Суды тазалаудың жаңа технологиялары

 

Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық үрдістерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.

Физика-химиялық әдістерге радиациялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластағыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады.

Химиялық тазалау - бейтараптаудан және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кең тараған тотықтырғыштарға - оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсыздандырғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфат, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.

Суды залалсыздандырут - судың ауру тудыратын микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың көмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі болды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді. Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.

Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер етеін патогенді микроағзалардың көзі болып табылады. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроағзалардың тіршілік ұзақтығына байланысты.

Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі.

Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін[30].

 

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қорытындысы:

Қоғам дамуының, оның ішінде индустрияның дамуының белгілі бір кезеңіне дейін, табиғатта экологиялық тепе-теңдік орнаған болатын, яғни адам әрекеті табиғат үрдістерін бұзбайтын немесе оларға аз әсер ететін. Бұл экологиялық тепе-теңдік жер бетінде адам пайда болғаннан кейін де миллиондаған жылдар бойы, ХХI ғасырдың соңына дейін орнап келді. ХХ ғасыр тарихқа бұрын болмаған техникалық прогресс ғасыры, ғылым, өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығының қарыштап дамыған ғасыры болып келді. Бұнымен қатар адамның индустриялық әрекетінің қоршаған ортаға әсері өсе түсті. Нәтижесінде бұл даму экологиялық жүйелердің және жер планетасының сырт кейпінің болжанбаған өзгерісіне әкеп соқты.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздеріне газды, сұйық, қатты отын жағатын энергетикалық құрылымдар, транспорт, қара және түсті металлургия өнеркәсіптері, химиялық, целлюлазды қағаз және мұнай өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы жатады.

Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.

Аталған тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап ҚР-да қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Табиғатты қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.

1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», 1998 жылы «Радиациялық қауіпсіздік туралы», 2003 жылы «Су жүйесі туралы» заң қабылданып, бекітілді