Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 11 страница

φ = (φ1 + φ2)/2.

Үйкеліс коэффициенті f = tg φ тең болады.

Екшеуіштің пайдалы әсер коэффициенті η (ПӘК) келесі формула бойынша анықталады:

η = [(а – θ)/а(100- θ)]104,

мұнда а –бастапқы материалдағы тор астындағы кластың мөлшері, %;

θ – торастындағы өнімдегі сол кластың мөлшері.

 

Екшеуіштің ПӘК анықтау үшін ұсақтау өнімінің салмағы өлшенеді. Ширектеу әдісі бойынша (метод квартования) өнімнің електі талдау үшін кеннен үлгі алынады. Електі талдау нәтижелелері бойынша график сызылады. График негізінде торастындағы материалдың шығу проценты анықталады. Содан кейін материалдың белгілі мөлшеріне бақылау екшеу жүргізіледі де өлшеу арқылы сол кластың торастындағы материалдағы мөлшері анықталады. Алынған мәліметтер бойынша екшеуіштің ПӘК анықталады.

Екшеуіштің жұмыс кесіндісін анықтау (живое сечение). Екшеуіштің жұмыс кесіндісі дегеніміз тесіктер ауданының електің жалпы ауданына қатынасы. Жұмыс кесіндісін анықтау үшін тесіктердің саны мен електің 100х100 мм2 ауданында олардың жалпы ауданын есептейді. Сонда Екшеуіштің жұмыс кесіндісі.

P = (nF/10000)·100,%,

мұнда n –100х100 мм2 електің ауданындағы тесіктердің саны;

F – бір тесіктің ауданы;

P – Екшеуіштің жұмыс кесіндісі, %.

 

Екшеуіштің өнімділігін анықтау. Екшеуіштің теориялық өнімділігі келесіден анықталады:

Q = q·F·γ·k·n·j,

мұнда γ – кеннің төгілу массасы;

F – екшеуіш елегінің ауданы;

q –1 м2 екшеуіштің орташа меншікті өнімділігі;

k – майда кесектердің әсерін есептейтін коэффициент;

n – өтпеген дәндердің санын есептейтін коэффициент;

j – екшеу әдісін есептейтін коэффициент.

 

Елек ауданының меншікті өнімділігі кестеден анықталады.

Кесте 3.1

Екшеуіштің өнімділік коэффициентінің q елек тесіктерінің өлшемдеріне тәуелділігі

Тесік өлшемдері, мм q Тесік өлшемдері, мм q Тесік өлшемдері, мм q
0,15 1,8 5,5
0,21 2,2 7,0
0,30 2,5 11,0
0,42 2,8 7,5 17,0
0,59 3,2 19,0
0,88 3,7 25,5
1,17 4,4 28,0    

k, n, j түзету коэффициенттері кестелер бойынша анықталады

Кесте 3.2

Өлшемі тесіктер өлшемінен ½ төмен дәндер мөлшерінің процентіне тәуелді k коэффициентінің мағынасы

%
k 0,7 0,8 0,9 1,0 1,2 1,4 1,6 1,8 2,0

Кесте 3.3

Өтпеген дәндер мөлшерінің процентіне тәуелді n коэффициентінің мағынасы

%
N 0,94 0,97 1,0 1,03 1,11 1,18 1,24 1,32 1,55

Кесте 3.4

Екшеу тәсіліне тәуелді j коэффициентінің мағынасы

Екшеу тәсілі құрғақ сулы лаборат. тәсіл
j 1,0 1,40 1,0

Жұмысты рәсімдеу

1. Вибрациялық екшеуіштің қысқаша жазбасын беру;

2. Берілген екшеуіштің эскизын сызып, оның техникалық сипаттамасын келтіру;

3. Жұмыс барысын қысқаша келтіру;

4. Алынған нәтижелелерді келтіру.

Ұсынылған әдебиет:

1нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].

Бақылау сұрақтары

1. Екшеу үрдісінің мәні неде?

2. Екшеуіштің негізгі параметрлері қандай?

3. Екшеу беииеріне қандай талаптар қойылады?

4. Кеннің гранулометриялық құрамы екшеу үрдісіне қалай әсер етеді?

5. Екшеуіштің жұмыс кесіндісі дегеніміз не?

