АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары

АІЖ-нің жұқтыру көздері: науқастар, АІЖ қоздырғыштарын таратушы, медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайын білуге келген туысқандары.

Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:

Стафилококк (алтын түстес стафилококк): қол, қолтық, шап қатпарлары, жұтқыншақ.

Стрептококк:қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.

Көк іріңді таяқшасы: қол, жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.

Клебсиеллалар: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.

Ішек таяқшалары:қол, ішек, зәр шығару жолдары.

 

Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:

· Зерттеудің инвазивтиі әдістері мен емі жасалатын хирургиялық, урологиялық, жан сақтау бөлімшесіндегі науқастар;

· иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі бар келушілер, әсіресе балалар және жасы үлкен адамдар;

· пациентке күтім жасаған туыстар;

· медициналық қызметкер.

АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар

АІЖ пайда болуына және таралуына әкеліп соғатын факторларға жатады:

v Сыртқы факторлар (барлық стационарларға тән):

· аппаратура және құрал-жабдықтар

· тағамдық азық- түлік

· ауа

· дәрілік заттар

v Пациенттің микрофлорасы:

· тері жамылғылары

· асқазан-ішек трактісі

· зәр шығару жүйесі

· тыныс жолдары

v Стационарда жүргізілетін инвазивті медициналық манипуляциялар.

· қуықтың және тамырлардың ұзақ уақытты катетеризациясы

· интубация

· анатомиялық барьерлердің хирургиялық әдіспен бүтіндігінің бұзылуы

· эндоскопия

v Медициналық персонал:

· патогенді микроорганизмдерді тұрақты түрде тасымалдаушылар

· патогенді микроорганизмдерді уақытша түрде тасымалдаушылар

· аурулар немесе инфекцияға шалдыққан қызметкерлер

1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:

Ø Аурухана ішілік инфекция көздерінің эпидемиологиялық қауіптілігін, іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастармен қатынаста жұқтыруды дұрыс бағаламау және дер кезінде шектей алмау;

Ø Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында аурухана ішілік инфекция тасымалдаушылар мен жұқтырғандардың болуы;

Ø Медицина қызметкерлерінің асептика және антисептика, жеке гигиена, ағымды және қорытынды дезинфекция ережелерін, тазалау ережелерін бұзуы;

Ø Медицина құралдарының, аппараттарының, жабдықтарының стерилизация және дезинфекция режимін бұзу;

Ø Шектеу және қорғау режимі іс-шараларын бұзу.

АІЖ жататын аурулар

Ø Таралған инфекциялар: сепсис, бактериальды шок, вирусемия және т.б.

Ø Шектелген инфекциялар

· Тері жамылғылары және тері асты клетчатка инфекциялары: инъекциядан кейінгі абсцесстер, омфалит, тілме, пиодермия, тері асты клетчаткасының абсцессі және флегмонасы, парапроктит, мастит, дерматомикоздар және т.б.;

· Респираторлы инфекциялар: бронхит, пневмония, плеврит және т.б.;

· Көз инфекциялары: конъюнктивит, кератит, блефарит және т.б.;

· ЛОР-инфекциялар: отиттер, синуситтер, ринит, мастоидит, ангина, ларингит, фарингит және т.б.;

· Стоматологиялық инфекциялар: стоматит, абсцесс және т.б.;

· Ас-қорыту жүйесі инфекциялары: гастроэнтероколит, энтерит, колит, холецистит, гепатит, перитонит және т.б.;

· Урологиялық инфекциялар: пиелонефрит, цистит, уретрит және т.б.;

· Жыныс жүйесі инфекциялары: эндометрит және т.б.;

· Буын және сүйек инфекциялары: остеомиелит, артрит, омыртқа аралық дискі инфекциялары;

· Орталық нерв жүйесі инфекциялары: менингит, ми абсцессі және т.б.;

· Жүрек-қан тамырлар жүйесі инфекциялары: эндокардит, миокардит, перикардит, ота жасалғаннан кейінгі медиастинит.

АІЖ алдын-алу

1.Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бойынша іс-шаралар:

· Емдік-алдын-алу мекемедегі қоршаған ортадағы объекттерді санитарлы-бактериологиялық зерттеу, әсіресе жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінде;

· Аурухана ішілік инфекция жағдайын тіркеу, есепке алу және аурушаңдық анализі;

· Аурухана ішілік инфекция қоздырғышын анықтау;

· Микроорганизмдердің антибиотиктерге, антисептиктерген, дезинфектанттарға тұрақтылығын анықтау;

· Медицина қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау (аурушаңдық, бактерия тасымалдаушылық);

· Емдік-алдын-алу мекемедегі санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді ұстануды қадағалау;

2. Инфекция көзін анықтау іс-шаралары

· Аурухана ішілік инфекциямен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау;

· Әр аурухана ішілік инефкция жағдайында эпидемиолгиялық тергеу жұмыстарын жасау;

· Науқастарды дер кезінде арнайы бөлімше, палаталарға орналастыру;

· Медицина қызметкерлері арасында аурухана-ішілік инфекция тасымалдаушылар көзін анықтау;

· Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында қоздырғыш тасымалдаушыларды санациялау;

3. Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:

· Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;

· Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру;

· Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;

· Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;

· Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын, арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;

· Іш киімдері мен төсек жабдықтарын кезеңді ауыстыру;

· Кір киімді және таңу заттарын дұрыс сақтау, жою;

· Бөлмелерді дұрыс санитарлық қадағалау;

· Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;

· Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау.

· Науқастарды бокс палаталарына жатқызылуына дейін баратындай бір-бірінен алшақ ұстау;

4. Ағза төзімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

· Әлсіз науқастарды жеке қадағалау;

· Микробқа қарсы заттарды рационалды қолдану;

· Иммунитетті көтеруге арналған дәрілік заттарды қолдану: иммуномодуляторлар, дәрумендер;

· Емдік-алдын-алу мекеме қызметкерлерін эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вакцинациялау.