Депозиттік және депозиттік емес ресурстар арасындағы айырмашылықты айтыңыз.
Әдістемелік ұсыныстар:
Меншікті қаражаттардың жеткіліктігі коэффициентін есептеу техникасын үйрену керек. Депозитік базаны есептеу көрсеткіштеріне көңіл аудару қажет.
Семинар: 3-тақырып. Банк активтерінің құрамы мен сапасы құрылымы(1сағ)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1. Банк активерінің құрамын айтыңыз
2. Бірінші реттегі резервтерді түсіндіріңіз
3. Екінші реттегі резервтерге нелер жататынын айтыңыз
4. ҚР-ғы банктердің активтері қалай жіктелетінін баяндап беріңіз
5. Банк активтерінің сапасын қалай бағалауға болатындығын айтыңыз.
Әдістемелік ұсыныстар:
Ағымдық активтер мен капиталдық активтер түрлерін өзара ажырату білу қажет. Активтердің жіктелімі және оларға қарсы провизия құру әдістемесін оқып меңгеру.
Семинар: 4-тақырып. Несиелеу жүйесінің элементтері. Қарыз алушынының несиелік қабілеттілігін талдау Несиелеу жүйесінің элементтері. Қарыз алушынының несиелік қабілеттілігін талдау(2сағ)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1 клиенттен несиелік өтінішті қабылдау тәртібін түсіндіріңіз
2 несиелік құжаттарға сараптама жасаудың маңызын түсіндіріңіз
3 клиенттің несиелік қабілетіне талдау жүргізіңіз
4 несие беру және қайтарылуына бақылау жасау
5 заңды сараптама не үшін қажет
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР екінші деңгейдегі банктердің несие қызметтерімен танысу. Банктің несие саясатын оқып үйрену. Қарыз алушының несиелік рейтингін анықтау әдістемесімен танысу.
Семинар: 5-тақырып. Корпоративтік несиелеу процессін ұйымдастыру(1 сағат)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1 Корпоративті клиенттерді несиелеудің қажеттілігі.
2 Несиелеу объектілері
3 Несиелеу субъектілері
4 Несиелеуге қажетті құжаттар
5 Заңды тұлғаларға несие беруді рәсімдеу
6 Тақырып бойынша глассарий құру
Әдістемелік ұсыныстар:
Ағымдық активтер мен капиталдық активтер түрлерін өзара ажырату білу қажет. Активтердің жіктелімі және оларға қарсы провизия құру әдістемесін оқып меңгеру.
Семинар: 6-тақырып. Бөлшек несиелеу процессін ұйымдастыру(1cағат)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1 Жеке тұлғаларды несиелеудің ерекшеліктері
2 Тұтыну несиесіне қажетті құжаттар пакеті
3 Тұтыну несиесі бойынша келісімшарттарға сипаттама
4 Жеке қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау факторлары
5 Ипотекалық несиелеу қағидалары
6 Ипотекалық мәмілелерді рәсімдеу ерекшеліктері
7 Типтік ипотекалық қарыз
Әдістемелік ұсыныстар:
Студент жеке тұлғаларды несиелендіру ерекшеліктері мен шарттарын білуі тиіс. Несие аларда банкке қандай құжаттарын қажеттілігін және ол бойынша, несие қабілеттілік не екенін оқып үйренеді.
Семинар:7- тақырып. Банктік несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары(1cағат)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1 Кепіл шарты, оның мазмұны және құрылымы
2 Кепіл шартына қосымша құжаттар
3 Кепілдің түрлері: мүліктік кепіл және құқықтық кепіл
4 Тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі
5 Дебиторлық шоттар кепілі
6 Бағалы қағаздар кепілі
7 Депозиттердің кепілі
Әдістемелік ұсыныстар:
Студент неиснің белгілі мерзімге және оның өсіммен қайтарылатынын білгеннен соң, үлкен несие сомасының кепілсіз берілмейтінін біледі, сондықтан кепіл деген не, кепілгер деген қандай тұлға екенін оқып үйренеді.
Семинар: 8-тақырып. Несиелік портфель және проблемалық несиелерді басқару, коммерциялық банктердің қор нарығындағы операциялары(1cағат)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1 Банктердің несиелік портфелі
2 Несиелік портфель сапасын сипаттайтын коэффициенттер
3 «Проблемалық» қарыздар түсінігі
4 «Проблемалық» қарыздардың пайда болуының алдын-алу шаралары
5 Қор нарығында бағалы қағаздарды орналастару процедурасы
6 Андеррайтинг- бағалы қағаздарды ашық орналастыру кепілдігі
7 Банктердің инвестициялық портфелі
Әдістемелік нұсқау:
Студент банктердің несиелік портфелі туралы түсінікті білуі тиіс. Банктің несиелік портфеліне қандай қаражаттар енеді. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы рөліне сипаттама беруді оқып үйренеді.
Семинар: 9-тақырып. Коммерциялық банктердің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг қызметтері(1cағат)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1 Лизингтік операцияларға сипаттама
2 Шұғыл лизингті рәсімдеу шарттары
3 Лизингтік операцияларды жүргізу әдістемелігі
4 Лизингтік төлемдер және жарналарды есептеу
5 Трасттық операцияларды жүргізудегі жауапкершілік
6 Банктің трасттық бөлімінің делдалдық қызметі
7 Факторингтік қызметтің қағидалары
Әдістемелік нұсқау:
Банктің және кәсіпорынның жарғысымен, қаржылық операцияларымен танысу. Лизингті рәсімдеу мәмілелерін оқып үйрену.
Семинар: 10-тақырып. Төлем жүйесін ұйымдастыру(1cағат)
Жүргізу нысаны: Ауызша жауап беру
Сұрақтар:
1. Банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібін түсіндірің
2. Төлем тапсырмасымен есеп айрысу сызбасын айтып беріңіз
3. Төлем-талап тапсырмасымен есеп айрысу ерекшелігін көрсетіңіз
4. Чек және вексельмен есеп айрысудың не себепті арта қалуын қарастырыңыз
5. Пластикалық карточкалармен есеп айрысудың тиімділіктерін айтып беріңіз
Әдістемелік ұсыныстар:
Банктік шот ашу үшін қажетті құжаттармен танысу қажет. Есеп-айрысу формаларының дұрыс толтырылуына көңіл аудару қажет. Кіріс және шығыс кассалық құжаттармен танысу қажет.