ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы. 5 страница

Қандай дерт туралы ойлау кажет?

*ЖИА. Стенокардия

*остеохондроз

*қабырғааралық невралгия

*+спонтанды пневмоторакс

*плеврит.

 

!М., атты 40 ж.астағы науқас, төс артындағы кенеттен пайда болған, мойынына берілетін, тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағымданып бөлімше дәрігерін үйге шақырды. Ауру сезімі кеше кешкісін пайда болып, бір-бірте күшейіп таңға қарай қатты мазалады. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіреген, перикард үйкелісі шуы естіледі. Қ/Қ -140/85 мм.сын.бағ.ЖСС-80рет минутына. ЭКГ-де өзгеріс жоқ..Дәрігердің әрекеті:

*+ауруханаға жатқызу

*плевраны пункциялау

*антибиотиктер ұсыну

*анальгетиктер жіберу

*нитраттар беру.

 

!48 жастағы науқас ер адам күш түскенде ентігуге, төс артындағы ауырсынуға, қан қысымының көтерілуіне шағым айтады.Ауырсыну нитроглицеринмен әрең басылады.Жүрек ақауымен, АГ көп жылдар бойы ауырады.Ретсіз емделген.Осы шағымдар 2 ай бойы қинайды.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қ/қ-200/100 мм.сын.бағ.ЖСС-100рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген.II қабырға аралығында диастолоалық шу естіледі. Бауыры 2см өскен. Экг-де ST тізшесі изолиниядан жоғары орналасқан.Вассерман реакциясы оң мәнді.Аяқтарында ісік бар.

Қандай ем нәтижелі?

*аспирин

*верапамил

*нитроглицерин

*+нейролептоанальгезия

*конкор

 

!52 жастағы науқас амбулаторияға жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.ЭКГ-де синустық ритммен бірге кезектен тыс жиі қайталанатын қалыпты QRS комплексінің алдында деформацияланған Р тізшесінің болуы,РQаралығының қысқарып, толық емес компенсаторлық пауза байқалады. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы бар?

*cинустық аритмия

*П дәр. атриовентрикулярлы блокада.

*+Жүрекшелік экстрасистолия.

*қарыншалық экстрасистолия

*жыбыр аритмиясы

 

!Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖСЖ – минутына 100. Қандай препаратты ұсыну қажет?

*Нифедипин

*+Изоптин

*Лидокаин

*АТФ

*Конкор

 

!28 жастағы науқас аз ғана күш түскенде ентігу;жүректің жиі соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағым айтады. Көп жылдар бойы жүрек ақауымен диспансерлі есепте тұр. Мезгіл сайын стационарда ем алады. Жағдайының нашарлауына 2ай болған. Үйде нитроглицерин ішеді.

Аускультацияда: сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы естіледі. ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар?

*қолқа коарктациясы

*Эбштейн аномалиясы

*Лютембаше синдромы

*+Артериалық өзектің бітелмеуі

*өкпе артериясының стенозы

 

!30 жастағы науқас әйел осыдан екі ай бұрын ревматикалық генезді митральды клапанның стенозына операция жасатқан. Қазіргі кезде шағымдары жоқ. Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзаларын тексергенде өзгеріс жоқ. Стенозды болдырмаудың алдын-алу шаралары қандай?

*ацетилсалицил қышқылен ұсыну

*тонзиллэктомия

*маусымдық бициллин ұсыну

*+жыл бойы экстенциллин-безоанат

*клопидогрел

 

!14 - жастағы науқас, тізе, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүректің соғуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. ЖСЖ минутына - 52 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1сат; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу бағдарламасын таңдаңыз:

*стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

*Жүрек гликозидтері

*макролидтер

*+преднизолон

*милдронат

 

!45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады. Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған. Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз

*Бюргер тромбангииті

*жүйелі қызыл жегі

*ревматоидты артрит

*түйінді периартериит

*+жүйелі склеродермия

 

!52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

*вирусты гепатит А

*бауырдың майлы гепатозы

*люпоидты гепатит

*+созылмалы вирусты гепатит В

*бауыр циррозы

 

!42 жастағы науқас терісінің сарғаюына, күрт әлсіздікке, жүрек айну,ке йде құсуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі және склерасы сарғайған, денесінде тамырлық жұлдызшалар, петехиялар бар, гепатомегалия анықталады. ЭТЖ-8 мм/сағ., билирубин 68 мкмоль/л, АСТ 4,8 ммоль/л, АЛТ 5,8 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, тимол сынамасы 9 бірлік, лактатдегидрогеназа 6,52; 5-нуклеотидаза 0,56, вирусты инфекцияның белсенділігінің маркерлері, Hbe Ag, HBVDNA, ДНК полимераза. Емдеу үшін қандай препаратты таңдайсыз?

*преднизолон

*цитостатиктер

*+интерферон

*глюкоза ерітіндісі

*эссенциале

 

!28 жастағы жігіт, соңғы 4 айда қызыл иектен және мұрыннан қан кетуге, сан аймағындағы терілік геморрагияларға шағымданады. Қарағанда: терісі және көрінетін шырышты қабықтары бозарған, сарғыштау; лимфа түйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, т-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/с. Сіздің диагнозыңыз:

*гемолитикалық анемия

*+апластическая анемия

*темір тапшылық анемия

12- тапшылық анемия

*тромбоцитопениялық пурпура

 

!Жедел миокард инфарктымен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау прпепаратын көрсетіңіз:

*амиодарон

*+лидокаин

*хинидин

*верапамил

*дилтиазем

 

!Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік кезінде артықшылық беретін диуретикті таңдаңыз:

*диакарб

*+маннитол

*фуросемид

*верошпирон

*гигротон

 

!57 жастағы науқас, жыл бойына айына 1-2 рет сол жақ жауырынға беріліп, нитроглицерин қабылдағаннан соң жарты сағат көлемінде басылатын төс сүйек артындағы қысып ауыратын сипаттағы ауыруға шағымданады. Холтерлік мониторлау кезінде, ұстама сәтінде v2-v5 бөліктерінде SТ-ң 8 мм-ге жоғарылауы. Келесі күні SТ изолинияда. Науқаста қандай патология?

*тұрақты стенокардия ФК 4

*миокард инфаркты

*миокардтың ишемиялық дистрофиясы

*+варианттық стенокардия

*күшейе түскен стенокардия

 

!Жедел миокард инфарктымен науқаста 4-ші аптада төс сүйек артында қарқынды жиырылатын ауырсынулар, ЭКН-да теріс динамика пайда болып және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі тағы да көтерілсе, ауру ағымының нашарлауын қалай квалификациялаға болады:

*ӨАТЭ

*+қайталама миокард инфаркты

*екінші рет болған миокард инфаркты

*Дресслер синдромының дамуы

*варианттық (вариантная) стенокардия

 

!Синустық түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста синустық брадикардия – минутына 45 байқалады. Кардиостимулятор орнатудан науқас үзілді-кесілді бас тартты. Консервативті ем үшін аталған дәрілердің қайсысын қолдануға болады?

*анаприлин

*кордарон

*+атропин

*дигоксин

*новокаинамид

 

!Науқаста аяқ астынан тамыр соғу ұстамасы (минутына 160) пайда болды, дәрігер оны каротидті синусты уқалаумен басты. Тамыр соғу ұстамасына себепші болған тәрізді:

*синусты тахикардиямен

*пароксизмальды жыпылық аритмиясымен

*пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен

*+пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен

*пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен

 

!18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?

*+қолқа сағасының стенозы

*үйлескен жүрек ақауы

*қолқа коарктациясы

*қарыншааралық қалқаның ақауы

*ашық артериалды тармақ

 

!40 жастағы науқас, шағымдары – прекардиальды аймақта толқулармен көмескі байланысты сыздайтын ауырсынуларға, көкірек қуысының сол жақ жартысындағы «жарылу» сезімдеріне. Қарап тексеру кезінде патология анықталмаған, ЭКГ ерекшеліксіз. Пациентті тексеруді қандай зерттеуден бастау қажет?

*қанның қант және холестеринге зерттеуінен

*қанның липопротеидтерге зертетуінен

*эхокардиографиядан

*+велоэргометриядан

*фонокардиографиядан

 

!52 жастағы науқас әйел жүрек аймағындағы қысқа мерзімді ауырсынуларға шағымданады. ЖРА-н кейін 2 апта бойы науқас. ЭКГ-да – SТ сегментінің 1,5 мм-ге төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:

*климактерийлік кардиомиопатия

*ЖИА

*НЦД

*+миокардит

*перикардит

 

!28 жастағы науқас, отбасылық дәрігердің қабылдауына келді, шамалы дене жүктемелері кезіндегі ентігу, тез шаршағыштық, жүректің лүпілдеп соғуына шағымданады. Балалық шағында баспамен жиі ауырған. Аускультация кезінде: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, қатты І-ші тон, өкпе діңінің үстінде ІІ-ші тонның екіге бөлінуі, митральды қақпақшаның шертіліп ашылуы ІІІ-тон (бөдене ырғағы). Сіздің диагнозыңыз?

*жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үш жарғақты қақпақша жеткіліксіздігі

*жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жеткіліксіздігі

*жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы

*жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

*+жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша стенозы

 

!Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын өткізген жұқпалы миокардиттен кейін пайда болған қатты басы айналып есінен танатын аяқ асты ұстамаларына шағымданады. Соңғы уақыттарды ұстаманың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқаған. АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 57 соғу. ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың жүйелі кезеңдері. Аталған науқасқа қандай ем ең қолайлы?

*Кальций антагонистерін ұдайы қабылдау

*Бета-адреноблокаторларды ұдайы қабылдау

*М-холиноблокаторларды ұдайы қабылдау

*+Ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату

*Аортокоронарлы шунттау жүргізу

 

!Жағдайының нашарлауына байланысты отбасылық дәрігерге 68 жастағы науқас М. Келді. ЖИА, Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, Артериальды гипертензия ІІ, IV қауіп факторы, НКІІБ диагноздарымен бақылауда. Әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, ішіндегі дүркін-дүркін ауыруларға, көзіне қос көрінуіне шағымдары бар. Дәрілерін тұрақты қабылдайды. АҚ-150/90 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 50 соғу. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS жиынтығы деформацияланған, барлық бөліктерде дерлік ST интервалының изоэлектрлік сызықтан төмен «астау тәрізді» жылжуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолия. Науқас жағдайы төмендеуінің ең ықтимал себебін көрсетіңіз:

*Гипертониялық криз

*Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

*+Гликозидті интоксикация

*Қайталама миокард инфаркты

* ми қанайналымының өткінші бұзылысы

 

!Отбасылық дәрігерге 41 жастағы Науқас М. Жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ ФК. Артериалды гипертензия ІІ, қауіп факторы ІІІ, НК0 диагнозымен бақылауда. Қарап тексеру кезіне шағымдары жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындауға бола ма?

*иә, өйткеніқарыншалық тахикардия пароксизмі амуының қаупі бар

*иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

*+жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

*жоқ, өйткені жасанды ырғақ жүргізушісін орнату қажет

*иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

 

!Семсер тәрізді өсіндінің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?

*миокард инфаркты

*перикардит

*+диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

*плевропневмония

*қабырғааралық невралгия

 

!Л. атты науқас әйел, 29 жаста, дене жүктемесі кезінде ентігу, жүрек аймағында, жауырын аралық аймақта ауырсынулар. Анамнезінде: ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І-ші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы. R-графияда: контрастыланған өңеш кіші радиус доғасы бойынша қисайған. ЭКГ-да: Р – mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:

*митральды қақпақша жеткіліксіздігі

*қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

*митральды қақпақша пролапсы

*+сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

*қолқа сағасының стенозы

 

!Науқас М., 20 жаста, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүректің барлық аймағының үстінен таралусыз систолалық шуыл естіледі, ЖҚЖ – 1 минутта 90 соғу. Температурасы – 37,70С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы (+) анықталған, С реактивті ақуыз. ЭКГ-да: қайта үйектеліс бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

*перикардит

*кардиомиопатия

*миокардиодистрофия

*нейроциркуляторлы дистония

*+миокардит

 

!Науқас Н., 65 жаста, жүрек аймағындағы іркілістерге, жүрек қағысына, шаршағыштыққа, шамалы дене жүктемесі кезіндегі ентігуге, ісінулерге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын күретамырлары ісінген. Жүрек дүмпуі ұлғайған. Жүрек ұшы дүмпуі көтеріңкіленген. Тондар тұйықталған, минутына 100 соғумен жыпылық аритмиясы. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде екі жағынан да дыбыссыз ылғалды сырылдар. Бауыры ұлғайған, тығыз, аздаған ауырсынумен, тегіс беткейлі, шегі сүйірленген. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақтық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, қайтаүйектеліс бұзылысы. NYHA (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы) бойынша ХНК сатысын көрсетіңіз:

*ФК І

*ФК ІІ

*+ФК ІІІ

*ФК IV

*ФК анықтау мүмкін емес

 

!70 жастағы науқас әйелді соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасындаекі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

*+деформациялаушы остеоартроз

*псориаздық артрит

*подагралық артрит

*ревматикалық артрит

*ревматоидты артрит

 

!Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

*нейроциркуляторлы дистония

*+гипертиреоз

*гипотиреоз

*феохромацитома

*біріншілік альдостеронизм

 

!Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген. Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды:

*диуретиктер

*АПФ ингибиторларын

*нитраттар

*кальций антагонистері

*+β-адреноблокаторлар

 

!К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

*+кардиоселективті бета-блокаторлар

*селективті емес бета-блокаторлар

*нитраттар (монотерапия ретінде)

*ИАПФ ингибиторлары

*кальций антагонистері

 

!40 жастағы ер адамның эпигастрий аймағында белдеуленген сипаттағы, арқасына таралатын ұзақ ауырсынулар және оң жақ қабырға астында жарылатындай сезім байқалады. УДЗ тексеру кезінде: ұйқы безінің өзгерістері және созылмалы холецистит белгілері. Аталған патология кезінде қандай зертханалық көрсеткіштер ең ақпаратты болып табылады:

*лейкоцитоз

*қан трансаминазасының деңгейі

*гипергликемия

*қандағы сілтілік фосфатаза деңгейі

*+қан мен несептегі амилаза деңгейі

 

!50 жастағы ер адам оң жақ табанындағы қатты ауырсынуларғ шағымданады. Қарсаңында көп мөлшерде ет және алкоголь қолданған. Ауыру аяқ астынан пайда болған, таңғы 6 мөлшерінде және оң жақ табанының І-ІІ табан сүйек фалангалық буындары аймағында басымырақ орналасқан. Объективті: үлкен саусақ буынының үстіндегі терісі қып-қызыл, сипағанда ыстық, пальпациялағанда жанға батып ауырады, қимыл және жүру мүмкін емес дерлік, дене температурасы – 38°С. Учаскелік дәрігердің диагностикалық әдісі қандай?

*ауру буынның пункциясы

*+несеп қышқылына қан тапсыру

*қанның клиникалық талдауы

*оң жақ табан рентгенографиясы

*зақымданған буын УДЗ-сы

 

!Отбасылық дәрігерге 41 жастағы науқас жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ-ші ФК. Артераилды гипертензия 2, қауіп 3, НК0. Диагнозымен бақылауды. Тексеру кезінде шағымы жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКС-те қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау қажет пе және қандай мақсатпен?

*иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы қаупі бар

*иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

*+жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

*жоқ, өйткені ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату қажет

*иә, өйткені Адамс-Моганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

 

!2 типті қант диабетімен жапа шегетін 40 жастағы А. атты науқас әйелде 2 дәрежелі артериалды гипертензия байқалады. Қандағы глюкоза деңгейі 8 ммоль/л шамасында. Аталған жағдайда гипотензивті препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

*+АПФ ингибиторлары

*кальций каналдарының блокаторлары

*β-адреноблокаторлар

*АТ ІІ рецепторларының антагонистері

*диуретиктер

 

!Иммунизациялық тәжірибе бойынша кеңестер Комитетіне сай гриппке вакцинациялаудың оптимальды уақыты (Advisory Committee on Immunization Practice – ACIP, 1997)?

*Тамыз – қыркүйек айының бірінші жартысы

*Қыркүйек – қазан айының бірінші жартысы

*+Қазан- қараша айының бірінші жартысы

*Қараша – желтоқсан айының бірінші жартысы

*Желтоқсан – қаңтар айының бірінші жартысы

 

!Науқас 68 жаста, емханаға гриппке қарсы вакцинациялану үшін келді. Жалпы тәжірибелі дәрігер науқасқа гриппозды вакцинацияның 65 жастан асқан науқастарға салу негізін түсіндірді.

ЖТД науқасқа не туралы айтқан болатын?

*+Вакцинация ЖТЖ жұқпасының кезеңділік жиілігін, пневмонияны, ауруханаға жату мен өлім көрсеткіштер қауіптілігін төмендетеді

*Вакцинация пневмококкті жұқпаны жұқтыру қауіптілігін төмендетеді

*Вакцинация гриппті және оның асқынуларын болдырмайды

*Вакцинация пневмонияны болдырмайды