Адамның жоғары деңгейдегі білімінің аясындағы педагогикалық акмеология

Акмеологияның теориялық негізі орыс философиясында, ал тәжірибелік негізі отандық медицинада, социологияда және психологияда салынды. Акмелық идеялар Н.И. Пирогов, В.М. Бехтерев, П.А. Сорокин, т.б ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Акмелық ойлар әсіресе әдебиетте (Н. Гумилев, А. Ахматова, С. Городецкий) айқын көрініс тапқан. А. Ахматова: «Мен акмеистке айналдым..., себебі біз өзімізді ХХ ғасыр адамы сезіндік және өткен ғасырда қалғымыз келмеді» деп жазған. Акмеисттік мектепті таңдау - жаңашыл, тым драмалы, әрі сайып келгенде, дүниені неғұрлым адамгершілік тұрғысынан сезінуді таңдау еді. Акмеисттердің талаптарының бірі – әлемге алғаш ашушы адамның көзімен қарау.

Ерте заман өмірбаяндарында «акме» сөзі ең жоғарғы нүкте, өркендеу уақыты, өмірдегі және шығармашылықтағы ең жемісті кезең деген мағыналарды берген. Көбінесе адамның өмірге келген және өмірден өткен даталарымен бірге оның «өркендеу кезеңінің» хронологиялық шекаралары да көрсетілетін болған. «Өркендеу кезеңі» жайлы ғылым – қазіргі заман акмеологиясын өз мүмкіншіліктерінің шырқау шегіне жеткен әртүрлі мамандық иелері мен олардың сол дәрежеде қанша уақыт тұрақтап қала алатындықтары қызықтырады. Акмеологияның басты мәселесі белгілі бір салада шығармашылыққа қолайлы өмір өткелдерінің бір кезеңі емес, ол адамның рухының жағдайы, адам өмірінің кез-келген шағын «гүлдену шағына» айналдыруға қабілеті бар.

«Акмеология» ұғымын ғылымға ең алғаш Н.А. Рыбников 1928 жылы жас ерекшелігі психологиясының арнайы тарауы – кемелдену немесе есею психологиясын белгілеу мақсатында енгізген болатын. Б.Г. Ананьев өзінің «Адам таным мәні ретінде» кітабында акмеологияның адам тану ғылымдары жүйесіндегі орны мен мәнін «педагогика-акмеология-геронтология» қатарына орналастырып көрсеткен болатын. Бұл жайт Б.Г. Ананьевтің адамның психофизиологиялық функцияларын, психикалық процесстерін, психикалық ерекшелігі мен күйін саралауда негізге алған даму қағидатымен анықталған. Б.Г. Ананьевтің пікірі бойынша, адамның онтогенетикалық дамуының түпкілікті өнімі болып оның өзінің өмір жолын терең ұғынып, оны өз бетімен құрастырып, өз өмір-шығармашылығының субъектісі болып қалыптасуы барысында өз даралығын табуы болып табылады.

А.А. Деркач Б.Г. Ананьевтің ғылыми шығармашылығын саралай отырып, мұұндай даралық әрбір жеке адамға тән ең маңызды тұлғалық, субьекттік және индивидтік ерекшеліктерді біріктіруші полижүйелі білім беруді айқындайды деп санайды. Сана мен өзіндік сана – адамның, Б.Г. Ананьевтің айтуы бойынша, әрқашан жұмыс істеп тұратын ішкі дүниесі. Адам ішкі дүниесі жұмысының нәтижесі адамның қоршаған әлемді және өзін-өзі тануына, осы кезде пайда болатын күйзелістерге әсер ете отырып, оған жасалып берілген немесе өзінің жасап алған жағдайындағы іс-әрекет пен мінез-құлқын жанамалайды (А.А. Деркач).

Б.Г.Ананьев құбылмалылық адамның өмір жолы бойында байқалып, тұлғалық қасиеттердің негізгі сипаттамасы болып табылатынын дәлелдей келе, тұлға дамуының қоғамдық функциялары, рөлі мен күйінің әркелкі, әрі гетерохронды ауысуында көрінетін тұлға ішкі қарама-қайшылықтарын атап өткен болатын. Б.Г. Ананьев «Адамның тұлға қасиетттерінің жеке құбылмалылығы оның (экономикалық, құқықтық, отбасылық, мектептік, т.б) статусының негізгі компоненттерінің өзара әрекетімен, ұжымдағы қарым-қатынас жүйесі мен рөлдердің алмасуымен, жалпы адамның қоғамдық қалыптасуымен анықталады» деп жазған болатын.

Адамды біртұтас жүйе ретінде зерттеуде кешенді әдісті қолдану арқылы Б.Г. Ананьев бұл әдіс адамның әрбір функциясының қалыптасуындағы сенситивті (сезімтал) кезеңдерді дәлірек анықтауға, әрбір қасиетті көздеп түзеуге, индивидтік, тұлғалық және субьективті-әрекетшілдік сипаттамаларды анығырақ есепке алуға, олардың өзара әрекеті бойынша тәрбиелеу және білім беру үдерісін қалыптастыруға, әрбір адамның дамуын акме дәрежесіне жеткізуге мүмкіндік береді деген тұжырымға келді. Б.Г. Ананьевтің ұстанымы бойынша, тәрбиенің белгілі бөлігі мен дамудың оған сәйкес жағының біріңғай біртұқымдас байланысында шоғырланған адамның әрқилы қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуының өзара байланысын зерттеу нәтижесінде оқыту мен тәрбие беруде тек жергілікті-бір желілі әсер әкеледі. Ал адам дамуының негізгі қасиеттерінің өзара байланысын зерттеу тұлғаның бойындағы оған әсер ететін күшті өзгерістерге жоспарлау, болжам жасау арқылы қол жеткізуге болады.

