Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: ACCESS (Деректер базасын басқару жүйесі) -мен танысу
Мақсаты: ACCESS-ті (Деректер базасын басқару жүйесі) жүктеуді үйрену, деректер базасы құрылымымен танысу, кестелерді құруды үйрену, кестеге мәліметтер енгізіп және оларды қарап шығуды үйрену.
Тапсырмалар
1. Группа/Подгруппа атымен мәліметтер базасын құрыңыз(мысалы,ИСКО201).
2. КУРС кестесін құрыңыз. Кестені Конструктор режимінде құрыңыз.
КУРС кестесі
№ | Валюталар индексі | Валюталар аты | Саны | Теңгеге шаққанда 01.01.07 |
AUD | Австралийский доллар | 91.14 | ||
ATS | Австралийский шиллинг | 10.95 | ||
GBP | Английский фунт | 231.28 | ||
USD | Доллар США | |||
EUR | ЕВРО |
3. Фирма қызметкерлері кестесін құрыңыз. Мастер режимінде кестені құру.
Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті
1. Теориялық материалды игеру
2. Жұмыстың орындалуы
3. Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
1. Бағдарлама мәтіні.
2. Тестілеу нәтижесі
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Access деректер базасы құрылымы
Деректер базаларына қызмет етуші программалар көмегімен (мысалы, ACCESS ) деректерді арнайы түрде сақтауға, олардан керекті деректерді таңдауға және берілген критерийлер бойынша деректерді іздеуді орындауға болады.
Access обьектілері
Кесте - мәліметтерді жазбалар(жолдар) және өрістер(бағандар) түрінде сақтауға арналған обьект. Әдетте әрбір кесте нақты бір сұрақ бойынша мәліметтерді сақтауға арналған.
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Форма- негізінен деректерді енгізуге арналған обьект. Формада деректердің басқару элементтерін кестелер өрістеріне орналастыруға болады. Есеп - Microsoft Access деректер қорының деректерді баспаға шығаруға арналған обьектісі.
Макростар - бұл макрокомандалар. Макрокоманда - бірнеше командалардың бір командаға біріктірілуі және оған клавиштар комбинациясы белгіленген.
Модульдар - бұл Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалық процедуралар.
Кестелер
Барлық деректер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады. Кесте-жазбалар жиынтығы. Кестедегі бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар -жазбалар деп аталады. Кестедегі жазбалар саны қатты диск сиымдылығымен шектеледі. Жазбадағы бар өрістер саны - 255 болады. Әрбір кестенің бірден-бір аты болады. Деректер базасындада әрбір үлкен элементтер жиынтығы үшін бөлек кесте болуы керек, мысалы, қызметкерлер туралы, клиент сұраныстары туралы жазбалар үшін. Бірнеше кестелерде мәліметтерді қайталауға болмайды.
Кестелерді үш түрлі тәсілмен жасауға болады:
• Мастер көмегімен;
• Конструктор режимінде;
• Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және өрістерді анықтау.
Өрістер
Өріс- берілген обьектінің белгілі бір атрибутының мәні, мысалы клиент фамилиясы, кітап аты, оқиға мерзімі және т.б. Өріс параметрлері:
ü өріс аты 64 символға дейін болады (әріптер, цифрлар, пробелдар);
ü мәліметтер типі (стандартты немесе қолданушымен анықталған);
ü өріс қасиеттері;
ü өріс мазмұны.
Мәліметтер құрылымының көпшілігі кестелік құрылымды болып келеді. Өріс - бұл кестенің элементі. Әрбір өрістің аты болады. Өрістің типі болады.
Өрістер типтері :
• Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі;
• Сандық (Числовой) - нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі; Мерзімі/Уақыты (Дата/Время) - күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі
• Ақшалық (Денежный) - қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
• OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE ) әртүрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер және т.б) сақтауға арналған мәліметтер типі;
• MEMO өрісі (Поле MEMO) - (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі;
• Санауыш (Счетчик) - жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
• Логикалық - логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
Жазбалар.
Жазба - белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазба-кестенің жолы. Әрбір жазба бөлек өрістерден тұрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру үшін кестеге бірінші кілт өрісін қосамыз.
Бірінші кілт - әрбір жазба үшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент шифры, тауар коды). Бірінші кілт ұқсас деректерді айыру үшін қызмет етеді. Сонымен бірге деректерді біріктіру үшін қызмет етеді. Және оның көмегімен бір кестені екіншісмен байланыстыруға болады.
Деректер базасын жасау.
Деректер базасын РФК301А атпен жасау үшін Access СУБД(Деректер базасын басқару жүйесі) ортасына кіру керек: ПУСК/ПРОГРАММЫ/МБ Access. Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.
• Бұл терезеден Жаңа деректер базасы пунктін таңдап, OK батырмасын басу керек. Тағы бір терезе ашылады.
• Бұл терезеде жаңа базаның атын РФК301А енгізу керек. Деректер базасы терезесі ашылады. (1-суретті қараңыз)
1-сурет. Деректер базасы.
Екінші тәсіл:
Саймандар панеліндегі Жасау (Создать) батырмасын басыңыз немесе Файл менюіндегі Жасау (Создать) командасын таңдаңыз. Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.
Онда деректер базасының аты енгізіледі және деректер базасын сақтайтын каталог таңдалады. Деректер базасының аты сегіз символға дейін болады. Нәтижесінде 1-суретті көруге болады.
Кестені жасау
Автосалон кестесін жасау. Конструктор режимінде кесте жасау
Автосалон кестесі
код | Модель | Жүрісі (мың.км) | Шыққан мерзімі | Түсі | Бағасы ($) |
Ауди-100 | Металик | ||||
Ауди-100 | Көк. мет. | ||||
Опель-омега | Күмістелге н | ||||
БМВ-525 | Шие | ||||
ВАЗ-2105 | Мурена | ||||
ВАЗ-2105 | Сағым | ||||
ВАЗ-21093 | Лагуна | ||||
БМВ-525 | Қара | ||||
Тойота-Карина | Ақ | ||||
Тойота-Карина | Қызыл |
Деректер базасы терезесінде Кестелерді жасау үшін:
Кестелер (таблицы) жапсырмасын, жасау (создать) батырмасын басу керек. Кестелерді жасау сұқбат терезесі ашылады, бұл терезеде конструктор пунктін таңдау керек. ОК батырмасын басу керек.
