D) Р тісшесінің екінші теріс фазасының жоғалуы

E) Р тісшесінің жарықшақтануы +

 

118. I дәрежелі атриовентрикулярлық блокаданың ЭКГдегі негізгі белгісі болып табылады:

А) QRS комплексінің түсіп қалуы

B) Р тісшесінің түсіп қалуы

C) P – Q интервалының ұзаруы +

D) Q – T интервалының ұзаруы

E) атриовентрикулярлық диссоциация

 

119. Ревматизмдік емес миокардитпен ауыратын науқаста ЭКГде P-Q интервалының 0,28 сек. дейін ұзаруы анықталды. Мұндай өзгеріс қандай ырғақ бұзылысына тән?

А) атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі +

B) блокада Мобитц I

C) блокада Мобитц II

D) толық көлденең блокада

E) синоаурикулярлық блокада

 

120. 60 жастағы ер адам Н. жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, қысқа мерзімде естен тануға шағымданады. Объективті: жүрек тондары тұнық, пульс 40 рет мин. ЭКГде: жүрек электрлік осінің солға ығысуы. Екі дербес ырғақ: жүрекше ырғағы – 80 рет мин және қарынша ырғағы – 40 рет мин. Р тісшесі ЭКГнің әр түрлі аймақтарында, QRS комплексіне тәуелсіз орналасқан, қарыншалық комплекс деформацияланған. Қандай ырғақ бұзылысы?

А) синусты аритмия

B) жыбыр аритмиясы

C) блокада Мобитц I

D) блокада Мобитц II

E) толық көлденең блокада +

 

121.Жүрек тұсында кенеттен, интенсивті түрдегі ауыру сезімі бар науқаста (клиникасына миокард инфаркты диагнозы қойылған) қысқа уақытқа есінен тану ұстамалары пайда болды.ЭКГ- да ұзақ уақыт аралығына PQRST жойылып кетіп, артынша синустық ырғақ қалыптасты, бірақ қайтадан PQRST жойылып кетеді. Осы есінен тану ұстамаларын қалай атайды?

A) ВольфаПаркинсонаУайт

B) Кончаловский-Румпель-Лееде

C) Самойлов-Венкебах-Торель

D) Морганьи-Адамс – Стокс +

E) Либман – Сакс

 

122. Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы кезінде қарыншалардағы ырғақ жүргізушісі:

А) синустық түйін

В) атриовентрикулярлық түйін

С) Гис шоғыры +

D) Пуркинье талшықтары

Е) жүрекше

 

123. Гис шоғыры тармақтары мен Пуркинье талшықтарындағы импульс жиілігі:

А) 60-80 рет минутына

В) 40-60 рет минутына

С) 20-40 рет минутына +

D) 80-100 рет минутына

Е) 300-400 рет минутына

 

124. Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы кезінде байқалады:

A) V5- V6 тіркемелерінде QRS комплексі кеңейген және деформацияланған және V1- V3 тіркемелеріндегі терең S тісшесімен SТ сегментінің көтерілуі +

B) V1- V2 тіркемелерінде QRS комплексі кеңейген және деформацияланған және V5- V6 тіркемелеріндегі кеңейген S тісшесі

C) V1 тіркеместінде R тісшесінің деформациясы мен кеңеюі және V6 тіркемесінде S тісшесінің кеңеюі

D) QRS комплексі 0.11 с

E) жүректің электр осінің оңға ығысуы

 

125. Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы ЭКГ белгісін көрсетіңіз:

А) жүректің электр осінің солға ығысуы

В) комплекс QRS > 0,12 сек және түрі V1-V2, III rSR типте +

С) QRS комплексі 0,11 сек

D) V1-V4 оң дельта толқын

Е) жүректің электр осінің күрт солға ығысуы

 

126. Электрокардиограммада Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы анықталды. ЭКГде қандай белгілер болады?

А) жүректің электр осінің горизонтальді бағыты

В) жүректің электр осінің күрт оңға ығысуы

С) жүректің электрлік осінің солға ығысуы және II тіркемедегі S тісшесінің амплитудасы > R тісшесінен +

D) оң кеуде тіркемелерінде qRs комплексі

Е) QRS комплексі 0,12 с

 

127. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы анықталды. ЭКГде қандай белгілер болады?

А) жүректің электр осінің айқын солға ығысуы

В) жүректің электр осі горизонтальді бағытта

С) сол кеуделік тіркемелерде qRs комплексі

D) жүректің электрлік осінің айқын оңға ығысуы және II стандарттық әкетуде R> S +

Е) QRS комплексінің ені 0,12 с

 

128. V1–V2 тіркемелерінде rSR1 түріндегі қарыншалық комплекстер болуы мүмкін:

А) Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасында +

В) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасында

С) синоаурикулярлы блокадада

D) толық көлденең блокадада

Е) сол қарынша гипертрофиясында

 

129. ЭКГ – да QRS > 0.12 сек., кеш R тісшесі V1–V2 тіркемелерінде қиғаш төмен ығысқан ST сегментімен және теріс T тісшесімен ұласқан, S тісшесі I, V5-V6 тіркемелерінде кеңейген. Дұрыс анықтаманы таңдаңыз.

А) пароксизмальді қарыншалық тахикардия

В) Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы+

С) жыпылықтаушы аритмия

D) Гисс шоғырының сол аяқшасының блокадасы

Е) жүрекшелер тыпырлауы

 

130. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән болатын ЭКГ белгіні көрсетіңіз:

А) жүректің электр осінің оңға ығысуы