Б.Г.Ананьев және оның шәкірттерінің жүргізген кешенді зерттеулері адамның-индивидтің, тұлғаның, іс-әрекет-субъектісінің негізгі қасиеттері және олардың арасындағы психикалық құбылыстарды «іштей» детерминдіретін өзара байланысына қатысты мақсатты синтез болып есептеледі. Ананьевтің ғылыми мектебіндегі ересек адамдарды зерттеу адам кемелдену деп белгіленетін даму сатысынан өту кезінде көтерілу кезеңін де, салыстырмалы тұрақтылықты да, бастапқы инволюцияны да бастан кешіретіндігін айғақтайды. Осы ұстанымға байланысты Б.Г. Ананьев акмеологтарды жоғарыда айтылған мәселелер жиынтығы аумағындағы ересек адамның негізгі даму заңдылықтары мен қызмет етуін зерттеуге және акме феноменологиясын ғылыми айқындау, ондағы әртүрлі адамдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралау және акменің сандық-сапалық қасиеттерін анықтайтын факторлар әрекетін бақылау қажет деп есептей отыра, акмелогияның ерекше ғылыми құбылыс ретіндегі негіздерін жасап жасап шығаруға бағыттады.

Бүгінде акмеология қазіргі қоғамдық, кадрлық, кәсіби, білім беру, педагогикалық және басқа да көптеген мәселелерді шешудегі өзінің маңыздылығын дәлелдей келе жеке ғылым болып қалыптасты деп айтуға болады.

Соңғы отыз жылда қалыптасқан ғылыми дәстүр, негізінен, акмеологияның мазмұны мен міндеттерінің біріңғай түсінігін жасады (А.А Бодалев, А.А. Деркач, Е.А. Климов, Н.В. Кузьмина, И.Н. Семенов, Е.А. Суслова, Е.А. Яблокова, Н.В. Гончаренко). Акмеология – жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық және техникалық пәндер тоғысында пайда болған, адамның кемелдену сатысындағы дамуының, әсіресе дамудың шырқау шегіне жету заңдылықтары мен феноменологиясын зерттейтін ғылым.

Акмеология бастапқыда жас ерекшелік психологиясының тарауы ретінде қарастырылып, дамыды. Дегенмен, жоғарыда айтылып кеткендей, акмеологияның ғылыми мәртебесі оның нысаны - кемелденген адамның әртүрлі сипаттамаларының кең шоғыры емес, ең алдымен, оның кәсіби шеберлігі тұрғысынан адам өмірінің сан қилы жақтарын, оның тәрбиелену, білім алу жағдайын, кәсіби іс-әрекетін іске асыру тәсілдері мен технологиясын, оның кәсіби шеберлігінің артуына, кәсіби шеберліктің шыңына жетуге әсер ететін факторларды қарастырып жүргізген зерттеу жұмыстары болған кезде пайда болады. Осылайша, акмеология таза психология ғылымының шекарасынан шығып, социология және педагогика секілді басқа білім салаларында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, сонымен қатар белгілі кәсіби іс-әрекет пен өндіріс теориялары мен технологияларын жеке ұғымдарының негізінде біріктіре отырып үйренуіне, акмеологияның сүйенетін жеке ғылым салаларына тән емес арнайы теориялық және практикалық мақсаттарға бағытталған өзінің жеке әдіснамалық негіздеріне бет бұра отырып, жас ерекшелік психологиясының бір тарауы ретінде қарастырыла алмайды.

Сондықтан, акмеология жас ерекшелік психологиясының бір бөлігі ретінде қарастырылмайды, ол психология ғылымының шеңберінен алынады, ғылыми зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, басқада білім салаларынан алынған, мысалдарға назар аударсақ, әлеуметтану және педагогикада, сондай-ақ теорияны және нақты өндірістік технологияны зерделеуде, кәсіби әрекеттің түрлерін, оларды өз қолданыстарындағы түсініктері бойынша біріктіру, меншікті әдіснамалық негізде іске асыру, теориялық және тәжірибелік мақсаттың жетістігін айрықша көздеуде, өзіне тән емес ғылымдардан алынған мәліметтерді акмеология қолданады.

Атап өту қажет, акмеологияның зерттеу объектісі болып табылатын кәсіби әрекетті басқа ғылымдар да зерттеуде, яғни оны өзінің ерекше аспектілерінде және көздеген мақсаттарына жету үшін қарастырады.

Жалпы психология мотивациялық әрекеттің механизмдерін, аффекттік мінез-құлық ерекшеліктерін, адамның түрлі психикалық атқаратын қызметінің заңдылықтарын қарастырады; ойлау, қабылдау, ес және т.б.

