күн бойы ауырады. Айқын әлсіздікке, буындарының ауырсынуына, бас айналу, тәбетінің болмауына, жүрек айнуына шағымданады. Бүгін терісінің сарғайғанын байқады. Анамнезінде: 2 ай бұрын тісін емдеткен. Түскен кезде: жағдайы орташа ауырлықта, көңілсіз, қарым-қатынасқа жақсы түспейді, тері мен склерасы сарғайған. Бауыры қабырға доғасы бойында, ауырсынады. Зәрінің түсі қарайған, нәжісі – түссіз. Ықтимал диагноз: Жедел вирусты гепатит В, отраша ауырлықта.

Вирусты гепатиттерде ауырлықты анықтайтын симптомдар:

*+ интоксикация симптомдары

* буындарының ауырсынуы

* ахолиялық нәжіс

* холурия

* сарғаю

! Жүкті әйел, 25 жасар, Қырғызстаннан келген, қазан айында ауырды. Ауруы әлсіздікпен, жүрек айнуымен, тәбетінің төмендеуімен, асқазан тұсындағы ауырсыну сезімімен көрінген. Ауруының 6-шы күні сарғаю басталғанда жалпы жағдайы нашарлаған. Көбінесе қайнатылмаған су ішеді, тасымалданған суды қолданады.

Клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер қай вирусты гепатиттерге күмән туғызады:

* А

* В

* С

*+ Е

* Д

!Аймақтық дәрігердің территориясында вирусты гепатит А науқасының ошағы анықталды. Науқасқа әр апта сайын дәрігерлік қарау (сұрастыру, терісі мен шырышты қабаттарын қарау, термометрия, бауыр пальпациясы* жүргізіледі.

Қарым-қатынаста болған адамдарды бақылау мерзімі:

* 15 күн

*+ 35 күн

* 21 күн

* 45 күн

* 28 күн

! Жедел вирусты гепатиттің өршу кезеңінде бауырдың көлемінің тез кішіреюі мен оның ауыруы қандай асқынуға тән:

* холангит

* сауығу

* созылмалы гепатит

*+ бауырдың жедел жетіспеушілігі+

* өт шығару жолдарының дискинезиясы

! Вирусты гепатиттерде ауырлық дәрежесін көрсететін биохимиялық синдромды анықтаңыз:

*+ цитолиз

* холестаз

* гипергликемия

* диспротеинемия

* мезенхималді-қабыну синдромы

! 25 жасар ер адам, аймақтық дәрігерге әлсіздікке, жүрек айнуына, оң жақ қабырға доғасының ауырсыну сезіміне, шағымданып келді. Екі күн бұрын жедел ауырған. Тері жамылғысы мен шырышты қабаттарының сарғаюы жоқ. Зәрі сарғыш, нәжісі қоңыр түсті. Анамнезінде: 10 күн бұрын 6 жасар баласы жұқпалы аурулар ауруханасына Вирусты гепатит А диагнозымен госпитализацияланған.

Вирусты гепатиттің ерте диагностикасында қолданылатын ең ақпаратты биохимиялық тест:

* анти-HAV

*+ гиперферментемия

* билирубиннің жоғарлауы

* сулема сынамасының төмендеуі

* нәжісте стеркобилиннің болуы

! 40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына «Жедел вирусты гепатит В, холестатикалық формасы, орташа дәрежесі» диагнозымен жатқызылған.

В вирусты гепатитінің холестатикалық формасының биохимиялық көрсеткіштері:

*+ билирубиннің тікелей фракциясы есебінен жоғарлауы

* сулема титрінің өсуі

* тимол сынамасының жоғарлауы

* холестериннің төмендеуі

* АЛТ жоғарлауы

! Вирусты гепатиттердің мезенхималді-қабыну синдромын сипаттайтын лабораториялық критериі:

* АСТ белсенділігінің төмендеуі

* АЛТ белсенділігінің жоғарлауы

* альбумин деңгейінің төмендеуі

*+ тимол сынамасының жоғарлауы

* холестерин деңгейінің жоғарлауы

! Аймақтық дәрігердің жолдамасымен жұқпалы аурулар ауруханасына 20 жастағы әйел адам «Вирусты гепатит А, орташа дәрежесі» диагнозымен жіберілген.

Вирусты А гепатитінің жедел кезеңіндегі базисті терапия:

* режим, №5 емдәм, гепатопротекторлар

* №5 емдәм, антибиотиктер, гепатопротекторлар

* режим, №5 емдәм, ферменттер

* №5 емдәм, гепатопротекторлар, өт айдағыш препараттар

*+№5 емдәм, режим, көп сұйықтық ішу

! 20 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар ауруханасына «Вирусты гепатит А, сарғаю кезеңі, орташа дәрежесі» диагнозымен жатқызылған. ВГ маркерлеріне ИФА тағайындалған.

Вирусты А гепатиттің жедел сатысында анықталатын иммунологиялық маркер:

* HВsAg

* HВeAg

* НВс Ag

* anti HAV IgG

*+ anti HAV IgM

! 30 жасар ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасына «Жедел вирусты гепатит С, орташа дәрежесі» диагнозымен жатқызылған. ВГ маркерлеріне ИФА тағайындалған.

Жедел вирусты С гепатиттің маркерлерін көрсетіңіз:

*+ antiHCVIgM

* antiHCVtotal

* antiHBcorIgM

* antiHBcortotal

* HBsAg

! 35 жасар ер адам аймақтық дәрігерге вирусты гепатиттің ИФА маркерлерінің нәтижелерімен қаралды.

ВГВ вирусының белсенді репликациясын көрсететін маркерін таңдаңыз:

* HBsAg

*+ HBeAg

* anti HDV

* anti HB cor total

* anti HB cor Ig M

! 53 жастағы ер адам, емханаға әлсіздік, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, құсу, зәр түсінің өзгеруіне, терісінің аздап қышыну сезіміне шағымданып келді. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, терісінде аздап қасыну іздері мен сарғаюы бар. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іш жұмсақ, бауыры қабырғы доғасынан 3,0 см шығып тұр. Шеті жұмсақ эластикалы, аздап ауырсынады. Көкбауыр пальпацияланбайды. Зәрі қарайған, нәжісі түссізденген. Эпид.анамнез: 2 ай бұрын ұзақ уақыт бойы стоматолог дәрігерде емделген. Вирусты гепатит диагнозына күмәнданып жатқызылған.

Вирусты гепатиті бар науқастағы интоксикация синдромының клиникалық көріністері:

* дене қызуының жоғарлауы, гепатомегалия, оң қабырға астында ауырсыну

* тері жамылғылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттардың сарғаюы, зәрдің қоюлануы, нәжістің түссізденуі

* басының қатты ауыруы, есінің бұзылуы, жайылған тырысулар

* шөлдеу, тері тургорының төмендеуі, аяқтарының бұлшықеттерінің тырысулары

*+ әлсіздік, тәбетінің болмауы, ұйқысыздық, жүрегі айну, құсу

! Аймақтық дәрігер науқас әйелде «Жедел вирусты гепатит» диагнозына күмәнданды.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлы зерттеу қажет:

* жалпы зәр анализі

* жалпы қан анализі

*+ трансаминаз деңгейлерін анықтау

* қан сарысуындағы иммуноглобулин деңгейін анықтау

* қан сарысуының ақуыздары мен ақуыз фракцияларын зерттеу

! Ер адам, 43 жаста, 10 күн бойы ауруханада Вирусты гепатит «В» деген диагнозымен жатқан. Шағымдары: қатты әлсіздік, тамақтан кейін құсу. Қарап тексергенде: есі сақталған, эмоционалді лабилді, тежелген, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде жауаптары дұрыс емес, түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы жоғарлаған, бауырының көлемі өзгермеген, қабырға доғасынан +2 см. Жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі минутына 90 рет, АҚ -100/70 мм.сын.бағ. зәрі күңгірттенген, нәжісі түссізденген.

Қандай асқыну туралы ойлануға болады?

* вирусты гепатитВ, ауыр ағымы

* бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома I

*+ бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома II

* бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома I

* бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома II

!16 жасар қыз бала, жедел ауырған: дене температурасы- 38°С, жоғары температура кезінде тершеңдік байқалады. Тәбеті сақталған. Соңғы 2 күн ішінде буындарының ауруы пайда болған. Эпид.анамнезі:қаланың шетінде тұрады. Үйінде қой, ешкі, сиыр ұстайды. Объективті: дене температурасы -37,8 °С. Белсенді. Интоксикация симптомдары айқын емес. Буындары сырттан қарағанда өзгермеген. Тері жамылғысы ылғалды. Бауыры және көкбауыры қабырға доғасынан 2 см-ге шығыңқы, ауырсынбайды. Барлық топ лимфа бездері ұлғайған, ауру сезімсіз. Диагнозы: Жедел бруцеллез.

Жедел бруцеллездің ұзақтығы:

* 10-14 күн

* 15-30 күн

*+ 3 айға дейін

* 3 айдан 6 айға дейін

* 6 айдан 12 айға дейін

! Ер адам 39 жаста, урологқа орхоэпидидимитіне байланысты қаралған. Тексеру кезінде: Райт реакциясы 1:400. Жұқпалы аурулар ауруханасына «Жеделдеу бруцеллез» диагнозымен емделуге жіберілді.

Жеделдеу бруцеллездің ұзақтығы:

* 10-14 күн

* 15-30 күн

* 3 айға дейін

*+ 3 айдан 6 айға дейін

* 6 айдан 12 айға дейін

 

! Әйел адам, 35 жасар, мал дәрігері, бел аймағының ауыруына, оң жақ сирақ-табан буынының ісінуіне және қозғалыстарының шектелуіне шағымданады. Ұзақ уақыт невропатолог пен терапевте емделген, айқын әсері болмаған. 4 жыл бойы гинекологта екіншілік бедеулік бойынша есепте тұрады. Үнемі тершеңдік, қызба мазалайды, бірақ дене температурасы 37,3о С- тан аспайды. Жарты жыл бұрын бел аймағының ауыруы, сосын оң жақ сирақ-табан буынының ісінуі және қозғалыстарының шектелуі қосылған. Диагнозы: Біріншілік- созылмалы бруцеллез.

Созылмалы бруцеллездің ұзақтығы:

* 1 айға дейін

* 2 айға дейін

* 3 айға дейін

* 3 айдан 6 айға дейін

*+ 6 айдан ұзақ

! Эндемиялық аймақтағы жедел бруцеллездің ағым ерекшеліктері.:

* ОЖЖ- нің зақымдануы

*+ ошақтық көріністердің ерте дамуы

* жыныс мүшелерінің зақымдалуы

* бедеуліктің дамуы

* үрдістің созылмалылығы

! Н.Д.Беклемишев бойынша латентті бруцеллез – бұл (толық жауапты табыңыз*:

* қанда қоздырғыштың анықталмауы және клиникасының болмауы

* қанда қоздырғыштың анықталуы, бірақ клиникасының болмауы

* клиникасы жоқ кезде, «оң» серологиялық реакция

* клиникасы жоқ кезде, «оң» аллергиялық сынаманың анықталуы

*+ клиникасы жоқ кезде, «оң» серо- және/немесе аллергиялық реакциялардың анықталуы

! Н.Д.Беклемишев бойынша біріншілік-созылмалы бруцеллез дегеніміз - бұл:

* жедел бруцеллезден кейінгі кезең

* жеделдеу бруцеллезден кейінгі кезең

*+ анамнезінде жедел кезеңі болмаған созылмалы бруцеллез

* клиникасы жоқ кезде, «оң» реакциялардың болуы

* созылмалы рецидивті инфекциялық процесс

! Н.Д.Беклемишев бойынша екіншілік-созылмалы бруцеллез дегеніміз - бұл:

*+ жедел және жеделдеу бруцелезден кейінгі дамитын аурудың түрі

* анамнезде жедел бруцеллез жоқ созылмалы бруцеллез

* клиникасы жоқ кезде, бруцеллездің «оң» реакцияларының болуы

* созылмалы қайталамалы инфекциялық процесс

* үздіксіз-ағымды инфекциялық процесс

! Жедел бруцеллезге тән гемограмма:

* анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

* лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы

*+ лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

* лейкоцитоз, нейтропения, ЭТЖ жоғарлауы

* лейкопения, лейкоформулланың солға ығысу, ЭТЖ жоғарлауы

! Әйел адам, 25 жасар, наурыз айында ауырған. Клиникалық- эпидемиологиялық мәліметтер (жоғары қызба, айқын тершеңдік, артралгиялар мен миалгиялар, кәуәпті жиі жейді*. Аймақтық дәрігер лабораторлық тексеру тағайындады. Бруцеллезде бактериологиялық зерттеу үшін алынатын материал:

*+ қан

* нәжіс

* зәр

* анқаның жағындысы

* жұлын сұйықтығы

! Ер адам, 25 жасар, наурыз айында жедел ауырған. Дене температурасы 38,50 С- қа көтеріліп, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну және құсу, ішінің ауруы, тәулігіне 3-5 рет іш өтуі, тамағының ауруы және құрғақ жөтел, буындарының, сүйектерінің ауруы, қалтырау және тершеңдік мазалаған. Қаладан ешқайда шықпаған, үйінде тамақтанады. Жеке үйде тұрады, үйінде ит және мысық ұстайды, кеміргіштердің ізін байқаған. Болжама диагноз: Ішектік иерсиниоз.

Иерсиниоз кезіндегі тасымалдаушылар:

* жабайы жануарлар

*+ ұсақ кеміргіштер

* кенелер

* шыбын-шіркейлер

* масалар

! Иерсиниозға аса тән жұғу жолы:

*+ тағам арқылы

* парентералді

* аэрогенді

* трансмиссивті

* вертикальді

! Мына аталғандардың қайсысы иерсиниоз кезіндегі эпиданемнезге тән:

* ет тағамдарын қолдану

*+ жуылмаған жеміс-жидектерді қолдану

* консервіленген тағамдарды қолдану

* үйде мысық ұстау

* шашлыкты қолдану

! Әйел адам, 25 жасар, сәуір айында жедел ауырған: дене температурасы 38,50 С- қа көтеріліп, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну және құсу, ішінің ауруы, тәулігіне 3-5 рет іш өтуі, буындарының, сүйектерінің ауруы, қалтырау және тершеңдік мазалаған. Қаладан ешқайда шықпаған, үйінде тамақтанады. Жеке үйде тұрады, үйінде ит және мысық ұстайды, кеміргіштердің ізін байқаған. Болжама диагноз: Иерсиниоз.

Науқаста иерсиниоздың қандай клиникалық түрі:

* ангинозды

* септикалық

*+ асқазан-ішектік

* геморрагиялық

* гепатиттік

! Листериозға диагноз қоюға көмектесетін әдіс қандай?