 

№3 Лабораториялық жұмыс. Кендерді ұнтақтау (шарлы, сырықты, планетарлы және өзіндіктен ұнтақтау диірмендер)

Жұмыстың мақсаты

Кенді ұнтақтауға арналған жабдықтармен, олардың құрылысымен, сипаттамаларымен және ұнтақтау үрдісімен танысу. Кеннің ұнтақтылық дәрежесіне ұнтақтау ұзақтылығының әсері.

Жұмыстың мазмұны

1 Диірмендердің құрылысымен танысу;

2 Шарлы диірменнің эскизын салу;

3 Електік талдау арқылы бастапқы өнімдегі – 0,074 мм кластың мөлшерін анықтау;

4 Сиымдылығы 250 кг лабораториялық шарлы диірменде кенді майда ұнтақтаудан өткізу. Ұнтақтау ұзақтылығы әртүрлі болады (10, 20, 30 минут);

5 Әртүрлі електерді пайдаланып алынған өнімдегі -0,074 кластың мөлшерін анықтау;

6 Ұнтақтау ұзақтылығынан кен ұнтақтылығының тәуелділік кисығын сызып талдау;

7 Бастапқы өнімнің ұнтақтау денемен (шарлар) арақатынасы ½; 1/3; 1,6 болған жағдайда кенді ұнтақтау;

8 Ұнтақтау өнімдерінің електік талдау нәтижелелері бойынша графиктерін сызып талдау.

Жұмысқа түсіндіру

Ұнтақтау ұзақтылығы әртүрлі болған жағдайда бастапқы материалменен үш тәжірибе жүргіземіз. Електік талдаудың мәліметтері бойынша кен ұнтақтылығының ұнтақтау ұзақтылығынан тәуелділік кисықтарын сызып талдаймыз. Интерполяция әдісін қолданып ұнтақтау уақытының бірнеше аралық шамалары бойынша -0,074 кластың шығуын анықтаймыз.

Ұсынылған әдебиет:

7нег. [Т1,9-2], 3 қос. [7-34].

Бақылау сұрақтары

1 Қандай мақсатпен кенді ұнтақтайды?

2 Диірмендердің классификациясы қандай?

3 Ұнтақтау ұзақтылығы кеннің ұнтақтылығына қалай әсер етеді?

4 Кеннің гранулометриялық құрамына ұнтақтау денелердің (шарлардың) мөлшері қалай әсер етеді?

№4 Лабораториялық жұмыс. Табақшалы нәрлендіргіштің жұмыс істеу принципімен танысу

Жұмыс мақсаты

Нәрлендергіштердің негізгі құрылысымен танысу. Тарелкалы нәрлендіргіштің жұмысы мен құрылысын зерттеу.

Жұмысқа түсіндіру

Материалдар шанақтардан өзінен өзі шығуына жол бермеу үшін әртүрлі қондырғылар қолданылады. Оларға нәрлендіргіштер де жатады. Табақшалы (дискалы) нәрлендіргіштер (сурет 49) ары қарай өңдеу машиналарға ұнтақты және майда кесекті материалдарды үздіксіз беруге және оларды көлемді түрде реттеуге арналған.

б)

а – нәрлендіргіш нобайы; б – нәрлендіргіштің жұмыс органы.

1 – шанақпен қосылған құбыр; 2 – диск (табақша); 3 – пышақ (қырғыш); 4 – редуктор; 5 – рычаг; 6 – винт; 7 – маховик; 8 – винт; 9 – вилка; 10 – обойма.

Сурет 49 – Табақшалы (дискалы) нәрлендіргіш

 

Нәрлендіргіштің негізгі бөлшектері ол шаққа жалғанған құбыр, редуктор арқылы қозғалысқа келтірілетін айналмалы диск (табақша). Табақшаға келіп түсетін материал пышақпен (қырғыш) науаға түсіріледі. Бір айналым ішінде дискке берілетін материал мөлшері винт 6 және рычаг көмегімен пышақтын орналасу бұрышын өзгерте немесе маховик, винт 8 және вилка көмегімен обойманың орналасуын өзгерте реттеледі. Бірінші жағдайда материал сақинасының көлемі өзгереді. Бұл көлем, обойманың диаметрі мен орналасуымен анықталан цилиндрдің көлемін алып тастағанда, кесілген конустың көлеміне тең. Екінші жағдайда диск үстіндегі материалдың жалпы көлемі өзгереді.

