Келісім бағалар.Баға қоюды жетілдірудің жолдары.

 

Баға – өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

1. өндіріс жалпы шығыны;

2. қоғамдық еңбек шығыны;

3. өнім саны;

4. өнім қызметі мен қасиеті;

5. персоналдың квалификациясы;

6. өндірістің технологиялық деңгейі;

7. мемлекеттің салық туралы заңы;

8. өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар;

9. өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;

10. өнімнің орамы;

11. фирманың танымалдылығы;

12. сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;

13. фирманың маркетингтік қызметі;

14. өнімге сұраныс пен ұсыныс;

15. фирманың Феникс нарық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер ететін факторлардың сипатын 3-суреттен көруге болады.

Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:

• фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;

• ағымдағы пайданы максимилизациялау;

• көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;

• өнім сапасының көрсеткіштері бойынша нарықты жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру.

Бағаның түрлері:

Баға саясатының қағидалары
Бәсекелестердің ықпалы
Тұтынушылар
Нарықтық жағдай
Мемлекет
Шикізат ресурстары, шығындар
Әрбір өнім бойынша баға стратегиясы және маркетинг тактикасы
Өндірістік өнімнің бағасы
Бағаны қалыптастыру факторлары
Баға саясаты
Кәсіпорын қызметінің бәсекелік мақсаттары
L t1UKDXHTtVBSKC5JzEtJzMnPS7VVqkwtVrK34+UCAAAA//8DAFBLAwQUAAYACAAAACEAg0iXrcIA AADcAAAADwAAAGRycy9kb3ducmV2LnhtbESP0WoCMRRE3wv9h3ALfavJriJ2NUopVHwTdT/gsrnd DW5uliTV9e8bQfBxmJkzzGozul5cKETrWUMxUSCIG28stxrq08/HAkRMyAZ7z6ThRhE269eXFVbG X/lAl2NqRYZwrFBDl9JQSRmbjhzGiR+Is/frg8OUZWilCXjNcNfLUqm5dGg5L3Q40HdHzfn45zTY +qTGw+dthkWrpmpfbznYUuv3t/FrCSLRmJ7hR3tnNJTzAu5n8hGQ638AAAD//wMAUEsBAi0AFAAG AAgAAAAhAPD3irv9AAAA4gEAABMAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAFtDb250ZW50X1R5cGVzXS54bWxQ SwECLQAUAAYACAAAACEAMd1fYdIAAACPAQAACwAAAAAAAAAAAAAAAAAuAQAAX3JlbHMvLnJlbHNQ SwECLQAUAAYACAAAACEAMy8FnkEAAAA5AAAAEAAAAAAAAAAAAAAAAAApAgAAZHJzL3NoYXBleG1s LnhtbFBLAQItABQABgAIAAAAIQCDSJetwgAAANwAAAAPAAAAAAAAAAAAAAAAAJgCAABkcnMvZG93 bnJldi54bWxQSwUGAAAAAAQABAD1AAAAhwMAAAAA "/>

 

Сурет 3. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру

 

Бұл жағдайда баға жоғары болады.

Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

• Баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;

• Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;

• Қыска мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.

1. Көтерме баға – кәсіпорын тауарды үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;

2. Контрактты баға – сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;

3. Дайындау бағасы - ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы;

4. Бөлшек сауда бағасы - тұрғындарға сату бағасы;

5. Өзгермелі баға – дайындалатын бұымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.

2.Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.

3.Сараланған баға стратегиясы – сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасын арттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.

4.Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.

6.Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.

7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуін төменнен көруге болады:

1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталға бәсеке.

2. Тауар сатып алушының ұсынылған тауарға деген қажетін қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынды салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.

3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты болады.

4.Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут - тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.

Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялық жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджментте соңғы рольді атқармайды. Өйткені жақсы білікті жұмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен катар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.

Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгейі төмен шығынды және қысқа уақытта жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді. Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық өндірісті үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен қайта қаруландыру жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың қол жетерлігі маңызды болып келеді.

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар:

• несиелік;

•құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында үлкен үлеске ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда менеджмент пен инвестордың қызығушылыктары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың ауыстырылуын талап ете алады. Үшіншіден, акцияларды орналастыру шешімін кабылдаудағы кедергі инвестор каржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете алмайтындығы.

Акцияларды орналастыру жолымен капиталды тарту талай жігер, уакыт пен ақшаны кажет ететіні сөзсіз.

Нарықтың негізі сұраныс пен ұсыныс. Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі — сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.

Тұтынушының қажеттілігі көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының қажеттілігін біліп тану білікті маркетологтардың жұмысы екенін ескеруіміз қажет. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі - бұл белгілі бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге олардың кажеттілігі мен табысына байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін ауыстыруы мүмкін. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана емес, сонымен бірге тауарды прогресс стандартына, мәртебеге байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс жоғарыда аталған үш факторларға тәуелді.

«Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты -Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы», деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында.

Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсекеге қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. Өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты орын алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудың қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолдалынатын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс:

• физикалық;

• техникалық;

• сенімділік;

• эксплуатациялық;

• эстетикалық;

• қауіпсіздік;

• экологиялық;

• шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санат болып табылады. Экономиканың санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну кұнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы — өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдағы еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы төмендегі көрсеткіштер есебімен негізделеді:

• өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;

• тұтынушылардың талаптарын талдау;

• сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;

• сипатталатын қасиеттердің құрамы мен кұрылымы;

• өнім сапасын басқару мәселелері.

Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:

• жеке ;

• комплексті (топтық, жалпы, интегралды).

Өлшем бірліктері:

• натуралды (килограмм, метр, литр)

• құндық бірлікте.

Сапа деңгейін бағалау бойынша:

• базалық;

• қатысты көрсеткіштер.

Анықтау сатысы бойынша:

• болжанатын;

• жобаланатын

• өндірістік;

• эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:

• тағайындау;

• сенімділік;

• технологиялық;

• стандарттау және сәйкестендіру;

• экономикалық

• эргономикалық;

• эстетикалық;

• тасымалдау;

• патенттік-құқықтық;

• экологиялық; қауіпсіздік.

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштерге жатады:

• өнім дайындаудың салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;

• өнім дайындаудың салыстырмалы материал сыйымдылығы;

• материалды қолданудың коэффициенті;

•өнім дайындаудың салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.

Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:

• тауар бағасы;

• қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына кеткен шығын;

• орнату, монтаждау құны;

• қызмет көрсетуші персалды оқытып үйрету;

• электроэнергия, отын шығындары;

• қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы;

• салықтар;

• алдын-ала көзделмеген шығындар.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:

• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;

• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылыгы;

• тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;

• тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер — патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалык шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.

Экологиялық көрсеткіштер — өнімдерді іске косқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдаганда және іске косқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:

• табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;

• биологиялық ресурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;

• өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.

Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).

Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:

• өнім топтарының түрі;

• өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;

• сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;

• әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;

• сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.

Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.