Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру

Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

27. Мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялықстиль, либералды стиль. Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушыларөз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Демократиялық стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.

28. Педагогикалық бақылау түрлерінің бірі – тестілеудің іс-тәжірибедегі нәтижелеріне сүйене отырып, мынадай қорытынды жасуға болады.

Жалпы оқыту жүйесінен педагогикалық бақылауды бөліп қарауға болмайды. Тест педагогикалық бақылаудың бір түрі деп есептесек, онда төмендегі мақсатты жүйе құру міндетті деп есептеймін:

білім мазмұнын модул (блок) түрінде беру;

модульге енетін біліммазмұнын оқыту элементтеріне бөлшектеу;

оқушылардың нені, қандай деңгейде меңгеретінін анықтайтындай педагогикалық бақылаудың мақсатын алдын ала анықтау;

Бақылаудың тестік жүйесіне көшу үшін төмендегі жағдайды есепке алуымыз керек.

оқушылардың білім, білік дағдысын алдын ала анықтау, хабардар болу;

оқушыға қысқаша жоспар мен мақсатты алдын ала хабарлау.

Кіріспе тестік бақылау, ағымдағы бақылау, қорытынды бақылау, бір не екі жылдан кейін жүргізілетін бақылау арқылы білім деңгейін анықтау.

Рейтингтік жүйемен тоқсандық не жылдық білім деңгейін бағалау. Рейтингтік жүйені тестік жүйенің жалғасы немесе оның толықтырушысы, қорытындысы деп қараған жөн.

Тест – педагогикалық бақылаудың бір түрі және оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Сондай – ақ тестің пайдалы жақтары мен бақылау жасау мүмкіндіктері де мол.

29.Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.

 

Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы. 1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады.

30.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орны және рөлі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, ұйымдастыру принциптері, қызметтері мен мазмұны, құралдары, формалары және әдістері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлілігі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формаларына сипаттама. Тәрбие жұмысында педагогикалық қолдау туралы түсінік, оның мәні және жүзеге асыру тәсілдері.

Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненты ретінде: міндеттері, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары және әдістері. Мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері. Мектептен және сыныптың мектептен тыс мекемелерінің өзара әрекеттесуі, сондай- ақ қоғамдық ұйыдарымен және бірлестіктермен, білім, мәдені-ағартушылық ұйымдарымен, мәдені және ғылыми орталықтарымен, ұлттық мәдени орталықтар, Денсаулық ұлттық орталығы және т.б.

Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша жалпы мектепшілік шаралары мен сынып сағаттарын даярлау және өткізу әдістемесі: этикалық әнгіме, әлеуметтік мәселелерді шешу әдістемесі, проектлеу жұмыстары, дисскуссия, экскурсиялар және т.б.

31.Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен

байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас,

тұлға аралық дистанция.Қарым-қатынаста Вербалды және Вербалды емес қатынастық кедергілер бар.

Вербалды– сөзді бөлу, талас, эмоцияналды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.

Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан

қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.

Вербалды емес қарым-қатынас құралдары:

– поза, жест, жүріс.

- мимка

- визиуалды контакт

- тұлғааралық қашақтық.

тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.
Мимика (гр. μιμιχοζ,mіmіkos - еліктеушілік) – бет әлпеттің қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір формасы, адамның ішкі сезімін, көңіл-күйінің әр алуан сәттерін (көңілдену, қайғыру, ашулану, т.б.) білдіретін бет - әлпеттің мәнерлі қимыл-өзгерісі.

Пантомимика - ым-ишара және сөйлеу интонациясымен қатар эмоционалдық қалыпты білдіретін форманың бір түрі болып табылатын адам денесінің қозғалысы, яғни адамдардың қарым-қатынас құралы.

 

32.

 

33.

 

 

 

35.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.
1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.
Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.
36.Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау. Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын

стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.

37. Оқыту психологиясы - оқытудың жүйелілігі жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әртүрлі дидактикалық жүйежағдайындағы танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, баланың дамуы мен оқу үрдістерін басқару мүмкіндіктерін, оқыту мен оқудың психологиялық заңдылықтарын, оқыту тиімділігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдерін зерттейді.

Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.

 

38.

 

 

39. Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:
Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру. Педагогикалық диагностика. Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу.
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

40.Практикалық психология – бұл «ғаламаттың практикалық курсы» және қызықты саяхат, бұл жерде әр адам өзі қалаған немесе болуы тиіс жерде болуы мүмкін. Таң қалдыратын жаңалықтар аша алады! Өзінде сиқырлы қанат сезіне алады. Көптен күткен сыйлығын немесе толғандырып жүрген сұрағына жауап ала алады. Біздің әр кездесуіміз – қызықты ақиқатпен танысу мүмкіншілігі! Бұл белгілі бір тақырып бойынша пікір таласуға және нақты сұрақтарды қоюға шақыру. Бұл күрделі тәжірибе алмасу. Бұл өзіңіз туралы көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік. Бұл өзін-өзі тануға, белглі мақсатқа жетуге, көңіл-күйді жақсартуға арналған практикалық жаттығулар! Бұл сәттілікті күшейту техникасы!

41.

 

42. Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады.
Жоғары мектеп педагогикасында оқытудың белсенді әдістеріне іскерлік ойындар, рольдерді ойнау әдісі, нақты жағдаяттарды талдау, белсенді бағдарламалық оқыту, ойындық жобалау, проблемалық лекциялар, пікірталастарды жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге берілетін білім «дайын күйінде» берілмейді, студенттердің белсенді әрекетінің арқасында «қол жеткізіледі».

43.Психологияны оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді.Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық.

Психологияны оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Психологияны оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық.

Психологияны оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Психология бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы.

Психологияны оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық.

44.Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.

Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.

Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.

45. Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.

Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.

Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.