Нәрлендіргіштің өнімділігі (м3/ч) келесі формула бойынша анықталады:

П = 3600[ (R2 + r2 + Rr) – πr2h)n,

мұнда h – материал сақинасының биіктігі, м; R - қырғышпен түсірілетін материалдың сақина табанының сыртқы радиусы, м; r – материал сақинасының үстінгі жағының радиусы, м; n – дисктың айналу жиілігі, айн/с.

Нәрлендіргіштің бірқалыпты істеу үшін ортадан тепкіш күш материалды дисктан лақтырып тастамауы қажет, немесе келесі шарт орындалуға тиіс:

 

2R < fmg,

мұнда f – материалдың дискке үйкелу коэффициенті;

g – бос құлаудың үдеруі, м/с2.

 

Дисктың бір секундада шекті айналу жиілігі:

n =

 

 

Бір айналым ішінде дисктен материалдың белгілі мөлшері түсіріледі. Түсірілген материалдың ауырлық күші (Н):

Р = Пρg/(3600/n),

мұнда П – нәрлендіргіштің көлемдік өнімділігі, м3/ч;

ρ – материалдың көлемдік массасы, кг/м3.

 

Нәрлендіргіштерді пайдалану барысында техника қауіпсіздіктін ережелері мен талаптары орындалу қажет. Нәрлендіргіштердің жұмысы кезінде оларды жұмысшыларға тазалауға, элементтерді (бөлшектерді) реттеуге және де материалдың өтуін қолмен қамтамасыз етуіне үзілді-кесілді түрде жол бермеу қажет. Нәрлендіргіштердің бардық қозгалатын, әсіресе, айналатын бөлшектер қоршауға алыну керек. Профилактикалық жұмыстар барысында нәрлендергіштің жұмыс бөлшектері мұқият қаралып, керек кезде тазалану қажет, әйтпесе нәрлендіргіштің бірқалыпты жұмысына әртүрлі кедергілер пайда болуы мүмкін және де дозалау дәлдігі қиынға соғады. Осындай жұмыстарды жүргізу алдында бірнеше шарттар орындалу қажет:

1 Электрқозғалтқыш өшірілуге тиіс;

2 Жұмыс органдарға механикалық блокировка жасалу тиіс.

Жұмысты орындау

Жұмысты орындау алдында нәрлендергіштердің құрылысымен, жетектері мен танысу керек. Сосын табақшалы нәрлендіргіш үлгісінің эскизы салынып, конструкйияның өлшемдері алынады да барлық қажетті параметрлер анықталады. Нәрлендіргіш үлгісінің өнімділігі есептелінеді. Содан кейін шанаққа ұнтақталған материал төгіледі де, табақшаның бірнеше айналымынан кейін, материалдың табиғи енкіш бұрышы анықталады. Бұдан кейін нәрлендіргіштің жетегі жүргізіліп, пышақпен (қырғышпен) түсірілген материалдың салмағын таразыда өлшеп нәрлендіргіштің нақты өнімділігі анықталады.

 

Жұмысты рәсімдеу

1. Табақшалы нәрлендіргіштің эскизын салу;.

2. Нәрлендіргіш параметрлерін өлшеу;

3. Есептеу арқылы нәрлендіргіштің өнімділігін анықтау;

4. Пышақтың орналасуына нәрлендіргіштің нақты өнімділігін анықтау;

5. Нәрлендіргіштің пышақтың орналасуына байланысты тәуелділік графигін сызу.

Ұсынылған әдебиет:

2 нег. [9-21], 3 нег. [5-17].

Бақылау сұрақтары

1.Нәрлендіргіштер не үшін қолданылады?

2. Нәрлендіргіштердің құрылысы қандай болады?

3. Табақшалы нәрлендіргіштің өнімділігі неге тәуелді?

№5 лабораториялық сабақ. Гранулометриялық құрамды анықтау

Жұмыс мақсаты

Гранулометриялық құрам туралы түсініктерді алу және гранулометриялық талдаудың әдістерімен танысу.

Тапсырма:

Жоғарғы елекке (ең ірі) үлгі төгіліп қақпақпен жабылады. Електер жиынтығын механикаландырылған дірілдеткішке орналастырады. Дірілдету ұзақтылығы шамамен 10 - 30 минут.