Сонда өрістер типтері көрсетілген кестелер құрылымын сұрайтын терезе (2-ші сурет) пайда болады:
2-сурет. Конструктор терезесі.
Бұдан кейін терезені жабу керек және толтыру режимінде кестені ашу керек. Ол үшін:
Деректер базасы терезесінде кестелер жапсырмасын қосу керек; АВТОСАЛОН кестесінің атын ерекшелеу керек; АШУ (ОТКРЫТЬ) батырмасын басу керек; Кестені толтыруды бастау керек.
КлиентАвто кестесін жасау. Мастер режимінде кесте жасау
КлиентАвто кестесі
Клиент коды | Компания аты | Қала | Телефон (факс) | Банк коды | Есепшот нөмірі |
ЖАҚ ТоСТ | Ақтөбе | 57-78-89 57-65-34 | |||
Алтын Диірмен Корпорациясы | Алматы | 35-75-88 25-48-31 | |||
ТОО Дизайн | Алматы | 64-02-34 64-02-34 | |||
Kodak LTD | Алматы | 54-65-67 | |||
ABDI Company | Алматы | 40-67-78 | |||
IMAN ALI SOFT | Алматы | 42-19-00 68-24-02 |
Мастер көмегімен кестелерді жасауда кестелер үлгілері ұсынылады, ал оның әрқайсысы сәйкес өрістер жиынтығынан тұрады. Өрістер үлгілерін таңдау ғана қалады, одан кейін Мастер автоматты түрде кесте жасайды:
ü « Деректер базасы» терезесінде кесте жапсырмасын қосып, және Жасау (Создать) батырмасын басу керек.
ü «Кестелерді жасау» терезесінде Мастер пунктін таңдау керек.
ü «Кестелерді өңдеу» терезесінде КЛИЕНТ - кесте үлгісін таңдаңыз(тізімде үшінші).
ü Әрі қарай кестеге қосылатын өрістер тізімін анықтау керек болады. Ол үшін өріс атын өрістер үлгілерінің тізімдерін кезек-кезек тышқанмен
ерекшелеп, - батырмасын басыңыз.
Өріс үлгісі жаңа кестенің өрістер тізіміне түсу үшін өрісті таңдаңыз: Клиент коды, Компания аты, Қала, Телефон нөмірі, Электрондық пошта адресі, Ескерпелер.
• Одан кейін өріс атын өзгерту батырмасын басыңыз...
• Пайда болған сұқбат терезеде Банк кодын енгізіңіз.
• Тағы да ескертпелерді таңдап, Есепшот нөміріне атын өзгертіңіз.
• Әрі қарай(Далее) батырмасын басыңыз.
• Ашылған сұқбат терезеде КлиентАвто кестесінің атын енгізіңіз.
• Әрі қарай(Далее) батырмасын басыңыз.
• Дайын(Готово) батырмасын басыңыз. Енді кестені ашып, оны толтыра бастаңыз.
Бақылау сұрақтары
1. ДҚБЖ(деректер қоры басқару жүйесі) деген не?
2. Access деректер қоры басқару жүйесінің негізгі функцияларын ата
3. Access -те жаңа деректер қорын қалай құруға болады?.
4. Access -те бар деректер қорын қалай ашуға болады?
5. Access жұмыс істейтін обьектілерді атаңыз?
6. Access -те қандай мәліметтер типі қолданылады?
№2 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Сұраныстарды құру
Мақсаты: Сұраныстарды құруды сұраныс үйрену: таңдамаға сұраныс, параметрлі
Тапсырмалар
1. Курс кестесі бойынша 130 теңгеден жоғары валютаның атын анықтайтындай сұраныс жасау керек.
КУРС кестесі
№ | Валюталар индексі | Валюталар аты | Саны | Теңгеге шаққанда 01.01.09 |
AUD | Австралия доллары | 91.14 | ||
ATS | Австралия шиллингі | 10.95 | ||
GBP | Англия фунті | 231.28 | ||
USD | АҚШ доллары | |||
EUR | ЕВРО |
3. Баға кестесі бойынша қалалар бойынша өнімге бағаларды анықтайтындай параметрлі сұраныс жасау керек, мұнда өнімді таңдау- қолданушының қалауы бойынша.
БАҒА кестесі
№ | Өнім | Астана | Алматы | Актау | Актобе | Урал | КР орта есеппен |
Сиыр еті | |||||||
Қой еті | |||||||
Шошқа еті | |||||||
Тауық | - | - | |||||
Жұмыртқа | |||||||
Жартылай Сүрленген Колбаса | |||||||
Пісірілген колбаса |
Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті
1. Теориялық материалды игеру
2. Жұмыстың орындалуы
3. Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы:
1. Бағдарлама мәтіні.
2. Тестілеу нәтижесі
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Сұраныстар
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Таңдама сұраныс
Түпкі кестеден әртүрлі критерийлер бойынша мәліметтерді таңдап алуға болады. Бұны сұраныстар көмегімен орындауға болады. Сұраныстар нәтижесінде нәтижелік кесте жасалады, яғни оны таңдау деп атайды. Ол жалпы бастапқы базадан алынған жалпы ақпараттан тұрады және сұранысқа сәйкес келеді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Параметрлік сұраныс
Көп жағдайда қолданушыға құрылған сұраныс бойынша жұмыс істеуге тура келеді, бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама өзгешеліктер болады. Осы кезде қайта- қайта сұранысты баса бермес үшін, сұранысты параметрмен құру керек.
