Тапсырмаларды уақытылы орындамау-минус 25 бал
Білімгерлерді мадақтау:
Тақырып бойынша тапсырма материалдарын дербес түрде тауып, қызықты ғылыми хабарлама даярлап, практикалық сабақта ең мәселелі сұрақты көтеріп, пікірталас ұйымдастырып, оны басқара білсеңіз,сонымен қатар ең үздік баяндама, реферат, ауызша жауаптар үшін Сізге 25 балл қосылады.
Практикалық сабақтарға белсенді қатысқан білімгерлерге 12,5 балл қосылады. Үй тапсырмаларын дәл уақытында тапсырған алғашқы бес білімгерге 12,5 балдан қосылады.
Рефераттың сапалы жазылып, уақытылы тапсысырылуы мен жақсы деңгейде қорғалғаны үшін 25 бал қосылады.
БӨЖ орындауға қойылатын талаптар:
Семестр барысында білімгерге 4 БӨЖ тапсырмалары ұсынылады. Олардың әрқайыссына максимал 100 балдан беріледі. Осылайша, БӨЖ бойынша қорытынды баға 0-400 бал аралығын құрайды.
Рубежді бақылауға қойылатын талаптар:
«ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ» курсы бойынша 2 рубежді бақылау қойылған. Олар келесі түрде жүргізіледі: біріншісі- тесттік бақылау жұмысы түрінде, екіншісі- ауызша коллоквиум түрінде.
Әрбір рубежді бақылау 100 балмен бағаланады. Қорытынды баға 0-200 бал аралығын құрайды.
Аралық аттестацияға қойылатын талаптар
Аралық аттестация емтихан түрінде жүргізіледі, оның салмағы жалпы бағаның 40%-тін құрайды. Емтихан тест түрінде жүргізіледі.
Жауаптарын тауып дайындалу үшін білімгерлерге тест сұрақтары алдын-ала беріледі. Емтихан барлық өтілген материалды қамтиды.
Емтихан барысында білімгер курс бағдарламасын қолдана алады, бірақ глоссариилер, анықтамалар, қосымша жазбалар қолдануға рұхсат жоқ.. Егер білімгерден аталған заттар табылса, ол емтиханнан шығарылады.
Рубежді бақылау жүргізілу кестесі
№ | Жүргізілу формасы | Жүргізілу уақыты | Максималды балл | Тақырыптар |
Тесттік жұмыс | 7 апта | 1-7 | ||
Коллоквиум | 14 апта | 8-14 |
Рубеждік бақылау сұрақтары
1. Инновациялық ұғымының әр түрлі түсініктері.
2. Педагогикалық технология түсінігінің пайда болу тарихы.
3. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін қандай алғы шарттар қажет?
4. «Технология» сөзінің мәні неде?
5. Жаңа педагогикалық технологияның деңгейлері.
6. «Педагогикалық технология» ұғымы туралы ғалымдардың тұжырымдары.
7. Педагогткалық технологияның 3 түрлі сипатының құрылым жүйесі.
8. Оқытудың жаңа технологияларындағы мұғалімнің оқу міндеттері.
9. Шаталовтың педагогикалық технологиялар жүйесі.
10. Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технология негізіне жататындар.
11. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы.
12. Тірек конспектілерінің жасалуына қойылатын талаптар.
13. Оқу үрдісінде тірек белгілерінің атқаратын функциясы.
14. Тірек конспектілерінің маңызы.
15. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабақтарында қолдану.
Рубеждік бақылау сұрақтары
16. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрету сабағы.
17. Тақырыпты қайталау-пысықтау сабақтары.
18. Қайталау-пысықтау сабақтарында қандай мәселелерге көңіл бөлу керек.
19. Дәстүрлі емес сабақтар және олардың түрлері.
20. Ой қорыту сабақтары.
21. Дәстүрлі емес сабақтардың мақсаты және міндеттері.
22. Дәстүрлі емес сабақ дидактикалық құрылымы.
23. Не? Қайда? Қашан? Қайталау-пысықтау сабақтары қандай мақсатта
өткізіледі?
24. Модульдік технология ұғымын қалай түсінесің?
25. Табиғаттағы жылулық құбылыстар тақырыбына дебат технологиясын
қолдану үлгісі.
26. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
27. Шығармашылық сабақтар.
28. Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін деңгейлік
өзіндік жұмыстарға қандай талаптар қойылады.
29. «Жарықтың кванттық қасиеттері» тарауын қайталауда шығармашылық
сабақ өткізудің үлгісі.
30. Атомның құрылысын оқытуда инновациялық технология элементтерін
пайдалану.
31. Сөзжұмбақ – қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
32. Сөзжұмбақ – қайталау-пысықтау сабақтары қандай мақсатта өткізіледі.
33. Тұрақты ток тарауы бойынша қайталау-пысықтау сабағына Не?
Қайда? Қашан? ойын,жарыс сабақтарының қолдану үлгісі.
34. Электр тогының магнит өрісі тарауына қайталауға дебат
технологиясын қолдану үлгісі.
35. Сыныптан тыс физика сабақтарында «Жұлдызды сағат» ойын
сабағын қолдану үлгісі.