Тақырыбы: ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ
Пәні бойынша
Курстық жобаны орындауға арналған
Оқу-әдістемелік нұсқауы
В072900- «Құрылыс», 5В074500- «Көлік құрылысы» мамандығы
Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандандыруы
Студентері үшін
Алматы 2016ж.
«Автомобиль жолы мен аэродромдарды жөндеу және күту» курстық жобаны орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқауы 5В072900- «Құрылыс», 5В074500- «Көлік құрылысы»бакалавр мамандығының жұмыстық оқу бағдарламасына сәйкес, аудиториялық сабақтардың кредиттер мен академиялық сағаттары көлемінде құрастырылған.
Пікір жазғандар: Құлманов Қалижан Серикович - техника ғылымының кандидаты, «Қазақ Жол Ғылыми-Зерттеу Институт» Акционерлік Қоғамы, профессоры
Тулемисов Темиргали Жетешович - техника ғылым кандидаты, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «Көлік құрылысы» кафедра доценты
Авторы: Дюсенгалиева Т.М.- техника ғылымының кандидаты, «Көлік құрылысы» кафедра доценты
Утешбаева А.А. - техника ғылымының кандидаты, «Көлік құрылысы» кафедра доценты
«Автомобиль жолдары мен аэродромдарды жөндеу және күту» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқауы - пайдаланудағы жолдағы автомобильдердің қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыра білу, олардың үнемі өткізу қабілетін қамтамасыз етуді үйренеді. Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты: студенттердің теориялық білімін дамыту, негіздеу, түсінік беру.
Оқу-әдістемелік нұсқаулар “Көлік құрылысы” кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген ( 31 наурыз 2016 ж. Хаттама № 7 ).
Оқу-әдістемелік нұсқаулар “Көлік техникасы және құрылыс” факультетінің ОӘБ-сында қарастырылып және оң пікір алынды (4 сәуір 2016 ж. Хаттама №4).
Оқу-әдістемелік нұсқаулар ҚазККА-ның ОӘК-ында ашық басылымға және оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды ( 2016 ж. Хаттама № ).
.
«М. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ
«Көлiк құрылысы» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Оқу жұмысы проректоры
__________________У.С.Құттыбаев
«_____» _____________2016 ж.
«Автомобиль жолдары мен аэродромдарды жөндеу және күту»
Пәні бойынша
Тәжірибелік сабаққа арналған
Оқу-әдістемелік нұсқауы
В072900- «Құрылыс», 5В074500- «Көлік құрылысы» мамандығы
Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандандыруы
Студентері үшін
Алматы-2016
Пікір жазғандар: Құлманов Қалижан Серикович - техника ғылымының кандидаты, «Қазақ Жол Ғылыми-Зерттеу Институт» Акционерлік Қоғамы, профессоры
Тулемисов Темиргали Жетешович - техника ғылым кандидаты, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «Көлік құрылысы» кафедра доценты
Авторы: Дюсенгалиева Т.М.- техника ғылымының кандидаты, «Көлік құрылысы» кафедра доценты
Утешбаева А.А. - техника ғылымының кандидаты, «Көлік құрылысы» кафедра доценты
«Автомобиль жолдары мен аэродромдарды жөндеу және күту» пәнінен өтетін курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқауы пайдаланудағы жолдағы автомобильдердің қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыра білу, олардың үнемі өткізу қабілетін қамтамасыз етуді үйренеді. Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты: студенттердің теориялық білімін дамыту, негіздеу, түсінік беру.
Оқу-әдістемелік нұсқаулар “Көлік құрылысы” кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген ( 31 наурыз 2016 ж. Хаттама № 7 ).
Оқу-әдістемелік нұсқаулар “Көлік техникасы және құрылыс” факультетінің ОӘБ-сында қарастырылып және оң пікір алынды (4 сәуір 2016 ж. Хаттама №4).
Оқу-әдістемелік нұсқаулар ҚазККА-ның ОӘКында ашық басылымға және оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды ( 2016 ж. Хаттама № ).
.
КIРIСПЕ
Азия мен Европаның арасында орналасқан географиялық жағдайы оңтайлы Қазақстан Республикасының инфрақұрылым кешенінің басты бөліктерінің бірі- автомобиль жолдары. Жүк және жолаушылар тасымалдаудың қомақты мөлшеріне қызмет көрсететін автомобиль жолдары – күрделi инженерлiк құрылыстардың кешенi ретінде қарастырылады. Жүк және жолаушылар тасымалдауда басқада көлік түрлері (темір жол, әуе, су жолдары, кұбыр жолдары, электр желісі т.б.) көптеп пайдаланылғанмен, тұтынушаға тікелей жеткізу («есіктен есікке дейін») автомобиль көлігімен жүзеге асып жатады. Сондықтан автомобиль жолы экономикалық жағынан халық шаруашылығының ең маңызды салаларының бiрiнен саналады. Сондықтан оған ерте бастан-ақ барынше терең көңiл бөлiнiп келедi. Атап айтқанда, барлық халық шаруашылығының өнiмдерiнiң 20-30%-тi жолдың шаруашылығынан (жолсыздықтан) ысырап болып жатады екен.
Автомобиль жолы бiрнеше инженерлiк элементтерден (жер төсемесi, жол төсемесi, көпiр, су өткiзетiн құбыр, жол өтпе, эстокада, тоннель және т. б.) тұрады. Жолды технико- экономикалық жағынан негіздеуден бастап, ізденіс жұмыстары мен жобалық есептеулер кезіндегі инженерлік оңды шешімдер, оның салыну кезеңі мен пайдалану кезіндегі шаралар, жолдың пайдалы жұмыс жасауының басты кепілдері. Сол себепті автомобиль жолының әрбір элементіне, оның атқаратын қызметіне басты назар аударылуы тиіс. Олардың яғни жол элементтерінің өзіндік құнына кететін шығындар да әртүрлі болады. Солардың iшiнен ең қымбатты жол төсемесесi болып табылады. Оның жалпы құны жолдың құнының 40-60%-не дейiн жетедi. Сол себептi жол төсемесiн жобалауға, салуға, пайдалануға және жөндеуге аса көп көңiл бөлiнедi.
Көпжылдық жол шаруашылығының тәжiрибесi көрсеткендей, жол төсемесiнiң жұмыс iстеу мерзiмiнiң ұзақтығы, берiктiгiнiң сақталуы секiлдi жалпы көрсеткiштер жобалау кезеңiнде қабылданған шешiмдерге тiкелей байланысты болады.
Заман талабына сай, уақыт сұрағы мен сұранысына жауап бере алатын автомобиль жолдары, қазіргі таңда бiрнеше инженерлiк элементтерден тұрады. Атап айтар болсақ жер төсемесi, жол төсемесi, көпiр, су өткiзетiн құбыр, жол өтпе, эстокада, тоннель, жол бойында қызмет ететін жанар май бекеттері, жөндеу жұмыстарын атқару орындары, қонақ үйлер, асханалар, демелу орындары және т. б. Автомобиль жолдарын жолаушыларға ыңғайлы және жайлы қызмет көрсетуі үшін, көптеген талаптарға жауап береді. Сол тұрғыдан алғанда автомобиль жолдары рельефке барынша үйлесімді, мүмкіндігінше қысқа, экологиялық тиімді болуы тиіс. Сонымен қатар жолды ауылшаруашылығына керекті құнарлы жерлермен салу айтарлықтай тиімді емес. Тағы да бір ескеретін жағдай жолды қалалар арқылы немесе айналып өтуде, автомобиль жолымен, темір жолмен, өзенмен қиылыстырғанда сақталуға тиісті заңдылықтар тағы бар. Нормалық құжаттарда қарастырылғандай өзенді тура жерінен кесіп өту, көпірге ыңғайлы жер табу, жыраларды айналып өту, елді мекеннен айналма жол салу сияқты шаралар жолдың ұзындығын көбейтуге алып кеп соғады. Жолдың бастапқы екі нүктесін түзу арқылы қоссақ, ол әуе сызығыдеп аталады және оның бұрылу бұрыштарының есебінен ұзаруы жолдың даму немесе ұзару коэффициенті деп аталады.
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
1. Курстық жоба – бұл студенттің өзіндік есептеу – жобалау жұмысы, мақсаты:
-аталған пәннен теориялық білімді бекітуге;
-құрылыстың технологиялық үрдістерін үйрену, онымен қоса құрылымдық шешімдерді негіздеу есептерін,түсіндірме жазбаларын және сызбаларды өңдеуді үйрену;
-анықтама оқулықтары мен нормативтік әдебиеттерін қолдануды үйрену.
2. Курстық жобаны орындау студенттің алған теориялық білімініне байланысты орындалады.Сондықтан, тапсырмамен таныстыру және жұмысты орындауды материалдар мен оқулықтарға және дәріс жазбасына сәйкес жүргізіледі.
3. Курстық жобаны орындауға негізгі нұсқаулар дәріскерлер дәрісінде,тәжірибелік сабақта, СӨЖ, сонымен қатар қосымша сабақтарда беріледі.
4.Курстық жобаны орындауға студенттерге көмек ретінде оқу әдістемелік материалдары: жоба бөлімдерін орындауға арналған оқу құралы, плакаттар, кестелер, сызба альбомдары және басқа.
5.Жобаның аяқталған сатысы түсіндірме жазбасы бөлімдерін оқытушыға көрсетуі қажет. Толығымен дайын болған түсіндірме жазбасын оқытушыға тексеруге көрсетуге тапсырылады.
6. Курстық жобаны соңғы сатысы ол жұмысты қорғау болып табылады. Қорғау кезінде студент қабылданған шешім негізі туралы және берілген курстық жұмыс мазмұны бойынша барлық сұраққа жауап беруі керек.
Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысының технологиясы» пәнінің курстық жобаны студент көпір аралық тіректерінің астындағы іргетастардың екі нұсқасы жобасын жасауы қажет: қадалы іргетастар мен табиғи негіздегі таяз қаланған іргетастар.
Курстық жобаны есептік-түсіндірме жазбасы (көлемі 25-30 бет) және сызбалардан тұрады.
Тақырыбы: ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