Елегеннен кейін әр електегі және тұғырықтағы қалдықты өлшейді. Салмақтар суммасының бастапқы суммадан айырмашылығы 1% - тен көп болмауы керек.

Електік талдаудың нәтижелелерін кестеге жазыңыз. Сонымен қатар плюс (+) және минус (-) бойынша шығуды есептеу қажет. Електік талдаудың нәтижелелерін, ірілік сипаттамасы деп аталатын, график түрінде көрсетеді. Графикты құрғанда масштабқа сәйкес абсцисса осіне елек саңлауларының өлшемдері, ал ордината осі бойынша % - пен суммалық шығуы белгіленеді. Суммалық сипаттамасы бойынша әр ірілік кластың шығуын оңай анықтауға болады.

Барлық алынған мәліметтерді лабораториялық жұмыстың түсіндіруіне еңгізу қажет.

Жұмысқа түсіндіру

Әртүрлі өлшемді дәндер мен кесектерді ұзындық l, енімен b және дәнді қоршаған параллелепипедтің қалыңдығымен t жеткілікті мөлшерде сипаттауға болады. Оңайлату мақсатымен, жеке алынған дәнді бір өлшеммен сипаттайды. Оны дәннің диаметрі d деп атайды. Дәннің диаметрі ретінде дән өтеалатын шаршы тәрізді ең аз өлшемді саңлаудың өлшемі алынады.

D саңлаулы електен өтетін дәндер тобын d-дан аз классты немесе минус d (-d) деп атайды. Електе қалып қойған дәндерді d-дан ірі немесе плюс d (+d) деп атайды. Елек саңлауларынан өткен d1 және електе қалып қалған d2 дәндер тобы ірілік класын құрайды. Олардың өлшемдерін былай көрсетеді: минус d1 плюс d2 (-d +d), d1 - d2 немесе d2 - d1.

Дәндер қоспасының ірілігі ондағы белгілі ірілікті кластардың мөлшерімен сипатталады немесе гранулометриялық құрамымен. Қоспалардың гранулометриялық құрамды електік, седиментациялық және микроскопиялық талдаулар арқылы анықтайды.

Електік талдау

Електік талдау үшін лабораториялық електердің жиынтығын қолданады. Оларда саңлаудардың өлшемдері өлшемдерінің азайю ретімен орналасып геометриялық прогрессияяын құрайды. Осы прогрессияның бөлгіші немесе қатар орналасқан екі електердің саңлаулар өлшемдерінің тұрақты қатынасы (үлкенінен кішіге қарай) електер шкаласының модулі деп аталады. 0,074 мм және модулі саңлаулы негізінде електер електік талдау үшін ең жиі қолданылады.

Зерттеу електер өлшемдерінің өлшемдері, мм

2,5; 2,0; 1,6; 1,25; 1,00; 0,900; 0,800; 0,700; 0,630; 0,560; 0,500; 0,450; 0,355; 0,315; 0,250; 0,200; 0,180; 0,140; 0,125; 0,100; 0,090; 0,074; 0,063; 0,056; 0,040.

Електік талдауға арналған үлгінің салмағы материалдың ірілігіне тәуелді.

 

Кесте 83 -Материал кесектерінің өлшемдеріне тәуелді үлгілердің ұсынылған салмақтары

Ең ірі кесектің өлшемі мм 0,1 0,3 0,5
Үлгінің минимальды салмағы кг 0,025 0,050 0,1 0,2 0,3 2,25

 

Електе жиынтығында тостаған-тұғырық (чашка-поддон) және қақпақ бар. Материалды бірнеше електерден бірақ (бір уақытта) өткізуге болады. Тұғырыққа ең майда елек қойлып оның үстіне саңлаулар өлшемдері ұлғаю ретңмен електер қойлады.

Ұсынылған әдебиет:

2 нег. [9-21], 3 нег. [5-17].

Бақылау сұрақтары:

1. Дәннің диаметрі дегеніміз не?

2. Ірілік класы дегеніміз не?

3. Гранулометриялық құрамы дегеніміз не?

4. Дәндердің өлшемдері немен сипатталады?

