Түркістан-Сібірдегі қызметі

1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды.

Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.[1]

 

Реферат

Мұхамеджан Тынышпаев

 

Дайындаған:

Тексерген:

 

2017 жыл

Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру». Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды . «Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті: Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс. Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу. Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет. Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту. Бесіншіден,бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет. Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет. Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.

2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканыңжетекшікүші.

Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.

Біріншіден, адам өзін бизнесте сынап көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толық құнды қатысушысы болуға, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта деңгейге көшуге қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға мүмкіндік жасау керек.

Екіншіден, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында берік диалог құру үшін бизнестің нығайту жұмыстарын жалғастыру керек, ол жаңа стратегияны іске асыруда барлық кәсіпкерлердің қызығушылығы мен кең қамтылу мәселесін шешеді.

Үшіншіден, мемлекет өзінің рөлін өзгерту керек, стратегиялық емес кәсіпорындар мен қызмет көрсетулерді жеке қолға беретін кең ауқымды жекелендірудің екінші толқыны қажет.

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

Осы стратегиялық бағытты орындау мақсатында Елбасы келесі мақсаттарды анықтады.

Біріншіден, мемлекет, әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде азаматтарға төменгі әлеуметтік стандартқа кепілдеме беру қажет және экономика мен бюджет өсіміне тәуелді төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдемелерді орнату қажет.

Екіншіден, мемлекетәлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуітиіс.Қоғамныңәлеуметтік жағдайы төмен топтарына атаулы қолдау көрсетудетолық жауапкершілікалу, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, аналық пен бабалықты қорғау, оқыту бағдарламасын және жұмыссыздарды қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа белсенді алу бойынша жағдай жасау.

Үшіншіден, аймақтарды дамытуда әлеуметтік үйлесімсіздік мәселелерін шешу бойынша жинақталу маңызды болып табылады, аймақтарды дамытуда басымды мәселелерді шешумен барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау қажет.

Төртіншіден, жұмыскерлердің мүдделерін шешуге бағытталған, еңбекпен қамту және төлеуді қамтамасыз ету саясатын жаңғырту қажет.

Бесіншіден, жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі аналық және бала мәселелерін қорғау болып табылады, елімізде әйелдердің рөлін көтеру, оларға еңбекпен қамтудың икемді түрлерін беру және үйде жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Қазіргі заманғы әйел мансап жасауға талпыну керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруларға белсенді қатыстыру қажет, әсіресе аймақтардағы жергілікті жерлерде. Әйелдердің бизнес ашу мен жүргізу үшін алғышарттар жасау керек.

Мемлекет пен қоғам жетімдерді асырап алу мен отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын қолдау керек. Балаларды тәрбиелеу – болашаққа деген едәуір салым болып табылады. Бұл мәселеде біз дәл осылай істеу керекпіз және балаларымызға ең жақсы білім беруге талпыну керекпіз.

Алтыншыдан, медициналық қызмет көрсетудің халықаралық сапасын енгізуді жылдам қарқынмен орындау керекпіз. Медициналық кластерлерді құру, жаңа медициналық технологияларды енгізу ауру мен өлім көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

Елбасының ойынша, бұл стратегиялық мақсаттың шешімі іс-шара кешенімен шартталады, оның ішінде:

— мемлекеттік жоспарлау мен болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру, жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;

— басқарудың сауатты ортақтандырылуы, орталықтан үкіметтің аймақтық органдарына шешім қабылдау үшін қажетті ресурстар мен құқықтың берілуі;

— кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

— мемлекеттік апараттың бизнес-қоғамдастықтарымен өзара әрекет етудің жаңа жүйесін орнату, жекеменшік құқығының тұрақтылығына кепілдік беру, келісімдік міндеттемелердің қорғалуы;

— тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық қағидатын қалыптастыру;

— жемқорлықпен қарсы күресте мемлекет пен қоғамның бірыңғай бағытын қалыптастыру;

— тәртіпсіздік пен жемқорлықты жою бойынша «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру тапсырмасын орындау үшін құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.

6. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Қазақстанның ұлттық мүдделерін өрлету үшін республика көп бағытты сыртқы саясатты жүзеге асыру керек, ол келесі қағидаттарды есептеу негізінде іске асуы тиіс.

Біріншіден, аса прагматикалық қағидаттардағы ұлттық мүдделердің сыртқы саясаттық өрлеуі.

Екіншіден, аймақтық қауіпсіздік бойынша жауапкершілікті ұғынудың маңыздылығы және Орталық Азиядағы тұрақтылыққа өз септігін тигізу, аймақтағы шиеленісті жағдайлардың алғы шарттарын жоюға көмектесу.

Үшіншіден, Қазақстан барлық үдемелі халықаралық бастамаларды қолдап, жаһандық қауіпсіздікке өзінің үлесін қосу керек.

