Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 39.

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Беткейге сатылап көтерілу және түсу.

Мақсаты: 1. Таяқпен серпіле сырғанауды бірнеше рет қайталау.

2. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу жолымен таныстыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әр балаға бір шаңғыдан, дабыл, қақпа.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаңғымен балабақша айналасында жүру. Педагогтің артынан шаңғымен сырғанайды
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1. Музыкамен орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - оң қолды иыққа қою; 2 - сол қолды иыққа қою; 3 - оң қолды төмен түсіру; 4 - сол қолды төмен түсіру. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою. 1 - қолды екі жаққа созу; - қолды алға созып отыру; - қолды екі жаққа созып тұру; бастапқы қалып. Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде, қолды белге қою. 1 - денені оңға бұру, оң қолды екі жаққа созу; 2 - бастапқы қалып. Дәл солай сол жаққа орындау. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою. 1 - қолды екі жаққа созу; 2- оң аяқты алға қарай бұлғау, тізе астында қол шапалақтау; 3– аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу; 4 - бастапқы қалып, дәл солай сол аяқпен орындалады. Таяқшаның ортасынан ұстап сырғанау. Бір қатарлы сапқа тұру. Жалғамалы қадаммен оңға, солға қозғалыс жасау. Беткейден (дөңнен) сатылап көтерілу және түсуді түсіндіру, көрсету, үйрету. Орта қарқынмен 300-400 м қашықтықты педагогпен бірге шаңғымен өту. Жаттығуларды 4-6 рет қайталау. Жаттығулар өз бетінше орындалады.   Педагогтің нұсқауын тыңдап, тапсырмаларын орындайды
Рефлексиялық- түзетушілік Сабақ соңында шаңғысы, бекіткіші және таяқшалары жақсы жағдайда тұрған балаларды бөліп айту керек.  

Күтілетін нәтиже:

орындайды: таяқпен серпіле сырғанауды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарт- тарын;

қолданады: беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу дағдысын.


Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: 200-300 метр қашықтықта сырғанау.

Мақсаты: 1. Таяқпен адымдап сырғанауды қайталау; бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру. 2.Ойын ережелерін білу және нақты орындауға дағдыландыру. 3.Аяқты қайшылап секіруге жаттықтыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: 20 жалауша, шаңғылар. Билингвальдық компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаңғымен бір қатар сапқа тұру. Таяқшаларды қарға қою. 2. Бір қатар тізбекке тұру. 3. Оқу алаңын айналып жүріп, одан кейін иректелген шаңғы алаңымен педагогтің артынан жүру. 4. «Орындарыңа оралыңдар!» ойын-тапсырмасы. Шарты: таяқшадан 70 м қашық жерден педагог «Орындарыңа оралыңдар!» деген команда береді. Барлық бала ең қысқа жолмен өздерінің таяқшаларының қасына жүгіріп барады. Педагогтің тапсырмасын бұлжытпай орындайды. Таяқшаға бірінші жеткен бала жеңімпаз атанады
Ұйымдастыру- шылық ізденістік Далада орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен көтерілу, терең тыныс алу; 2 - қолды төмен түсіріп, дем шығару. Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - қолды белге қою; 2 - қолды алға созып, аяқ ұшымен көтерілу; 3 - отыру; 4 - б.қ. келу. Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - екі қолды желкеге қойып, солға бұрылу, оңға бұрылу; Б.қ.: қолдар шынтақтан бүгілген. 1 – жұдырық түю; 2 - жұдырықты ашу. Б.қ.: тізені қапсыра құшақтап отырып, оңға, солға бұрылу. 1. Негізгі жаттығулар: Екі аяқты қайшылап секіру. Бір орында жүру; таяқшамен серпіле сырғанап жүру. 2. «Ең үздік шаңғышы» ойыны. Шарты: сөре мен мәре арасы (25-30 м) белгіленіп, олар жалаушалармен көрсетіледі. «Марш!» командасы бойынша балалар шаңғымен сырғанап жарысады. 3. Орта қарқынмен 200-300 м қашықтықты педагогпен бірге сырғанау. Жаттығуларды 6-8 рет қайталау. Жаттығулар өз бетінше орындалады.   Балалар бірнеше топқа бөлініп жарысады. Әр топтан жеңген бала жартылай финалға шығады. Одан жеңгендер финалға шығады.Қауіпсіздік ережелерін есте сақтап сырғанайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Шаңғы мен таяқшаларды бекіту және шаңғыны қолтық астында тасу біліктерін тексеру. Бір-біріне көмектеседі.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: таяқпен серпіле сырғанауды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: аяқты қайшылап секіру дағдысын.