№ 6 лабораториялық сабақ. Жүгіршек диірмендердің (жүгіршектер) конструкциясы

Жұмыс мақсаты

Жүгіршек диірмендердің конструкциясы мен қолданылу саласымен танысу.

Тапсырма:

1) Жүгіршектердің эскизын жасау;

2) Тостаған мен сырғанақтардың негізгі параметрлерін өлшеу;

Жұмысқа түсіндіру

Жүгіршектерді әртүрлі материалдардың майда ұсақтауында (дайын кесекті өнімнің өлшемдері 3-8 мм) және ірі ұнтақтауда (0,2-0,5 мм) пайдаланады. Олардын пайдаланылуы арнайы технологиялық талаптарына байланысты (ұнтақтау мен бірге массаны тығыздау, үгіту және сусыздандыру қажет болғанда). Пісіру өндірісінде жүгіршектер пісіру электродтардың қаптамаларына арналған қоспаларды дайындау үшін қолданылады.

Жүгіршіктерде бір, не көбінесе екі, ірі сырғанақтар болады. Олар белгілі бір бет үстіменен айнала қозғалып өз салмағымен осы беттегі материалдарды езу арқылы майдалайды (ұнтақтайды). Сырғанақтардың массасы мен өлшемдері жүгіршектердің техникалық сипаттамасын анықтайды.

 

а - қозғалмайтын тостағанды; ә - қозғалмалы тостағанды; б - қозғалмалы тостағанды және ілінген сырғанақтарымен.

Сурет 25 - Жүгіршектердің кинематикалық нобайы

 

Қозғалмайтын тостағанды жүгіршектер (Сурет 25, а) сулы ұнтақтау үшін қолданылады. Ылғалдылығы 15% - тен жоғары саз балшықты ұнтақтауға арналған. Осындай жүгіршектер сырғанақтарының өлшемдері (диаметр х ені) 1200 х 300 мм -ден 1800 х 550 мм - ге дейін, сәйкес массасы 2 - 7 тонна, өнімділігі 10 - 28 т/сағат, энергия шығыны шамамен 1,4 кВт-сағат/т.

Тік біліктің 1 жоғарғы жағына шарнирлер арқылы 3, 4 сырғанақтар осьтерінің 2 кривошиптері бекітілген. Осындай бекіту тостағандағы материалдың қалыңдығына байланысты сырғанақтардың көтерілуін немесе түсуін қамтамасыз етеді.

Сулы ұнтақтау үшін арналған жүгіршіктердің сырғанақтарының ені b, диаметрі Dк және тостағанның диаметр Dч белгілейміз, сонда:

Dк = (3,25¸ 3,65) b; Dч = 5b

Ұсынылған әдебиет:

8нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].

Бақылау сұрақтары:

1. Жүгіршектер не үшін қолданылады?

2. Жүгіршектерде неше сырғанақтар болады?

3. Жүгіршек диірмендердің қандай түрлері болады?

№ 7 лабораториялық сабақ. Жүгіршектерді есептеу

Жұмыс мақсаты

Жүгіршек диірмендердің есептеуімен танысу.

Тапсырма:

1. Ұстау бұрышын анықтау;

2. Біліктердің жиілігін анықтау;

3. Жүгіршектердің өнімділігін анықтау;

4. Електік талдау арқылы ұнтақтауға арналған материалдың ірілігін анықтау;

5. Жүгіршектрге материал түсіріп, оны 10 минутқа қосу. Материалды шығарып, ірілігін анықтау.

6. Жүгіршектрге материал түсіріп, оны 20 минутқа қосу. Материалды шығарып, ірілігін анықтау.

Жұмысқа түсіндіру

Ұстау бұрышы - АА сызықпен сырғанақ бетімен түйісу орнындағы бұрыш (Сурет 26).

а) ұстау бұрыштарды анықтау; ә) диаметрлер арақатынасын анықтау; б) әр нүктедегі сырғанақтардың жылдамдығын анықтау

Сурет 26 - Жүгіршектердің есептеу нобайы

 

Материал кесегін сырғанақпен ұстауы келесі жағдайда орындалуы мүмкін:

Р sina £ fP1 + fP cosa,

Мұнда Р - материал кесегіне келетін сырғанақтың қысым күші;

Р1 - Р күші әсерінің реакциясы, тостаған түбімен материал кесеғінің түйіскен орнына бағытталған;

f - жүгіршектің жұмыс беттеріне материал кесегінің үйкеліс коэффициенті.

 

Кесектің тепетеңдік жағдайына сүйеніп, тік оське әсер ететін барлық күштерді жобалауда келесіге келеміз:

Р1 - Р cosα ‐ fP sinα = 0,

Немесе Р1 = Р (cosα - f sinα).

tg α £ 2 f/ (1 - f2).

f = tfφ болғандықтан ( мұнда φ - үйкеліс бұрышы), онда α £ 2 φ. Осыған байланысты, жүгіршіктердің ұстау бұрышы үйкелістің қос бұрышынан аспау керек.

Түсетің кесектің d диаметрімен сырғанақтың Dк диаметры арасындағы ара қатынасы:

= .

D/d ара қатынасын анықтауда берік жыныстар үшін α =16º40', ылғалды жыныстар үшін α =24º20'. Берік жыныстар үшін D/d =11, ылғалды жыныстар үшін D/d = 5.

Сырғанақтардың сенімді жұмысы үшін алынған ара қатынастарды 10 -20%-ке ұлғайту қажет.

Жүгіршектердің өнімділігі көптеген факторларға тәуелді. Кейбірелері есептеуге де жатпайды. Осыған байланысты өнімділікті анықтау үшін келесе эмпирикалық формула келтіріледі:

Q = 6·104 mDn,

Мұнда Q - жүгіршектердің өнімділігі, (кг/сек); m - Сырғанақтың массасы, кг; D - тостағаннығ диаметры, м; n - біліктің айналу жиілігі, (айналым/сек).

Ұсынылған әдебиет:

1нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].

Бақылау сұрақтары:

1. Ұстау бұрышы дегеніміз не?

2. Жүгіршектердің өнімділігі неге тәуелді?

3. Материал кесегін сырғанақпен ұстауы қандай жағдайда орындалуы мүмкін?

 

 

2.4 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (СОӨЖ) аясында өтетін сабақтар жоспары

Апта Тапсырма Өткізу түрі Әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттер
Қазақстандағы кен орындары Треннинг Металлургия жаңалықтары 1 нег. [9-120] 1 қос. [8-28]
Қазақстандағы металлургиясы Треннинг Металлургия жаңалықтары Атлас
Металлургиялық өндірісінің болат прокаттаудың технологиялық нобайды жасау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 3 нег.(6-13)
Байыту өндірісінің жабдықтарын таңдау Треннинг Кен байыту негіздері 1 нег.(4-28)
Кендерді кесектендіру технологиясы Тренинг Кен байыту негіздері 1 нег.(4-28)
Түсті, бағалы және сирек металдардың өндірісінің технологиялық нобайын жасау Треннинг Металлургия жаңалықтары 3 нег.(206-212)
Түсті металдардың өндірісінің технологиялық нобайын жасау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 2 нег.(407-408)
Бағалы металдардың өндірісінің технологиялық нобайын жасау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 6 қос. [Т1, 8-15]
Сирек металдардың өндірісінің технологиялық нобайын жасау Треннинг Металлургия жаңалықтары 6 қос. [Т3, 10-25]
Өндірістің өнімділігі мен технологиялық нобайларды таңдау Экспресс сұрау Металлургия жаңалықтары 1 нег. [9-16] 6 қос. [Т1, 8-21]
Өндірістің өнімділігі мен технологиялық нобайына байланысты металлургиялық жабдықтарды таңдау Экспресс сұрау Металлургия жаңалықтары 2 нег. [407-428]  
Қара металлургиядағы прокаттау өндірісінің технологиялық нобайын таңдау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 5 нег. [262-266]  
Қара металлургиядағы прокаттау өндірісінің жабдықтарын таңдау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 2 нег. [438-454] 5 қос. [262-266]
Түсті металлургия заводының прокаттау өндірісінің жабдықтарын таңдау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 6 нег. [37-298] 6 қос. [17-24]
Түсті металлургиядағы прокаттау өндірісінің технологиялық нобайын таңдау Жұмыс ойын Металлургия жаңалықтары 1 нег. [9-120] 1 қос. [8-28]

2.5 Студенттердің өздік жұмыс (СӨЖ) аясында өтетін сабақтардың жоспары