Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген компетенциялар | Оқытудың соңғы нәтижелері |
Б1.1. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) -БІЛІМІН ҚОЛДАНУ | Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Әлеуметтік мәні бар аурулардың ерте диагностикасы, алдын алу принциптері, қауіп факторларын анықтауда игерген және пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Іс-әрекетінде медициналық білім берудегі оқыту негіздерінің құндылықтарын үйлестіреді. |
Б2.1. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР | Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Науқастармен қарым қатынаста этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіре алады. |
Б2.2. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтау: ЖПД тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын есте сақтайды. Түсіну: кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін түсінеді. Қолдану: амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинауда, амбулаториялық жағдайда науқасты қарау арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қоюда білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлесімділігін орынды тауып, дұрыс ұйымдастыра алады. |
Б2.3. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР | Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Амбулаториялық жағдайда науқасқа медициналық процедураларды жасауда пререквизиттерден алған білімін білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдік:тәжірибе барысында сабақ талабына сай жасалатын машықтарды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: өз іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре орырып, дұрыс ұйымдастыра алады. |
Б2.5 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ | Білім (когнитивті) домені: Түсіну: кеңінен тараған ауруларды алдын-алу және реабилитация шараларының негізгі принциптерінің қажеттілігін түсінеді; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: амбулатория жағдайдайында науқастарға алдыналу және реабилитация шараларын жүргізуді дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: аурудың алдын-алу және реабилитация шаралары қажеттілігінің құндылықтарын үйлестіріп, дұрыс ұйымдастыра алады. |
Студент білуі тиіс:
· ЖДП тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын;
· кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін;
· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін.
Студент жасай алуы тиіс:
· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;
· амбулаториялық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;
· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;
· еңбекке жарамсыздығын сараптау;
· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;
· қалқанша безін пальпациялау;
· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;
· командада жұмыс істеу.
Дағдыларды игерген болуы тиіс:
· қарау, пальпация, перкуссия және аускультация;
· артериялық пульс пен қысымды өлшеу;
· қалыпты ЭКГ тіркеу және интерпретациялау;
· пикфлоуметрия жасау және интерпретациялау.
· тік ішекті саусақпен тексеру;
· ішекті тексеру;
· сыртқы акушериялық тексеру;
· ішек пен жатыр мойнынан сүртінді алу.
5. Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері:
Пәннің алғы реквизиттері: ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативтік дағдылар – 1, коммуникативтік дағдылар – 2, клиникаға кіріспе – 2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар, акушерия – гинекология
Пәннің кейінгі реквизиттері: жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, ішкі аурулар бойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура, балалар аурулары бойынша интернатура.