І-МОДУЛЬ. № 1 дәріс. Кешенді өндірістік үрдістерді жобалау
Дәріс сабақтарының конспектісі
Цех жобалау кезінде және учаскелерді құруда олардың маңызды кезеңмен принцип таңдауың қалыптастыру. Таңдау өнімнің кұрделігіне, шығару бағдарламасына және өндірістін жұмыс тәртіптеріне тәуелді болады. Өндіріс цехтардың және учаскелердің құруы үш негізгі принциптері бар болады: пәндік «жұмыс жұргізуінің түрің, технологиялық және сызықты.
Пәндік принцип қолдана отырып, кеңейтумен әзірленетін полиграфиялық өнім номенклатуралары технологиялық процесінің жалпы қолдану мақсатқа лайықты және өндіріс бөлімшелерің қалыптастыру (мысалы, газеттік, басу цехі, кітапшалау цехтер және т.б.). учаскелердің құруы мына принциппен өнім конструктивті түрінің тәуелділігінде шығарылады (мысалы, сыртқы қабын даярлау, өңдеу учаскесі және т.б.). тап осы принцип негізгі артықшылығымен материалдық ағымы желілері қысқа және өндіріспен басқару құрылымы оңайлатуы келеді.
Өндіріс бөлімшелердің құру технологиялық принципі технологиялық процестің біртүрлі операцияларының орындалуымен және біртүрлі жабдықтарды қолдануымен сипатталады. Осы принципі арнайы цехтердің ұйымдастыру жолымен іске асады және орындалатын операция түрінің тәуелділікте учаскелердің жасауы (мысалы, форма жасау учаскесі , қағаз дайындау учаскесі және т.б.). Тап осы принципті артықшылықтарына апарып беруге болатыны: жұмыстардың орындалуы барысында басқару жүйесінің бірлігі, жартылай фабрикаттардың сапасының талаптары бірыңғай деңгейы, басқару құрылым оңайлатуы.
Технологиялық процестің операцияларының жүйелі орындалуы барысында өндірісті ұйымдастыру сызықты принципі қолданылады. Ол әдеттегі автоматтандырылған ағымды желілер сызықтар түрінде іске асады.
Полиграфиялық кәсіпорын дегеніміз - әртүрлі процестерді орындайтын өзара байланысы бар бірнеше цехтар мен учаскелердің кешені.
Өндірістік процесс дегеніміз – полиграфиялық басылымдардың шығуын қамтамасыз ететін әртүрлі технологиялық процестер.
Технологиялық процесс – дегеніміз жартылай фабрикатты немесе дайын өнімді жасап шығару үшін қатарынан орындалатын механикалық, физикалық, химиялық өңдеу операциялары.
Технологиялық процесс өндірістік процестің бір қосалқы бөлшегіне жатады. Физикалық өңдеуге – арнаулы басылымдардың қалыбын даярлау, өңдеу (гравировка) процесі, негізгі және қосымша материалдарды кесу процесі жатады.
Химиялық өңдеуге – басуға дейін процесте қалыб даярлауы (айқындау, шаю, бекіту, қорғау қабат жағу) басу және басудан кейін процесінде негізгі және қосымша материалдардың байланысы, кептіру, бекіту процессі жатады.
Өндірістік процеске технологиялық процестерден басқа, өндірісті ұйымдастыру мен басқару операциялары, тасымалдау процестерін ұйымдастыру, қоймалар мен өндіріс бөлімшелерін жоспарлау, технологиялық операциялардың кезегін құрастыру және кейбір операциялардың орындалу мерзімін анықтау.
Жобалау дегеніміз жаңа технологиялық шешімдерді қолдана отырып, берілген параметрлермен жұмыс істеп тұрған технологиялық шешімдерге сәйкес (қажетті) келетін шараларды қабылдау. Жобалау технологиялық үрдістерді есептеуден басталады. Бұл есептеулер арқылы өндірістік процестерге кететін уақытты, дайындалатын өнімнің құнын және қажетті материалдардың көлемін көрсетеді.
Жаңа өндірісті жобалау барысында өндірістің технологиялық процесің ұйымдастыруға қажетті жабдықтар санын, материалдар санын, өндіріске қажетті ауданың көлемін, жұмысшылардың қажетті санын, электрэнергияның шығынын және экологиялық шараларды қарастыру керек.
Мысал ретінде өнімін шығару үрдісің қарастырамыз:
1. Басуға дейінгі үрдіс
2. Басу үрдісі
3. Басудан кейінгі үрдіс.
Кешенді өндірістік үрдістерді құрастыруКешенді өндірістік процестерді құрастыруында әр бөлу кезеңдерге келесі көрсеткіштері көрсетілген:
● Әрбір кезеңдегі өндірістің әртүрлі (өзгеше) сипаттамасы:
өндіріс технологиясы;
техникамен жабдықталуы;
орындаушылардың біліктілігі;
өндірістің ұйымдастырылуы;
өндірістік процестің инженерлік қамтамасыздануы.
● Процесс кезеңдеріндегі өнім әртүрлері.
● Өнімнің түрі немесе таралымы өзгерген жағдайда еңбексыйым-дылығының өзгеруі.
Кешенді процестерді кезеңдерге бөлу әр кезеңнің технологиялық және өндірістік байланысын көрсетеді.
Өнімнің санды көрсеткіштері мен процестерінің еңбексыйымдылығының өзара байланысын қарастырайық:
● басылымның форматы – жүйенің алғашқы үш кезеңінде, келтіру коэффициенті шегінде еңбексыйымдылығы арта түседі;
● 4 және 5 кезеңдерде, көлемі өзгермеген жағдайда басылымдағы дәптерлердің саны өзгереді;
● монтаж жасау;
● таралымды басу;
● басылым көлемі - пропорционалды түрде төрт кезеңнің еңбексыйым-дылығы артады.
Таралымды басу
Таралымынды басу кезінде – бірінші кезеңде еңбексыйымдылығы өзгермейді;
екінші кезеңде – өзгеруі мүмкін, себебі басу қалыбының бірнеше комплектісі болуы мүмкін;
үшінші және төртінші кезеңдерде таралымның көлеміне қарай еңбексыйымдылығы артады.
Бояулылық
Бояулығына қарай еңбексыйымдылығы:
- 1 және 2 кезеңдерде, бояулыққа қарай пропорционалды түрде еңбексыйымдылығы артады.
- 3 – кезеңдегі еңбексыйымдылығы, басу машинасының бояу секциясының санына тәуелді болады;
- 4 – кезеңдегі еңбексыйымдылығы – басылымдағы қосалқы технологиялық бөлшектердің санына тәуелді болады (вклейка және т.б.).
Бейнелілік
Бейнелік материалдардың көлеміне қарай:
- 1-2-3 кезеңдердегі еңбексыйымдылығы бейне материалдардың күрделілігіне қарай өзгереді;
- 4 – кезеңдегі еңбексыйымдылық бейне материалының сипаттамасына тәуелді болады.
Кешенді өндірістік үрдістерді құрастыру сұлбасын қарастырайық:
Кіру мәліметтер (тапсырыс түрі)
Жобалауға берілген тапсырысты зерттеу
Басу әдістері мен басу машиналарын таңдау және негіздеу
Кешенді өндірістік үрдісті құрастыру
Өндіріс құрылымын жобалау
Берілген өндіріс көлеміне сәйкестендіріп қажетті басу машинасының санын есептеу
Өндірістің цехтарын жобалау үшін, өзара байланысқан тапсырмаларды құрастыру:
Цехтарды жобалауға арналған қорытынды бірліктерді құрастыру (электр қуаты, жарық, СЭС, әртүрлі мақсатқа арналған бөлмелердің ауданы және т.б.).
Сәулетті– құрылыс бөлігін жобалау үшін тапсырмаларды құрастыру
Ғимараттағы өндірістік цехтарды жоспарлау
Цехаралық ағымдарды шешу
Инженерлік қамтамасыздандыруға тапсырма құрастыру
Жалпы түсініктеме жазбаны құрастыру
Шығу мәліметтер
Жобалау регламенттері мен технологиясы. Өндірісті құрастыруға (дамыту) үшін техника-экономикалық негіздеуге мына мәліметтер керек:
1. Жұмыс істеп тұрған немесе жаңа кәсіпорын жайлы толық сипаттама.
2. Осы кәсіпорын шығаратын өнімнің қажеттілігін және қуатын негіздеу.
3. Кәсіпорынды қажетті шикізаттармен, электр энергиясымен, отын және т.б. материалдармен қамтамасыздандыру.
4. Негізгі технологиялық шешімдерді дәлелдеп, негіздеу:
- технологиялық процестің қазіргі заманға сәйкестілігімен даму барысы;
- жабдықты таңдау;
- кәсіпорынның болашақ өндірістік-техникалық құрылымын қарастыру;
- шамалап алынатын экологиялық шаралар.
Жобаны құрастыру реті. Инструкция бойынша жобалау 1 немесе 2 кезеңде жүреді:
1 – кезеңде құрылысы типті жобалар бойынша жүргізілетін кәсіпорынның немесе кіші баспаханалардың жұмыс жобасы дайындалады.
Егер жобалау 2 стадияда жүретін болса, бірінші кезеңде бағасы есептелген жоба дайындалады. Осы жоба бекітілгеннен кейін жұмыс құжаттары дайындалады.
Кәсіпорынның жобасында, инженерлік сұраныстар мен жұмыс варианттарын ескере отырып кәсіпорын орналасатын жер, жобалық қуат, құрылыстық баға және басқа да техника-экономикалық көрсеткіштер анықталады.
Кәсіпорындарды, цехтарды, учаскелерді реконструкциялау және техникалық қайта жабдықтауға арналған жобалар, кәсіпорынның өзіндік күшімен орындалады. Осы жобалар бойынша өндіріске жаңа техникалар ендіріледі, ескі жабдықтар ауыстырылады, технологиялық және тасымалдау операциялары механизацияланады.
Жобалар мен жұмыстық жобалар, енгізілген сома көлеміне қарай бекітіледі.
Жобалауға берілетін тапсырмалар
Жобалауға тапсырма жобаға тапсырыс беруші құрастырады. Тапсырмада негізгі көрсеткіштер мен бірліктер көрсетіледі.
Тапсырмада келесі мәліметтер көрсетілуі керек:
1. Жобаланатын кәсіпорынның атауы;
2. Жобалаудың негізі;
3. Құрылыстың түрі (жаңа, реконструкциялау, техникамен қайта жабдықтау, кеңейту);
4. Өндірістік көлемі мен номенклатурасы;
5. Кәсіпорынның жобалық қуаты;
6. Технологиялық сұлбасы, өндірісті ұйымдастыру және әдісі;
7. Кәсіпорынның жұмыс режимі;
8. Жобада ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдануға тапсырма беру;
9. Экономикалық шаралар бойынша берілген көрсеткіштер.
Полиграфиядағы технологиялық процестерді жобалауға берілген тапсырыс, кәсіпорынның өніміне өндірістік тапсырма болып табылады.
Негізгі: 3[5-9], 4[5-42];
Қосымша: 12[54-82], 2 [29-51]