Қорытынды сұраныс
Бұл сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестедегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде қатты дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез келген кезде қатынау көп уақыт алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, оған қатынау тез уақытта жүзеге асады.
Нәтижелік кестені жасауда ақпаратты тағы да өңдеуге болады (мысалы, мәліметтерді алфавиттік ретпен және өсуі бойынша орналастыруға болады және т.б)
Сұраныс үлгі бойынша сұраныс бланкісі негізінде құрылады.
Есептеулері бар сұраныстар
Кестеге сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу есептеулері бар сұраныстар құру деп аталады.
Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 6000$ -дан төмен барлық автомобильдерді көрсететіндей сұраныс
жасау керек. Ол үшін:
ü Сұраныстар жапсырмасын қосып, Жасау батырмасын басу керек.
ü Кестелерді қосу терезесінде Автосалон кестесін таңдап, Қосу батырмасын басу керек.
ü Жабу батырмасын басу керек.
Экранда тек қана Автосалон кестесінің аты бар, осы кестенің өрістері көрсетілген үлгі бойынша сұраныс бланкісі бар терезе қалады.
ü Модель өрісін таңдаймыз және тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, Өріс жолына бланкінің төменгі жағына көшіреміз. Өріс аты жолында автосалон кестесінің аты пайда болады.
ü Баға өрісін де осылайша көшіреміз.
ü Сосын Баға бағанында, таңдау шарты жолында «<6000»-ны тереміз.
ü Терезені жабамыз, пайда болған терезеде сұраныс атын береміз, мысалы, Баға.
Қарау режимінде сұранысты ашамыз және бағасы 6000$-дан төмен автомобильдер тізімін көреміз.
Таңдамаға сұранысты жасау(екі шартпен)
Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 3000$-дан жоғары және жүрген жолы 80 мың .км болатын барлық автомобильдерге сұраныс жасау. Бұл сұраныс та алдыңғы сияқты жасалады, тек Таңдау шарты(Условие выбора) жолында шарт Құн бағанында (>3000) және Жүрген жолы бағанында (<80) беріледі.
Параметрлік сұранысты жасау
Чемпионат кестесін жасау және осы кесте бойынша қай жылы қандай команда жүлделі орынды жеңіп алғанын көрсететін сұраныс жасау, мұнда команданы таңдау - қолданушының жеке өз ісі.
Ол үшін кесте жасағаннан кейін:
ü Сұраныс жапсырмасында тышқанды сырт еткізіп, Жасау(Создать) командасын таңдау керек.
ü Сұраныс конструктор режимінде жасалады. Кестені қосу(Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Чемпионат кестесінде тышқанды сырт еткізіп, Қосу(Добавление) батырмасын басамыз және жабамыз.
ü Сұранысты Жылы және Жүлделі орын өрісіне көшіреміз. Жүлделі орын өрісіне таңдау шарты жолына Like [елдің атын енгізіңіз] деп енгіземіз.
ü Сұранысты жасау(Создать запрос) терезесін жабамыз.
Сұранысты жасап болғаннан кейін, Ашу(Открыть) батырмасын басамыз, сонда пайда болған сұхбат терезеде ел сұралады: атын енгізіңіз және ол нәтижесін шығарып береді: дүние жүзі чемпионатында бұл ел қай жылы, қашан жүлделі орын алғанын.
Бақылау сұрақтары
1. Қандай мақсатта сұраныс қолданылады?
2. Үлгі бойынша сұраныс бланкі деген не ?
3. Таңдамалы сұраныс деген не, ол қалай жасалады?
4. Параметрлі сұраныс қалай жасалады?
5. Нәтижелік кесте деген не?
№3 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Сұраныстарды құру.
Мақсаты: Есептеулері бар және қорытынды сұраныстарды құруды үйрену
Тапсырмалар
1-тапсырма. Автосалон кестесі бойынша бір жылы шыққан автомобильдердің ең кіші және орта бағасын анықтайтын қорытынды сұранысты жасау.
2-тапсырма. Қуат тасымалдаушылар кестесі бойынша баға мен сату көлемінен тәуелді қуат тасымалдаушылар құнын анықтайтын Құн деп аталатын есептелетін өрісі бар сұраныс жасау керек.
3-тапсырма. Бір, екі, үш бөлмелі пәтерлердің орта бағасын анықтайтын
Қорытынды сұраныс жасау керек.
Аудан, Көше | Бөлме саны | Қабат | Үй | Үй жобасы | Материаллы | Баға $ | Телефондары |
Көктем | У | П | 292-40-19 | ||||
Самал | С | К | 258-50-00 | ||||
Аксай | У | К | 264-26-99 | ||||
Таугүл | С | П | 264-16-75 | ||||
Алмагүл | Н | К | 296-99-72 | ||||
Казах фильм | У | П | 250-93-03 | ||||
Орбита | У | П | 243-59-42 |
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті
1. Теориялық материалды игеру
2. Жұмыстың орындалуы
3. Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
1. Бағдарлама мәтіні.
2. Тестілеу нәтижесі
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Қорытынды сұраныстар
1. Жазбалар топтары үшін қорытынды функциялар болады. Қандай да бір белгілері бойынша жазбаларды топтастыруға болады. 2-ші тапсырмада топтастыруды автомобильдер моделі бойынша(яғни, сұраныста бірінші өріс- Модель өрісі болады), 3-ші тапсырмада автомобильдердің шыққан жылы бойынша жасаймыз.
2. Қорытынды сұраныстар бізге белгілі үлгі бойынша сұраныстар негізінде жасалады, тек қана онда қосымша қатар - Топтастыру(Группировать) пайда болады.
3. Бұл қатарды бланкке енгізу үшін саймандар панеліндегі Access бағдарламасындағы Топтық(Групповые) операциялары батырмасына шерту керек. Әрі қарай барлығы өте қарапайым болады.
4. Топтастыру(Группировать)жүргізілетін сол өрістерде Топтастыру(Группировать) функциясын орналастыру керек.
5. Қорытынды есептеулер жүргізілетін сол өрістерде Топтастыру(Группировать) қатарына тізім ашып жазу керек, және бірнеше қорытынды функциялар ішінен біреуін таңдау керек.
6. Түр(Вид) батырмасына шерту сұранысты шығарады және қажетті қорытынды деректермен нәтижелік кестені шығарады.
7. Топтастыру(Группировать) қатарына тек қана бір қорытынды функцияны көрсетуге болады.
Ал егер де қосындыны, және орта мәнді, және ең үлкен мәнді табу керек болса, не істейміз деген сұрақ тууы мүмкін. Жауап қарапайым: бір ғана өрісті үлгі бойынша сұраныс бланкісіне бірнеше рет қосуға болады: БағаМАХ, БағаAVRбағаның орта мәні).
Есептеулері бар сұранысты құру
Командалар бойынша Қорытындылар кестесіне бір ойын ішінде командалардың соққан доптарының орта санын анықтайтын Нәтижелік есептеулері бар сұраныс жасау керек және осы өрісті кемуі бойынша сорттау керек.
Қорытындылар кестесі
Сборная | Ойындар | Жеңістер | Тепе-тең | Жеңілістер | Соғылған доп | Өткізілген доп | Ұпайла р |
Бразилия | |||||||
Германия | |||||||
Италия | |||||||
Аргентина | |||||||
Англия | |||||||
Испания | |||||||
Россия |
Есептеулері бар сұранысты жасау үшін сол үлгі бойынша сұраныс бланкісі қолданылады. Айырмашылығы тек сонда, бағандардың біреуінде өріс атының орнына формула жазылады. Формулаға есеп-айырысатын квадраттық жақшаға алынып жазылған өріс аттары кіреді, сонымен қатар математикалық операциялар белгілері де кіреді, мысалы, былай:
НӘТИЖЕЛІК: [СОҒЫЛҒАН] /[ОЙЫНДАР]
1. Тар бағанға ұзын формуланы сиғызып жазу оңай емес, бірақ та егер SHIFT+F2 клавиштар комбинациясын бассақ, онда енгізу облысы деп аталатын қосымша сұхбат терезесі ашылады. Ал бұл терезеде қандай ұзын болмасын кез келген формуланы енгізуге болады, сосын ОК батырмасына шертіп , оны үлгі бойынша сұраныс бланкісіне көшіруге болады.
2. Егер есептелетін өріс бейнесін қоссақ, есеп-айырысу нәтижесі нәтижелік кестеде шығатын болады.
3. Есептелетін өрісті сорттау өрісі қылуға болады: ол үшін Сорттау қатарында Нәтижелік есептелетін өрісте сорттау түрін көрсету керек, мысалы, өсуі бойынша.
Қорытынды сұранысты жасау
Автосалон кестесі бойынша (лаб.жұм№1) автомобильдердің модельдері бойынша ең үлкен және орта бағасын анықтайтын қорытынды сұранысты жасау.
Бұл қорытынды сұранысты жасау үшін:
ü Үлгі бойынша сұраныс бланкісін ашу керек.
ü Саймандар панеліндегі батырмасын басамыз(бланкіде топтастыру қатары пайда болады.
ü Бланктің төменгі бөлігіне Модель өрісін көшіреміз.
ü Баға өрісін 2 рет көшіреміз.
ü Топтастыру(Группировать) қатарындағы Баға бірінші өрісінде менюді ашып, Max-ды таңдаймыз.
ü Топтастыру(Группировать) қатарындағы Баға екінші өрісінде менюді ашып, AVR-ді таңдаймыз.
ü Сұранысты жабамыз.
ü Қарап шығу режимінде сұранысты ашамыз.
Бақылау сұрақтары
1. Қандай өріс есептелетін деп аталады?
2. Есептелетін өрісті қолдану мен жасау.
3. Қорытынды сұраныстар қалай жасалады?
4. Жазбаларды топтастыру деген не?
№4 лабораториялық жұмыс
ақырыбы: Кестелер арасындағы байланысты орнату.
Мақсаты: Кестелер арасындағы байланысты орната білу және ол байланыстарды ақпарат іздеу үшін қолдана білу.
1-тапсырма. Ұсынылатын модельдер мен клиенттеркестелерін байланыстыру.
|
Corolla Compact XL | 90/135 | қолмен | Велюр | Ия | |||
Corolla Compact GT | 100/139 | қолмен | Тері | Ия |
модель Коды | Келіс. Нөмірі | Аты | Фамилия | Тел. | заказ мерзімі | жеңілдік |
Алия | Майданова | 2-96-68 | 2.02.2000 | |||
Ерканат | Умаров | 3-05-08 | 3.02.2000 | |||
Аркадий | Долгов | 56-98-74 | 3.02.2000 | |||
Асет | Абуов | 5-76-87 | 4.02.2000 | |||
Алла | Лакова | 55-45-87 | 4.02.2000 |
1. Corolla Kombi -ді сатып алғысы келіп жүрген клиенттерді шығару.
2. Клиент Умаров сатып алғысы келіп жүрген машинаға деген жеңілдікті және оның бағасын шығарыңыз.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы
Жұмыстың орындалу реті:
1. Теориялық материалды игеру
2. Жұмыстың орындалуы
3. Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
1. Бағдарлама мәтіні.
2. Тестілеу нәтижесі
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Кестелер байланысы
Деректер базасын басқару жүйесінің артықшылығы бөлек кестелермен жұмыс жасағанда емес, атап айтқанда, өзара байланысты кестелер тобымен жұмыс жасағанда көрінеді. Егер кестелер арасындағы байланыс берілсе, онда әртүрлі кестелермен жұмыс жасау бүтін бір мәліметтер қорымен жұмыс жасау сияқты болады.
Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер
Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру - Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негізгі кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс(бірегей кілттік өрісті бастапқы(первичный) кілттік өріс деп атайды).
Мәліметтер схемасы
Кестелері арасындағы байланысты орнату үшін Access ДББЖ-нің(деректер базасы басқару жүйесі) Мәліметтер схемасы(Схема данных) деп аталатын арнайы сұхбат терезесі болады.
Ескерту. Кестелері арасындағы қатынастар туралы байланысатын кестелерде бірдей өрістердің болғанында сөз болады. Міне, осы өрістер арқылы байланыс жүзеге асырылады.
1. Мәліметтер схемасы(Схема данных) терезесі саймандар панеліндегі батырманы шерту арқылы немесе Сервис - Мәліметтер схемасы(Схема данных) командасы арқылы ашылады.
2. Егер бұрыннан кестелер арасындағы ешқандай байланыс болмаса, онда Мәліметтер схемасы(Схема данных) терезесін ашқанда бірмезгілде Кестелерді қосу(Добавление таблицы) терезесі де ашылады, онда кестелер арасындағы байланыстар құрылымына қосу үшін керек кестелерді таңдау қажет болады.
4-сурет. Деректер схемасы және кестелерді қосу.
3. Егер кестелер арасындағы байланыстар әлдеқашан беріліп қойса, онда Деректер схемасына(Схема данных) жаңа кесте енгізу үшін Деректер схемасында(Схема данных) тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек, және контекстік менюде Кестені қосу(Добавление таблицы) пунктін таңдау керек.
4. Байланыстыру керек барлық кестелерді Деректер схемасына енгізе отырып, кестелер өрістері арасындағы байланысты жасауға көшу керек.
5. Өрістері арасындағы байланыс өріс аттары бір кестеден екінші кестеге оған сәйкес байланысқан өрісте тасымалдау арқылы орнатылады.
6. Тасымалдағаннан кейін жасалынған байланыс қасиетін көрсететін Байланыстар сұхбат терезесі ашылады.
7. Мәліметтердің бүтінділік шартын қамтамасыз ету жалаушасын қою бір кестеден жазбаларды алып тастаудан қорғауға мүмкіндік береді.
8. Бүтінділік шарты болу үшін, негізгі кестенің өрісі міндетті түрде кілттік болуы керек және екі өріс те бірдей типті болуы керек.
9. Байланысқан өрістерді Каскадты жаңарту және байланысқан жазбаларды Каскадты алып тастау жалаушалары бас кестедегі өзгеріске байланысты барлық бағынышты кестелердегі мәліметтерді бір мезгілде алып тастау немесе жаңартуды қамтамасыз етеді.
Фирма клиенттері кестесі
Фамилия | Аты | Әкесінің аты | Шифр | Мекен-жайы | Төлқұжа т | Кепіл |
Паршин | Павель | Анатолий ұлы | 3ПС56 | Саратов, Ул. Жарокова 43 | XIV-AB 123456 | 500р |
Воронцов | Владимир | Егорұлы | ЖИК67 | Саратов,пер. Ясный 71 | XIV-AK 555554 | 500р |
Тараненко | Игорь | Михайлұл ы | ПФИ00 | Москва, ул. Кирова56 | XV-ЛР 456789 | 500р |
Прокат кестесі
№ | Клиент | Диск | Алған күні | Қайтару мерзімі | Қайтару Тур. белгі | Прокат Төлемі |
ЗПС56 | D001 | 09.12.06 | 09.01.07 | 50р | ||
ЖИК67 | S001 | 10.12.06 | 10.01.07 | 50р | ||
ПФИ00 | S002 | 11.12.06 | 11.01.07 | 40р |
Қойма кестесі
Прокат аты | Жанр | Шифр | Диск саны | Кепілдік Құны | Бар болуы | Иллюстр. |
Diablo2 | RPG | D001 | 560р | Ip Galler | ||
Spase War4 | Strategy | S001 | 560р | Клип AV | ||
Spase Quest9 | Adventur | S002 | 600р | |||
Monkey Is1 | Adventur | M001 | 590р |
Байланыстарды жасау.
Фирма клиенттері, Прокат, Қойма кестеселерін жасау. Фирма клиенттері кестесіндегі Шифр өрісі мен Прокат кестесіндегі Клиент өрісі арасындағы байланысты жасау керек, сонымен бірге Прокат кестесіндегі Диск өрісі мен Қойма кестесіндегі Шифр өрісі арасындағы байланысты жасау керек.
Байланысқан кестелерді қолдану.
D001 дискісін алған клиенттердің және олардың төлқұжаттық деректерін көрсететін сұраныс жасаңыз.
ü Үлгі бойынша сұраныс бланкісін ашыңыз.
ü Сұраныс жасау үшін Фирма клиенті және Прокат кестелерін бөлек алыңыз.
ü Фирма клиенттері кестесінен бланкке Фамилия, Аты, Әкесінің аты
ü өрістерін, ал Прокат кестесінен Диск өрісін көшіріңіз.
ü Диск бағанына , Бөлек алу шарты қатарына =<< D001>> -шартын енгізіңіз.
ü Осы бағанда, Экранға шығару қатарына жалауша қойыңыз (бұл өріс экранда көрінбейтін болады).
ü Бланкті жабыңыз
ü Қарап шығу режимінде сұранысты ашыңыз.
ЗПС56 -киентінің алған дискісінің кепілдік құнын көрсетіңіз.
ü Үлгі бойынша сұраныс бланкісін ашыңыз.
ü Сұраныс жасау үшін Прокат және Қойма кестелерін бөліп алыңыз.
ü Прокат кестесінен бланкке Клиент және Диск өрістерін, ал Қойма кестесінен Кепілдік құн өрісін көшіріңіз.
ü Клиент бағанына , Бөлек алу шарты қатарына =<< ЗПС56 >> -шартын енгізіңіз.
ü Бланкті жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Кестелер арасындағы байланыс қалай жасалады?
2. Кестелер арасындағы байланыс қандай мақсат үшін орындалады?
3. Кілттік өріс деген не?
4. Мәліметтердің бүтіндік шартын қамтамасыз ету деген не?
5. Байланысқан жазбаларды Каскадты жаңарту және Каскадты алып тастау деген не?
№5 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Формаларды жасау.
Мақсаты: Мастер режимінде және Автоформа режимінде формаларды жасауды үйрену.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Қуат тасымалдаушылар кестесі бойынша Автоформа құрыңыз. Форманың тақырыбын жасаңыз.
Қуат тасымалдаушылар кестесі
Қуат тасымалдаушылар типі | Тонна бағасы (мың теңгемен) | Сату көлемі(тоннамен) |
Брент смесь | ||
Газойль | ||
WTI |
2-тапсырма. КУРС кестесі бойынша КУРС кестесінің барлық өрістері болатын және тағы да Өзгеруі (Изменить) деп аталатын есептелетін өрісі болатын форма жасау керек. Әрбір жазба үшін осы өрістің мазмұны 01.02.06-ға және 28.02.06-ға дейін валюталар курстары арасындағы айырмашылыққа тең болады. Форма жасау режимін өз бетінше таңдайды.
КУРС кестесі
№ | Валюталар индексі | Валюталар аты | Саны | Теңгеге шаққанда 01.01.06 |
AUD | Австралия доллары | 91.14 | ||
ATS | Австралия шиллингі | 10.95 | ||
GBP | Англия фунті | 231.28 | ||
USD | АҚШ доллары | |||
EUR | ЕВРО |
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы
Жұмыстың орындалу реті
1. Теориялық материалды игеру
2. Жұмыстың орындалуы
3. Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
1. Бағдарлама мәтіні.
2. Тестілеу нәтижесі
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Формалар
Форма дегеніміз мәліметтерді енгізу үшін өрістері бар электрондық бланк. Теруші осы өрістерге мәліметтерді енгізеді, және мәліметтер деректер қоры кестесіне автоматты түрде толтырылады..
Формаларды былай жасауға болады:
1) қолмен
2) Автоматты түрде
3) Мастер көмегімен
Формалардың кестелер мен сұраныстардан айырмашылығы автоматты режимде оңай жасалады.
1. Автоформалар - автоматты формалардың ең қарапайым түрі. Авто-формаларды жасау үшін Деректер қоры сұхбат терезесіндегі Формалар жапсырмасын ашу керек және Жасау (Создать) батырмасына шерту керек. Сонда Жаңа форма (Новая форма) терезесі ашылады.
2. Жаңа форма (Новая форма) сұхбат терезесінде форма үшін мәліметтер көзі ретінде қандай да бір кестені немесе сұранысты таңдайды, одан кейін Авто форма түрлері (кестелік, ленталық немесе баған түріндегі ) тізімінен таңдап, екі рет шерту арқылы автоформа жасайды.
Мастер көмегімен форманы жасау
Мастер көмегімен форма төрт кезеңде жасалады:
• Мәліметтерді формаға енгізуге болатын өрістерді таңдау;
• Форманың сыртқы түрін таңдау(төрттен бірін);
• Форманың фондық суретін таңдау(оннан бірін);
• Форманың атын беру;
Дайын форманы бар жазбаларды қарап шығу үшін немесе жаңаларын енгізу үшін бірден қолдануға болады.
Автоформаларды жасау
Чемпионат кестесіне 1998 жылғы дүние жүзілік чемпионат туралы мәліметтерді енгізетін баған түріндегі автоформаны жасау керек.
Жыл | Ел | 1 орын | 2 орын | 3 орын |
АҚШ | Франция | Бразилия | Хорватия |
Мұндай форманы жасау үшін:
ü Мәліметтер қоры (База данных) терезесінде Форма жапсырмасын қосу керек.
ü Жасау (Создать) батырмасын басу керек.
ü Ашылған Жаңа форма (Новая форма) сұхбат терезесінде баған түріндегі Автоформат (Автоформат в столбец) пунктін таңдау керек.
ü «Мәліметтер көзі ретінде кестені немесе сұранысты таңдайсыз ба» -өрісіне Чемпионат формасы жасалатын кесте-көзін көрсетіңіз.
ü ОК батырмасын басыңыз.
ü Форма ашылады. Мәліметтерді енгізіңіз.
ü Формаға ат беріп, оны сақтаңыз .
Мастер режимінде форманы жасау
Автосалон кестесіне Зауыттық бағамы(ақшалы типі), Транспорттық шығындар(ақшалы типі), Арнайы модель(логикалық тип) өрістерін жасап, және осы өрістерге мәліметтерді енгізетіндей Мастер режимінде форма жасау керек.
Кестеде жаңа өрістерді жасау үшін Кестелер (Таблицы) жапсырмасын қосу керек және Конструктор режимінде керекті өрістерді қосу керек. Мастер режимінде форманы жасау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
ü Мәліметтер қоры терезесінде Формалар жапсырмасын қосу керек
ü Жасау (Создать) батырмасын басу керек
ü Ашылған Жаңа форма сұхбат терзесінде Формалар мастері (Мастер форм) пунктін таңдау керек.
ü Кесте-көзі Автосалонды көрсетіңіз.
ü Ашылған Формалар жасау сұхбат терезесінде Зауыттық бағамы(ақшалы типі), Транспорттық шығындар(ақшалы типі), Арнайы модель(логикалық тип) өрістерін бөліп алу керек.
ü Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.
ü Форманың сыртқы түрін таңдап, мысалы Ленталық, Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.
ü Талап етілетін стильді таңдап, мысалы Сумерки , Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.
ü Формаға ат беріп, Дайын (Готово) батырмасын басамыз.
Форманы басқару элементтерін жасау
Автосалон кестесінің барлық өрістерінен тұратын форма жасау керек, сонымен қатар
a) Тақырып облысына ЗАКАЗДАР атын енгізіп және автомобиль суретін қоятындай.
b) Зауыттық бағамы, Транспорттық шығындар өрістерінің жалпы қосындысын анықтайтын Жалпы бағамы деп аталатын есептелетін өріс болатындай. Бұл үш өрісті форманың басқа өрістерінен ажыратылатындай сызықпен бөлу керек.
Мұндай форманы жасау үшін әуелі Автоформа немесе Мастер режимінде Автосалон кестесінің барлық өрістерінен тұратын форма жасау керек, одан кейін оны Конструктор режимінде ашу керек.
a) Тақырыпты көркемдеу.
1) «ЗАКАЗДАР» тақырыбын енгізу:
Алдымен формадағы тақырып облысын кеңейту керек.
Тақырып облысы мен мәліметтер облысы арасына курсорды екі жаққа бағытталған стрелка түрінде болатындай етіп орналастыру керек.
Тышқанды басып түрып, стрелканы төмен жылжытамыз. Үлкейген облысқа форма аты - ЗАКАЗДАР енгіземіз. Ол үшін элементтер панеліндегі НАДПИСЬ батырмасын екпіндейміз.
Бүдан кейін тышқан көрсеткішін тақырып облысына жылжытамыз да, тышқан батырмасын басулы күйінде тіктөртбүрыш сызамыз (тіктөртбүрыш диагоналін керекті өлшемге дейін созамыз).
Сосын тышқан батырмасын жібереміз. Тіктөртбүрыш ішіне ЗАКАЗДАР тереміз және <ENTER>^ басамыз. Терілген тақырыпты форматтауға болады: шрифті, шрифт түсін өзгертуге, туралауға.
2) АВТОМОБИЛЬ - обьектісін түрғызу:
Форма тақырыбында ЗАКАЗДАР сөзінен кейін тышқанды шерту керек. ҚОЮ (ВСТАВКА) менюінен ОБЬЕКТ командасын таңдаймыз. Түрғызылатын обьект типін таңдау сүхбат терезесі пайда болады. Обьектер тізімінің ішінен Microsoft ClipArt суреттерін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Әрі қарай тағы бір сүхбат терезе пайда болады, оның сол жағындағы Транспорт- бөлімін, ал оң жағындағы автомобиль суретін таңдау керек.
Енгізу (Вставить) батырмасын басамыз. Автомобиль суреті тақырып ішіне қойылады. Суретті форматтауға болады, рамканың өлшемін кішірейтуге болады. Суретте рамканың өлшемін кішірейту кезінде автомобильдің бір бөлігі ғана қалады, оны болдырмау үшін Түр(Вид) менюінен Қасиеттері/Макет (Свойства/Макет) командасын және Өлшемдерді орнату (Установить размер) өрісінде Фрагмент/Рамканың өлшемдері бойынша командасын таңдаймыз. Енді Қарап шығу (Просмотр) режимінде форманы ашып, жүмыс нәтижесін бағалауға болады.
b) Есептелетін өрісті жасау: Жалпы бағамы.
1) Өрістерді жасау:
Өріс - пиктограммасына шерту
Есептелетін өрісті керек жеріне орналастыру. Жалпы бағамы өрісі Зауыттық бағамы, Транспорттық шығындар өрістерінің астына орналасса жақсы болареді. Аты өрісі үшін қасиеттер терезесін шақырыңыз:
Надписи өрісіне екі рет шертіңіз.
Надпись параметрі үшін өріс аты- Жалпы бағамын енгізіңіз. Терезені жабыңыз. Сосын текстік өрісті оған сәйкес Қасиеттер (Свойства) терезесін аша отырып толтырыңыз. Мәліметтер (Данные) жапсырмасына есептеу формулаларын орналастырыңыз: мазмүны: = [Зауыттық бағамы] +[ Транспорттық шығындар]. Формула = - белгісінен басталады, ал әрбір өріс аты квадраттық жақшаға [] алынып жазылады. 2) Сызықтарды жүргізу.
Элементтер панелінде тышқан көмегімен сызықтар пиктограммасын таңдаймыз. Одан кейін форманың сол жақ шетіне тышқан курсорын орнатамыз. Тышқан батырмасын басулы күйінде үстап, көлденең сызықтарды экранның бүкіл еніне созамыз. Тышқан батырмасын басқанға дейін <Shift> клавишін басуға болады, сонда сызықтар түзу болып шығады.
Бақылау сұрақтары
1. Формалар қандай мақсатта қолданылады?
2. Формалардың қүрылымдары қандай?
3. Қандай режимдерде формалар жасауға болады?
4. Автоформалар қалай жасалады?
5. Мастер режимінде формаларды қалай жасауға болады?
6. Формада есептелетін өріс қалай жасалады?
7. Форма тақырыбы қалай көркемделеді?
8. Форма тақырыбына суретті қалай қоюға болады?
№6 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Кестелер режиміндегі форманы беру және олармен жұмыс
Мақсаты: Кестелер режиміндегі форманы беруді үйрету, сорттауға, қажетті критерийлер бойынша іздеуді ұйымдастыруға, фильтрді жасап және қолдануға үйрену.
Тапсырмалар
1. Кестелер режиміндегі Чемпионат кестесі бойынша форма жасаңыз. Форма режиміне көшіңіз және бұрынғы жерлерде өрістер қалған жоқ па қараңыз.
2. Кестедегі жазбаларда елдер альфавит бойынша орналасатындай етіп, сорттаңыз. Форма режиміне көшіп, жазбалардың орналасуы сақтала ма жоқ па, тексеріңіз.
3. Тек қана оның фамилиясын біле отырып, адресаттарды табыңыз.
4. Егер сіздің телефон анықтауышында звондаған адамның нөмірі қалса, кім звондаған екенін анықтаңыз.
5. Тек қана оның телефон нөмірінің алғашқы үш цифрін біле отырып, адресатты табыңыз.
6. Формаға фильтрді қолданып, оны жабыңыз. Қайтадан сол форманы ашыңыз. Сүзгіден өткен тізім сақталды ма немесе барлық бар жазбалар көрсетілді ме, немесе фильтрдің өзі сақталды ма, соны тексеріңіз (бұрынғы жасалған фильтрді қолдануға бола ма).
7. Фильтрді қолданып, телефон нөмірі үш бірдей цифрдан басталатын нөмірлі барлық адресаттар тізімін алыңыз, мысалы 823.
8. Мысалы «ый»-ға аяқталатын барлық ер адамдар фамилияларының адресаттар тізімін жасаңыз.
9. «Я»-ға аяқталатын барлық аттар адресаттарының тізімін жасаңыз.
10. Тізімде 823-87-45 және 856-87-23 телефон нөмірлері ғана болатындай фильтр жасаңыз.
Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы
Жұмыстың орындалу реті
1. Теориялық материалды игеру
2. Жұмыстың орындалуы
3. Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
1. Бағдарлама мәтіні.
2. Тестілеу нәтижесі
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Кестелер режиміндегі форманы беру
Автосалон кестесі бойынша алдыңғы сабақта жасалған форманы кестелер түрінде беріңіз және жаңа мәліметтер жазыңыз. Ол үшін :
1. Түр (Вид) менюінен Кесте (Таблицы) командасын орындаймыз, немесе саймандар панеліндегі сәйкес батырманы таңдаймыз.
2. Кестені ашып, жаңа мәліметтер енгіземіз.
Сұрыптау
Автомобильдердің зауыттық бағамының кему реті бойынша алдыңғы кесте мәліметтерін сүрыптаңыз.
ü Кестедегі жазбаларды сүрыптауға болады. Ол үшін:
ü Сүрыптау жүргізілетін бағанды ерекшелеңіз(форма режимінде форманы ерекшелеңіз).
ü Жазбалар (Записи) менюіндегі Тез сүрыптау(Быстрая сортировка) және Өсуі бойынша (По возрастанию) немесе ішкі менюдегі Кемуі бойынша (По убыванию) таңдаңыз.
Саймандар панеліндегі " Өсуі бойынша "( По возрастанию) немесе "Кемуі бойынша " (По убыванию) батырмаларының біреуін басу керек.
5-сурет. Сұрыптау және топтастыру.
Іздеуді ұйымдастыру
Координаттар кестесі бойынша Координаттар кестесінің өрістерінен түратын Мекен-жайлар формасын жасаңыз. Бүл форманы кесте түрінде беріңіз және Василисаның телефоны мен мекен-жайын табыңыз.
Аты өрісіне курсорды орналастырамыз;
Түзету(Правка) менюіндегі Табу(Найти) командасын орындаймыз немесе Саймандар панеліндегі батырманы қолданамыз. Егер ашылған <Аты өрісіндегі іздеу > (Поиск в поле Имя) сұхбат терезесі форманы жауып тұрса, онда оны міндетті түрде «ысырыңыз».
Іздеу үлгісі ретінде Василиса- атын енгізіңіз. Сіздің жазбаңызда қайталанатын ат таңдаңыз. Алғашқы қадам(Первое вхождение) батырмасын басыңыз. Сіздің формаңызда, Іздеу(Поиск) терезесінің астында орналасқан, бірінші кезекте сәйкес аты бар жазба орналасады. Қараңыз, сол адрес пе жоқ па, әйтпесе программа сондай атпен тағы бір адресті табады (егер ондай болса). Осылайша, таңдалған атпен барлық адресатты қарап шығуға болады және керектісін табуға болады.
Егер сіз өз адресіңізді тапсаңыз, Іздеу(Поиск) сұхбат терезесін жабуға болады. Іздеу тек қана Аты өрісі (алдын-ала курсор орналастырылған өріс) мәліметтері арасында ғана жүзеге асырылады. Бұл - Іздеу облысы ауыстырғышы ағымдағы өріс жағдайында орналасқанда ғана іске асады. Егер ауыстырғышты Барлық өрістер жағдайына қойса, онда үлгімен сәйкес келу барлық бар өрістер бойынша тексерілетін болады.
Бұдан басқа, сіздің үлгімен сәйкес келетін әртүрлі варианттарды таңдауға мүмкіндігіңіз бар.
Сәйкес келу ашылған тізімінде үш мүмкіндіктің біреуін таңдауға болады:
1. Өрістің кез келген бөлігімен - үлгінің сәйкес келуін өріс құрамының кез келген бөлігінен іздеуге болады. Мысалы, "Ира" үлгісі үшін "Кира" және "Ираида" табылған.
2. Өріс бүтіндей - оның құрамы үлгімен толық сәйкес келеді.
3. Өріс басынан бастап - үлгімен сәйкес келу өріс құрамының басынан бастап ізделеді. Мысалы, "Ира" - үлгісі үшін "Ираида" табылады, бірақ "Кира" емес.
Сондай-ақ іздеу бағытын анықтайтын да мүмкіншілік бар:
ü Жоғары қарай - ағымдағы жазбадан бірінші жазбаға қарай;
ü Төмен қарай - ағымдағы жазбадан соңғы жазбаға қарай.
Егер сіз символдар регистрін есепке ала отырып, іздеуді ұйымдастырғыңыз келсе, онда сәйкес жалаушаны қойыңыз.
Фильтрді жасау және қолдану
Мекен-жайлар формасын кесте түрінде беріп және барлық Василисалардың мекен-жайларын табыңыз.
Фильтр - бұл жазбаларды таңдап алу үшін немесе оларды сорттау үшін арналған шарттар жиынтығы.
1. Форманы кестелер режимінде беріңіз.
2. Жазбалар - Фильтрді өзгерту.(/Записи - Изменить фильтр/)командасын орындау. Бұл команда <Фильтр> терезесінде