БЕТТІҢ ЖҮМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
Бет-жақ аймағының механикалық жарақаты бар науқастарда бет тіндерінің зақымдануы кездеседі. Олардың себептері: тұрмыста, транспортта, өндірісте және спортта алған жарақаттар болып табылады. Жұмсақ тіндердің жарақатты зақымдануын екі негізгі топқа бөледі (Агроскино А. П. 1986). 1. Беттің жұмсақ тіңдерінің жекелеген зақымдануы.
2. Беттің жұмсақ тіндерінің және бет қаңқасы сүйектерінің бірлескен зақымдануы.
Жұмсақ тіндердің зақымдануы жарақаттану орнына, жарақаттаушы заттың әсер ету күші мен түріне байланысты әр қилы келеді. Бетке тиген жұмыр заттың әлсіз соққысынан бұлшықет пен теріасты май клетчаткасы зақымданады. Жұмсақ тіндер ісініп, қанталаумен ұштасады. Қанталап ісінген жер 12— 14 күндерге таман біртіндеп жоғалып, жасылданып кейін сары түске айналады. Жарақат алған жерге 2 күнге дейін салқын, кейін жылы басқан жөн.
Иек, бет доғасы аймағында, мұрын, маңдай, терілері жиі жараланады, тері бүтіндігі бұзылады, бірақ тігіс салуды қажет етпейді. Теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеп жарға бриллиант көгі немесе 5% йод тұнбасын жақса жеткілікті. Жаралы жердің жазылуы қабықша астында жүреді. Қабықша тез түзілу үшін жарақаттың бетіне калий перманганатын әр 5—7 мин. сайын 1:10 ерітіндісін жағуға болады.
Өткір құралмен ұрғанда жүмсақ тіндер жарақаттануы мүмкін. Жарақат беткей немесе терең болуы, кейде бұлшықеттер, тамырлар мен нервтер зақымдануы мүмкін. Бет жарақаты кейде ауыз қуысын, мүрынды, ЛОР-мүшелерді, көзді, бассүйекмиды қамтуы мүмкін. Жарақаттың кесілген, шаншылған, шабылған, жыртылған, соғылған, жыртылып-соғылған және т. б. түрлерін ажыратады. Мұрын, құлақ, ерін аймақтарында жануарлар немесе адамның тістеуінен де жарақаттар кездеседі. Соғылған, жыртылған жа-рақаттар маңындағы тіндер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың пішіні алуан түрлі келеді. Кесілген, шаншылған, шабылған жарақаттарда тіндер ақаусыз, жиектерінде қан аққан тегіс саңылау болады. Шабылған жарақатта сүйек те зақымданады. Клиникалық көрінісі көбінесе жарақаттың орналасуына байланысты. Жоғарғы немесе төменгі еріннің зақымдануына жарақат шеттерінің ақаулануы тән. Ауыз айналасындағы бұлшықеттердің зақымдануынан ауыз қуысының толық жабылуы бұзылып, сілекей ағып тұрады. Жарақат ласта-нып, тістермен зақымданғандықтан еріннің шырышты қабығы жыртылады. Ас қабылдауы қиындап, сөйлеуі бұзылады.
Құлақмаңы шайнау аймағы тіндерінің жарақаттануы сілекей безінің зақымданып, сілекей жыланкөздерінің түзілуімен не бет нервісі бұтақтарының, беттің ымдау бұлшықеттерінің зақымдануына әкелуі мүмкін
Меншікті шайнау бұлшықеттерінің жыртылуынан болатын тыртықты өзгерістер тыртықты контрактураның дамуына әкеліп, ауызды ашу бұзылады.
Төменгі жақасты аймағының тіндері жарақаттанғанда бет артериясы мен венасы, төменгі жақасты сілекей бездері, көмекей мен кеңірдек, ауыз қуысының түбі мен тіл зақымдануы мүмкін.
Мұрынның зақымдануы қан кетіп, тіндердің ісінуімен жалғасады. Мұрын ақауы пайда болса, оны күрделі реконструктивті операциялар жасау арқылы жоюға болады. Кей жағдайларда бор мен сепарациялық дискілер ауыз қуысын зақымдайды. Тіс емдейтін бор терең жыртылған жарақат тузеді, ол инфекциямен асқынады. Одан кеткен қанды тіндерді тігу арқылы тоқтатуға болады. Одан кейін абсцеске қарсы препараттар қолданған жөн.
Сепарациялық диск ауыз қуысын әртүрлі тереңдікте жарақаттайды. Дискімен немесе таспен тіласты аймағын, тіл венасы, артериясын кесіп кету өте қауіпті. Ол қатты қан кетумен жалғасса, оны емхана жағдайында тоқтату өте қиын. Тілдің көлемі тез ұлғайып, тұншығуға әкелуі мүмкін. Қан тамырлардан басқа төменгі жақасты сілекей бездері, тіл нервісі зақымдануы мүмкін, ол аурухана жағдайында емдеуді талап етеді. Тілдің жарақаттануы қатты қан кетумен көрінеді. Оны жарақатты тігу арқылы тоқтатуға болады (егер тіл артериясы зақымданбаса).
Жарақатты біріншілік хирургиялық өңдеу. Алдымен бет жұмсақ тіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап, жылы сумен жуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен, сабынды көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан теріні алдымен бензинмен, кейін спиртпен сүртеді. Тері жабындысындағы түкті қырып тастайды. Кейін жарақатты антисептикалық ерітінділермен жуып механикалық жолмен бөгде денелер мен ластанудан тазартады. Егер жарақатты өңдеу жергілікті анестезиямен жүргізілсе анестетик ерітіндісіне антибиотиктер қосады. Ал наркоздан соң жүргізсе, жарақат маңына антибиотик ерітіндісін жібереді. Егер өңдеуді мықты тігіс салумен аяқтаса, онда жарақатты қабат-қабатымен тігеді. Бұлшықетке міндетті түрде тігіс салады. Ауызға енген жарақат кезінде бірінші шырышты қабықты, кейін бұлшықетпен фасцияны, одан соң теріасты майлы клетчат-касымен теріні тігеді. Ерін жарақаттанғанда 1-ші бұлшықетті, кейін қызыл жиегін біріктіріп келтіріп, оның терімен біріккен шекарасынан тігеді, содан кейін теріасты майлы қабатпен теріні, содан кейін барып еріннің шырышты қабатын тігеді. Егер хирургиялық өңдеу 48 сағат ішінде жүргізілсе (беттің кез келген аймағының жарақатында), тінді мұқият тігіп резина түтік салуға болады.
Егер өңдеу 48 сағаттан соң жүргізілсе, тіндерден қабыну белгілері болса да ерін, қабақ, мұрын қанаты, қүлақ қалқаны, ауыз қуысының шырышты қабатына мұқият тігіс салуға болады. Беттің қалған бөліктеріне сирек түйінді тігістер салған жөн. Тіндер ақауланса, біріншілік хирургиялық өңдеумен бірге жергілікті тіндермен 1 -шілік пластикалық ем жүргізу керек, бұл кейін болатын деформациялардың алдын алу мақсатымен жасалады.