Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.

Орынбор өлкесіне мемлекеттік шаруалар қоныстандырылып, оларға әрбір адамға, жасына қарамастан 15 десятина жер бөлініп берілді. Ал, Алтай өлкесіне қоныстанған мемлекеттік шаруалар саны жылдан жылға көбейе берді.

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі 200 жылға созылып келіп, ел басқарған батыр, ақылды билердің ұйымдастыруымен халқымыз жеңіске жетті.

Алайда, осы жеңіс үшін талай жыл күрескен, сол күрес жылдарында саны азайып, әлсіреген елімізге Ресей империясы біртіндеп, бірде алдап-арбап, бірде әскери күшпен келіп отарға айналдырды. Тәуелсіздік арманға айналып, зор өкініштерге әкелді.

1781 жылы Абылай ханның қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122360 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы шешім жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.

1817 жылы Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәли хан қайтыс болды. Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны болмаған жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын-ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді.

Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. 1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы Жарғы», «Қырғыз-қайсақтары» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер» туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.

ХІХ ғасырдың басында Бұқтырма, Өскемен бекіністерінің Петропавлдың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті. Алғашқы сыртқы округ – Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ, шамамен алған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер азамат болды.

Бұдан кейін бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы - Құсмұрын, 1826 жылы - Баянауыл, 1831 жылы - Аягөз (Сергиополь), 1832 жылы Ақмола округтері құрылды.

1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эсеннің қатысуымен дайындалған «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы» бойынша Кіші жүз жеріне үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының бұл жылы бекітілмей қалуына да осы жай себеп болды. Ал, Орынбор губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сондағы бір қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы Кіші орда немесе Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейін сақталды.

Сұрақтар:

1. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы қандай әдістермен жүргізілді?

2. Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметіне баға беріңіз.

3. Қазақстандықтардың майданда, жұмысшылар мен шаруалардың еңбектегі ерлігі.

4. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңіндегі патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының басталуы.

5. Абылай ханның (1771-1781жж) жүргізген ішкі және сыртқы саясаты.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией. А., 2000.

5.Витевский В.Н. Неплюев и Оренбургский в прежнем его составе до 1758 г. Т. 3. – Казань, 1896.

6.Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. М.-Л., 1941.

7.Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIІ и первой половины ХІХ в. А., 1960.

8.История Казахстана в русских источниках. В 10-ти томах. Т. 3-6. А., 2005-2007.

9.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник материалов. А., 1961.

10.Казахско-русские отношения в XVIII-ХІХ вв. Сборник материалов. А., 1964.

11.Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств в XVIII в. Т. 1. А., 1999.

12..Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.

13.Мәшімбаев С.М. Әбілқайыр хан. А., 2006.

14.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в ХVІІ-ХVІІІ вв. А., 1991.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале ХІХ вв. А., 1960.

2. Әбсадықов А. Хан Абылай: тарихи шындық және халықтық таным. Хан Абылай: реальность и фольклор. – Костанай, 2000.

3. Әбілқайыр хан. Жинақ. / Құрастырған К. Есмағамбетов. А., 2004.

4. Галиев В.З. Анырахайская битва // «Простор», 2000. № 5.

5. Ерофеева И.В. События и люди Казахских степей (эпоха позднего средневековья и нового времени) как объект исторической ремистификации // Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. А., 2007.

6. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства /1635-1758/. М., 1965.

7. Құнтөлеұлы А. Әбілқайыр хан. А., 2008.

8. Левшин А. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Составитель Ерофеева И.В. А., 1996.

 

13.Дәріс тақырыбы: Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі.

Дәріс жоспары:

1. Абылай тұлғасының қалыптасуы және әскери қызметінің басталуы.

2. Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі.