Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы

 

Қазақ мал шаруашылығы және мал азығын өндіру ғылыми-зерттеу институтында танаптық тәжірибеде жоңышқаның тұқым шаруашылығы жүйесінің ұйымдастырылуы.

Жоңышқаның тұқым өндірісі. Қазақстанда көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы - аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тиісті агротехниканы қолдана отырып, жоңышқаның арнаулы тұқым алқаптары салынбайды, өнімділігі төмен, оның үстіне жиналатын тұқымның 30 - 80 % арамшөптердің тұқымымен ластанған болады. Шөптердің кондициялы тұқымын алу үшін екі мәселені шешу керек: біріншісі - арамшөптерден таза жоңышқа егістігін жасау, екіншісі - тұқым тазалағыш кешендерде шөптердің тұқымын тазартуды жақсарту. Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын шаруашылықтарда кең қатарлы әдіспен тұқымдық алқаптар жасау керек, ал тұқымға жоңышқа егістігінің екінші және үшінші тіршілік жылындағы өсімдіктерді жинаған жөн, бұл - тұрақты өнім алудың басты шарты. Жоңышқаның тұқым шаруашылығы жем-шөп дақылдарын пайдалану немесе арнайы әзiрленген тұқым шаруашылығына пайдалануға негізделген. Бірінші әдіс кең тараған, себебі тұқымдық алқаптарына қарағанда жоғары кірісті жем өндіру қызығушылық тудырған. Жем - шөп дақылдарынан тұқымдық учаскелерін бөлу мынадай қағидаттар мен тәсілдерге негізделеді:

- жалпы егістен зерттеу барысында екінші шабын кезінде гүлдену алдында сирек шыққан түптерді тұқым алу үшін алып тастайды;

- кейде, жем -шөп егістігін сирету мақсатында әрбір бір корпусы алынған соқалармен қайта жырту қолданылады;

- тұқым өндіру үшін таңдалған егіс карантиндік арамшөптерден таза болуы қажет, әсіресе арамсояу, қызғылт укекіре;

- ең маңыздысы, таңдап алынған тұқымдық алқап сай жерлерде, орман алқаптарына жақын орналасуы қажет, оның басты себебі жабайы аралардың жоңышқаны тозаңдандыруында жатыр.

Екінші жолы - арнайы тұқым алқаптарын құру, ол тұқым өндірісін арттыру үшін пайдаланылады. Ең алдымен мамандандырылған жоңышқа шаруашылықтардын дамыту, яғни онда жыл сайын тұқым өндіру қолға алынады. Арнайы тұқым алқаптарының жем - шөп дақылдары танабынан айырмашылығы өсімдіктердің орналасу тығыздығына байланысты. Демек, тұқым шаруашылығы , әсіресе жоңышқа тұқымдық алқабының азықтық өлшем өнімділігі жем - шөп дақылдары танабынан төмен болады, әсіресе бірінші шабын кезінде. Бірінші шабында жылдық түсімнің 40 - 50 % қалыптасады.

Арнайы тұқым алқаптарын жасау.Тұқым өнімділігін арттыру жоңышқа егіс алқаптарын кеңейтумен тығыз байланысты, ол 1 м2-ғы өсімдік саны мен өсімдік орналасуымен де байланысты болады. Бұл көрсеткіштер егістіктің жарықтануын, зиянкестердің таралуын, табиғи тозаңдатушылармен қамтамасыз етілуін анықтайды. Бұл байланыста егістіктегі жоңышқа тұқымының өнімділігінің қалыптасу факторларының бірі себу мөлшері болып табылады. Ғылыми зерттеулер жоңышқаны кең қатарда себу тәсілі оның тұқым өнімділігінің арттыратындығын дәлелдеген, сонымен қатар тозаңдатқыш - жәндіктер гүлдерге оңай қатынай алады, минералдық қоректенуге, су және ауа режимдеріне жақсы жағдай жасалады. Тығыз орналасқан егістерде тұқым өнімділігі төмен болады, себебі құрғақшылық аудандарда тұқым өнудің басында топырақтағы барлығы дерлік ылғалды пайдаланады, ал ылғалды топырақты аудандарда өсімдік қатты өсіп, жапырылады.

Тұқым учаскелерін орналастыру. Оңтүстік бөктердің төменгі жақтарына, солтүстік беткейлерге тұқымдық алқаптарды орналастыру тиімді емес, бұл тұқым қалыптастыруға вегетациялқ массасынан зала келтірмес үшін қажет. Тұқымдық алқаптарды жоғары орналасқан жерлерге оңтүстік немесе оңтүстік - батыс беткейлерге орналастырады, яғни ол жылы әрі құрғақ микроклиматымен және жақсы жарықтануымен ерекшеленеді, бұл жоңышқа тұқымының дұрыс қалыптасуында маңызды орын алады. Жаңадан егілген тұқым алқаптары бұрын егілген тұқым алқаптарына жақын жаспауы тиіс, бұл зиянкестердің таралуына алдын - алу шарасы болып табылады. Жоңышқаны түқымға өсіру агротехникасы мал азығына өсірумен салыстырғанда жоғары тааптар қояды. Шектен тыс өсу мен жатып қалуды болдырмас үшін, топырағы тым құнарлы емес, яғни орташа құнарлылықтағы (3 %) топыраққа орналастырған жөн, бірақ топырақ фосфор, калий, кальций, бор, молибденмен жақсы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ылғалды жылдары өсімдіктің тым шектен тыс өсіп кетуінің алдын алады.

Негізгі және себер алдында топырақ өңдеу. Жоңышқаның тұқымдықтарын себу мал азығына сепкенмен шамалас, бірдей десек те болады. Топырақ өңдеудің басты мақсаты арамшөптермен тиімді күресу (сүдігер). Көктемде ертекөктемгі малалау және топырақ бетін тегістеу, себер алдындағы культивациялағанда топырақ гербицидтерін енгізу жүргізіледі. Бұл жұмысты 3 - 4 см тереңдікке (УСМК-5,4) жүргзіледі. Тығыздау жұмыстарын жүргізу маңызды саналады, себу жұмысына дейін және себу жұмысынан кейін сақиналы-тісті катоктармен тығыздайды.

Тыңайтқыш.Жоңышқа тыңайтқышқа қайтарымды дақыл, себебі топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде пайдаланады. Астық дақылдарымен салыстырып қарағанда, жоңышқа азот пен фосфорды 2 есе, калийді 1,5 есе көп колданады. Негізгі тыңайтқыш ретінде 20 - 40 т көң, 90-150 кг Р2О5 және 60-100 кг К2О 1 га-на енгізу ұсынылады. Органикалық тыңайтқыштарды алғы дақылға енгізіледі, ал минералды тыңайтқыштарды негізгі топырақ өңдеуде енгізіледі. Сонымен қатар, себумен бірге 10-15 кг Р2О5 1 га - на қолданылады. Азотты тыңайтқыштарды, ережеге сай, енгізбейді. Жоңышқа бор, молибден және басқа да микроэлементтерді пайдалануды жақсы қабылдайды. Молибденнің түйнек бактерияларының белсенділігін арттыратындығы, ал бордың тұқым байлауды жақсартатындығы дәлелденген. Олардан: бор қышқылы (17 %), борлы жай суперфосфат (0,2 %) и екі еселенген (0,4 %) қолдануға болады.

Күтіп-баптау жұмыстары. Жоңышқаны сепкенен кейін 1,5-2 ай бойы ол баяу өседі, жер беті массасы нашар дамиды, əсіресе осы кезеңде егістікті таза ұстаудың жəне арамшөптерге қарсы күрестің маңызы зор. Базагран, эрадикан, алирокс, далапан, 2М-4Х т.б. гербицидтерді қолдану жақсы нəтижелер көрсетеді. Жоңышқа өсімдігінің екінші - үшінші жылында ерте көктемде жəне шауып алғаннан кейін топырағын қопсытады, ол үшін ине тісті БМШ-10, БМШ-15 немесе тісті малалармен екі ізбен топырақтың тығыздығына қарай өндейді, кең қатарлы егістікте қатараралықты өңдеу арқылы іске асырады. Жоңышқаның тұқым алқаптарындағы маңызды жұмыс тардың бірі – өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес.

Тұқымдық егістікті зиянкестер мен аурулардан сақтауға көп көңіл бөлу керек. Барынша көп жарақаттарды кең тараған зиянкестер мен аурулар келтіреді, олар: жоңышқа, қызылша, егістік жəне шалғындық қандала, жоңышқа жəне асбұршақ шіркейлері, фитономустар, тихиустар, жоңышқаның қызғылт бүршік шыбыны, жоңышқаның гүл шыбыны, шалғындық көбелек, жоңышқа көбелегі, аурулардан: тамыр шірігі, жалған ұн шығы, ұн шығы, сары теңбелділік, бактериялық солу, фузариоздық солу, вирусты аурулар, қарасабақтылық. Жоңышқаның зиян кестері мен аурулары пішен өнімін 20-30% дейін төмендетеді. Зиянкестерге қарсы жоңышқаның өсуіне дейін 10% базудинді (50 кг/га), өсіп келе жатқан шөптілікке гексохлораның (ГХЦГ) 12% түйіршіктелген ұсақ дəнді гаммаизомерін топыраққа енгізеді. Фитономустың балапан құртына қарсы жоңышқаны хлорофостың 80% техникалық немесе суланатын ұнтағының 0,3% ертіндісімен (1,5 кг/га) бүркеді.

Тұқымға жинау. Қазақстанда тұқымды жоңышқаның екінші шабысында алуға болады, алайда ол үшін алғашқы шабысты бүрлену (жабық гүлдену) кезеңінде 10-12 см биіктікте жүргізеді, басқа жағдайда жекелеген жылдары тұқым пісіп үлгермейді.

Тұқымды жоңышқаның əр түрлі жастағы егістігінен жинайды, алайда ескілікті шөптілікте жоңышқаның зиянкестермен жəне аурулармен зақымдануы 50-70% жетеді, сондықтан тұқымдық жоңышқаны егістіктің екінші-үшінші тіршілік жылынан дайындаған жөн. Тұқымдық жоңышқаны бұршағының 65-75 % қоңырланғанда бөлектеп жинаған дұрыс. Тұқым шығынын азайту мақсатымен дестелерді арбаларға артып, бүкіл массаны қырман басына жеткізіп, соңынан бастырған өте тиімді. Төмен тұқым өнімділігінің басты себептерінің бірі, жинау барысында көп мөлшерде тұқым шығыны. Ол тұқымның өте майда болуына да байланысты. Оңтүстік және оңтүстік - шығыс жағдайында жинауға асықпаған жөн, ең дұрысы алғашқы күздік бозқырау түскенде жинау тиімді. Екінші шабысқа жинау қыркүйек айының үшінші декадасына сәйкес келеді.