Төртіншіден, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін және әскери доктринасын нығайту керек, қорғаныстық мазмұндағы әр түрлі тетіктерге қатысу.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:

1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.

2. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.

3. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз

ету, оны барлық салаларда қолдану.

4. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.

5. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.

6. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни

сана-сезімді қалыптастыру.

Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады . Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.

2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті . «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды. Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады . Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

 

Қазақстан экономикасы

Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырдаэкономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша,Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

Жылы Жалпы ішкі өнім АҚШ долларының айырбас бағамы Инфляция индексі (2000=100) Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚШ деңгейінің % үлесі)
78,014,200 61.11 теңге 3.81
102,599,902 142.26 теңге 3.53
147,453,000 132.88 теңге 9.01

Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты. 2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

Қазақстан экономикасының тарихы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады. 9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.

Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.

 

 

Ауған соғысы

 

 

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Азақстан үлесі

Тараздағы опат болғандарға ескерткіш

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.

 

Экспо - 2017

«Қазіргі кезде Қазақстанда көрмелік-жарнамалық және жәрмеңкелік қызметті реттейтін заң жоқ», – деп мәлімдеді «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Қаһарман Джазин: «Мегаполистегі конгрестік-көрмелік қызмет. Санкт-Петербор қаласының ЭКСПО-2017-ге қатысуы» атты дөңгелек үстелде. Оның айтуынша, «Жарнама туралы» заңның және Үкіметтің көрмелік-жәрмеңкелік қызметті дамыту туралы қаулысының негізінде көрмелерді мемлекеттік құрылымдар мен ерікті кәсіпкерлер ұйымдастырады. «Қазіргі кезде ЭКСПО-2017-нің қарсаңында Үкіметте «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр. Елімізде көрмелік бизнестің көпжылдық тәжірибесі бар, бұл жұмыспен 20-дан астам жоғары білікті ұйымдар айналысады» – деді ол.
Ал аталған басқосудан белгілі болғандай, санкт-петерборлық көрмелік компаниялар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өз қызметтерін ұсынуға дайын. «Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстелде санкт-петерборлық көрмелік компаниялар өз тәжірибесімен бөлісіп, қызметтерін ұсынды, – дейді Аймақаралық, шекаралық және халықаралық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық орталығының атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Игорь Бычков. – Санкт-Петерборда G8, G20, Санкт-Петербор экономикалық форумы сияқты жаһандық деңгейдегі форумдар көп өткізіледі. Сондықтан, біздің операторларымыздың кәдімгі логистикадан бастап, көрмелік экспозициялар мен конгрес-менеджментке дейінгі шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар».
Оның айтуынша, «Петербург-Дорсервис» фирмасының өкілі ЭКСПО-2017-ге дайындық кезінде автокөлік жолдары мен басқа да көлік кешенінің құрылысына қатысты жобалау-іздестіру қызметтерін ұсынған. – Тәжірибесі де, әлеуеті де зор «Петербург-Дорсервис» фирмасы Сочи Олимпиадасының нысандарын, Санкт-Петербордың үлкен айналма жолын, тоннелдерін жобалау мен салуға қатысты. Ал, ЭКСПО көрмесі дегеніміз – бұл ауқымды құрылыс (автожолдар, автотұрақтар, тұрғын үйлердің кіре берістері, әртүрлі үйлер және т.б.) екені сөзсіз, – деді Игорь Геннадьевич. Сонымен қатар, туризм, экология және көрмелерді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын ұйымдардың өкілдері де жиналғандарды өз қызметтерімен таныстырды.
«Бүкіләлемдік ЭКСПО – бұл миллиондаған шетелдік қонақтар тамашалайтын үлкен форум. Мұндай форум мейлі, Сарагоса, Барселона, Шанхай немесе Астанада өтсін, оған халықтың лек-легімен ағылатыны белгілі, – дейді Игорь Бычков. – Халықаралық көрме болған соң, ол жерге үкіметтік, кәсіпкерлік топтардың делегациялары келетіні даусыз. Ал, өзімізбен көршілес, дос, бауырлас Қазақстанның бас қаласындағы көрмеге ресейліктердің қызығушылығы зор болатынына еш күманданбаймын. Ресми делегациялар тіпті, Ресей президенті, премьер-министрі деңгейінде болатыны сөзсіз. Өйткені, олар мұндай мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық көрме­дегі Ресейдің күндерін өткізеді. Сондықтан, ресейлік тараптан билік органдарының, кәсіпкерлер қауы­мының және басқа да қызығушылық танытқандардың көрмені көптеп тамашалайтынына күмәнім жоқ. Оның үстіне, ЭКСПО-2017-де бұрын-соңды болмаған мәдени-бұқаралық іс-шаралар бағдарламасы дайындалып жатқанын естідік».