* аллергологиялық

* серологиялық

*+ бактериологиялық

* биологиялық

* патогистологиялық

! Листериоздың біріншілік-ошақты түрін атаңыз :

* гепатиттік

*+ менингоэнцефалиттік

* септикалық

* конъюктивалді

* біріншілік-жайылмалы

 

! 19 жастағы ер адам, 5 күн бұрын ауырған. Дене температурасының 39°С дейін көтеріліп, қалтырап, артро- және миалгиялар байқалған. Қарағанда: аңқада іріңді-некрозды баспа, мойын-жақастылық лимфаденит, гепатоспленомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде шикі көкөністерді (қырыққабат, сәбізді* салат ратінде жиі тағамға пайдаланатыны анықталған.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

* іріңді-некроздық баспа

* вирусты гепатит, сарғаю алды кезеңі

* созылмалы тонзиллит, өршу кезеңінде

*+ листериоз, ангинозды түрі

* иерсиниоз, абдоминалды түрі

! Грипп кезіндегі жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануына тән синдром:

* ринит

* фарингит

* ларингит

*+ трахеит

* пневмония

! Ер адам, 30 жаста «Грипп, типті ағымды, орташа ауырлықта» диагнозы қойылған.

Негізгі клиникалық синдром қандай?

*+ интоксикацилық

* катаралді

* эксикоз

* артралгиялық

* геморрагиялық

! 20 жастағы әйел адамда аздаған интоксикация белгілері, дөрекі жөтел байқалады.

Болжам диагноз:

* грипп

*+ парагрипп

* аденовирусты инфекция

* риновирусты инфекция

* респираторлы-синцитиалді инфекция

! Грипп кезінде тыныс жолдарының көбінесе қандай бөлігі зақымдалады?

* кеңірдек

* жұтқыншақ

* бронхты

*+ трахея

* альвеола

! Ер адам, 20 жаста, диагнозы «Грипп, типті ағымды, орташа ауырлықта».

Осы диагнозды дәлелдеуге қандай белгілер көмектеседі?

*+ айқын улану симптомдары

* аздаған интоксикация

* субфебрилді дене қызуы

* біртіндеп басталуы

* айқын катаральды белгілер

! Ер адам, 35 жаста, «Грипп, типті ағымды, орташа ауырлықта» диагнозы қойылған.

Жалпы қан анализіне қандай өзгерістер тән?

* лейкоцитоз

*+ лейкопения

* нейтрофилез

* эозинофилия

* ЭТЖ жоғарлауы

! Ер адам, 31 жаста, жедел ауырған, қалтырап, дене қызуы 39оC-қа дейін көтеріліп, бұлшық еттері мен буындары қақсап ауырған, мұрны бітеліп, тамағы жыбырлап ауырған. Ауруының 2-ші күні қарап тексерген кезде бетінің қызаруы, ісінуі, көз тамыры склерасының иньекциясы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, тахикардия байқалады.

Қандай ауру туралы ойлайсыз?

*+ грипп

* аденовирусты инфекция

* менингит

* парагрипп

* бөртпе сүзек

! Амебиаз кезіндегі инфекция көзі:

* амебиаздың жедел ішектік түрімен ауырған науқас

*+ цистотасымалдаушы

* созылмалы түрімен ауыратын науқас, ремиссия кезеңі

* терілік түрімен ауыратын науқас

* висцералді түрімен ауыратын науқас

! Амебиаз кезіндегі жұғу механизмі:

* аэрогенді

*+ фекальді- оральді

* трансмиссивті

* парентеральді

* контактілі

!Ер адам, 45жаста. Өзбекістанның оңтүстік аймағынан келген гастарбайтер, дәрігерге ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне және үлкен дәретінде қан аралас шырышқа шағымданып түсті. Үш апта бойы ауырады. Ампициллин, фурозолидон қабылдаған - нәтижесіз, дене қызуы жоғарыламаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сигма және жуан ішектің төмендеген бөлігінде спазм анықталды. Бауыры ұлғаймаған.