Еңбек психологиясы адамдарда байқалатын психикалық процестердің өзгешеліктерін айқындайды, нақты көріністерден алынған кәсіби әрекет, және осы процестердің оңтайландырылған ұсыныстарын тұжырымдайды, сонымен қатар, түрлі психикалық қабілеттердің даму дәрежесіне қатысты келешек кәсіби мамандардың оқыту жүйесінде көрсетілген талаптарын анықтайды.

Еңбек әлеуметі жинақталған аспектідегі кәсіби әрекет үдерісіндегі әлеуметтік қатынастарды, дамуы мен заңдылықтарын, болжау және ықпал жасау тәсілдеріне өту үдерісін зерттейді.

Акмеология осы кешенде өзінің айрықша орнын алады. Өзінің басты міндеті ретінде әріқарай тәжірибеде қолданатын және кәсіби шеберлікті жетілдіруге қатысатын факторларды үйренуді алға қойып, өзінің жеке зерттеулерін жүргізіп, жоғарыда аталған «кәсіби шеберлік» деп аталатын негізгі ұғымның аясында пәндерді біріктіреді. Акмеологтар нақты кәсіби әрекеттің түрлі технологияларын талдайды, олардың ішінен тиімділері айқындалады, адамдардың кәсіби әрекеттерінің түрлі салаларына ең тиімді технологияларды енгізудің түрлі тәсілдерінің әдістемесі мен әдіснамалық негіздерін әзірлейді, сонымен қатар, психология мен педагогиканың мәліметтерін кеңінен қолданады.

Осы ғылымдардан акмеологияның маңызды өзгешелігі – акмеология мақсатты түрде кәсіби шеберлік пен оған ықпал ететін өзінің міндеті ретінде құрылымы бар және өзінің зерттеу пәні түріндегі факторларды бөліп айқындайды, кәсіби шеберліктің деңгейі мен нәтижелілігі кәсіби шеберліктің жүйелерін жоғарылату үшін негізгі ұғымдарды әзірлейді және жетілдіреді. Акмеология өзінің арнайы тәсілдерін әр нақты мамандыққа жобалайды. Мамандықтың өзін, оның технологиясын зерттеу – акмеологиялық зерттеудің қажетті құрамды бөлігі, онсыз қолданбалы акмеологиялық бағдарламалар жасалуы мүмкін емес.

Акмеологияның басқа ғылымдармен, әсіресе, психология және педагогикамен байланысы күрделі және әртүрлі. Психологиялық ғылымдар адамның психикасындағы объективті шындықта бейнеленген заңдылықтарын оның мамандығына, кәсіби әрекетіне, әрекетінің нәтижелілік деңгейіне қарамастан зерттейді. Психологияның қорытындыларын акмеология ескерегенмен, оларды тек кәсіби іскерлікте ғана қолданады.

Педагогика – нормативті ғылым, ол қағидаттарды және ережелерді тұжырымдайды, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, формаларын, амалдарын анықтайды, яғни, қалай істеу керек сұрағына жауап бермей, не істеу керек екенін белгілейді. Акмеология осы сұраққа жауап іздейді. Сондай-ақ, педагогика өзінің мамандығындағы тұлғаны биік шыңдарға бағыттамағандықтан, әрекеттің түзету мен жетілдірудің рационалды амалдарын, әрекеттің нәтижелі технологияларын анықтау, оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігін өлшеу тәсілдерін таппаған сипаттама ғылым.

Акмеология бұл салада көптеген жаңа технологияларды жасады, оларды эксперимент түрінде тексерді және елеулі нәтижелер алды. Педагогикадан өзгешелігі, акмеология тәжірибеде кәсіби ойды және әрекетті жетілдіруге және өзін-өзі кемелдендіруге негізделген бағдарламалар мен жабдықтарды ұсынады.

Акмеология тақырыбы – объективті және субъективті факторлар, кәсіби іскерліктің табысты шыңға көтерілуіне көмектесу және кедергі келтіру, шығармашыл мамандардың ұзақ өмір сүруін, келешек мамандардың кәсіби іскерлікті үйретудегі заңдылықтарын ұйымдастыру, өз әрекеттерін жетілдіру және түзету.

Объективті факторларға - тәрбие мен білімнің сапасы кіреді, ал субъективтіге – адамның таланты мен қабілеті, оның жауапкершілігі, біліктілігі, кәсіптік міндеттерді тиімді шеше алу икемділігі.

Сондай-ақ акмеология білімнің басты қайшылықтарын, болжамдарын және рұқсат етілген заңдылықтарын зерттейді: ғылыми теориялық және ғылыми практикалық ақпараттың үдемелі мөлшерін, бір жағынан, оны меңгеруге қажетті немесе жаңа ақпаратты жасауда уақытын, шығармашылық міндеттің басқа мен тиімді шешімін қамтамасыз етеді.

Сонымен, акмеология тәжірибеге өзі анықтайтын кәсіби әрекеттің тиімді параметрлері бойынша құрастырылған түрлі сипаттамалардың тек ұсыныстарын ғана емес, сонымен қатар, акмеологиялық өнім акмеолог-практиктермен жүзеге асырылатын параметрлеуге жету тәсілдерін ұсынады, сонымен қатар, оларды өзінің кәсіби шеберлік деңгейлік дәрежесін көтеру мақсатында әрі қарай қолдану үшін білім алушылардың қалауларынша тапсырылады.

Кәсіби шеберлік теорясы ретінде акмеология адам есеюуінің психология ғылымы емес, бірақ, кәсіби шеберлікті зерттей келе, оның адам өміріндегі әр түрлі кезеңіндегі қажетті, ерекшеленген және талданған шарттары мен факторлрына назар аударады, кәсіби шеберліктің призмасын қарастырып, оның қалыптасу кезеңіндегі кәсіби шеберліктің даму және жетілу және келешек кәсіби шебер ұрпаққа тапсырылуы түсіндіріледі. Дәл осы жағдай акмеологияны басқа психологиялық ғылыммен «өмірлік жолдың» психологиясымен жақындастырады, ол, сондай-ақ, адам өміріндегі барлық жағдайды қамтуға бағытталған.

Акмеология, сонымен, адам табиғатындағы максималды мүмкіндіктерді үйренудің ғылыми әдісі болып табылады (оны тек жағымсыз емес, жағымды жетістіктер ғана қызықтырады) (А.А.Бодалев).

Кәсіби шеберлікті үйрену және талдау кәсіби шеберліктің аңтайлы технологияларын әзірлеу мақсатында акмеология түрлі мамандардың кәсіби әрекеттілік тәсілдерін жүзеге асыру және кешенді зерттеу үдерістерін қарастырады, адам туралы басқа ғылымдардың жетістіктеріне жету үшін философия, әлеуметтану, психология, физиология, генетика және педагогикамен байланыста болады.

Өзінің онтологиялық анықтамасын акмеология адамның өміріндегі акме-формаларының феноменологиясын талдау, сипаттау, анықтаудың орталықтану, адамның кәсіби әрекетінде әлеуметтік жағынан табысты психологиялық тұрғыдан шығармашыл болуымен негізделеді.

Психологиялық-акмеологиялық зерттеулердің нәтижесінде шығармашылық пен кәсіби істің шыңына жету тәсілдері мен заңдылықтары туралы алынған ғылыми білім әлеуметтік-мәдени табиғаты жағынан интегративтік және әдіснамалық мағынасы жағынан жүйе құраушы ,адамның әлеуметтік-мәдени болмысының «акмеологиялығы» деген онтологиялық белгіні сипаттайды.

Акмеологияның әдіснамалық қамсыздандыруы нақты адамның оның барлық өлшемдері мен өзара байланысында тұтастай көрінуі әдіснаманы, адам өмірінің адекватты көп жоспарлылық пен көп өлшемділікті жасап шығаруды талап етті.Акмеологияның ерекше қолданбалы іргетасы психология болып табылады, оның аясында акмеология мойындалып, табысты даму үстінде.

Акмеологиялық әдістің мәні – әрбір адам жете алмайтын жоғары дәрежеге көтерілу үшін субъектінің кемелдену сатысынан өтіп, оның индивидтік, жеке бас және субъект-әрекеттік мінездемесі оның барлық өзара байланысы мен жанамалылығында бірлікте зерттеліп, тұтастығын қалпына келтіру мен кешенді зерттеу болып табылады.

Акмеологиялық әдіс зерттеу ғана емес, сонымен қатар технологиялар, алгоритмдер, дамыту және әрекеттік үлгілерінің бірыңғай жүйесіндегі интеграция мен тұтастықты жобалайды. Осы сұрақтарды ескеру акмеологияның пәндік аясын нақтырақ анықтап алуға мүмкіндік береді. Онда өзінің «акмесін», жеке тәжірибесі мен әлеуметтік құндылықтарын иеленуші Адам ең басты болатыны сөзсіз. Сонымен бірге, қалаулы кемелдену дегеніміз – адам өмірінің едәуір бөлігін алса да, ол қаншалықты азамат, кәсіпқой-қайраткер, қоршаған шындықпен байланысы жақсы немесе нашар екенін шынайы көрсететін адамның көп өлшемді қалпы(А.А. Деркач). Бұл қалып ешқашан тұрақты болмайды, және керісінше, көп түрлілік мен өзгерістікпен ерекшеленеді.

Кәсіби білім берудің қазіргі заман жүйесінде акмеологиялық әдіс педагогтың кәсіби әрекетінде жетістіктерге жету үшін жеке бас ресурстарын анықтап, оларды тиімді қолдану, шығармашылық потенциалын іске асуын ынталандыру, кәсіби түрткіні күшейтуді қамтамасыз етуден тұрады.

Біздің ойымызша, педагогикалық акмеологияның тұжырымдамасын қалыптастыру үшін келесі құрамдас бөліктерге негізделу қажет:

- Жеке бастылықтың акмеологиялық тұжырымдамасы;

- Педагогикалық шеберліктің акмеологиялық тұжырымдамасы;

- Денсаулықтың акмеологиялық тұжырымдамасы;

- Тәжірибелік жабдық;

- Акмеологиялық сүйемелдеу;

- Акмеологиялық кеңес беру.

Жеке бастылық - құрамында жеке бас, жеке адам, әрекет субъектісі сияқты, сонымен қатар жеке бас қасиеттері бар адам дамуының ең жоғары идеалды сатысы болып табылады. Әр адам қозғаушы, физиологиялық, психикалық, рухани, сонымен қатар денсаулық пен шығармашылық күш-қуатқа, және оларды жетілдіру жолдарына ие болады. Адамның жеке бастылығының дамуы оның табиғи күш-қуаты барлық жағынан дамығанда ғана мүмкін болады. Осы күш-қуаттардың анықталуы мен дамуы негізінде шыңдарға жету таң қалдырарлық емес, олардың қалпы мен саралаушылық реакциясы, жасалған әрекет фактілері бойынша жобаланады. Педагогикалық шеберлікті педагогикалық жетілгендіктің басқа белгілерімен кешенді түрде қарастыруға болады(педагогикалық өнер, кәсіби іскерлік, және педагогтың жеке бас қасиеттерінің көрінуімен). Педагогикалық шеберлік педагогтың болмысы мен оның жеке бастылығының күш-қуатының іске асырылуы, сонымен қатар «акмесіне» жетуге өрлеуінің бір шарты болып табылады.

Осылайша, акмеология шешу керек деген негізгі міндеттер тобы көрінеді(А.А. Деркач):

- «Акме» феноменінің ғылыми айқындалуы, ондағы әр түрлі адамдардағы жалпылылық пен өзіндікті объективтілеу;

- «Акменің» сапалық-сандық мінездемесін анықтайтын факторлардың әрекетін бақылау;

- Мәселелер аясын әзірлеу: «Кәсіби іскерлік және оның негізгі сипаттамасы»; «Кәсібилік және адам денсаулығы»; «Жоғары кәсіби құзыреттілікке жетудің шарттары мен факторлары»; «Кәсіби деформацияның алдын алу жолдары», және т.б.

- Кәсіби әрекет аясынан тыс жетілген адамның кәсіби шеберліктің ерекшеліктері мен басқа көрінулері арасындағы тәуелділіктің анализі;

- Кәсіби шеберліктің одан да жоғары дәрежелеріне бағытталған өзінің дербес әрекетін бастайтын маманнның аударма үдерісін тәжірибелі іске асыру мен ұйымдастырудың технологиялық стратегиялары мен тактикаларын әзірлеу;

Бір жағынан, әлеуметтік субъектінің жеткен кәсіби іскерлік дәрежесін анықтап (жеке адам да, адамдар қоғамы да), оны дамыту мен тиімді іске қосуға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған әдістемелік және дамыту-зерттеушілік жабдықтарын жасап шығару. Екінші жағынан, тұтас әлеуметтік мазмұнда таңдалған өмірлік стратегияның аясында адамның тиімді жігерлі белсенділігімен бірге алгоритмдер мен технологияларды, кәсіби-әрекеттік үлгілерді интегралдау.

Акмеология әдіснамасының жалпы ерекшеліктері

Әдіснаманың жалпы ерекшеліктері акмеология XXI ғасыр шебінде адамзат ойлап тапқан жалпы әдіснамалық қағидаттар мен әдістерді қолдануымен анықталады, сонымен қатар өз пәні үшін түсініктеме мағынаны ашады. Нақты және жаратылыстану, қазіргі заманғы гуманитарлық білімдердің жалпы әдіснамалық қағидаттарынан басқа, акмеологияның пәнінің анықтамасына жақындап, мета-теорияның роліндегі нақтырақ келген әдіснамалық, арнайы қағидаттарды басшылыққа алады.

Кешенді әдіс. Адамтану деп аталатын жаңа салаға әкелген Кешенді әдістің әзірленуі Б.Г.Ананьевтің атымен байланысты. Ол оның нақты құрылған мақсаты –адамға бағытталған тұтас әдісті іздеу мен ол туралы мағлұматтарды білімнің дербес саласына интеграциялауға жауап берді. Н.А.Логинова кешенді әдіске анықтама берді – онтологиялық құраушылар мен онтологиялық детерминанттардың әр тектілігін, көп факторлылығын, көп аспектілігін анықтауға бағытталу.Акмеологиядағы кешенді әдістің өзгешелігі оның адамды тәжірибелік жетілу мен оқудың тұтастығына бағыттауында. Бұл әдіс стихиялық-қалыптасқан және оптималды сапалар, шынайы және идеалды қалып деген сияқты көп аспектілі модальдылықтарды салыстыруға бағыттайды. Ол дамудың нақты дәрежесін жоғары, оптималды түрленуіне стратегия ұсынады, адам дамуы мен оның қызмет етуінің бытыраңқы аспектілерін жиі біріктіреді. Акмеологияда кешенді әдіс түрлі сапалардың интеграциясының болашағын, адамның жеке адам, тұлға, жеке бастылық мен субъект сияқты модальдылықтарын ашады(Н.А. Логинова). Ол тұлға туралы өмірде, әрекет пен өмір жолындағы көрінісін біріктіреді.

Жүйелілік әдісі. Жүйелі әдіс тұтастықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін дәрежелердің өзара ықпалдасуын, дәрежелік құрылымын анықтайды.

Психологиядағы жүйелілік қағидатының дамуы Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубенштейннің, А.Н.Леонтьевтің, Б.Г.Ананьевтің, Б.Ф.Ломовтың есімдерімен байланысты. Акмеологиядағы жүйелі әдістің өзгешелігі – оның пәнінде айқын дәрежелік құрылым болмайды, ол онтологиялық біртұтас емес, бірақ қызмет етуде тұтас және оптималды қалыпқа қозғатылған жүйені ұсынады.

Акмеологиялық жүйенің мақсаттылық, жобалаушылық, модельдік сипаты бар. Акмеологияда ұйымдастырудың дұрыс оңтайлы тәсіл жетістіктері ойластырылады. Жүйенің оңтайлы жағдайының жетістігі оның үдеріс кезіндегі өзгерісі алгоритмнің, акмеологиялық жәрдемнің инструменталды-оперативтік құралдарының бар болуымен қамтамасыз етіледі.

Субъектілік әдіс. Акмеологияда субъект қағидаты парадигмальды болып келеді. Тұлға тікелей жетілудің, акмеологиялық технологиялар мен өз іс-әрекетінің жанамалылығының субъектісі болады. Субъекттің негізгі белгісі ретінде: жетілуге қабілеттілік, адамның өзінің жоғары оңтайлы деңгейде дамуына, мұратына жетуіне қабілеттілік. (С.Л.Рубинштейн). Дегенмен тұлға үшін субъективтік жетістік алдын-ала белгіленген планкалар жетістігі емес, өзін-өзі жетілдіруге тоқтаусыз қимыл. Осыдан келіп «акме» ұғымы өмірлік қимыл мен дамудың ең соңғы пунктін емес, ал кейінгі қимылдардың жаңа мүмкіншілігінің ашылуының шегін білдіреді. Бір уақытта субъект - бұл автономия, дербестік, ынта және жауапкершілік. Акмеологияда субъективтіліктің маңызды өлшемі өзінің өмірлік іс-әрекетінің сыртқы және ішкі жағдайларымен еркін иелік ету, оңтайлы дамушы тұлға және басқа адамдардың өмірге қатынасының тарихи кемел түріндегі субъект қарым-қатынасын құруға қабілеттілік болып табылады. (Е.Б.Старовойтенко). Соңында тұлғаның субъективтілігінің маңызды өлшемі «Мен»-концепциясының, әлбетте өзімен ұсынылған тұлғалық базистік білімінің, бірақ өзінің нақты архитектоникасымен, мөлшерлестігімен тұлғаның субъективтілік өлшемін талдауына мүмкіндік, болып табылады.

Ізгілік қағидаты. Акмеология базисіндегі соңғы әдіснамалық қағидаттардың бірін құндылық,ізгілік қағидаты құрайды. Осы негізге алынған жалпы философиялы-әдіснамалық мазмұнның адами дамудағы қағидаты (оған көп аспектілік, тарихи өзгерушілік және басқа себептер), құндылық немесе мұрат категориялары адамның игілік, пайда,қызығушылық,мақсат ретінде ең алғаш қоғаммен жасап шығарылуымен, және осы негізде адамды дамыту келесі бір игілікке,құндылыққа ұмтылушы,жетуші ретінде түсінумен анықталады. Э.Кант адамның осы адамгершілік қабілетін - стихиялық, қаталдық, қажеттілік әлемінен шығу және өз қылықтарын жоғары адамгершілік заңдарымен өзі анықтауды жеткілікті түрде айқын көрсетті. Қазіргі заманғы психологияда ауқымды, ал соңында акмеологияда да оптимизм мен песссимизмді, бақытты, яғни адамның жаксылыққа, болашаққа сену психологиялык қабілеттілігі-қабілетсіздігін, сонымен қатар мұратты да,құндылықты да, тұлғаның (имманенттік қасиеті ретінде) қалыптасу-оптимизм-бақыт мәселелерін немесе олардың өмірлік жолмен байланысын, оның жағымды-жағымсыздығын зерттейді. (И.А.Джидарьян)

Акмеология, адамдар санасына құндылық құюшы, идеологияға қарағанда ең маңызды болып саналады,тұлға туралы ғылым, сондықтан ол адамдарға түсініктемелер қатарын, тұтас бағдар, мәселелер жиынтығын соның негізінде құндылықтардың қайтадан өсіп жетілуін ұсынады. (А.А. Деркач).

Акмеологияда құндылық қағидаты ізгідік қағидатымен сәйкес келеді және адам өмірінен тыс құндылыққа жетуі абстрактылы басымдықта емес, оның жеке тұлғалық, денсаулық, оптимизм, еңбекке қабілеттілік құндылығында.

Құндылық және ізгілік қағидаттары тұлғаны қолдауға бағытталған:

- оның субъект ретіндегі қасиеттерін тану жолы және өмірлік қарама-қайшылықтарды шешуге оның қабілеттілігі;

- құқықтарын теңестіруге, оның зияткерлік мүмкіншіліктерін көкейтесті етуге,оның саналылығын тәсіл ретінде ұғыну, қарама-қайшылықтарды оңтайлы шешу үшін тұлғаға мүмкіндік беруге иелік ету;

- тұлға үшін тым жасанды немесе табиғи жағдайларды модельдеу, өз мүкіншіліктерін жаңа деңгейге шығарып ашып көрсету жолы;

Акмеологияның гуманистік міндеттері адам өмірінің шынайылылығына жетуге көмектесуден,жеткілікті түрде өзін-өзі қалыптастырудан тұрады.

Акмеологияның дербес қағидаттары

Субъект әрекетінің қағидаты. Жалпы субъектілік қағидатқа қарағанда Б.Г. Ананьев, К.А. Абульханова-Славский, А.В. Брушлинский, А.А. Деркач, Е.А. Климов, В.Д. Шадриковтармен дамытылатын субъектілі-іс-әрекеттік әдіс, жалпы және кәсіби акмеология қағидатын байланыстырып құрайды. Осы қағидат негізінде тұлға категориясын түсіну мен анықтау жатыр. Акмеологияда тұлға, жұмыс істеуші жағдайында қарастырылады. Жұмыс істей тұра, тұлға басқа жүйелерге - тұтастай өмірлік іс-әрекет, іс-әрекет, қатысым, таным «тізіміне кіргізіледі», сондықтан тұлғаның жұмыс істеуі әрбір белгіленген жүйенің сапасы және өлшемі ретінде жүзеге асырылуы тиіс. Акмеология тұлғаны бір мезгілде психологиялық және әлеуметтік-кәсіби түрде,бір жағынан олардың бір-бірімен оңтайлы келісуі ретінде қарастырады. Сонымен қоса акмеологияда тұлғаның мақсатты, озық, өрлеу үстіндегі дамуы қарастырылады. Акмеологияда тұлға дамуы сатылы - жас ерекшелік, функционалды-әрекеттік (кәсіби, кәсіпте даму, маман болып қалыптасу), ситуациялық (қиын жағдайда, қарама-қайшылықтың болуы, немесе позитивті ықпал етуді талап ететін жағдайларда тұлға дамуы) ретінде есепке алынады.

Субъект әрекетінің қағидаты қайта-қайта және көп деңгейлі нақтылауды, Н.В.Кузьминамен құрастырылған педагогикалық жүйені анықтаудан бастап және оның функционалды компоненттерін алды. А.А.Деркач әрекеттің түбегейлі функционалдық макрокомпоненттерін көрсетті:

- гностикалық, білім жүйесінде қолданылып тұратын және олардың әрекетінің операциональды, продуктивті қолданысқа қабілеттіліктері;

- жобалаушылық, әрекет сипатының тұтастығымен байланысты, әрекет тәсілдерін оның болжамданған этаптарымен, оқиғаларымен, жүзеге асыру деңгейлерімен нақтырақ байланыстыруға мүмкіндік береді.

- құрылымдық, акмеологиялық әдістің мән-жайын аңғаруда: конструктивтік әрекет жүйесі мен субъект әрекетін оңтайландыру, ол әрекеттің стихиялық кездейсоқ сипатын шығарады, қателіктері мен «бас тартуларын» ықшамдайды, әрекетті жүзеге асырудағы «бағасын» төмендетеді;

- әрекет ұйымдастырущылық компоненті басқару теориясында айқындалған, әдіснамалық тенденциялардың «әрекет» және «ұйымдастыру» ұғымдарымен жақындасуын білдіреді. Ол бір уақытта барлық құраушы реттеу міндеттерін,барлық әрекет тобын және болжаушының,жобалаушының байланысын көрсетеді,яғни әрекетті ұйымдастырудың интеллектуалды тәсілдерін практикалық жүзеге асыру;

- коммуникативтік компонент психологияда үдемелі, әрекет ол тек жеке субъект әрекеті еместігін түсінуге, бірақ бірлескен кооперативтік сипатын алып жүрумен сәйкестендіріледі. (Б.Ф. Ломов).

К.А.Абульханова субъект әрекеті қағидатын нақтылады. Әрекет субъектісі - жаңа, өзінің қажеттіліктері, мақсаттары мен қабілеттерін кірістіру ғана емес оның психикалық ұйымының жүйесін толығымен қайта құрастыратын түрленген тұлға қасиеті. Субъекттің бұл қасиеті қоғамның атқарушыға қоятын әрекет талаптары жеке тұлға түрткілері ұмтылыстары, ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар шешу арқылы пайда болады. Субъект қызметі осы уақыттағы (дәл осы уақытта жүзеге асатын) әрекет қарама-қайшылықтарынан және өзінің барлық әрекетік-кәсіби өмірінен тұрады. Субъект үйлестіруші, интеграциялаушы, орталыұтандырушы инстанциясы болып табылады. Субъект категориясы оның әрекет қатынасындағы тұлғаның өмірлік маңызды және түрткі болатын қасиеттерді-ынта мен жауапкершілікті ашады. (К.А. Абульханова-Славская, Л.И. Дементий, Е.Н. Пащенко т.б).

Өміршендік қағидаты мен өмір жолы теориясы К.А. Абульханова-Славскаяға оның өз өмір жолын ұйымдастырушы, ретке келтіруші және бағыттаушы ретіндегі субъектіні ұсынумен байланысты өмір стратегиясын ойлап шығаруға мүмкіндік берді. Тек қана өміршендік қағидаты, өмір жолы теориясы, биографиялық амал ғана емес, сонымен қатар өмір субъектісі ретіндегі тұлға принципі де акмеология үшін негізгі мәселеге айналады. Ол тұлғаның өз өмірінің шарттарын «меңгеруін», тұлғаның ерекше өмірлік тірек, өмірлік бағдар мен қарым-қатынас жасау арқылы екінші кезектегі өмір шарттарын жасауды білдіреді (К.А. Абульханова-Славская). Осыған байланысты, акмеология үшін өмірлік және уақытша перспектива айрықша өзектілікке ие болады. К.А. Абульханова-Славская оны үш түрлі қағидатпен сипаттайды:

- когнитивті, болашаққа бағытталған ойдағы теориялық жоспарлар;

- тұлғалық, қолданылмаған өмірлік және тұлғалық резервтер, болашаққа уәждеу;

- өмірлік, қоғамдық мүмкіншіліктер мен тек кәсіби емес, сондай-ақ өмірде де жетістіктерге қол жеткізген тұлға келешегі.

Потенциалды және өзекті қағидат. Акмеологияға потенциалды және өзекті, имплицит және эксплицит принципі кіреді (С.Л.Рубинштейн). Бұл жалпыфилософиялық принцип тұлғаның өзін жобалық және перспективалық тұрғыдан түсінуге көмектеседі.

Ол акмеологияда екі жақты функция қызметін атқарады:

- әдіснамалық бағдардың резервтерге, тұлғаның мүмкіндіктері, келешекте оның өзінде немесе акмеологиялық қолдауда іске асырылуы мүмкін;

- тәжірибе диагностикалық бағдар. Ол диагностикада жобалық тәртіпті тұлғаның нақты қалпында констатациялауды және өлшеуді қолданғанды жөн көреді; Акмеологиялық қолдаудың өз кезеңінде (ойын техникасы, тренинг) ол субъектіні, оның рефлексиясын өзінің тұлғалық потенциалына тәуелсіз тәсілдерін арттыру, өз санасының амалдарын кеңейтуге бағыт көрсетеді (О.С. Анисимов).

Имплицит ұғымы пайдасыздық және жұмыссыздық ұғымына саяды. Соңғы кездегі әлеуметтік ойлаудың зерттеулері бойынша, тұлға өзінің интеллектуалдық ресурстарын жиі және толығымен қолданбайды, интеллектіне жүк түсірмейді, жеңіл немесе стандартты міндеттерді шешуге бағытталады (К.А. Абульханова-Славская). Акмеологияның міндеті – адамның өзінің психикалық ресурстарын кездейсоқ және стихиялық қолдануының алдын-алу, толыққанды өзін-өзі қалыптастырудың мотивациясы мен жолын айқындау болып табылады (А.А. Деркач).

Кері байланыс қағидаты. Акмеологияға сәйкес кері байланыс қағидаты келесі мағынаны: өмірге, мамандыққа, қатысымға объективтендіріле отырып, тұлға осы объективацияның нәтижесін -еңбектің нәтижесін, адамдарды бағалау, мансабындағы лауазымын ғана емес, сонымен бірге өзін жаңа сапада қабылдауын білдіреді. Бұл кәсіби және әлеуметтік жағынан өлшемсіз нәтиже басқаларға қарағанда өзінің әрекеттері мен өнімділік жетістігінің көрсеткіштерін жақсырақ білдіреді. Кері байланыс - бұл қолдау, адамның өзі таңдаған жолының, өзі білдірген қарым-қатынасының дұрыстығын растау, адамның мақсатқа жететін темптердің адекваттығын, адамгершілік пен оған жету тәсілдерін растау. Тұлға белсенділігі осы кері байланыспен «қоректенеді», онымен қолданысқа түседі, бейімделеді немесе қайта бағдарланады (К.А.Абульханова-Славская).

Кері байланыс тұлға әрекетінің бағалаушылық негізінде, болмашы немесе маңызды деп қабылдау, мойындау-мойындамау, нәтижелерді, осы немесе басқа көрсетілімдерді бекіту немесе терістеу құрылады. Кері байланыс өзін-өзі қалыптастыру арқылы тұлғаның өзін-өзі тануын жанама сипат ретінде ашады (А.А.Деркач).

Тәжірибелік жабдық акмеологиялық кеңес беру, сүйемелдеу мен жобалаудың әдістерін құрайды. Акмеологиялық жобалау кәсіби жетілу, тәртіп немесе өмір стратегиясымен байланысты жеке жұмыс үшін қолданылады.

Акмеологиялық сүйемелдеу түрлі ұйымдастырушы-педагогикалық іс-шараларды күтуде қолданылады.

Акмеологиялық кеңес беру – педагогтарға кәсіби іскерліктің жоғары жетістіктеріне, педагогикалық шеберлікке, «Мен – концепциясын» қалыптастыруға, т.б. жетуге көмектесетін педагогтардың өздерімен жүргізілетін жеке жұмыс.

Акмеология тұрғыдағы кәсіби іскерлік дегеніміз – мамандығындағы шеберліктің шыңына немесе «акмесіне» қарай қозғалысын жүзеге асыратын, өзін-өзі дамытатын тұлғаның қасиеті.

Акмеология ғылым ретінде кәсіби іскерліктің дамуының негізгі тәсілдерін, сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және жетілуінің, мамандықтағы және өміріндегі қалыптасу нәтижелілігін анықтайтын факторларды, шарттар мен механизмдерді қарастырады.