АГ сатылары, ДДҰ классификациясы, 1993

Сатылары Сипаттамасы
І сатысы Нысана – органдар зақымдануының объективті белгілері жоқ
ІІ сатысы Кем дегенде «нысана – органдар» зақымдануының бір белгісі болу: - сол жақ қарынша гипертрофиясы (ЭКГ, Эхо-КГ, рентгенография); - микроальбуминурия, протеинурия және/немесе креатинемия 1,2-2,0 мг/дл (105,6 – 176 мкмоль/л); - қолқада, тәж артерияларында ультрадыбыстық немесе рентгенологиялық тексеру жолымен анықталған атеросклероздық түймедақ белгісі; - көз торы артерияларының жайылмалы немесе ошақты тарылуы.
ІІІ сатысы Нысана – органдар зақымдануының клиникалық белгілері болуы: Бас миы: - ишемиялық инсульт - геморрагиялық инсульт - транзиторлық ишемиялық көрініс - гипертониялық энцефалопатия Жүрек: - миокард инфарктісі - стенокардия - қан іркілмелі жүрек әлсіздігі Бүйректер: - креатинемия 2 мл/дл (176 мкмоль/л) - бүйрек жетіспеушілігі Шеткі тамырлар: - қолқаның шарбыланған аневризмасы - шеткі артериялардың зақымдануының айқын клиникалық белгілері (ұстама ақсақтық) Көз торы: - геморрагиялар немесе экссудаттар - көз нервісі емізегінің ісінуі

 

Шекаралық АГ: систолалық АҚҚ с.б. 140-149 мм тең, диастолалық АҚҚ с.б. 90-94 мм тең АГ.

Жекеленген систолалық АГ (ЖСАГ): систолалық АҚҚ с.б. 140 мм жоғары, диастолалық АҚҚ с.б. 90 мм төмен болатын АГ. Оның дәрежесін систолалық АҚҚ деңгейіне қарап анықтайды. Мысалдар: АҚҚ с.б. 150/80 мм – ЖСАГ І дәрежесі, АҚҚ с.б. 190/70 мм ЖСАГ ІІ дәрежесі.

1) Шекаралық ЖСАГ – систолалық АҚҚ с.б. 140-160 мм, диастолалық АҚҚ с.б. < 90 мм.

2) ЖСАГ бөлек топқа бөлінбейді, эссенциальдық АГ тобына кіреді.

АГ қауіптік дәрежесін анықтау.

АГ қауіпті дәрежесін анықтау критерийлері 15-кестеде келтірілген.

15-кесте

Қауіптік дәрежені анықтау критерийлері

Қауіп факторлары Нысана – органдардың зақымдануы Қосалқы клиникалық күйлер
І Негізгі (қауіпті анықтауда қолданылатын): - еркектер, 55 жоғарғы жастағы - әйелдер, 65 жоғарғы жастағы - шылым шегу - холестерин > 6,5 ммоль/л - жүрек-тамыр аурулары бар әулеттік анамнез (65 жастан жоғары әйелдерде және 55 жастан жоғарғы еркектерде) ІІ Қосымша - ЖТЛП холестеринінің азаюы; - ТТЛП холестеринінің көбеюі; - қант диабетімен ауыратын науқастà микроальбуминурия-ның болуы - глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы - қимылсыз тіршілік - фибриногеннің көбеюі - әлеуметтік-экономикалық факторлар - этникалық фактор - географиялық фактор Сол жақ қарынша гипертрофиясы (ЭКГ, Эхо-КГ, рентгенография.   Протеинурия және/немесе креатинемия 1,2 – 2 мг/дл. Ұйқы, мықын және сан артерияларының, қолқаның атеросклероздық за-қымдануының ультрадыбыстық, рентгенологиялық белгілері     Көз торы артерияларының жайылмалы немесе ошақты тарылуы Ми аурулары: - ишемиялық инсульт - геморрагиялық инсульт - транзиторлық ишемиялық көрініс Жүрек аурулары: - миокард инфарктісі - стенокардия - аорто-коронарлық шунттаудан, баллонды ангиопластикадан кейінгі тәж артерияларының реваскуляризациясы - қан іркілмелі жүрек әлсіздігі Бүйрек аурулары: - диабеттік нефропатия; - бүйрек жетіспеушілігі (креатинемия > 2 мг/дл) Тамыр аурулары: - қолқаның шарбыланған аневризмасы - шеткі артериялардың симптоматикалық зақымдануы - гипертониялық ретинопатия - геморрагиялар, экссудаттар - көз нервісі емізігінің ісінуі - қант диабеті

 

2. Қауіптілік дәрежесінің диагностикалық критерийлері(1-кесте):

2.1. Төменгі қауіп дәрежесінің критерийлері:

- 55 жастан жас еркектер мен әйелдер

- АГ І дәрежесі

- Қауіп факторлар, нысана-органдардың зақымдануы, жүрек-тамыр жүйесінің және қосымша аурулар жоқ

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр ауруларының болу қаупі 15% төмен

2.2. Орташа дәрежелі қауіп критерийлері:

- Қауіп факторлар бар және/немесе АГ 2-3 дәрежесі

- Нысана-органдардың зақымдануы жоқ, жүрек-тамыр аурулары және қосалқы (біріккен) аурулар жоқ

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр жүйесі ауруларының даму қаупі 15-20%

2.3. Жоғарғы дәрежелі қауіп критерийлері:

- Нысана – органдардың зақымдануы бар, АГ 1-3 дәрежесі, нефропатия жоқ қант диабеті

- Қауіп факторларының болуы міндетті емес

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр ауруларының даму қаупі > 20%

2.4. Өте жоғары дәрежелі қауіп критерийлері:

- Қосалқы (біріккен) аурулар және/немесе қант диабеті бар, АГ 1-3 дәрежесі

- Нефропатия бар қант диабетімен ауыратын адамда жоғарғы деңгейдегі қалыпты қан қысымының болуы

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр ауруларының даму қаупі > 30%

Науқас адамдарды қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу АҚҚ деңгейіне, қауіпті факторларға, нысана – органдардың зақымдануына және қосалқы клиникалық күйлерге қарап іске асырылады. Мұндай тәсілдің ерекшелігі – емдеу әдістерін таңдағанда АҚҚ деңгейі ең маңызды фактор деп есептелмейтіндігі. Емдеу әдістері қауіптік дәрежеге қарап құрастырылады: