Ш атомды спирттер. Глицерин

Мұндай спирттердің әр түрлі көміртек атомдарында үш гидроксил тобы болады. Бұлардың жалпы формуласы:

 

CnH2n-1(OH)3

 

Үш атомды спирттердің қарапайым өкілі глицерин (про­пан триол-1,2,3) НОСН2 - СНОН - СН2ОН.

Жеке өкілі. Глицерин (про­пан триол-1,2,3) – тәтті дәмі бар бейтарап қоймалжың түссіз сұйықтық. Су тартқыштығы өте жоғары. Суда шексіз ериді.

Глицерин химия, тамақ (ликерлер, алкоголсіз сусындар), былғары және полиграфия өндірісінде кеңінен қолданылады.

Үш атомды спирттердің изомериясы, гликольдер сиякты көміртек тізбегінің құрылымына және ондағы үш гидро­ксил тобының орнына байланысты болады.

Фенолдар және ароматты спирттер

 

Гидроксил тобының санына байланысты ароматты фе­нолдар бip атомдық, екі атомдық, үш атомдық және т.б. болып бөлінеді.

Фенолдарды тривиальды номенклатура бойынша, мысалы, С6Н5ОН фенол, СН36Н4ОН крезол немесе жүйелік номенклатура бойынша көмірсутек атына -ол қосымшасын қосып айтады:

 

 

Физикалық қасиеттері

Фенолдар мен нафтолдар суда нашар еритін кристалды заттар. Өзіне тән ерекше иісі болады. Фенолдар улы заттар, теріге тисе күйдіреді. Оларды су буымен айдау арқылы тазартуға болады.

 

Екі атомды фенолдар

Фенолдың молекуласындағы екі гидроксил топтары бір-біріне орто-, пара- және мета- орындарда орналасады, сондықтан екі атомды фенолдар үш түрлі изомер күйінде болады, о-диоксибензол немесе пирокатехин, п-диоксибензол немесе гидрохинон, м-диоксибензол немесе резорцин.

 

м-диоксибензол

о-диоксибензол

п-диоксибензол

Көптеген екі атомды фенолдардың табиғатта өсімдіктер өнімінде, майлы заттар, шайырлар және т.б. ретінде кездеседі.

 

Ш атомды фенолдар

Үш атомды фенолдар үш түрлі изомер ретінде болады:

 

Пирогалол Оксигидрохинон Флороглюцин

 

 

Ароматты спирттер

Ароматты спирттерде гидроксил тобы бүйір тізбекте орналасқан.

Бұл спирттердің негізгі өкілі бензил спирті (фенилметанол): С6Н5−СН2ОН

Бензил спирті α-спирттерге жатады (гидроксил тобы бензол сақинасына қарағанда α-орынға орналасқан).

β-спиртке β-фенилэтил спирті (2-фенилэтанол) С6Н5−СН2−СН2ОН жатады.

Физикалық қасиеттері

Ароматты спирттер сұйық немесе қатты заттар, көбінесе эфир майында және бальзамдарда кездеседі. Суда нашар ериді.

ОКСОҚОСЫЛЫСТАР

Молекуласында карбонил тобы (>CО) болатын органикалық қосылыстар оксоқосылыстар деп аталады. Карбонил тобымен байланысқан орынбасушылардың сипатына байланысты оксоқосылыстар альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары және олардың туындылары болып бөлінеді.

Оксоқосылыстар
альдегидтер кетондар карбон қышқылдары

 

Көмірсутегілік радикалдың құрылысына байланысты альдегидтер мен кетондар былай жіктеледі:

 

1. Алифатикалық;

2. алициклды;

3. ароматты.

 

ацетальдегид бензальдегид   циклогексан
ацетон   циклогексанон бензофенон

 

Егер кетонның құрамындағы радикалдар бірдей болса, симметриялы, ал егер әртүрлі болса, аралас деп аталады. Мысалы, ацетон (диметилкетон, пропанон) симметриялы, ал ацетофенон (метилфенилкетон) аралас кетондарға жатады. ИЮПАК халықаралық номенклатурасы бойынша альдегидтердің аты көмірсутегінің атынан және аль суффикісінен құралады. Мысалы, НСНО метаналь, СН3СНО этаналь. Атомдардың санмен белгіленуі альдегид тобындағы көміртегі атомынан басталады. Сонымен қатар, альдегидтердің тарихи немесе ескі аттары да сақталған, мысалы, НСНО құмырсқа альдегиді немесе формальдегид, СН3СНО сірке альдегиді немесе ацетальдегид. Алициклды альдегидтердің аты карбоциклдың атынан және карбальдегид суффиксінен тұрады (альдегид тобының көміртегі атомы санмен белгіленбейді). Мысалы:

 

2 – хлорциклогексанкарбальдегид

 

Ароматты альдегидтер аталғанда, бензальдегид деген сөз қосылады. Мысалы:

 

3 – бромбензальдегид

 

Кетондарда халықаралық ИЮПАК номенклатурасы бойынша көмірсутегінің атына –он суффиксі жалғанып, карбонил тобының орны көрсетіледі. Рационалдық номенклатура бойынша радикалдардың атына кетон деген сөз жалғанып айтылады. Мысалы:

 

бутанон – 2 , метилэтилкетон