Ең ықтимал диагноз:

*+ амебиаз

* дизентерия

* сальмонеллез

* балантидиаз

* эшерихиоз

! Ер адам, 42 жаста, Үндістанға жиі барады. Ішектің дисфункциясына байланысты өздігінен үш ай антибиотик қабылдаған (қыркүйек және желтоқсан айлар аралығынд*. Ақпанның басынан қалтырап, дене температурасы 39 – 400-қа дейін жетіп, бір апта ұсталып тұрған. Жалпы әлсіздік, бас ауру, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалаған. Биохимиялық қан анализі қалыпты. ЖҚА: Л- 19х 109 , п -5, с- 75, э- 7, м – 5, л – 8, СОЭ -28 мм/сағ.

Ең ықтимал диагноз?

* іш сүзегі

* сальмонеллездің жайылмалы түрі

* Денге қызбасы

*+ бауырдың амебалық абсцессі

* висцералді лейшманиоз

! Ер адам, 45 жасар, гастроэнтерологқа ішінің ауруына және үлкен дәретінде қан аралас шырышқа шағымданады. Ауырғанына бір ай болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температурасы қалыпты. Ешқайда бармаған, көкөністерден дайындалған салат жейді. Ректороманоскопияда өзгермеген шырыш фонында жеке ойық жаралар көрінеді, түбі лайлы сарғыш жабындымен қапталған.

Бұл көрініс қай ауруға тән?

* бактериялық дизентерия

* спецификалық емес жаралы колит

*+ ішектік амебиаз

* сальмонеллез, гастроэнтероколиттік түрі

* ішектік шистосомоз.

! Ер адам, 45 жасар, гастроэнтерологқа ішінің ауруына және үлкен дәретінде қан аралас шырышқа шағымданады. Ауырғанына бір ай болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температурасы қалыпты. Ешқайда бармаған, көкөністерден дайындалған салат жейді. Ректороманоскопияда өзгермеген шырыш фонында жеке ойық жаралар көрінеді, түбі лайлы сарғыш жабындымен қапталған. Болжам диагнозы: Ішектік амебиаз.

Амебиаздың барлық түрінде универсалді әсері бар этиотропты препарат:

* тұз қышқылды эмитин

*+ метронидазол

* делагил

* ятрен

* дийодохин

! Ер адам, 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады, бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен, аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.

Ең ықтимал диагноз:

* жел шешек;

*+ қызылша

* қызамық;

* менингококкты инфекция.

* скарлатина

 

! Ер адам, 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады, бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен, аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады. Болжама диагноз: Қызылша.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін қолдану керек:

* преципитация реакциясы

*+ ИФА

* агглютинация реакциясы

* комплемент байланыстыру реакциясы

* иммуноблоттинг

 

! 19 жастағы әйел, дене қызуы 38 °С көтеріліп, жедел ауырған. Ринит, ларингит, конъюнктивит белгілері анықталады. 3 күннен кейін алғашында бетінде, кейіннен денесінде, соңында аяқ-қолында дақты-папулезді бөртпелер пайда болған.

Болжама диагнозыңыз?

*+ қызылша

* қызамық

* аллергиялық дерматит

* желшешек

* жәншәу

! Ер адам, 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады, бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен, аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады. Болжама диагноз: Қызылша.

Қызылшаға тән патогномиялық симптом:

* Киари-Авцын симптомы

*+ Бельский-Филатов-Коплик дақтары

* Мурсу симптомы

* «шымшу»симптомы

* Падалка симптомы

! Жүкті әйел, 28 жаста, (8-9 апт* ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесіндегі бөртпеге шағымданып келген. Анамнезінде, ауырғанына 3 күн болған, осы күндері әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе бүгілетін жерлерде майда дақты папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

* аллергиялық дерматит

* қызылша

* жел шешек

*+ қызамық

* иерсиниоз

! Жүкті әйел, 28 жаста,(8-9апт* ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Анамнезінде, ауырғанына 3 күн болған, осы күндері әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, активті. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе бүгілетін жерлерде майда дақты папулезді бөқртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады.Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Диагнозды дәлеледеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек: