Сурет 2 - Инновациялық даму әлеуеті

Сонымен, инновациялық даму тек қана негізгі инновациялық үдеріс қана емес, оны жүзеге асыру үшін қажетті факторлар мен жағдайлардың тұтас жүйесін дамыту болып табылады.

Қала ортасына қатысты талаптар жыл сайын өзгеріп келеді. Қазіргі заманғы инновациялық қала ең алдымен «жасыл» қала болуы тиіс, яғни экологиялық талаптарға сай, өмір үшін қолайлы ортаға айналуы керек. Ғалымдар «жасыл» болашақты «тұрақты даму» терминімен байланыстырады [10]. Бұл жағдайда білім мен ғылымға негізделген инновациялық экономикаға көшу қалалардың дамуының өзіндік трендіне айналады.

PricewaterhouseCoopers зерттеулері бойынша, қалалардың стратегиялық дамуының қазіргі заманғы тенденциялары ірі қалалардың басым көпшілігіне тән болады [8]. Олардың қатарына мыналарды атауға болады:

1 Қала тұрғындары бірегейлікке ұмтылады, олар үшін ақпараттық және әлеуметтік қызметтің ең оңтайлы, жеке ерекшеліктерді ескеретін түрлері қажет.

2 Ірі қалалардың аумағы кеңістік тұрғыда әртүрлі және ауқымды. Сол себепті барлық салада үдемелілік сипат алған. Бұл өз кезегінде көлікті жетілдіру және оңтайлы етуді, ақпаратты жылдам таратуды қажет етеді.

3 Жоғары технологиялар ірі қалалардың барлық салаларына (басқару, білім беру, денсаулық сақтау, байланыс, көлік және т.б.) енуде. Бұл қала тұрғындарына қолайлы экологиялық, қауіпсіз, эстетикалық ортаны қамтамасыз етуде де пайдаланылуы тиіс. Өйткені әдемі, қауіпсіз, сәулетті қазіргі заманғы қала өз тұрғындарына өз мекеніне қатысты азаматтық мақтаныш сезімін де сыйлай алады.

4 Ірі қалаларда қала тұрғындарының өмір салтындағы өзгерістерге байланысты, туу көрсеткіштері күрт төмендеп, адамның өмір жасы ұлғаяды. Сол себепті қала дамыған сайын, қарт тұрғындар саны артады, балалар мен жастар үлесі азаяды.

5 Қала ауқымы артуда. Әлемдік деңгейде қалада тұратындар саны ғана емес, қалалық аумақтар көлемі де ұлғайып барады. Бұл әсіресе дамушы елдерде қарқынды байқалады. Осының өзі жасанды ортаның қалыптасуына алып келеді.

6 Климаттың өзгеруі де қала құрылысының ерекшеліктері мен қалалық өмір салты жағдайының салдарларына (жылулық алаңдар, энергияны көп пайдалану, қоқыстардың көбеюі, жылыжай газдарының артуы және т.б.) байланысты болады.

7 Урбандалу ғаламдық көші-қонға себепші болады. Көші-қон қалалар үшін қосымша мүмкіндіктер береді, сонымен қатар оның әлеуметтік жіктелуіне, қауіп пен ретсіздікке алып келеді.

Инновациялық дамудың қала агломерацияларына шоғырлануы жылдам даму көрсеткіштеріне алып келеді және мақсатты түрде инвестициялық саясатты жүргізу арқылы алдыңғы қатарлы салаларды кластерлік тұрғыда дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жедел даму саясатын ұстанған Қытай үкіметі 1995 жылдан бері 60-тан астам қалаларда 100 шақты кластерлерді анықтаған. Осы жағдайда Қытайдың неғұрлым ірі агломерациялары шоғырланған провинцияларында инновациялық өнім өндірудің ең жоғары көрсеткіштері (20%) байқалған [11]. Егер жалпы Қытай бойынша бұл көрсеткіштің 3,6%-ға тең екендігін ескерсек, агломерацияның инновацияларды енгізу мен дамытудағы шешуші ролі жөнінде атап көрсетуге болады.

Қазақстан жағдайында да экономикалық әрекеттің кеңістік агломерациясы экономика мен урбандалуды шоғырландыру арқылы инновацияларға қолдау көрсетуді көздейді. Сол себепті елімізде агломерацияларды дамыту мемлекеттік бағдарламалық сипат алған. Еліміздің аумағы мен оның аймақтары, қалалары арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы деңгейі мен мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтарды, сондай ақ ғылыми әлеуетін ескере отырып Қазақстанда инновациялық жүйені құру мәселесін тек орталықтан нәтижелі түрде шешу мүмкін емес. Бұл процесте ірі қалалардың белсенді қатысуы қажет. Бұл үшін басты жағдай ҚР және аймақтарының инновациялық жүйесі аясында құрылған ірі қалалардың инновациялық жүйесінің мақсатты қалыптасуы және нәтижелі қызмет етуі болып табылады.

Дебиет

1 Тодаро М.П. Экономическое развитие. – М., 1997. – 667 с.

2 Руководство Осло. Рекомендации по сбору и анализу данных по инновациям. Третье издание. Перевод с английского — издание второе исправленное. — М., 2010. – 107 с.

3 Carlino Gerald A. and William R. Kerr. Agglomeration and Innovation // Harvard Business School Entrepreneurial Management Working Paper. - 15-007. – 2014. http://ssrn.com/

4 Борушкина С. Москва далека от лидеров по креативности//http://opec.ru/

5 Кондратьев Н.Д., Яковец Ю.В., Абалкин Л.И. «Большие циклы конъюнктуры и теория предвидения»: Избранные труды. - Экономика. 2002. - 767 с.

6 Портер М. Конкуренция. – М.: Вильямс, 2005. – 608 с.

7 Меньшиков С.М., Клименко Л.А. Кристофер Фримен //Длинные волны в экономике: Когда общество меняет кожу. — 2-е. — М.: ЛЕНАНД, 2014. — С. 208-214

8 Lauren Kahn, Rushanara Ali, Alessandra Buonfino, Charlie Leadbeater Geoff Mulgan. Breakthrough cities: how cities can mobilise creativity and knowledge to tackle compelling social challenges – 84 р. //http://creativecities.britishcouncil.org/files/data/kb/ breakthrough_cities_report.pdf

9 Тумина Т.А. Инновационное развитие – основа экономического роста. – CПб.: Химиздат, 2008. – 191 с

10 Мазница Е.М. Проблемы и тенденции инновационного развития экономики городских агломераций //Фундаментальные исследования – 2014 – №3. – С. 154-158

11 Zhang Hongyong. Agglomeration and product innovation in China // http://www.voxeu.org/article/21July 2014

 

 

Аннотация

В обзорной статье анализируются современные теории, касающиеся инновационного развития различных территорий, в том числе развития городов. Внедрение инноваций требует тщательного анализа предпосылок и условий развития территорий. Приведены определения терминов «инновация», «инновационное развитие». Авторами дается анализ кластерной теории американского ученого Майкла Портера применительно к вопросам конкурентоспособности государств. Сделан обзор по пяти основным признакам конкурентоспособности государств, определенным М. Портером. Анализирована суть концепции национальных инновационных систем, разработанной К. Фримен, Б. Лундвалл и Р. Нельсоном. На основе обзора и анализа современных теорий инновационного развития авторами составлена обобщающая схема, показывающая суть данных теорий и их значение.

Для Республики Казахстан очень важен зарубежный опыт внедрения инноваций. В «Концепции инновационного развития Республики Казахстан до 2020 года», утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 4 июня 2013 года, отражены основные возможности и предполагаемые сценарии инновационного развития с учетом положений Стратегии «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства. Инновационная политика страны рассматривается как фундамент для будущей национальной идентичности, конкурентоспособности, благосостояния граждан и экономической жизнеспособности.

В статье приводится анализ нового понятия «креативный потенциал города». Авторы отмечают, что данное понятие сравнительно недавно появилось в зарубежной урбологии и требует специального рассмотрения применительно к крупным городам Республики Казахстан.