Сабақтың тақырыбы : Статистикалық бақылау
Сабақ мақсаты: статистикалық бақылау түсінігін,оның түрлерін, бақылауды ұйымдастыру және бақылау бағдарламасын жасауды, бақылау кезінде жіберілетін қателер мен оны түзету тәсілдерін оқыту
1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.
2. Статистикалық бақылау бақылау бағдарламасы.
3. Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері .
4. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар
1.Статистикалық бақылау -бұл:
А) жиналған мәліметтерді өңдеу,топтау
В) жинақталған мәліметті қортындылау
С) зерттеу нәтижелерін тұжырымдау
D)қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу
Е)барлық жоғарыдағылар дұрыс емес
2.Бақылау бағдарламасы -бұл:
А) жауап алу үшін сұрақтар
В) бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі
С) барлық жиынтықтың жан-жақты сипаттамасы
D) бақылау жоспары
E) бақылау зерзатының шегін анықтау
3.Статистикалық бақылаудың мақсаты қандай ?
А) зерзаттар туралы шындықты дәл көрсететін,сапалы мәліметтерді уақытында жинау
В) сандық мәліметтерді жинау
С) қоғамдық құбылыстардың бағалылығы жоғары болуы керек
D) мәліметтерді талдау және қорытындылау
E) мәліметтерді бір жүйеге келтіріп жинақтау,өңдеу және топтау
4.Бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігі қалай аталады ?
А) жиынтық бірлік
В) бақылау бірлігі
С) бақылау бағдарламасы
D) статистикалық бланк
E) жеке-дара формуляр
5.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар ?
А) жаппай бақылау
В) жартылай бақылау
С) үзіліссіз бақылау
D) үзілісті бақылау
E) барлық жоғарыдағылар дұрыс
6.Статистикалық бланк (формулалар) дегеніміз не ?
А) бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы
В) жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгі
С) статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігі
D) бақылау үшін берілетін сұраққа жауап жазуға және қажетті мәлімет жинау арналған қағаз
E) бақылау кезінде қолданылатын құжаттар
7.Статистикада формулярдың қандай түрлері бар ?
А) карточкалық,тізімді
В) қарапайым,күрделі
С) есеп берушілік,құжаттық
D) кезеңдік, бір уақыттық
E) жаппай,ішінара
8.Алғашқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың қандай формалары қолданылады?
А) жалпы мемелекеттік,ішкі ведомстволық
В) салалық,түрлері бойынша
С) есеп беру,арнайы ұйымдастырылған
D) бір үлгідегі,мамандандырылған
E) почталық,телеграфтық
9.Есеп беру дегеніміз не ?
А) бастапқы мәліметтерді жинақтау
В) кәсіпорындардың өз жұмыстары туралы бекітілген құжатта статистика органдарына мәліметтерді тапсырып отыруы
С) айлық есеп беру
D) бақылау кезінде қолданылатын құжаттар
E) қажетті мәліметтерді жинауға арналған бір бет қағаз
10.Статистикалық есеп берудің қандай түрлері бар ?
А) жартылай, ішінара
В) үзілісті,үзіліссіз
С) айлық,жылдық
D) жалпы мемлекеттік,ішкі ведомостволық
E) ағымдағы,кезеңдік
11.Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формаларының қандай түрлері бар ?
А) ағымдағы,кезеңдік
В) үзіліссіз,үзілісті
С) ұдайы, бір жолғы
D) кезеңдік,бір жолғы
E) бір үлгідегі,мамандандырылған
12.Мәліметтердің түсуіне,жеткізілуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді ?
А) үзілісті,үзіліссіз
В) почталық,телеграфтық
С) бір үлгідегі,мамандандырылған
D) жаппай,жартылай
E) жеке ауқымды,жиынтықтың негізгі бөлігі
13.Статистикалық бақылау кезіндегі зерзаттың жиынтық бірліктерінің толықтығына,тіркелуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді ?
А) жаппай,жартылай
В) үзілісті,үзіліссіз
С) почталық,телеграфтық
D) жеке ауқымды,жиынтықтың негізгі бөлігі
E) қарапайым,күрделі
14.Жартылай бақылау дегеніміз не ?
А) жиынтық бірліктерді толықтай тіркеуге алу
В) жалпы жиынтық алдын - ала іріктеп зерттеу
С) жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктерінің алынуы
D) зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі
E) зерттеу жұмыстарының бір рет жүргізілуі
15.Жаппай статистикалық бақылаудың обьектісіне не жатады ?
А) жаппай әлеуметтік-экономикалық процестер
В) статистикалық жиынтық
С) белгілер өзгермелілігі
D) сандық қатынас
E) заңдылық даму)