ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері»

(3 кредит)

 

Мамандық: 5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы

 


5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» пәнінің Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақ технология және бизнес университетінің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілген

«____» ___________2016 ж. Хаттама № _____

 


ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ

Органикалық заттар технолгиясының теориялық негіздері пәні - студенттердің белгілі бір қасиеттерге тән полимерлер, эластомер, мұнай, газ, көмір, синтетикалық жуғыш заттар, синтетикалық каучуктер мен полимерлерді синтездеуге арналған мономерлерді көмірсутекті шикі зат технологиясының теориялық негіздерін жасаудың негізін қазіргі заманғы бағыттарын оқып-үйренуінде. Студенттерді мұнай, газ, көмір, полимерлер, эластомерлер және мұнай химиясы синтезінің өнімдері технологиясының жалпы теориялық заңдылықтарымен таныстыруға шақыратын теориялық пән болып табылады.

Пререквизиттері: Алдыңғы реквизиттер: студенттерде міндетті түрді мынадай түсінік болуы қажет: Химиялық технология және оның қауіпсіздігінің негіздері; химия өндірістерінің зиянды факторларын және оның адам организміне зияндылықтарын; оларды қоршаған ортаға жібермеудің қазіргі заманғы әдістерін. Химия, биохимия, физика, математика, экология, биология, тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін білу.

Постреквизиттері: Осы пәнді оқып болғаннан кейін органикалық заттардың реакцияға түсу қабілеттерін, отындардың қоспасынан тазартып өңдеу әдістерінің теориялық негіздерін, мұнай, газ, көмірді өңдеудің физика-химиялық процесстерінің классификациясын, полимерлер өндірісінің теориялық негіздерін білуі қажет.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Мұнай, газ көмір және олардың өңдеу өнімдерін бөлудің физика-химиялық негіздері мен әдістері- адсорбция, азеотропты және экстрактивті ректификация. Адсорбциялық, бір рет, көп рет және біртіндеп буландру әдістерін есептеу.Мұнай, газ, көмірді өндеу термиялық жолмен құрылымын өзгерту, термототықтыру, сутекті газдың әсерімен жүретін- гидрогенизациялық физка-химиялық сипаттарды.Мұнай, газ және көмірді өндеудегі термиялық крекингтің (ыдыраудың) ерекшеліктері, жылу әффектісі, өндеуге түспеген шикізаттың рециркуляциясы (қайта айналымы). Негізгі аппараттарды есептеу

Отынның құрылымын өзгертіп өндеу процестерінің термодинамикалық мүмкіндігі. Осы процестің механизмінің, химизмінің және кинетикасының негіздері. Кокстың пайда болуының механизмі мен кинетикасы, қыздырып қатайту процесіндегі кокстың құрылысы.

Сутекті газ әсерімен (гидрогенизациялық) жүретін және каталитикалық процестердің катализаторлары мен теориялық негіздері. Физика-химиялық өзгерулер терендігін анықтайтын негізгі фактролар- актализатро активтілігі, шикізат сапасы.

Мұнай шикізатының каталитикалық крекингі (ыдырауы), процестің катализаторлары, химизмі мен механихмі. Қондырғының реактор блогын технологиялық есептеу.

Көпкомпонентті қоспалардың фазалық теңдігің термодниамикасы. Фазалық ауысулардың кинетикаы және оларды оптималды бөлу шарттарын анықтауда негізгі экстракциялау аппаратын технологиялық есептеуде қолдану.

Полимерлердің деформациялық қасиеттерінінің сипаттамасы және олардың сызықты, тармақталған, жартылай тігілген және толық тігілген үшін жетілу полимерлер заңдылықтары. Полимер ерітінділерінің деформациялық қасиеттерінінің сипаттамасы. Механикалық моделдер тәртібінің реалды полимерлер мен олардың моделдеріне сәйкес келуі.Тұтқыр-серпімді денелер. Полимерлердің ағу процесінің теориясы. Нәтіжелі (эффективті), ньютондық және ауытқымалы (анмалды) тұтқырлықтарды есептеу әдістері.

сыртқы жағдайларға байланысты полимер балқымаларының ағу түрлері. Аққандағы полимер балқымасына әсер ететін ығысу кернеуін, ығысу деформациясын, әртүрлі факторлар әсер еткендегі ығысу деформациясының жылдамдығын есептеу.Араластырудың теориялық негіздері. Араластыру уақытын, дисперстік критерийін, біліктерді, реалды және идеалды араластырғыштарда, бір червякті экструдерде араластырғандағы оптималды ығысу кернеуін және деформациялану жылдамдығын есптеу.Полимерлерді экструзиямен өңдеудің теориялық негіздері: тиеу, пластикациялау, дозалау зоналары. Зоналар бойынша жұмыс көлемінің, температураның және қысымның өзгеруі. Экструдер бүркіншіктерінің сипаттамасы, пішіндеуші бүркіншіктердің конфигурациясына байланысты экструдер өнімділігін есептеу.

Қысыммен құюдың теориялық негіздері. Құюдың температуралық режимін таңдау. Бұйымның материалына, өлшедеріне және конфигурациясына байланысты суытудың температуралық рижимін, ұстап тұру қысымын және суыту уақытын есептеу.

Каландрлеу процесінің теориялық негіздері. Сыртқы факторларды ескеріп, калкндрлегендегі температуралық өрісті есептеу.

Бұйымның қалындыгына байланысты вукандау процесінің уақытын, температурасың, қысымын есептеу әдістері.

Құрылысы әртүрлі вискозиметрлер мен пластометрлерде алынған тәжірибе мәндері бойынша тұтқырлықты, ығысу кернеуін, ығысу деформациясының жылдамдығын есептеу және оларды соған сәйкес өндеу әдістерін бағалау үшін пайдалану.

Композициялық резина қоспаларын жасаудың теориялық негіздері.

Полимерлік материалдардың адгезиясы, сіндіру, желімдеудің теориялық негіздері. Табиғаты әртүрлі кордтарды резиналағанда адгезияны арттыру тәсілдері.

Полимерлік материалдардың ескіру, бұзылу және тұрақтандыру процестерінің теориялық негіздері. Функционалды топтары бар винилді мономерлерді алу процестерінің теориялық негіздері: винилхлоридті, акрилнитрилді, винилацетатты, акрил және метакрил қышқылдары мен олардың эфирлерін.

Синтетикалық жуғыш заттарды алу процестерінің теориялық негіздері.Гидраттау реакцияларымен оттегісі бар өнімдерді алу процестерінің теориялық негіздері: этил, изопропил, трет-бутил спирттерін.

Полимерленумен полимерлерді алу процестерінің теориялық негіздері.

Поликонденсациямен полимерлерді алу процестерінің теориялық негіздері.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Қатты отынды жартылай кокстеу. Керосинді каталитикалық крекинглеу.

Табиғи газдардың айналымы.Этил бензолдан стирол алу. Этанолдан бутадиен -1,3-ті алу

Хроматографиялық талдау Фенол-формальдегидті полимерді алу Полистиролды алу. Ацетальдегидті тотықтыру арқылы сірке қышқылын алуТүрлі газ күйіндегі мұнай өнімдерінің жеке көмірсутектерінің құрамдарын анықтау. Мұнайдың элементтік құрамын анықтау

Тіке айдалған бензиндердің толық құрамын анықтау.Май фракциясының құрылыстық-топтық құрамын анықтау.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

1. Қатты жанғыш қазбаларды талдау.

2. Көмір құрылымын зерттеудің қазіргі заманғы әдістері.

3. СО және Н2 негізіндегі синтездердің теориялық негіздері.

4. Газды фазада көмірсутектердің түрленуінің теориялық негіздері.

5. Сұйық фазада көмірсутектердің түрленуінің теориялық негіздері.

6. Термопластарды өндеу процестеріндегі реология.

7. Полимерлердің реологиялық қасиеттерін зерттеудің эксперименталды әдістері.

8. Термопластардың жылу-физикалық қасиеттерінің өндеудің технологиялық параметрлеріне әсері.

9. Өндеу процесіндегі полимерлердің молекуладан сырт құрылымын реттеу әдістері.

10. Тұтқырлық аномалиясының релаксациялық механизмі.

11. Ламинарлы араластыру теориясын экспериментпен тексеру.

12. Араластыру мен дисперсиялаудың қазіргі заманғы теориялары.

13. Экструдердің дозалау зонасының жұмыстық сипаттамасы.

14. Экструдердің балқу зонасы жұмысының механизмі теориялық ұғым.

15. Экструзиялағандағы ағудың негізгі тендеуін қорыту.

16. Экструзияның изотермиялық рефимінің негізгі дифференциалды тендеулері.

17. Плунжерлі пластификатор цилиндрінде үйкелісте қысымның жоғалуы.

18. Құю циклінің параметрлері және дайыын бұйымның шөгуі.

19. Термопластарды құйғанда пайда болатын қалдық кереулер.

20. Каландрлерді конструкциялау проблемалары.

21. Табақ профлін реттеу әдістері.

22. Еркін пневмо-пішіндеуді математикалық модельдеу.

23. Балқымадан талшықтарды созу.

24. Үздіксіз престеу тізбегінде престеу.

25. Мұнайды өндеу процестеріндегі бензол.

26. Стиролды алудың альтернативті әдістері.

27. Алкидті шайырлар мен қанқпаған полиэфирлер өндірісіндегі малеин ангидридінің мәні.

28. Беттік-активті заттар әрекетінің теориялық негіздері.

29. Қабыршақ тұзудің теориялық негіздері.

30. Каучуктерді модификациялау жолдары.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚЫТУШЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ) ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

1. Көмірлерді экстракциялау.

2. Көмірлерді термиялық бұзудың теориялық негіздері.

3. Көмірлердің түзілу теориялары мен сатылары.

4. Мұнай генезисі туралы теориялық ұғым.

5. Мұнай өндеу процестерін модельдеудегі мұнайларды зерттеудің қазіргі әдістерінің ролі.

6. Термиялық процестердегі көмірсутектердің мономолекулалық түрлену тендеуі.

7. Балқымалардың тұтқыр ағуының аномалиясын мөлшерлік суреттеудің практикалық әдістері.

8. Араластыру әсерін есептеу әдістері.

9. Дисперсиялы араластырдың негізгі процестерін модельдеу.

10. Біліктегендегі араластыру әсерін есептеу әдістері.

11. Білікті машиналарда дайын резина қоспаларын өндеу процестерің модельдеу.

12. Симметриясыз көлденең қимасы бар бұйымдарды экструзиялауға арналған бүркігіштер.

13. Полимерлерді экструзиялау процесінің динамикасы.

14. Экструзиялағандағы араластыру әсері.

15. Дегазациялы экструзия.

16. Процестің температуралық режимі мен өнімділігін анықтайтын негізгі параметрлер.

 

Ұсынылған әдебиеттер   Негізгі   1. Б.Д.Березин, Д.Б.Березин. Курс современной органической химии.-Высшая школа . Москва: 2001.-768с. 2. И.И.Грандберг Органическая химия. Москва: Высшая школа.1987.480 с. 3. Физико-химические методы анализа. Практическое руководство/ В.Б. Алесковский, В.В. Бардин-Ленинград: Химия, 1988.-376с. 4. Практическое руководство по физико-химическим методам анализа / Под. Ред. исследования окружающей среды. –Ленинград: Судостроение, 1979.-648с. 5. Нестеренко Л.Л., Бирюков Ю.В., Лебедев В.А. Основы химии и физики горючих ископаемых. Учебное пособие. –Киев.: Высшая школа.,1987.-359с.
  1. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа. Ч.1, -М.: Химия,1972.-359с.
  2. Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа. Ч.11. –М.: Химия,1980.-320 с.
  3. Черножуков Н.И. Технология переработки нефти и газа. Ч.111. –М.: Химия, 1978. -423с.
  4. Грязнов Н.С. Гидрогенолиз углей в процессе коксования. –М.: Металлургия. 1983. -360с.
  5. Каменев А.И., Платонов В.В. Теоретические основы химической технологии горючих ископаемых. М.: Химия, 1990. -287с.
  6. Магарил Р.З. Теоретические основы химических процессов переработки нефти. – М.: Химия, 1976. -312с.
  7. Тадмор з., Гогос К. Теоретические основы переработки полимеров. –М.: Химия, 1984. -628с.
  8. Виноградов Г.В., Малкин А.Я. Реология полимеров. –М.: Химия, 1977. -437с.
  Қосымша әдебиеттер  
  1. Васильев В.П. Аналитическая химия. в. 2 ч.2. Физико-химические методы анализа. – Москва : Химия, 1987.-245с.
  2. Практикум по физико-химическим методом анализа / Под.Ред. О.М. Петрухина. Москва: Химия, Химия, 1987.-245с.
  3. Химическая технология переработки твердых горючих ископаемых. /Под ред. Макарова Г.Н., Харламповича Г.Д. –М.: Химия, 1986. -486с.
  4. Магарил Р.З. Образование углерода при термических превращениях индивидуальных углеводородов и нефтопродуктов. –М.: Химия, 1973. -143с.
  5. Скляр М.Г. Физико-химические основы спекания углей. –М.: Металлургия, 1984. -200с.
  6. Химическая вещества из угля. /Под ред. Фальбе Ю. –М.:Химия, 1980. -614с.
  7. Кулезнев В.Н. Смеси полимеров. –М.: Химия, 1980. -198с.
 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