Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау

Науқас ауруханаға түскенде жағдайына байланысты терінің кірлеген аймақтарын сүрту, гигиеналық ванна немесе душ тағайындалады. Гигиеналық ванна немесе душты қабылдау бөлімінің жуынатын бөлмесінде жүргізеді (сурет 54-55).

           
     

 


 

           
   
     
 
 
 


Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56

Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі

 

Ваннаны алдын-ала дезинфицирленген ерітіндімен залалсыздандырады, сосын сабын қосып щеткамен жуады және ыстық сумен шаяды. Әрі қарай ваннаны суға толтырады (алдымен суық, сосын ыстық), судың температурасы 35-37°С шамасында болуы керек. Басқа біреудің көмегін қажет ететін науқастарды ваннаға жайма арқылы немесе орындыққа отырғызып, душтың көмегімен жуындырады (сурет 56). Науқасты келесі ретпен жуындырады: басы, денесі және қолдары, шап аралықтары, белі, іші және аяқтары. Гигиеналық ваннаны қабылдау ұзақтығы 30 мин. аспау қажет.Үйінен таза болып түскен науқастар, тек киімдерін ауруханалық киімге ауыстырады.

Гигиеналық ваннаны ауыр ауруларымен (гипертониялық криз, жедел миокард инфаркті, жедел ми-қанайналым бұзылысы, айқын қанайналым жеткіліксіздігі, активті фазадағы туберкулез және басқ.), бірқатар тері аурулары, жедел хирургиялық араласуларды қажет ететін аурулар, босанатын науқастарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Бұндай жағдайда науқастың тері жамылғысын алдымен сабынды жылы суға малынған тампонмен, сосын таза сумен сүртеді және құрғатады. Сүрту үшін одеколон немесе спирт қосылған жылы суды да қолдануға болады. Науқастың тырнағы қысқа болуы керек.

Болуы мүмкін асқыныстар:жағдайының нашарлауы: жүрегі ауыру, жүрегі қағу, бас айналу, тері түсінің өзгеруі. Осындай белгілер байқалған жағдайда, ваннаны қабылдауды тоқтату, науқасты каталкамен палатасына тасымалдау және қажетті көмек көрсету.

Шашты қысқарту

Қажетті заттар:

• Қайшы, шашты қысқартатын машинка.

• Шашты өртейтін леген, сіріңке.

• Спирт (70%).

Шараның орындалуы:

1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау.

2.Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын полиэтиленді жаялықпен жабу.

3.Шашты қысқартатын машинкамен шашын алу, бастың шашында тері аурулары болатын болса-дайындаған легенге шашын қию

4. Шашты өртеу.

5.Қайшыны, ұстараны спиртпен өңдеу.

Ыру

Қажетті заттар:

· Резиналы қолғап.

· Ұстара, сақалға сабын жаққыш және қырынуға арналған крем.

· Майлық, орамал, суға арналған ыдыс.

Шараның орындалуы:

1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау, қолғап кию.

2. Суды жылыту (40–45°С дейін), майлықты сулап, сығып, науқастың бетіне қою.

3.Салфетканы алып, сақалға сабын жаққышпен қырынуға арналған крем жағады.

4. Ұстара қозғалысына қарама-қарсы бағыттағы теріні екінші қолымен тартып, науқасты қырындырады.

5.Бетті алдымен ылғалды майлықпен сулайды, сосын құрғақ майлықпен сүртеді.

6.Ұстараны спиртпен өңдейді.

7.Қолғапты шешіп, қолды жуады.

Аурухананың қабылдау бөлімінде барлық түскендерді педикулезге тексереді.